Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Компьютерді адам азасыны сері.docx
Скачиваний:
33
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
926.62 Кб
Скачать

Компьютермен жұмыс істегенде адам ағзасына келтіретін аурулардың сипаттамасы

Біріншілік бас ауруы.

Ол төмендегі түрлерге бөлінеді:

  1. мигрень ;

  2. хортондық бас ауруы;

  3. психогендік бас ауруы;

  4. невралгиялық бас ауруы;

  5. атипиялық-беттік ауру;

  6. басқа да бас ауруы.

Бас сақинасы, мигрень (фр. mіgraіne, гр. hemіkranіa — бас сүйегінің жартысы) — бастың ұстамалы ауруы, әдетте бір жартысы ауырады. Ауру кезінде вегетативті жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, ми табанындағы қан тамырлары кеңейіп кетеді. Бас сақинасы тұқым қуалайды, сондай-ақ, жасөспірімдердің жыныстық жағынан жетілу кезінде байқалады. Аурудың жиі қайталануы — адамның жас ерекшелігіне, тіршілік ету ортасына, жұмысына, демалысына, тамақтануына байланысты. Бас сақинасымен ауырар алдында науқастың ыстығы көтеріліп, тамаққа тәбеті болмай, көңіл-күйі өзгеріп, ұйқысы келе береді. Ауру қозған кезде қол-аяғы мұздап, ішкен тамағын құсады. Аурудың ұзақтығы 2—3 сағаттан бірнеше күнге созылуы мүмкін. Бас сақинасының негізгі белгілерін және емдеу шараларын бас ауруымен байланыстыра қарау қажет.

Мигрень (бас сақинасы)-бұл бастың бір жартысын қамтитын пульсті ауру сезімі.Ауру сезімі бәсен немесе өте күшті шыдатпайтын болып 4 сағаттан 3күнге дейін созыла алады. Ауру сезімі физикалық күш түскенде, еңкейген кезде, қатты жарық әсерінен, қатты иістерден және дауыстардан күшейіп құсумен жүрек айнумен қатар жүреді. Мигреннің себептері мен даму механизмі толық зерттелмеген. Көбінесе оның шақырушы факторы болып эмоционалдық және физикалық күштің, ретсіз тамақтану, алькоголь мен темекі шегу, ұйқының бұзылуы, жағымсыз метафакторлар, күннің астында қызу және көбінесе әйелдерде гормоналдық өзгерістер кезінде пайда болады.

Мигренді басу үшін көбіне стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер (парацетомол, ибупрофен, солпадеин), кейде әсері жоғары препараттар қолдану керек, дәрігердің тағайындауымен. Сонымен қатар ауру сезімін тудырған факторларды жойып, басқа жеңіл массаж, нүктелік массаж, иглотерапия жасау керек.

Хортондық бас ауруы. Бұл бас ауру сезімі қысқа мерзімді 15минуттан 2сағатқа дейін қатты ұстама түрінде, біржақты көздің локализациясымен өтеді. Ұстамалар күнделікті болып, 3аптадан 3айға дейін созылып, түнде немесе таң ертең ерте болады. Ауру сезімі – күйдіргіш, сырқыраған болады, бірақ жүрек айну мен құсу болмайды.

Психогенді бас ауруы. Психогенді бас ауруға ауыр жағдайлардан немесе депрессиядан пайда болған бас ауруын жатқызамыз. Бұл мигреньмен қатар кең тараған бас ауру түрі. Ауру сезімі психогенді түрде эпизодты пайда болады, өкпе сирек жағдайда ғана ауру сезімі бірнеше күнге, айға және жылдарға созылуы мүмкін.

Ауру сезімі қақсаған, тоздыратындай өтіп, маңдай мен самай, шүйде немесе екі жақты таралуы мүмкін. Бас ауруындағы қысымға наркотикалық емес анельгетиктер әсері жоғары, ал медикаметозды ем-шаралардың әсері төмен, егер оған негізгі ем қосылмаса. Сонымен қатар психогенді бас ауруын басу үшін медитацияның, аутотренингтік, гипноза, әр түрлі стресті түсіретін жаттығулардың әсері жақсы.

