Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Компьютерді адам азасыны сері.docx
Скачиваний:
33
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
926.62 Кб
Скачать

Кіріспе

Еліміз егемендікке ие болғалы заман ағымына лайықты қазіргі кезде алдымызда тұрған міндет- халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып, елімізді өркениетті елдер қатарына қосу. Сол өркениетті елдер қатарына қосылуына ықпал жасайтын еліміздің ертеңі- болашақ жастарға білім мен тәрбие беруде медицина саласының іргетасын мықты және биік етіп қалыптастыру. Біріккен Ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстардың бірі – осы ақпарат. Жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру- қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

Біздің мақсатымыз білім алушылар арасында компьютерді дұрыс қолдану ережелерін сақтау және оның денсаулық үшін зиянын аша білу, одан туындаған ауруларды сипаттау және алдын алу болды.

Қазіргі таңда компьютерлік технологияны кеңінен қолдану тиімділігі білім алушылар мен халық арасында кез-келген материалды қызықты, әрі ғылыми тұрғыдан мазмұнды етуге игі әсерін тигізеді. Компьютерлік технологияны дұрыс, мәдениетті түрде пайдалана білсе, оның мүмкіншілігі көп. Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы. Компьютер шын мәнінде қазіргі уақытта пайдалы ма, әлде зиян ба және одан пайда болатын аурулардың алдын алуын білім алушыларға көз жеткізу. Осы мақсатта мен олардың қаншалықты дәрежеде қалыптасқанын зерттеуді көздедім.

Компьютердің әсеріне байланысты ғалымдардың тұжырымдамалары

Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.

Негізгі принциптері: Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін компьютер механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп таралған түрі — дербес компьютер жақсы таныс. Компьютер шеше алмайтын есептерді ағылшын математигі Алан Тьюринг сипаттаған болатын.Орындалған есеп нәтижесі пайдаланушыға әр түрлі енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен көрсетіледі, мысалы, лампалық индикаторлар, мониторлар, принтерлер және т.б. Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.

Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарту болып табылады. Осы компьютердің пайдасы өте көп.

Ақпарат ғасыры аталып жүрген ХХІ ғасырда бар шаруаны мойнына алған бесаспап бұл құралдың жақсы жақтарымен бірге қазірдің өзінде тигізіп отырған залалдары да аз емес. Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, компьютердің зиянды жақтары қазірдің өзінде бой көрсетіп, оның салдарының адамзат үшін оңай болмайтындығын анық аңғартқан сыңайы бар. Бірақ, таяқ басымызға қашан тигенше мән бермейтін бейқамдығымызбен бесаспап құралдың залалдарына бүгінде назар аударып жатқан ешкім жоқ.

Бірінші жақ Нью-Йорктік ғалым Иван Голдбергтің теориясы бойынша 1995 жылғы енгізген Интернетке тәуелділік терминін (internet addiction disorder, қысқаша IAD) жақтаушылар. Иван Голдбергтің теориясы бойынша мұндай тәуелділік психикалық проблема ретінде сипатталған.

Интернетті шамадан тыс көп пайдаланудың нәтижесі Интернетке тәуелділікті тудыратындығы тілге тиек етілген.

Ал екінші жақтың өкілдері Интернетке тәуелділікті ауру ретінде санауға нақты дәлелдер жоқ екендігін алға тартады, яғни, алдыңығылардың тұжырымдамаларына қанағаттанбайды. Себебі,ауруға тән ешқандай да синдром көрсетілмеген және Интернетке тәуелділік кезінде нендей жағдайлардың орын алатындығы да анық айтылмаған екен.

Бернад Батник, (ғалым, Гисен университеті (Алмания), Психология факултеті) өз ойын былайша жеткізді: ”Интернетке тәуелділік проблемасы бар. Өздерін интернет пайдаланудан алшақ ұстай алмайтын немесе интернет пайдалануды доғара алмайтын адамдар бар. Бірақ қалыпты адамдар мен тәуелділікке бой алдырғандардың арасындағы айырмашылықтарды нақтылау да қиын болып отыр”. Турасында, ол кісі Интернетке тәуелділіктің арту кезеңінде ешқандай да автоматты түрде жүретін құбылыстың болмайтындығына сенімді: ”Интернетке тәуелді болу үшін алдын ала қандай да болмасын психикалық кемістіктер болуы шарт. Мысалы, алкагольді ішімдік ішетіндердің барлығы бірден алқаш бола қоймайтыны секілді.” — деп, өз ойын нақтылады.

