Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЛИНИКА..... (2).doc
Скачиваний:
4154
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
2.79 Mб
Скачать

1. Тез сіңірілуі және мөлшерлеудің туралығының жоғары болуы

2. Дәрі ферменттердің әсеріне ұшырамайды, өйткені тік ішекте ферменттер болмайды, және, дәрі төменгі геморраидальды көк тамырлар арқылы сіңіріліп, бауырға соқпай бірден төменгі қуыс көк тамырға түседі

3. Бұл тәсіл құсудың болуының, өңештің тарылуының, жұғынудың бұзылуының салдарынан ауыз арқылы қабылдай алмайтын науқастарға, дәріні қабылдаудан бас тартқан, қозу жағдайындағы (сандырақтап жатқан) психикалық сырқаттарға дәріні енгізуге мүмкіндік береді. Мұндай кезде тыныштандыратын заттарды дәрілік клизмамен енгізу козумен нәтижелі күресуге мүмкіндік береді.

Тік ішекте ферменттердің болмауы бұл тәсілдің артықшылығы ғана болып қоймай, оның кемшілігі де болып табылады, өйткені белоктық, майлық, полисахаридтік құрамды дәрілер ферменттердің қатысуынсыз ішектің қабырғасы арқылы өте алмайды, және олар жергілікті әсер ету мақсатында қолданылуы мүмкін.

Тік ішекке енгізу үшін балауыздар мен дәрілік клизмалар қолданылады. Дәрінің ерітіндісін 50-200 мл мөлшерінде алдын ала тазалау клизмасымен босатылған тік ішекке 7 - 8 см тереңдікке енгізеді. Балауыздарды майлы негізде дайындайды, ұзартылған конус пішініне келтіреді де балауыз қакама орайды. Оларды тоңазытқышта сақтаған жөн. Кіргізер алдында балауыздың үшкірленген жағын қағаздан шығарады да қабы қолда қалатындай етіп тік ішекке енгізеді.

Дэріні тіл астына салғанда тез сіңіріледі, асқорытатын ферменттермен бұзылмайды және бауырға соқпай жалпы қан айналу шеңберіне түседі. Бірақ мұндай тәсілді тек аздаған мөлшерде қолданылатын дәрілерді енгізу үшін пайдалануға болады (нитроглицерин, кейбір гормондар).

Дәрілерді тыныс жолдарына енгізу

Тыныс жолдары мен өкпенің әртүрлі ауруларында дәрілерді бірден тыныс жолдарына енгізу қолданылады. Көбінесе дәрілік зат аэрозоль түрінде онымен дем алу - ингаляция - арқылы енгізіледі, кейде дәрі ерітіндісі резеңке түтік немесе арнайы кұрал - бронхоскоптың түтікшесі арқылы кеңірдекке кұйылады. Пенициллинді интратрахеальды енгізу өкпенің жедел және созылмалы абсцесін (іріңді ісік) емдеуде жақсы нәтиже береді. Дәріні тыныс жолына енгізгенде жергілікті, резорбтиигі және рефлекторлы әсер етуге болады.

Жоғарғы тыныс жолдарының жай қабынуы мен баспаны емдеуде қарапайым ингалятордың көмегімен булы ингаляция жасау бұрыннан бері қолданылып келе жатыр. Жылытылып тұрған сулы бөшкеде пайда болған бу ағыны бүріккіштің көлденең түтігімен шығарылады да тік бөлігіндегі ауаны сиретеді, осының салдарынан дәрілік ерітінді стаканнан тік түтіктің бойымен көтеріледі де бумен ұсак бөлшектерге бөлінеді. Дәрі бөлшектері бар бу шыны түтікке түседі, оны науқас аузына салып 5-10 минут сонымен тыныс алады (демді ауызбен алып, мұрынмен шығарады). Үйде ингалятордың орнына шәйнекті қолдануға болады, оның тұмсығына қағаз немесе пластмасс түтік кигізіледі, ауыз арқылы дем алады, шәйнекке шөптің тұнбаларын және сода құюға болады.

