Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЛИНИКА..... (2).doc
Скачиваний:
4154
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
2.79 Mб
Скачать

III. Мейірбикелік іс-әрекеттер сипаты:

  1. Жоғары құндылықты және жеңіл қорытылатын тағамды 2 сағат сайын аз мөлшермен - №4 диета кабылдауды қамтама- сыз ету.

  2. Тәулігіне 2 литрге дейін сұйықтықты қабылдауын қамтамасыз ету;

  3. Әрбір дәретке отырған сайын шат аралык терісінің гигие- насын тиянақты күту: дәрет алған соң перианалды аймақты ва- зелинмен өңдеу, төсек орнын ауыстыру.

  4. Күнде науқастың салмағын өлшеу.

  5. Нәжістің жиілігін және сипаттамасын күнде температу- ралық параққа белгілеп отыру.

  6. Дәрігер тағайындаған дәрілік препараттарды қабылдауын қадағалау.

  7. Науқасты жеке дәрет ыдысымен қамтамасыз ету және оны зарарсыздандыру.

  8. Науқасты және онық туысқандарын өзіндік (жеке) гигиена- ны сақтауға және тиімді тамақтану қағидаларына үйрету.

  9. ДИАГНОЗ: ішектердің босауының бұзылуы: іш қатпасы

  1. МАҚСАТЫ: қысқа мерзімді - науқаста екі күнде 1 реттен аз емес үлкен дәрет болады (индивидуалды уақыт).

Ұзақ мерзімді - емделуші ауруханадан шығу кезінде іш қатумен күресу- дің әдістері туралы білімін көрсетеді.

III. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:

  1. Қышқыл сүтті өсімдік диетамен (көкөністер, қара нан, жемістер)

қамтамасыз ету. Диета №3.

  1. Тәулігіне 2 литрге дейін сұйықтықты қабылдауын қамта- масыз ету (қышқыл сүтті тағамдар, шырындар, сілтілі мине- ралды сулар).

  2. Күннің белгілі бір мезгілінде науқаста дефекацияға шарт- ты рефлекс (таңертең аш қарынға 1 стақан суық суды ішкеннен 15-20 минуттан кейін) қалыптастыруға тырысу.

  3. Науқасты жеткілікті қимыл белсенділігімен қамтамасыз ету.

  4. Дәрігердің тағайындауы бойынша іш айдайтын дәрілер- ді беру және тазалау клизмасын жүргізу.

  5. Медициналык құжаттарда күнделікті дәретке отырудың жиілігін белгілеп отыру.

7. Науқасқа іш қатпасы кезінде тамақтану ерекшеліктерін үйрету.

  1. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Метеоризм

II. МАҚСАТЫ Қысқа мерзімді мақсаттар: емделушіде ішек

газдарын бөлу төмендеп, олардың шығуы

қалыптасады (индивидуалды уақыт).

Ұзақ мерзімді: емделуші 2 күннен кейін метеоризм кезіндегі тамақтану ерекшеліктері туралы білімін көрсетеді.

III. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:

  1. Құрамында газ түзетін тағамдарды (жемістер, көкөністер, қара

нан, сүт, тәтті тағамдар) шектейтін №4 диетаны сақтауды

қамтамасыз ету.

  1. Тәулігіне 4 рет 2 таблеткадан белсендірілген көмірді беруді қамтамасыз ету.

  2. Қарсы көрсеткіш болмаса, жел шығаратын түтікті немесе тазалау клизмасын қолдану.

  3. Науқасты және оның туысқандарын метеоризммен күресу әдістерімен (тиімді тамақтану, белсенді қозғалыс тәртібі) таныстыру.

I. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ:: Нәжісті ұстамау

  1. МАҚСАТ Қысқа мерзімді мақсаттары: науқасқа қажетті ем

жүргізілген жағдайда осы қиын жағдайдың

төмендейтінін немесе басылатынын түсіне біледі.

Ұзак мерзімді: науқас ауруханадан шығар кезде қоғамда өмір сүруге дайын болады.

  1. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:

  1. Науқасты оңашалау (изоляциялау) керек.

  2. Құндылығы жоғары, жеңіл қорытылатын тағамның аз-аз мөлшерін жиі қабылдауды қамтамасыз ету.

  3. Науқастың жеке гигиенасын (іш киімді және төсек орынды

ауыстыру, қажеттілігіне қарай дәрет алу, анус маңайын

вазелинмен өңдеу) ұқыпты қадағалауын бақылау.

  1. Бөлменің жиі желдетіліп тұруын қамтамасыз ету, дезо- доранттарды қолдану.

  2. Резеңке дәрет ыдысын немесе арнайы үш секциялы

функционалды кереуетті қолдану.

  1. Нәжістің бақылауысыз бөлінуінің алдын алу мақсатында

күнде таңертең іш айдайтын дәрілер қолдану немесе тазалау

клизмасын жасау.

  1. Науқасқа және туысқандарына күтім ерекшеліктері мен дәрет ыдысын қолдануды үйрету.

  2. Науқасты психологиялық қолдаумен қамтамасыз ету.

  3. Науқастың бөлінділерін канализацияға ағызардан алдын

зарарсыздандыру.