Үштік нервтің невралгиясы. Бұл дерт кезінде ауру сезімі үштік нерв айналасындағы (жақ, маңдай, бет, көз) пайда болады. Ауру сезімі қысқа, бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін,тез, атқылағандай біржақта өтеді. Көбіне шайнау және жұтынумен, тіс шайнаумен шақырылады, бірақ күтпеген жағдайда болуы мүмкін. Негізгі себебі- үштік нервтің қозуы мен басылуы, қан тамыр орналасуына байланысты, қасында жатқан нервтің аневризмі ісіктер, ісінулер, инфекциядан, т.б. нервтердің зақымдануынан пайда болады. Емдеу үшін эпилепсиялық қарсы дәрілер, атнидепрессанттар қолданылады. Кейде хирургиялық шаралар қолданылады.

Атипиялық бет ауруы. Себебі: әлі белгісіз, мигрень мен үштік нервалгиясына ұқсас. Ауру сезімі қақсаған түрде беттік кез келген аймағында болады. Әсерлі емі әлі табылмаған.

Екіншілік бас ауруы.

Екіншілік бас ауру әр түрлі себептерден пайда болуы мүмкін. Өмірге қауіпті дерттен. Мысалы: ми ісігі және инсульт, одан жеңіл кең тараған дерттен әр түрлі себептерден дамуы. Антоксикация, метаболизм бұзылуы, тамыр аурулуары т.с.с.

Көбіне адамдар бірден дәрігерге қаралмайды, ауру сезімінің басылған кезін күтеді оны өздері емдейді. Оны тек қатты ауру басталған кезде жасауға болады. Бірақ емханаға барып тексерілу жөн. Егер ауру сезімі қатты болса, міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. Сол сияқты, ауру сезімі жиі болса және емделгеннен кейін жақсармаса.

Алғашқы медициналық көмек, егер:

  • Бас ауруы құсумен болса, егер құсудан кейін жақсармаса;

  • Ауру сезімін басатын дәрілердің көмегі болмаса;

  • Ауру сезімінен басты көтере алмау;

  • Есінен айырылу,т.б. ес ақаулары (ступор, естімей қалу)

  • Гипертрофиялық бөртпе болса.

  • Ауру сезімін емдеу оның шақырған себебіне байланысты емдеу керек. Бірге ем қабылдау: аспирин ішу, цитрамон немесе нитрофуран, немесе жатып дем алу.

Компьютер алдында жұмыс істегенде остеохондроздан қауіптеніңіз.

Остехондроз адамда ғана кездеседі.

Остеохондроздың таралуы глобальды -90%.

Адам екі қолын – жұмыс істеуге, жүк көтеруге үйретті де омыртқа бағанына қосымша күш түсіреді. Тік жүру өзінен өзі қауіпті емес. Адам эволюциясында көптеген бейімдеушілікке, өзгереді: физикалық шайысу, фронтальды жазықтық бойынша, күшейген бұлшық етке және байланыс аппараты.

Остеохондроз деген не?

Остеохондроз деп – дистрофиялық буын сіңірлерінің бұзылысы. Бұл бұзылыстар кез келген буында байқалуы мүмкін, көбінесе омыртқалық дисктер зақымдалады. Сондықтан омыртқа остеохондрозы пайда болуы компьютермен жұмыс жасауда дамиды. Компьютерде жұмыс істегенде, сіз көп уақыт отырасыз, бірақта бұл жағдай оптимальды емес. Бір жағдайда отыра беру бір топтың беттеріне салмақтың түсуіне әкеледі. Бір топтық беттерге күнделікті салмақ түсуі, ауырсынуларға алып келеді, салмақты түспеуі сіздің ағзаңызға әсер етеді және беттердің деградациясына алып келеді, сонымен қатар омыртқа аралық дисктердің бұзылысына – остеохондрозға алып келеді. Отырған кезде омыртқааралық дискке салмақтың түсуі көбірек тұрып, жақын жағдайларға қарағанда осы факторлар омыртқа аралық ісіктерге алып келеді, бас ауырсынады.

Остеохондроз бен сколиоздың симптомдары мен диагностикасы.

Остеохондроздың бірнеше түрі бар, ол омыртқаның жарақаттануына байланысты: мойын, кеуде, бел, сегізкөз маңы омыртқа остеохондроздары. Көбінесе бірден бірнеше омыртқаның бөлімдері зақымдалады. Аурулардың әр біреуі өзіне тән белгілері, диагностикалық ерекшеліктері мен емі бар.