Қазіргі таңда Еуропа аумағында 100 000 астам адам осы тектес проблемаларға тап болып отырғанға ұқсайды. Көбі интернет атаулыға түгелдей тәуелді, не болмаса интернетте шамадан тыс уақыт жоғалтып қоятындары да болады.

Осынау аурудың себептерінің қатарына интернет пен онымен тығыз байланыстағы виртуалды ортаны жатқызуға болады. Орта болғанда да адам айналысуға тиімді әрекеттер: қарым-қатынас құруға арналған сайттар, форумдар, чаттар. Көбінесе адамдар өздерінің қызығушылықтарының арқасында, жаңа нәрселерді сынап көру мақсатында интернетке жіпсіз байланып жатады.

Өмірдің шынайылығынан алшақтау адамның жеке басының мәселелерінің туындауына және әлеуметтік ортадағы қиындықтардың тууына алып келіп соғады. Мысалы, жеке тұлға ретінде қалыптаса алмауы, өмірдегі өзгерістер, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы және жалғыздық. Кейде ойға алған істері орындалмай, тауы шағылған жандар интернет арқылы жандарына пана іздейді, яғни, өзіндегі депрессия мен қорқынышты елемеу үшін не болмаса қым-қуыт тіршіліктің реніштерін ұмыту үшін осындай амалдарға барып жатады. Мұхтар Шаханов ағамыз осыдан біраз бұрын компьютер басты жарты кеш адамдар туралы жазып, жұртшылықтың назарын аудармақ болған еді. Бірақ, оған ден қойып, адамзат, оның болашағы үшін үлкен мәні бар бұл мәселеге көңіл аударған пенде болмады.1990-шы жылдардың соңында табалдырығымыздан имене аттап, өмірімізге енген бүгінде төрімізді түгел жайлап алған компьютердің залалды жақтары қазірдің өзінде әр жерден атойлап анық байқалып отыр. Ол «хакер» деп ат қойып, айдар тағылған компьютердің бес-аспап шеберлерінің түрлі мекемелердің бағдарламаларына еніп, ірі көлемде ақша немесе аса құпия ақпараттар ұрлап, кәделеріне жаратуы сияқты сыртқы залалдары мен басталып, онан қалды, адамдардың ақыл-саналарына тигізетін кесапатты әсерлерімен өмірімізге тереңдеп еніп барады. Компьютер тек арнайы бағдарламалар бойынша белгілі бір саланың мамандарының жұмыс істеуіне жағдай жасайтын қарапайым құрал емес, оның ішінде түрлі қызықты ойындар, анықтамалар, интернет желісіне ену арқылы қалаған тақырыпта ақпарат алуға мүмкіндіктер бар. Бір сөзбен айтқанда, оның мүмкіндігі шексіз. Іздеген тақырыбың бойынша қалаған ақпаратыңды әп-сәтте ала аласың. Қалаған адамыңмен байланысып, көзбе-көз көріп отырғандай сөйлесуіңе немесе хат алмасуыңа әбден болады. Тірі пендемен араласпай, күндіз-түні компьютерге телміріп, бар қызығын содан табатын пенделер қатары жыл өткен сайын көбейіп барады. Шет елдерде компьютерге жабысып, өмірін өткізгендердің арасында аштан өлген оқиғалар да кездесіпті.