Булы ингаляторда дәрі бөлшектері біршама ірі болады, сондықтан олар өкпеге жетпей жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабатында тұрып қалады. Неғұрлым ұсақ бөлшекті (альвеолаларға жете алатындай) аэрозоль болу үшін күрделі бейімделулері бар ингаляторлар қолданылады, бірақ ол да бүріккіш үшбұрыш қағидасына негізделген. Аэрозоль жасау үшін будың орнына ауа немесе оттегі пайдаланылады, оны бүріккіштің көлденең түтігіне әртүрлі қысыммен айдайды, ал тік түтікпен дәрі көтеріледі, мысалы пенициллинннің ерітіндісі, онымен науқас белгілі бір уақыт бойы тағайындалған мөлшеріне жеткенше дем алады.

Дәрілерді сыртқа қолдану тәсілдері

І . Дәріні теріге май, эмульсия, ертінді, тұнба және т.б. формада жағады. Қолданылуы көбінесе жергілікті әсерге, айқын дәрежедегі рефлекторлы және аздаған дәрежедегі резорбты әсерге негізделген. Зақымдалмаған терінің сіңіру қабілеті көп емес, тек майға еритін заттар, көбінесе шаш фолликулалары мен май бездерінің шығару жолдары арқылы сіңіріледі.

Қолдану тәсілдері: жағу, компрестер, ұнтақ себулер, сүртулер, жарақатты таңу. Дәріні жағу әрқашан таза теріге, таза құрал-саймандармен және мұқият жуылған қолдармен жүргізіледі.

Теріні зарарсыздау немесе рефлекторлы әсер ету үшін науқастың терісіне йод тұнбасын немесе 70% спирт ерітіндісін жағады. Бұл үшін мақта тампоны бар залалсыздандырылған таяқшаны йодқа малып, теріге жағады (содан кейін таяқшаны лақтырып тастайды). Мақтаны йодқа малу үшін таяқшаны йоды бар флаконға батырмайды, флаконның ішіндегі йодты мақта үлпіршектерімен ластамау үшін йод тұнбасын жайпақ ыдысқа біраз кұйып алған жөн. Йод тұнбасы тығыны тығыз жабылмайтын ыдыста ұзақ сақталғанда спирттің булануы есебінен оның қоюлануы мүмкін. Қоюланған йод тұнбасын терінің нәзік бөлімдеріне жағу күйдіруі мүмкін.

2. Көз ауруларын емдегенде әртүрлі дәрілік заттардың ерітінділері және майлар қолданылады. Қолдану мақсаты - жергілікті әсер, бірақ конъюктивтің сіңіру кабілетінің жақсылығын есте сақтаған жөн және осы мүмкіндікті ескере отырып мөлшерлеу керек. Көзге дәрі тамызу пипеткамен жасалынады. Бұл үшін төменгі қабақты тартып тұрып шырышты қабатқа тамшыны тамызады. Көз майын арнайы шыны қалақшамен көздің сыртқы бұрышына конъюктивтің шырышты қабаты мен көз алмасы арасындағы сызыққа жағылады

3.Мұрынға дәріні жергілікті, резорбты, рефлекторлы әсер ету мақсатында ұнтақ, бу (амилнитрат, мүсәтір спирті), ерітінді және май түрінде қолданады. Ұнтақтар мұрынға дем алған ауамен кіреді: оң жақ мұрын қуысын жауып тұрып, ұнтақты сол жақ мұрын қуысы арқылы ішке тартады және керісінше. Тамшыларды пипеткамен енгізеді, бұл кезде науқас басын артқа қарай шалқайтады. Майды шыны қалақшамен жағады. Жағуды дәрігер зондқа оралған мақта тампонымен жүргізеді, содан кейін мақта тампонын лақтырып тастайды, ал зонд дезерітіндіде залалсыздандырылады.

