- •2.Емдеу сауықтыру ұйымдарындағы санитарлық - эпидемияға қарсы тәртіп
- •Науқастың төсеніштерін ауыстыру, сақтау
- •Асептика және антисептика
- •Зарарсыздандыру шараларын өткізуге арналған заттар және ол заттарға қойылатын талаптар:
- •3.Емдеу мекемелерінді тазарту түрлері.Тазарту жиһаздарын өндеу. Стерилизация (залалсыздандыру) . Стерилизация алдындағы тазарту
- •Залалсыздандыру алдындағы тазалау V кезеңнен тұрады:
- •Медициналық құрал- саймандарды залалсыздандыру алдындағы тазалығын тексеру (көзге көрінбейтін қанды жуғыш ерітінділерді, дәрі – дәрмектерді, тат басқанды) Азопирам сынамасы
- •Сынама жүргізу
- •Фенолфталеин сынамасы
- •Ыстық, құрғақ ауамен залалсыздандыру
- •4.Қабылдау бөлімшесінің құрылымы және қызметтері Науқастарды қабылдау және санитарлық тазалықты ондеу.
- •1) Дезинсекция - науқасты қарағанда анықталған зиянды жәндіктерді (биттерді) кұрту;
- •2) Гигиеналық булау, душ немесе науқастың денесін сүрту;
- •3) Науқасқа таза ауруханалық киімдерді кигізу.
- •1) Жедел жәрдем көлігімен (сәтсіздік жағдайларда, мертігулерде, жедел ауруларда және созылмалы аурулар өршігенде);
- •2) Бөлімшелік дәрігердің жолдамасымен (үйде емдеу нәтижесіз болғанда) - жоспарлы жатқызу;
- •3) Басқа емдеу-профилактикалық мекемелерден ауыстыр ақылы (әкімшіліктің келісімімен);
- •4) «Өздігінен» (ауруханаға жақын жерде жағдайының нашарлауына байланысты науқастың өз бетімен келуі).
- •Қабылдау бөлімінің құрылысы:
- •Науқасты ауруханаға қабылдау
- •5.Науқастарды бөлімшеге тасымалдау
- •6. Емдеу--қорғау тәртібі және аурухана бөлімдерінің жұмысын ұйымдастыру.
- •1. Қатаң төсектік (аурудың жедел сатысында біраз уакытқа тағайындалады, 1-3 күн), науқас
- •1. Анық сана - науқас сұрақтарға жылдам және нақты жауап береді.
- •1. Науқастың қолын шыбық артериясынан Рs анықтайтындай
- •2. Екінші қолын кеуде торына (кеуделік типті тыныс
- •3. Тыныс алу санын 1 минут ішінде есептеңіз.
- •8.Науқастың функциональді жағдайын бағалау :пульсін есептеу,артериялық қысымын өлшеу.
- •18 Жастан жоғары адамдардағы ақ деңгейінің жіктелуі (артериялық гипертензия бойынша воз, моаг, лчс VI және Ресейдің ұлттық ұсыныстарына сәйкес, 2001) мына кестеде берілген.
- •1 Дәреже 140-159 90-99
- •2 Дәреже 160-179 100-109
- •1. Пациентті ыңғайлы жағдайда отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.
- •0,5% Гидрокарбанат натрий немесе 0,5% перманганат калий, ауыз кергіш, тіл ұстағыш, астауша, пинцет, дәкелі салфетка, дәкелі немесе мақталы тампон, шпатель.
- •1. Құлақтың ішін дәкеден жасалған таяқшамен, оны айналдыра отырып тазалаңыз.
- •1. Қолғапты кию
- •1.Науқасты процедура мақсатымен, жүргізу кезеңдерімен таныстыру,
- •12Литр бөлме температурасындағы су,сиымдылығы 1литр
- •100Мл 10%-NaCl-ерітіндісі немесе 20-30% 50мл магний
- •1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.
- •1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.
- •1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.
- •1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру және келісімін алу.
- •1. Науқасты шалқасынан, тізесін бүгіп, шат аралы-
- •1. Қолдарыңызды жуып, кептіріп, колғап киіңіз.
- •1.Науқасты жайлап бір қырына жаткызыңыз, жастықты алып тастаныз.
- •Ойылып қалуға әкелетін факторлар: қысым мен үйкелу
- •Ойылудың даму кезеңдері
- •Трофикалық бұзылыстар деңгейіне қарай ойылудың жіктелуі
- •13.Қызбасы бар науқастардың жалпы күтімі.
- •1) Тұрақты (febris continua) - қызудың ұзақ уақыт көтерілуі гс-тан аспайтын тәуліктік тербелумен;
- •1. Терморегуляция
- •2. Дене қызуын өлшеу
- •1. Термометрдің бүтіндігіне көзіңізді жеткізіңіз!
- •1.Науқасқа мәжбүрлі жағдай жасау қажет: аяғын жоғары көтеріп, басынан
- •4. Тері астына егу үшін 10 % сульфокамфокаин ерітіндісін дайындау
- •5. Емделушінің жағдайы жақсарғанда оны кұрғатып сүртіп, дене киімін
- •1. Емделушіні жылыту;
- •14. Науқастарды тамақтандыру
- •15.Ауыр халдегі науқастарды тамақтандыру
- •Зонд көмегімен тамақтандыру
- •Науқасты асқазан тесігі (гастростома) арқылы қоректендіру
- •Пациентті асқазан тесігі /гастростома / арқылы тамақтандыру
- •Ректальды немесе тамақты тік ішекке клизма арқылы жіберу
- •Парентеральды немесе қоректік заттарды қан тамыры арқылы жіберу
- •16.Науқасты күткенде және оның жанұясымен танысып тіл табысу.
- •1. «Қауіп келтірме». Әрбір ем барлық іс-әрекеттер, дәрігердің нұсқаулары аурудың жағдайын жеңілдетуге бағытталып, оған пайда әкелу керек – бұл басты этикалық принцип.
- •2. Ең жоғарғы байлық – адам өмірі.
- •3. Дәрігер әрбір науқастың жеке өмірін сыйлау керек, моральға жатпайтын қылықтардан аулақ болу керек.
- •4. Дәрігер кәсіби этикасын, өзінің мамандығын сыйлауға тиіс.
- •1. Жеке адамды құрметтеу.2.Автономия.3.Жақсылық жасау.
- •4. Зиян келтірмеу.5.Шындықты айту.6. Құпияны сақтау.7.Әділдік.
- •1. «Мейірбикелік үрдіс,мейірбикелік диагноз »ұғымы.
- •Бағалау
- •Медбикелік диагноз (диагностика)
- •Мейірбикелік көмекті жоспарлау
- •Жоспарлауды жүзеге асыру
- •Көрсетілген күтімнің нәтижесін бағалау
- •«В » тізіміне кіретін кейбір (әсері күшті дәрілер) дәрілік заттар:
- •3.Дәрілік заттарды энтеральді және сыртқа енгізу жолдары.
- •Пероральды қабылдаудың кемшіліктері:
- •Ингаляциялық енгізу жолдарының тиімділігі:
- •Ингаляциялық енгізу жолдарының кемшіліктері:
- •1. Тез сіңірілуі және мөлшерлеудің туралығының жоғары болуы
- •2. Дәрі ферменттердің әсеріне ұшырамайды, өйткені тік ішекте ферменттер болмайды, және, дәрі төменгі геморраидальды көк тамырлар арқылы сіңіріліп, бауырға соқпай бірден төменгі қуыс көк тамырға түседі
- •4.Егу бөлмесінің жұмысын ұйымластыру.
- •Егу бөлмесін жинау
- •Жеке қауіпсіздік барьерлері
- •Егу жасауға дайындалу
- •Дәріні ампуладан, флаконнан алу алгоритмі. Антибиотиктерді еріту. Инсулин дозасын есептеу
- •Антибиотиктерді еріту
- •1:1 Тәсіл мен антибиотикті еріту:
- •5.Тері асты,бұлшықетке ,көктамырға егулер жүргізу.
- •Көк тамырға тамшылатып енгізулерге дайындау және жүргізу.
- •I. Көк тамырлық инъекция жасаудың реті.
- •II. Көк тамырға құюды жургізудің реті.
- •1. Науқасқа жасалатын іс-шараны хабарлаңыз;
- •1.Дәріні енгізуді тоқтату,
- •Кальций хлоридін қолдану ерекшеліктерін.
- •Инсулинді енгізу ерекшелігі
- •7.Инъекциядан кейін байқалатын асқынулар
- •7.Науқас жағдайын сараптау
- •1. Анық сана - науқас сұрақтарға жылдам және нақты жауап береді.
- •8.Лабораториялық зерттеу әдістеріне науқасты дайындау.
- •10.Инструментальды зенрттеуге науқастарды дайындау (ренгенологиялық,эндоскопиялық).
- •12 .Гипертониялық криз,өкпе ісінуі,жүрек аймағында ауырсыну.
- •1 .Науқасты отырғызып, клеенкалы алғышты кигізу;
- •III. Мейірбикелік іс-әрекеттер сипаты:
- •I. Мейірбикелік диагноз: Қыжылдау
- •I. Мейірбикелік диагноз: Тәбеттің болмауы
- •I. Мейірбикелік диагноз: Асқазан - ішектен қан кету
- •1. Егер олар ішке қабылданған болса, онда асқазанды шаю жүргізіледі.
- •16.Өкпелік -жүректік реанимациялық шаралар.
- •17.Клиникалық өлім түсінігі.Майітпен жұмыс істеу.
- •1. Преагония
- •2. Агония
- •3. Биологиялық өлім
Науқастың төсеніштерін ауыстыру, сақтау
ЕПҰ-ның соматикалық бөлімшелерінде науқастардың киімі мен төсеніштері аптасына 1 рет ауыстырылады. Бөлінділермен ластанған төсеніштер мен киімдер қажеттілігіне қарай, жиі ауыстырылуы керек. Бұл шараларды жүргізу кезінде жалпы қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
биологиялық сұйықтықтар мен ластанған киім, төсеніштерді ауыстырғанда қолғап кию қажет;
төсеніштерді сілкілеуге болмайды (қоршаған орта ластануын болдырмау мақсатында);
лас киімдерді клеенкалы немесе полиэтилен қаптарға салу қажет;
бөлімшеде лас киім, төсеніштерді ажыратуға болмайды;
лас киімдерді, төсеніштерді еденге тастауға және басқа заттардың (орындық, үстел т.б.) үстіне қоюға болмайды;
лас киімдер бөлімшеде уақытша (12 сағатқа дейін) арнайы бөлмеде жабық ыдыстарда (металл, пластмасса немесе дезинфекцияға жарайтын басқа ыдыстарда) сақталады;
лас киіммен жұмыс істейтін персонал санитарлы киіммен қамтамасыз етілуі керек;
таза және лас киімдерді бір ыдыста тасымалдауға болмайды;
Бөлмелер мен құрал-жабдықтардың деконтаминациясы
Деконтаминация - зарарсыздандыру және қорғау мақсатында микроағзаларды кетіру немесе жою процесі. Ол ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуда маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Оған тазалау, дезинфекция және залалсыздау жатады.
Қоршаған орта мен құрал-жабдықтардың ластану қауіпі деңгейіне қарай деконтаминацияның әртүрлі деңгейлері ажыратылады.
Қауіптің төмен деңгейіне - қалыпты тері мен байланыста болған заттар немесе науқаспен тікелей жанаспайтын заттар (қабырғалар, еден, жиһаздар) жатады. Контаминация үшін оларды тазалау жеткілікті.
Қауіптің орташа деңгейі - теріде, ағзаның басқа стерильді аймақтарында инвазивты процедуралар үшін қолданылмайтын, бірақ шырышты қабықтар немесе басқа жерлермен жанасатын вирулентті микроағзалармен немесе қатынас жолмен жұғатын микроағзалармен зарарланған құрал-жабдықтар (гастроэнтерологиялық, гинекологиялық жабдықтар, термометрлер т.б.). Контаминация үшін оларды тазалау, соңынан дезинфекциялау қажет.
Қауіптің жоғары деңгейі - инвазивты процедураларда қолданылатын құрал-жабдықтар. Контаминация үшін оларды тазалау, дезинфекциялау, залалсыздау қажет.
АІИ алдын алу үшін ЕПҰ-да келесі іс-шаралар кешені жүргізіледі:
Санитарлы-гигиеналық режим сақталады.
Науқастарды стационарға қабылдау тәртібі (науқастарды педикулезге қарау және педикулез анықталған жағдайда тазалау, дене қызуын анықтау, мұрын мен жұтқыншақтан стафилококкты анықтау мақсатында жағынды алу) сақталады.
Тазалауға қажет құрал-жабдықтарды, заттарды тазалау, қолдану және дезинфекциялауды денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтары және Сан Норма мен Ережелеріне сай жүргізіледі.
Жұмыс киімдерін сақтау тәртіптері сақталады.
Бөлімшеде пациенттерді санитарлы өңдеу мен киім-төсеніштерін ауыстыру аптасына бір рет және қажеттілігіне қарай ауыстырылады.
Лас киімдерді, төсеніштерді және науқастың жеке киімдерін сақтау тәртіптері сақталады.
Медициналық құрал-жабдықтарды дезинфекциялау, залалсыздау алдындағы тазалау және залалсыздау ҚР ДС министрлігінің бұйрықтарына сәйкес жүргізіледі.
Жұқпалы ауруларға күдік болған науқастарды (ішек жұқпасына, іш сүзегі, күл ауруына, вирусты гепатиттерге күдіктену) анықтау, қатынаста болған науқастарды бақылау мерзімдері сақталады.
Тамақтану тәртібі: тамақты тарату бөлмесі, буфеттің жабдықталуы, дайын тамақты тарату уақыты, тамақ қалдықтарын жинау және жою тәртібі, ыдыс-аяқтарды өңдеу, жинау заттарын өңдеу және сақтау тәртібі, әкелген тамақты сақтау ережелері сақталады.
Карантинды және аса қауіпті жұқпалы аурулар анықталған жағдайда бөлімшелерде жедел көмек көрсету, аса қауіпті инфекциялар кезіндегі арнайы хабарлау схемасы көрсетілген жаднамалар дайындалған.
ЕПҰ-да қалдықтарды жинау, сақтау, жою ережелері сақталады.
АІИ-да дезинфекция жүргізу схемасы
Науқасты уақытша оқшаулау, жұқпалы аурулар бөлімшесіне немесе изоляторға (жұқпалы ауру түріне қарай) ауыстыру.
Қажет концентрациядағы дезинфекциялық ерітінділерді дайындау.
Өңдеуге арналған маркерленген инвентарді дайындау.
Тамақ қалдықтарын, ыдыстарды зарарсыздандыру.
Заттарды камералы дезинфекция үшін клеенка қапқа салу.
Бөлме жиһаздарын дезинфекциялау үшін бөлме ортасына жинау.
Жылу құбырларын, плинтус, қабырға, терезе, есіктерді дезинфекциялық ерітіндіге батырылған шүберекпен сүрту.
Қалдықтарды жинап өртеу немесе зарарсыздандыру.
Қабырға және жиһаздарды өңдегеннен кейін дезинфекциялық ерітіндімен еден қайта өңделеді.
Арнайы киімді камералы дезинфекциялау үшін клеенка қапқа салу.