Күндіз-түні мониторға қадалып отыру көзді құртатыны, одан шыққан сәулелердің түрлі дерттерге ұрындыратыны бұл жәй сыртқы залалдары ғана. Ал, компьютердің адамға келтіретін ең сұмдық зияны, оған еліккен жан өзгелерді ұмытып, ешкіммен араласпай, томаға тұйық күн кешетін болады. Оған ата-ана, туған-туыс, бірге жұмыс істейтін әріптестер, бала-шаға дегеннің бірі де қажет емес. Оның монитордың ішіндегі өз әлемі бар, онда өзі би, өзі қожа, қалағанын жасап, емін-еркін өмір кешеді. Компьютер әлеміне терең еніп, фәни жалғаннан қол үзіп бара жатқан пенделер қазір Батыс елдерінде көп кездеседі. Компьютерге кештеу көшкен ТМД елдерінде бұндай жағдайлардың шет-жағасы енді ғана байқалып жүр. Ол, әсіресе, жастардың арасында жиі көрініс беріп жатады.

Техникалық дәуір адамзаттың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болып қалды. Әсіресе, күнделікті өмірі мен жұмысы төртбұрышты мониторға телмірумен өтетіндер үшін компьютердің маңызы да зор, одан тиер зиян да зор. Бірақ кез-келген мәселенің шешімі бар екенін ұмытпаған жөн.

Компьютердің мониторындағы кескіндер адамның көзінің көру өткірлігін нашарлатады. Мұны барлығы біледі десек, артық айтқандық болмас.

Компьютердің алдында телміріп көп уақыт тапжылмай отырып, денеміздегі бұлшықеттерді қажытамыз, мойынымыз бен иығымыз талып кетеді және ең қауіптісі, омыртқамызға зиян болады.

Монитор қосулы тұрған кезде оның айналасында электростатикалық өріс пайда болады. Ол айналадағы шаң-тозаңдарды адамның қолдары мен бетіне қондырады. Ал ол денсаулық үшін пайдалы болмайды.

Ежелгі үнді елінде үстемдік құрған ведалық өркениетте дхарма деген түсінік бар. Ол адамның туа бітті табиғи міндеті деген мағынаны білдіреді екен. Әр пенденің табиғи міндеті өзі сияқты ет пен сүйектен жаратылған адамдармен, айналасындағы табиғатпен қарым-қатынаста болу. Егер біз айналамыздағылармен жақсы қарым-қатынаста болсақ, бұл дүниенің қызық-қуанышына кенеліп, тәнімізді тастаған соң жұмаққа енеді екенбіз. Веда ілімі осылай дейді. Яғни, екі дүниенің бақытына кенелудің жалғыз жолы айналамыздағы жандармен түсіністік, сүйіспеншілік, қайырымдылық қарым-қатынаста болу көрінеді.

Ал, жұмысымызды жеңілдетіп, басқа да фәни игіліктермен қамтамасыз еткен компьютер бізді ең басты байлығымыз, айналамыздағы жандармен қарым-қатынасымыздан қол үздіруде. Күн ұзақ балабақшада болып, анасын сағынған бүлдіршін оған еркелеп ойнағысы келсе, сүйікті сериалын көруге ынтыққан әйелге сәбиіне көңіл бөліп, бір сәт онымен жылы қарым-қатынаста болу мүлдем қызықсыз көрінеді. Осылайша, ана мен баланың, ерлі-зайыптылардың, көршілердің, әріптестердің ара-қатынасы алшақтап, әр пенде теледидар мен компьютерден, ұялы телефоннан өз қызығын тауып, оқшау тірлік кешуге көшкен түрі бар.Ислам дінінің ежелгі ғалымдарының жазбаларында болашақта әрбір үйді өзінің еркіне бағындыратын жалғыз көзді құбыжықтың пайда болатындығы туралы мәтін бар. Ол жалғыз көзді құбыжықтың теледидар немесе компьютер екендігін қазір бәріміз көріп, біліп отырмыз. Адамның бойындағы адами ізгі қасиеттерінен айырып, бір-бірінен алшақтатып бара жатқан жалғыз көзді құбыжықтың залалы қазір көріп, естіп жүргендерімізбен бітпесе керек. Яғни, ол біз ойлағаннан әлдеқайда ауыр зардаптарға ұшырататын сияқты.

Компьютермен жұмыс істеп жатқандағы негізгі зиянды факторлар

Осы тақырып бойынша әдебиетті талқылай отырып бірнеше зиянды факторларды ерекшелеу мүмкін:

  • көзге жүктеме,

  • монитордың электромагнитті сәулеленуінің әсері

  • қолдардың буындарының аурулары

  • киындаған тыныс,

  • остеохондроздың дамытуы,

  • монитордан шығаруды бар болу,

  • мәлiметтiң жоғалтуының жанында психикалық жүктеме және стресс

  • компьютер тәуелдiлiгi.

Көзге жүктеме. Білім алушылардың арасындағы негізгі себептерге ұзақ уақыт бас ауыруы және бас айналу пайда бола алады. Компьютер алдында жұмыс істеу ұзаққа созылса, көздің көру қабілетін төмендетеді. Компьютерден көзге түсетін жүктеменi сауаттылық түрде қойылуы зиянды факторлардың әсер етуін төмендетеді:

  • компьютердің мониторы мен көздің ара қашықтығы 50-70 см болуы керек;

  • қараңғы бөлмеде жұмыс істеуге болмайды;

  • компьютермен жұмыс істеу барысында үзіліс жасап отыру керек (ересек адамдар үшін әрбір екі сағат сайын 15 минут, ал балалар үшін әрбір жарты сағат сайын 15 минут үзіліс жасау керек) немесе арнайы қорғаныш көзілдірігін киіп жұмыс істеу қажет. Үзіліс кезінде көздің гимнастикалық жаттығуларын жасау.

Монитордың электромагнитті сәулеленуінің әсері.Жұмыс iстеуге отырғанда, сағат сайын демалыс ұйымдастырып, жаттығулар жасап отыру керек. Ноутбукты тiзе үстiне алып отыруға болмайды. Күштi радиация таралатындықтан, бедеу болып қалу қаупi бар. Компьютерде, ноутбукта отырғанда, көзге қорғаныс көзiлдiрiгiн кию керек. Душтан, бассейннен кейiн, яғни, суға түсiп келгеннен кейiн компьютердiң алдында отыру радиацияны қабылдау мөлшерiн азайтады. Компьютер, ноутбук сатып аларда «S» белгiсi бар-жоғына қарау керек. Бұл белгi – компьютерде, ноутбукта радиацияға қарсы қорғаныстың бар екенiнiң дәлелi. Сосын компьютердiң жанына немесе артына отыруға болмайды, оның радиацияны ең көп тарататын бөлiгi – сол тұстары. Компьютердi орналастырғанда, артқы жағын терезеге немесе қабырға жаққа қаратқан жөн, одан таралған радиация сыртқа кетедi. Компьютерден, ноутбуктан жылы бу шығады, оның әсерiнен адам ағзасындағы кальций мөлшерi азаяды. Салдарынан тырнақ – сынғыш, шаш түскiш келедi. Компьютер, ноутбук, теледидар және басқа да тұрмыстық заттар орналасқан бөлмелерде мүмкiндiгiнше пластик терезелерге қарағанда ағаш терезелер болғанын ескерген жақсы. Себебi, бөлмедегi радиацияны пластик терезе сыртқа шығармай, тосқауыл болады.

Қолдардың буындарының аурулары. Адам компьютерде жұмыс iстегенде қол қыбыр-жыбырлар көп жасатады, сондықтан созылмалы аурудың даму ұзақ жұмыс iстегенде. «Тунельный синдром» ауруы пайда болады.

Қиындаған тыныс. Кеуде қуысы қозғалғанда диафрагма дұрыс жылжымайды.

Остеохондроздың дамытуы. Сүйек-бұлшықеті жүйесімен отырғанда қисық отыру барысында және омыртқа бағанының қисаюынан дамиды.

Мәлiметтiң жоғалтуының салдарынан психикалық жүктеме және стресс. Компьютер қадалушылық талап етедi. Психикалық жүктеменi дегенмен (жұмыста компьютерге жұмыстың маңызды тарабына қадағалау керек және жұмыс істеу кезеңінде үзiлiстер iстеу керек ) кiшiрейтуге болады.