Сізде остеохондроз немесе сколиоз бар екенін қалай анықтауға болады? Сколиоздың белгілерін дәрігер адам емес те біле алады, визуалдық бақылау кезінде дене бітімінің симетриясыздығы. Остеохондроздың негізгі белгілері – ол омыртқа маңының ауырсынуы, кейде ол басқа дене аймақтарына да беріледі, омыртқа қозғалысының шектелуі, мойын остеохондрозы кезінде мойын аймағында сықыр есітілуі.

Остеохондрозбен омыртқаның қисаюының профилактикасы мен емдеуі.

Бұл аурулардың профилактикасы қиын емес, тек қана ол үшін өзін қадағалап отыру керек.Остеохондроз бен омыртқаның қисаюының профилактикасы үшін қозғалыста жүруі керек, дұрыс тамақтану мен омыртқаның түзулігін қадағалау, жұмыс орнына үлкен мән беру, өзіне ыңғайлы жағдай жасау, көп уақыт ыңғайсыз түрде отырмау. Ең бастысы жиірек орнынан тұрып, жаттағулар жасау.

Ал остеохондрозбен сколиозды емдеу қиындықтары медициналық практикада әр түрлі іс-шаралар қолданылады. Остеохондроз бен сколиозды емдегенде қанағаттанарлық нәтиже алу қиын. Негізгі әдісі ол емдік гимнастика.

Оны емдеуде арнайы жаттығулар жасалынған, сколиоз бен остеохондроздың омыртқаның әр бөлігіне арналған- мойын, кеуде, бел. Сонымен қатар емдеуде дене шынықтырумен қатар, остеохондроз бен сколиозды емдеуде массаж жасау кең тараған. Ол көрсеткіштер кең, амалсыз жағдайда терапия жасалынады. Егер сколиоздың себебі аяқтардың ұзындығы әр түрлі болып, ол үшін арнайы жаттығулар қолданылады. Жақсы нәтиже алу үшін олар нақты таңдамалы болуы керек.

Сколиоз дегеніміз – омыртқаның өз осінің айналасынан иіле қисаюымен сипатталатын, кеуде қуысы функциясының бұзылуына, сондай-ақ, косметикалық кемшілікке алып келетін қауіпті ауру. Сондықтан, мамандар бұл сырқатпен бала кезден бастап күресу керек дейді.

Емдеу әдістері

Сколиозды емдеудің екі әдісі бар: консервативті және хирургиялық. Көптеген дәрігерлердің пікірі бойынша, консервативті емдеу тек бастапқы кезеңде тиімді болып келеді, ал сколиоздың ауыр асқынған түрлерінде хирургиялық әдіс негізгі болып табылады. Асқынған сколиоздан болатын аурулар өте қауіпті. Бұл кеуде қуысының деформациялануына және өкпе қызметінің шектелуіне әкеліп соғады. Соның салдарынан полицетемия және өкпе гипертензиясы болуы ықтимал.

1. Консервативті емдеу:

Емдеудің бұл әдісі хирургтің қатысуын қажет етпейді. Мұнда емдеу жауапкершілігі толықтай науқасқа жүктеледі, ал оның сауығуының құралы - емдеу гимнастикасы. Айта кетерлігі, Цельс Авл Корнелий ұсынған арнайы гимнастика омыртқа деформациясын емдеу әдісі ретінде біздің дәуірімізге дейінгі І ғ. пайда болған екен.

Арқа бұлшық еттеріне арналған жаттығулар

Арқамен жатқан күй

Сколиозбен ауыратын адам алдын ала тізесі мен басын қосып, әткеншек сияқты қозғалады. Түзу ұсталған әр аяққа алма-кезек қол жеткізеді. Түзу ұсталған аяқтарымен адымдап, шалқасынан жатып «педаль айналдырады».

Етпетінен жатқан күй

Сколиозбен ауыратын адам қолымен сандарын қысып, алма-кезек түзу ұсталған аяқтарын көтереді. Етпетінен жатқан күйінде аяқ-қолдарын көтеруге тырысады, қолдарын бірнеше рет айқастырады. Толарсағынан ұстап, аяқ-қолдарын жоғары көтеруге ұмтылады.

Тұрған күй

Сколиозбен ауыратын адам қолын көтеріп, еңкейеді. Ол үшін жүріс дәстүрлі жаттығулармен бірге жүреді: тізесін жоғары көтере жүру, шынтақтарын арқасына қоса отырып жүру. Сондай-ақ, мұндай ауруға тап болған адам төрт тағандап тұрып, әр аяқ-қолын кезектеп көтереді. Мысықша созылып, омыртқаға түсетін жүкті оңтайландырады.