4. Құлаққа да дәрі пипеткамен тамызылады. Дәрілік заттардың майлы ерітінділерін дене температурасына дейін жылытқан жөн. Оң жақ есту жолына тамызғанда науқас сол жақ қырына жатады немесе басын солға қарай қисайтады, және керісінше. Дәріні енгізгенннен кейін сыртқы есту жолы мақта тампонымен жабылады.

5. Әйел жыныс жолдарына әсер ету үшін жағуға және жуып-шаюға арналған дәрілер қынапқа какао-майда жасалынған шариктер, әртүрлі сұйықтықтар мен майларға матырылған мақта-дәкелік тампондар, ұнтақтар, ерітінділер түрінде енгізіледі. Медикаменттер кебінесе жергілікті әсер етеді, өйткені қынаптың зақымданбаған шырышты қабаты арқылы аз мөлшерде сіңіріледі, шайып жуу арнайы қынаптық ұштығы бар Эсмарх кружкасының көмегімен немесе алмұрт тәрізді резеңке баллонмен жүргізіледі, бұл кезде наукастың бөксесінің астына дәрет ыдысын қояды. Жуып шаю үшін дәрігердің тағайындауымен дәрілердің жылы ерітінділері немесе емдік шөптердің тұнбалары қолданылады. тәсілдері бар: ішкі (энтеральды) ауыз немесе тік ішек арқылы; сыртқы тері беті, шырышты қабық немесе тыныс жолы арқылы (парентеральды) - қарын-ішек жолына соқпай қабылдау.

Емдеудің ең кең тараған түріне дәріні ауыз арқылы ішкізу жатады. Ауыз арқылы берілетін дәрілердің түрі әртүрлі: ұнтақ, тұймедақ, пилюла, ерітінді, тұнба қайнатпа, экстракт, микстура. Дәріні ауыз арқылы беру оңай болғанымен, оның тиімді және тиімсіз жақтары да бар. Асқазанда тек майға аритін дәрілер ғана жақсы сіңеді де, ал көпшілік дәрілер аш ішекте жақсы сіңеді екен. Сондықтан да, майға ерімейтін дәрілер қанға өте баяу сіңеді. Оның үстіне асқазанның сөліндегі ферменттер мен ішкен тамағы, дәрілердің құрамына, сапасына, кері әсер етіп, оның емдік қасиетін төмендетуі мүмкін. Кейбір дәрілерді асқазанның сөлімен бұзылып, сапасын жоғалтып алмас үшін және ащы дәмі білінбес үшін, сыртын біртіндеп еритін қабықпен қаптап қояды.

Дәрілерді көпшілік жағдайда тамақ алдында, ал кейбіреулерін тіпті астың үстінде ішкізеді. Асқазанның шырышты қабығын қатты тітіркендіретін өткір дәрілерді (йодтан, бромнан, мышьяктан, темірден жасалған) тамақтан кейін ішкен тиімде. Іш өткізетін және арамтамақ құрттарға қарсы беретін дәрілерді аш құрсаққа ішкізген дұрыс.

Мейірбикештер үшін ең жауапты сәт ол дәрілерді тарату, ішкізу болып есептеледі. Ең әуелі дәрілерді дәрігердің ауру тарихында белгілеуі бойынша жылжымалы үстелдің үстіне, әр сырқатқа арнап жеке-дара ыдыстарға түймедағын, ұнтағын бөліп салып алады. Ал сұйық дәріні беруге тиісті мөлшерде мензуркаларға құйып дайындап қояды. Бұл жерде: 1 асхана қасығының мөлшері 15 мл дистилляцияланған судың мөлшеріндей, 1 бал қасық - 8-10 мл, 1 шәй қасық - 4-5 мл болатын есте сақтаған жөн.

Барлық дәріні науқас мейірбикеш көзінше ішуі керек. Кішкентай нәрестелер дәріні өздігінен немесе өз еркімен іше алмайды. Сондықтан оларға көмектесіп, сұйық дәрілер мен түймедақтарды, ұнтақтарды суға әбден езіп алады да, не шәй, не бал, не ас қасығымен баланың мұрнын қысып тұрып, аузына құяды. Бала тыныс алу үшін аузын ашқан кезде дәріні ықтиярсыз жұтады. Сол сәтте мұрнын босатады.

Өздігінен жұтына алмайтын, аузы мен көмекейі жарақаттанған, күйген балалардың асқазанына тамақтандыру үшін, мұрнының тесігі арқылы түтік қойып қойған болса, онда ішкізетін дәрілерді де сол түтік арқылы тікелей асқазанына құйып тұруға болады.

Дәріні көтен ішекке енгізу тәсілі де кеңінен тараған. Бала ес-түссіз, өн-бойы тырысып, (судорогасы), ұстамасы ұстап жатса немесе жұтқыншағы мен өңеші күйіп қалса, ауызы арқылы тамақ іше алмайтындықтан, онда дәрі-дәрмектерді көтен ішегіне енгізу арқылы емдеуге болады. Көтен ішекке енгізетін дәрілер, көбінесе шырағдан түрінде май қосып (какао майына) жасалынады. Шырағдандарды тоңазытқышта ұстамаса май еріп, пошымы бұзылып, көтен ішекке енгізуге жарамайды. Шырағданды көтен ішекке кіргізбес бұрын, үлкен дәріті болмаса, клизма жасап ампуласын босатып алған жөн. Егер көтен ішектің ампуласы нәжіске толып тұрған болса, шырағдан қойған соң оның үлкен дәреті жүріп кетуі мүмкін. Сөйтіп дәрі денеге сіңіп үлгерместен жатып сыртқа шығып кетеді.

Шырағданды көтен ішекке енгізу үшін, сыртқатты оң жамбасына, тізесін ішіне қарай бүгіп жатқызады. Мейірбике сол қолымен сырқаттың сол жақ бөлігін тартыңқырап, көтен саңылауын ажыратады да, оң қолымен шырағданның үшкір жағын көтеннің тесігіне жайлап енгізеді. Шырағдан сфинктердің ар жағына өтіп кеткенше бойлата беру керек. Өйтпейінше сфинктер жиырылып-жазылғанда, шырағданды сыртқа итеріп шығарып тастайды. Шырағданды көтен ішекке қойған соң, бала біраз уақыт жатпаса, дәрі қайта шығып кетуі ықтимал.

Қуық пен көтен ішектің ауырғанын азайтып, тырысуын жазу үшін атропин, анестезин, белладон қосып жасалған, немесе олардың қабынуына қарсы антибиотиктер қосып жасалған шырағдандарды пайдаланады.

Дәрілерді сыртқа пайдалану тәсілдерін мейірбикелер жақсы игерулері керек. Мұрынға және құлаққа дәрі тамызу үшін сырқатты жатқызып қойған дұрыс, ал көзге отырғызып қойып та тамыза беруге болады.

Мұрынына дәрі тамызу үшін бала алдымен сіңбіріп тастағаны дұрыс, сонан соң ауруды арқасына жастық қоймай жатқызады да, басын артқа қарай шалқайтады. Сөйтіп ең әуелі мұрынның бір тесігіне, содан соң екінші тесігіне дәрі тамызады.

Көзге дәріні зарарсыздандырылған пипеткамен тамызады. Ол үшін мейірбике сырқаттың жоғары қарауын сұрайды, сол қолындағы шаршымен астыңғы қабағын төмен тартыңқырап тұрып 1-2 тамшы дәріні тамызады. Науқас көзін жұмған соң сыртындағы суын шаршымен сүртіп құрғатады.

Құлаққа дәріні жылытып тамызған абзал. Тері мен теріасты майы дүмпіп іскенде, талаурап қабынғанда, мойындағы, қолтықтағы, шаптағы бездер қабынғанда, жеңіл-желпі жарақаттар алғанда, ұмасы ме жұмыртқалары қабынып ісінгенде, сыртынан дәрі жағып булауға тура келеді. Жас нәрестелердің шабы, қолтығы, мойыны базданып қабынғанда әртүрлі дәрі жағып емдейді.

Ингаляция – дәрі-дәрмек заттарды тыныс алу жолдарымен ішке дем тарту арқылы енгізетін әдіс. Бұған газдарды, тез ұшатын заттарды бүркуге арналған арнайы аппараттар құрылысына арналған ұсақ бүркілетін заттарды жатқызуға болады.

Дәрі-дәрмсек заттарды парентеральды енгізу. Тері ішіне, теріастына, етке, тамырға шприцпен дәрі енгізу-инъекция деп аталып, оны мейрбикелер мен дәрігерлер іске асырады. Ол үшін “Рекорд”, “Люэр” деп аталатын шприцтермен инелерді пайдаланады. Соңғы кездері ел арасында аса қауіпті жұқпалы аурулардың шприц арқылы тарай бастауына байланысты (жүре пайда болған иммунды жетіспеушілік нышандары бар кесел, сары ауру) бір мәрте пайдаланатын шприцтерді кеңінен қолдануда.

Шприц пен инелерін қайнатып зарарсыздандырардың алдыңда кеңерелерінде қан мен плазманың ізін қалдырмастан жақсылап тұрып жуу керек. Зарарсыздандырғышқа шприцтің әр бөлшегін жеке-жеке орап салып қайнатқан жөн.

Иъекция алдында мейірбике қолын сабындап жуып, спиртпен сүртіп алуы тиіс. Содан соң шприцті жинайды. Теріастына, етке, көк тамырға енгізетін дәрілік заттарды ампуладан сорғызып алмас бұрын, оның не дәрі екендігін ыдысының бүтіндігін, оның ішіндегі сұйықтықтың тұнықтығын, дәрінің сапалылығына, көз жеткізіп алуы керек. Ампуланың мойнын спиртпен сүртіп, кескішпен кесіп, шприцтің инесімен сорып алады. Ішіндегі ауасын шығару үшін шприцті тік ұстап, поршенін ақырындап жылжытса болғаны.

Антибиотиктерді ұнтақ күйінше, аузын резеңке тығынмен, темір қалпақпен жапқан флакондарды шығарады. Оны иъекция үшін былай дайындайды: алдымен қалпақшасын ашып, резеңке тығынын спиртпен сүртеді. Шприцке ұзын, қуысы кең инені кигізіп, антибиотикке ерітінді (0,5 новокаин, физиологиялық ерітінді, дистилляцияланған су т.б.) сорғызады да, флаконның резеңке тығынына тік шаншып кіргізеді. Сөйтеді де, шприцтегі ерітіндіні поршеньді баса отырып, флаконға жайлап жіберіп, дәрі ерігенше күту қажет. Кейдң дәрінің еруін тездету үшін, әрі-бері шайқап, содан соң шприцке сорғызып алады. Дайын болған шприцті дәрісімен зарарсызданған астаушаға салып, бетін зарарсызданған дәкемен жауып, палатаға барады. Кейде мейірбике ішінде дәрісі бар шприц инесін, спиртке малынған дәкемен ғана жауып алып, бүкіл бөлімді аралап жүргенін көруге болады. Бұл барып тұрған өрескелдік. Мұндай инъекция жасаған жерде іріңді соқта дамуы мүмкін. Сондықтан да кез келген мейірбике инъекция кезінде асептиканың заңдарын қатал сақтауы тиіс.

Сырқат сәбилерге инъекция жасаған кезде өте сақ болған абзал. Себебі олар инъекция мәнін әлі жете түсінбейтіндіктен, ине шаншар кезде қатты тынышсызданып, жылап мазалары кетеді. Тыпырлап, жұлқынып жылап жатқан балаға ине шаншуға болмайды, себебі ине сынып немесе оның ұшы сырқат денесінде қалуы мүмкін, болмаса тамырын, нервісін т.б. зақымдап алу ықтимал.