Омыртқаның мойын бөлігін күту

Омыртқаның мойын бөлігі өте осал. Тіпті, аяқ пен қолдар да ол үшін ауыр. Қолды көтеретін бұлшық еттер бас сүйегіне және омыртқаның мойын бөлігіне бекігендіктен, қолды немесе иықты жай көтерген кезде мойын омыртқасын жаншиды. Сонымен қатар, сколиоз кезінде төбені ақтау, заттарды жинау немесе тақтада тұрып ұзақ жазу - омыртқаның мойын бөлігі үшін нағыз сынақ болады. Басты кеудеге салбыратып отыру да омыртқаның осы бөлігі үшін өте қауіпті. Сол үшін басты көтеріп отыру қажет. Бірақ, сколиозды консервативті емдеу аурудың бастапқы кезеңінде ғана тиімді. Ал ауыр немесе тез асқынған түрлерінде хируриялық әдіс пайдалы болып табылады.

2. Хирургиялық әдіс:

Қазіргі уақытта операция сколиотикалық деформация бұрышы 40 градустан асқан кезде жасалады. Егер науқасты төмендегідей жайлар мазаласа ғана операция жасалу керек:

ауру синдромының байқалуы, омыртқа деформациясының қарқын алуы (егер омыртқа деформациясы 40-45 градустан асса) және косметикалық кемшілік.

Хирургиялық емдеу әдісін қажет ететін адамды тек дәрігер ғана анықтап, көмек көрсете алады. Сондықтан, бұл - жеке адамдардың қолынан келе бермейтін іс.

Кеуде омыртқасының Бел омыртқасының

қисаюы қисаюы

Атеросклероз (гр.: athere-қойыртпақ; sclerosis- қатаю, шорлану)- майлар мен белоктар дұрыс алмаспағандықтан, эластикалы және бұлшықетті-эластикалы тамырлардың ішкі қабатына майлар мен белоктар шөгіп, сол жерлерде талшықты дәнекер қабық көбейіп, склероз дамитын ауру. Атеросклерозды дамытатын негізгі себептер:

  • Зат алмасуына байланысты факторлар (ең негізгісі май мен белок, холестерин мен липопротеидтер алмасуының бұзылуынан болады);

  • Гормондық факторлар;

  • Артериялық гипертония;

  • Психоэмоциялық күйзеліске ұшырататын стресс пен конфилитті жағдайлар;

  • Қан тамырлардағы өзгерістер;

  • Тұқым қуалайтын және этникалық факторлар.

Гипертония ауруы – басты клиникалық белгісі артериялық қысымның ұзақ мерзімді, әрі тұрақты түрде жоғарлауымен бейнеленетін созылмалы ағымды сырқат. Бұл ауруды «жауапсыз эмоциялардан өрістейтін кесел», яғни неврогендік негізде дамитын дербес сырқат ретінде сипаттаған. Гипертония ауруы шектен тыс психика-эмоциялық әсерден жүйке жүйесі зорығып, невроз тектес сырқат өрістеп, тамырлардың тонусы дұрыс реттелмегендіктен дамиды. Бұл аурудың даму механизмдері: невртік; рефлекторлық; гормондық; бүйректік және тұқымқуалайтын.

Тәжірибелік жұмыс

  • Білім алушылар арасында сауалнама жүргізілді:

  1. Сіз компьютердің қандай жұмыстарға қолданасыз?

  2. Компьютердің күнделікті қолданасызба?

  3. Компьютермен жұмысты қанша уақыт жасайсыз?

  4. Компьютермен жұмыс жасағанда үзіліс жасайсыз ба? Қанша уақыт?

  5. Компьютермен жұмыс жасап жатқанда немесе жасап болған соң қандай сезімде боласыз?

  6. Көзіңізге қандай жаттығу жасайсыз? Одан басқа кандай жаттығу жасайсыз?

  7. Компьютермен жұмыс жасау барысында барлығын бір реттілікпен жасайсыз ба?

  8. Сіз компьютерге тәуелдісіз бе?

  9. Сізде компьютермен жұмыс жасағанда кері әсер бар ма?

  10. Компьютермен ұзақ жұмыс жасағанда, қандай аурулар туындайды?

  11. Сіз компьютермен жұмыс істеу қауіпсіздік ережелерін білесіз бе?

  12. Қанша уақыт компьютермен жұмыс істегенде қауіпті болатынын білесіз бе?

Сауалнамаға 135 білім алушы қатысты және келесідей нәтиже алынды: