Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

шпор Ксіпкер

.docx
Скачиваний:
105
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
119.09 Кб
Скачать

КӘСІПОРЫН СТРАТЕГИЯСЫ: ТҮСІНІГІ МЕН МАЗМҰНЫ: Стратегия ең алдымен өндіріс деңгейіндегі ағымды басқарумен жоғары деңгейдің айырмашылығын көрсетеді. Оның көптеген анықтамалары бар. Мысалы: стратегия – дамудың жалпы бағыты, басқарудың жоғары деңгейіндегі шешімдерді талап ететін әлуетті қызмет. Стратегия – ұйымның перспективалық даму бағыттарын, сонымен бірге қоршаған орта өзгерісі жағдайында оның жұмыс жасауының әдістері мен тәсілдерін анықтайтын басқарушылық шешім жүйесі. Басқарудағы стратегиялық тәсілдер оның орындалуын ұзақ мерзімді перспектива бойынша ұйым қызметі мен нарық талаптарының арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етуден тұрады. Стратегиялық басқару дегеніміз – ол ұйымдардың қоршаған ортамен өзара қатынастарын басқару барысындағы ұйымдардың мақсатын жүзеге асыру миссиясы. Стратегиялық басқару – ол ұйымның өз алдына қойған мақсатына жетудегі шешімдер жиынтығы мен әрекеттері. Стратегия – ол негізгі мақсаттарға қол жеткізудегі басымды мәселелер мен ресурстарды анықтаудағы әрекеттердің бас бағдарламасы. Стратегияның негізгі мәні – бизнесті қоршаған ортаға бейімдеу. Тек осы жағдайға сәйкес болғанда ғана аман қалып және әрі жақсы дамуына мүмкіндің болады. Стратегияны үдеріс ретінде қарастыруға оның үш белгіленген сатылары дәлел болады: стратегиялық талдау, стратегиялық таңдау, стратегия мен менеджменттің іске асуы.

КӘСІПОРЫН СТРАТЕГИЯ ЖӘНЕ МІНДЕТІ: Стратегия ең алдымен өндіріс деңгейіндегі ағымды басқарумен жоғары деңгейдің айырмашылығын көрсетеді. Оның көптеген анықтамалары бар. Мысалы: стратегия – дамудың жалпы бағыты, басқарудың жоғары деңгейіндегі шешімдерді талап ететін әлуетті қызмет. Стратегиялық басқару дегеніміз – ол ұйымдардың қоршаған ортамен өзара қатынастарын басқару барысындағы ұйымдардың мақсатын жүзеге асыру миссиясы. Стратегиялық басқару – ол ұйымның өз алдына қойған мақсатына жетудегі шешімдер жиынтығы мен әрекеттері. Стратегия – ол негізгі мақсаттарға қол жеткізудегі басымды мәселелер мен ресурстарды анықтаудағы әрекеттердің бас бағдарламасы. Стратегиялық басқаруға өтудегі негізгі мақсат жоғары басқарудың көңілін өз мүддесіне аудару және онда болып жатқан үдерістерді реттеу. Қазіргі менеджментте стратегиялық және тактикалық аспектілерін атауға болады. Стратегиялық мәселелерге ұйымның мақсаты, оның негізгі әрекеттік түрлері мен бағыты, одақтастары мен қарсыластарын, өз артықшылықтарын анықтау жатады. Құжаттардың айналу технологиясы, өнімді тұтынушылармен жүргізілетін әрекеттерді тактикалық мәселелерге жатқызуға болады.Стратегиялық басқарудың нысандарына коммерциялық фирмалар, аймақтар, ел, шағын кәсіпорындар және тағы басқалар жатады. Стратегиялық басқарудың субъектілеріне ұйымдық басқару жатады. Мұнда басқарудың жүйелік субъектілері бар, олар әр деңгейде қызмет етеді. Мысалы, корпоративті стратегия, бизнес стратегиясы (жеке бизнес түрлері), функционалды стратегия (жүзеге асыру стратегиялары).

КӘСІПОРЫНДАҒЫ ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ. Сақтандару: Кез келген қаржылық немесе шаруашылық оперциялардың тиімділігі мен онымен бірге болатын тәуекел деңгейі бір-бірімен байланысты. Тәуекел факторын есептемей толық инвестициялық талдау жүргізу мүмкін емес. Сондықтан тәуекел деңгейін бағалай және оның нақты операция табыстылының деңгейімен байланыстылығын бағалай білу қажет.   Тәуекелдің мәні мен түріне тәуелсіз кәсіпкерліктің негізгі мақсатына – салынған капиталдан табыс алуға – тәуекелді анықтау сәйкес келеді. Төмен табыс табу немесе шығыстарға ұшырау ықтималдылығы қаншалықты жоғары болса, соншалықты жоба тәуекелді болатыны белгілі. Капиталды салу мүмкін нұсқауларды таңдау кезінде жиі «бұл жобаның тәуекелі төменірек сияқты» дегендей абстрактілік пайымдаулармен шектеледі. Алайда, көбінесе тәуекел деңгейін нақты анықтауға болады, сонымен қатар осы тәуекелге сәйкес келетін, ұсынылатын жобаның табыстылық деңгейін де анықтауға болады. Алынған нәтижелерге сүйене отырып, салымшы оған тиімді ақша салымын таңдай алады, сонымен қатар мүмкін болатын тәуекел деңгейін де төмендете алады. Тәуекелдің жоғары, орташа немесе төмен деңгейлерін ажыратады. Тәуекелдің көлемін (не деңгейін) екі критерий арқылы өлшенеді (бағаланады): орташа ауытқу мәнімен (дисперсия) және мүмкін болатын нәтижелерді өзгермелілігімен (вариация). Сақтандыру — сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар. Сақтандыру ерікті және міндетті нысандарда жүзеге асырылады. Ерікті сақтандыру сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы шартқа негізделеді. Ерікті сақтандырудың ортақ шарттарын және оның жүргізілу тәртібін айқындайтын ережелерін сақтандырушы дербес айқындайды. Міндетті сақтандыру заңға сәйкес жүзеге асырылады.

КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТКА ҰШЫРАУ СЕБЕПТЕРІ: Банкроттық – нарық шаруашылығының категориясы болып табылады. Банкротқа ұшырау — кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды.Кәсіпорындардың жаппай банкротқа ұшырауы ұйымды әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың механизмі қалыптасқан. Осы механизмнің негізгі элементтері: банкроттықты құқықтық реттеу; қайта құру және жою шараларын қаржыландыру; банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету. Әлеуметтік-экономикалық түр ретінде, банкроттық жоғары көрсеткіштегі қарама-қайшылықта сипатталады. Сол себептен де, кез келген дамыған елді алып қарасаңыз, нарықтық байланыстағы құқықтық элемент механизмінің реттелуі банкроттың заң арқылы орындалуына әкеледі. Әлемдік тәжірибеде банкротқа ұшырау – зардап туғызатын жағдайға әкелетіні анықталған. Тиімсіз кәсіпорындарды тарату да оңтайлы шешімдердің бірі десе болады. Экономикалық байланыс орнатқан кезде түрлі жағдайдар туындап жатады. Яғни белгілі себептерге қатысты шаруашылық қызметі өзіне жүктелген қаржыны өтей алмауы. Орын алған осы жағдайды ретке келтіретін арнайы институттар бар. Кеңейтілген дәстүр бойынша, тұрақсыздық салдарынан кәсіпорынның қаржылық төмен деңгейі түсіндіріледі. Белгілі бір шаруашылыққа төленбеген қаржы ішкі жүйеге ғана анық мәселе боп қала береді. Біздің тәжірибеде банкроттыққа ұшырау тұрақсыздығы механизмін реттеу тек басты белгілері бойынша зерттеледі. Банкротқа ұшырауды кәсіпорынның дағдарысқа түсуі деп қарастыруға болады. Анықталғандай, банкроттықтың маңызы өзіндік дағдарыс жүйесін қалыптастырған үш сатыдан тұрады: 1. Банкротқа ұшыраудың жасырын түрі. Бұл сатыда ішкі кәсіпорындағы пайдасыз беталыс салдарынан құлдыраған «баға» жатады. Кәсіпорындағы бағаның төмендеуі орташа жауапкершілік құнының ұлғаюы мен кіріс көзінің азаюына апарады. Кірістің төмендеуі ішкі және сыртқы жағдайлардың әсерінен пайда болады. 2. Қаржылық тұрақсыздық. Екінші сатыда банкротқа ұшыраудың белгілері — қолма-қол ақша төңірегінде қиындықтар туындайды. Яғни, шоттағы қаражаттың күрт төмендеуі; дебиторлық берешектің көбеюі; дебитор шотының ескіруі; несиелік және дебиторлық берешек теңгерімінің бұзылуы; несиелік берешектің ұлғаюы және т.б. 3. Анық банкротқа ұшырау. Кәсіпорын уақытында қарызын өтей алмаған жағдайда банкроттық заңды түрде айқындалады. Саланың күрт жоғарылауы бәсекелестікті тудырып, жоғарылау жылдамдығы бәсеңдейді. Осыған байланысты, банкротқа ұшыраудың себебі ретінде кәсіпорынның жоғарылауына немқұрай қараған басшының қателігі деп білуге болады. Банкротқа ұшыраған жағдайда артық сала ретінде, кәсіпорын жартылай құлдырау үстінде болғанда қысқарту орын алады. Осыған орай банкроттыққа ұшыраудың ішкі мазмұны күрделі экономикалық құбылыс ретінде, сыртқы формасы – төлеу мүмкіндігі жоқтығынан бизнесте тиімсіз болып саналады.

КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫ, АММОРТ-Я ҚАЙТА ҚАЛП КЕЛТІРУ. Кәсіпорында өндіріс процесін жүзеге асыру үш өндірістік фактордың қарым – қатынасы нәтижесінде жүзеге асырылады: негізгі фондтар , еңбек құралдары және жұмыс күші арқылы.

Кәсіпорнның негізгі капитадлы деп оның негізгі фондтарының ақшалай құны айтамыз.

Негізгі фондтар – бұл өндіріс процесінде қатысатын еңбек құралдары.

Еңбек құралдарын негізгі фондтарға жатқызу себебі олардың қолдану мақсаты мен мерзімі болып табылады. Заңға сәйкес негізгі фондтар деп  өндірістік қолдануға бағытталған бір жылдан артық жұмыс істеген еңбек құралдарын жатқызады. Негізгі фондтар негізгі өндірістік және негізгі өндірістік емес фондтарға жіктеледі Негізгі өндірістік фондтар деп өндірістік процеске қатысатын негізгі фондтарды (станоктар, құрал – жабдықтар және т.б ) немесе өндірістік процесс үшін қолайлы жағдай туғызатын (өндірістік ғимараттар, құрылыстар және т.б.) айтады.

Өндірістік емес фондтар мәдени – тұрмыстық объектілер болып табылады (клубы, столовые және т.б.)

Өндірістік кәсіпорындардың негізгі өндірістік фондтарының құрамы мынандай: ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен құрал – жабдықтар, лабораториялық құрал – жабдықтар, есептеуіш техникалар, транспорттық құралдар, өндірістік және шаруашылық мүлік және т.б.

Амаортизация қорының қаржылары ескерген еңбек құрал – жабдықтарын толық алмастыруға, жабдықты жөндеуге, жетілдіруге, сондай – ақ қосымша машиналар, станоктар және т.б. сатып алуға пайдаланады. Демек, амаортизация қоры өндірісті ұлғайтуға пайдаланылады, қорланудың қосымша көзі ретінде қызмет етеді. Негізгі фондтардың қайта қалпына келтірудің екі формасы бар. Қарапйым және күрделі. Қарапайым қалпына келтіру деп – ескірген техниканы ауыстыру мен құрал – жабдықтың капиталды жөндеуін (ремонтын) айтса, күрделі қалпына келтіру деп – ол жаңа құрылыс, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың реконструкциясы мен модернизациялауын айтады.

КӘСІПОРЫННЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ОРТАСЫ: Кәсіпорын қызметінің нәтижелігі оның сыртқы ортасынан көрінеді. Сондықтан сыртқы ортаны шеберлікпен реттеп отырудың және оның кәсіпорынның ішкі құрылымымен үйлесімді байланысын қамтамасыз етудің маңызы зор. Кәсіпорынның сыртқы ортасы төмендегі негізгі факторлармен сипатталады: факторлардың өзара байланысы; күрделілік; қозғалмалылық; белгісіздік. Сыртқы ортаның бір факторының өзгеруі басқа факторларға қаншалықты, қандай деңгейде ықпал ететінін анықтау арқылы көрінеді. Сыртқы ортаның күрделілігі факторлардың санына байланысты. Осыған орай әр кәсіпорын өзінің түпкі мақсатының орындалуына оң ықпал ететін факторларды есепке алып, оның деңгейін анықтап отыруға мүдделі. Сыртқы ортаның белгісіздігі кәсіпорынның сыртқы орта факторларын есепке алуына, олардың әрқайсысының қаншалықты жөне қандай деңгейде ықпал ететінін анықтап отыруына, ақпараттардың саны мен сапасына байланысты. Сыртқы ортаға катысты беймәлім жайлар неғұрлым коп болса, тиімді шешімдер қабылдау да соғұрлым қиындай түседі. Кәсіпкерліктегі жетістік көптеген факторлаға байланысты, оның ішінде маңыздысы ішкі кәсіпкерлік орта болып табылады. Ішкі кәсіпкерлік орта субъективті: ол кәсіпкердің тікелей өзіне, ықыласына, күш-жігеріне, қойылған мақсатқа жетуіне, бизнесті ұйымдастыру мен жүргізе алуына байланысты. Ішкі ксәіпкерлік ортаға мына факторларды жатқызуға болады: капиталдың қажетті көлемінің болуы, фирманың ұйымдық – құқықтық формасын дұрыс таңдау, бір саланы таңдау, әріптестер командасын іріктеу, нарықты білу, кадрларды таңдау және персоналды басқару, кәсіпкерлік құпияны сақтай алу механизмі және т.б. Кәсіпкерлік табыстарға жету үшін нақты бизнес-жоспар құру қажет, қауіптерді болжау және олардың алдын алу, жаңа технологияларды енгізу, фирманың дамуының нақты стратегиясын құру және енгізу. Сонымен қатар ішкі орта факторларына кәсіпкерлердің және жалдамалы менеджерлердің заңдарды және нормативті актілерді орындалуын сақтауды жатқызуға болады. Жетістікке тек қана өз білімдерін үнемі жетілдіреп отыратын, бизнесті ұйымдастыру мен жүргізудің заңды механизімін жақсы білетін, келісім-шарттарды жүргізе алатын кәсіпкерлер жете алады.

КӘСІПОРЫННЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ОРТАСЫНЫҢ «СВОТ» ТАЛДАУ: SWOT – талдау (күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктер мен қауіп-қатер) бүгінгі күнмен түсінуге негізделіп жүргізіледі. Автордың пікірі бойынша, мақсаттарды барлық мүмкін тәсілдермен реттілікпен және тұрақты түрде талқылау қажет. Түсіндірулер, диалогтар, дискуссиялар әртүрлі сөздер тізбегінсіз түсінікті әрі анық тілде жазылуы қажет. Менеджерлер өздерінің жүктерін ауыртпашылық енгізу қажет деп есептейміз (өз түсініктерін қалған персоналдарға жеткізуі). Шамасы бойынша адам ретінде түсінушілікке келеді және көзге түсетін менеджерлер мақсатын қабылдайды, менеджер ауыртпашылықты басқа қызметкерлермен бөлісуі мүмкін. Менеджер түсінудің сақтаушысы болады және оны мерзім сайын бекітуі қажет. SWOT талдау – бұл рыноктың макрожүйесі және олардың нақтылы мақсаттарын талдау әдісі. Фирманың және оның бәсекелестерінің кешендік сызбасының үлгісі: «күшті жақтары – әлсіздігі-мүмкіндіктері - қауіптер».

Ішкі күшті және әлсіз жағдайларды талдауға ұйымның өзінің пайдасымен және кемшіліктерін бағалауды қамтиды. Сондай-ақ, коммерциялық ұйымдарда маркетинг, қаржылар, адами ресурстар, өндіріс, ұйым, мәдениеті талданады және бағаланады. Мемлекеттік ұйымдарда да осындай көптеген бағалаулар орын алады. Саланың ішіндегі бәсекенің табиғи пайда болуын мен деңгейін талдау үлгісін (моделін) Портер әзірледі. Оның пікірі бойынша бес бәсекелік факторлар бар. Осылар сала ішінде бәсекелестік деңгейді анықтайды:

- Салада жаңа бәсекелестер пайда болу қаупі;

- Жаңа ауыстырушы-қызметтердің пайда болу қаупі;

- Сатып алушыға әсер ететін тұтқалар (сатып алушы саны және сатып алған нәрсенің көлемі, тауарды жеткізіп беруші компаниялардың саны мен көлемі);

- Тауар жеткізушілердің әсер ететін тұтқалары (жеткізілген ресурстың өте сиректігі және тапшылығы; басқа ресурсқа ауысуға байланысты шығындар; керек ресурсты қажет ететін салалардың саны; нақтылы ресурсты жеткізуші фирмалардың саны мен мөлшері);

- Саладағы бәсекенің деңгейі (бағалық бәсеке, жетіліп қалыптасқан салалар, ауыстырушылардың болуы

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҰЙЫМДАР ЖӘНЕ КӘС-Ң БІРІГУІ: Коммерциялық ұйымдар - бұл тауарларды өндірушілердің қатарына кіретін, тауарды өткізу және сатып алушы қызметтерін атқаратын. Жекешелендіру процесі нәтижесінде Қазақстанның сыртқы және ішкі экономикасында қызмет ететін фирмалар. Әдетте олар кәсіпорынның бөлімшелері болып келеді. Олардың қызметі басшылық ұйымдардың бағынышында болады. Кей жағдайларда бұндай ұйымдарға табыстық және шығындық есептерін жүргізуге дербестік беріледі, бірақ жалпы кәсіпорынның нәтижесінің балансында көрініс табады. Кәсіпорындарды біріктіру бұл – жеке дара ұйымдарды бір есеп беруші кәсіпорынға қосу болып саналады. Бірігу кезінде қазіргі уақыттағы жеке заңды тұлғалардың өзара байланысын ескере отырып бизнесті дамыту бағытының болашақтағы үлгісі көрінеді, яғни бұл процестен соң Холдинг немесе Концерн компанияларының бірі Бас немесе аналық кәсіпорын болып ажыратылады. Осындай бас немесе аналық ұйымдардың пайда болуы кәсіпорын қызметінің ауқымын кеңейтуе іскерлік байланысын дамытуға біліктілігі жоғары жаңа жұмысшыларды тартуға қызметіне қажет қаржылық қолдауларды алуға, жаңа технологияға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, кәсіпорынды біріктіру шаруашылық ұйымдардың инвестициялық қуатын тұрақтандырады.

Бірлескен немесе бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар бұл – бірлескен қатысушылар мен бақыланатын кәсіпорындар немесе жобалар. Кәсіпорындардың мұндай категориясына мазмұны бойынша бірлескен қызмет нәтижесінде пайда болған экономикалық бірліктің мүлкі. Негізінен бірлескен кәсіпорындар кем дегенде екі қатысушымен бақыланады. Оның бірі бас немесе аналық ұйымға жатқызылады, ал екіншісі жатпайды. Көп жағдайда қатысушылар және олардың үлестері тең келеді.

КОНСЬЮМЕРИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАҒЫМДЫ РӨЛІ НЕДЕ? Консьюмеризм дегенiмiз тұтынушылардың өздерiнiң құқықтарын қорғауға және кеңейтуге, өндiрушiлер мен саудагерлерге әсер етуге жұмылған қозғалысы. Консьюмеризм 60 жылдардың ортасында АҚШ-та пайда болды. Консьюмеризм тұтынушының егемендiгi деген ұғымды бередi. Қазiргi кезде тұтынушылардың құқықтары жете белгiленген: 1. Өзiнiң негiзгi қажеттерiн қанағаттандыру үшiн көптеген ұсыныстардың iшiнен тауарды таңдауына құқығы бар. 2. Тауардың қауiпсiздiгiне және сатушы ұсынысына сәйкес тауардың қажеттi дұрыс орындалуына талап қоя алады. 3. Тұтынушы дұрыс шешiм қабылдау үшiн тауардың негiзгi сипаттамалары, сату орны, және т.б. ақпараттар туралы мәлiметтi алуына құқығы бар. 4. Сапасыз тауардан қорғануға және оны пайдаланумен байланысты шеккен зиян орнын толыруға құқығы бар. 5. Талаптары тыңдалуға және өзiнiң мүддесiн қорғау кезiнде мемлекеттiк және қоғамдық органдардан көмек алуға құқығы бар. 6. Тұтынушылық ағарту және жан-жақты бiлiм алуға құқығы бар. 7. Жақсы және денi сау өмiр сүру үшiн қоршаған ортаның таза болуына құқығы бар. Тұтынушылардың негiзгi құқықтарын қорғау iсi бiздiң елiмiзде "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау" заңымен, ҚР Мемлекеттiк стандартымен, ҚР антимонополиялық мемлекеттiк органдарымен және тұтынушылар қоғамдарымен қамтамасыз етiледi.

ҚАЗАҚСТАН ҚОНАҚ ҮЙЛЕР МЕН РЕСТОРАНДАР АССОЦИАЦИЯСЫ: Қазақстан Туристік Ассоциациясы (ҚТА) 1999 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Президентінің қолдауымен ашылған болатын. ҚТА коммерциялық емес, үкіметтік емес, республикалық салалық ассоциация болып табылады. ҚТА-ның құрамына Қазақстан Қонақ үй және Мейрамханалар Ассоциациясының (ҚҚҮжМА), «Amadeus» компаниясының өкілеттіліктері, туристік, сақтандыру және авиакомпаниялар, жоғарғы оқу орындары және БАҚ кіреді. Ассоциация өздерінің мүшелерінің ( қазіргі таңда 350 мүшесі бар) қызығушылықтарын қорғайды, Қазақстан Республикасының туристік қызметін дамыту, оны бақылау қызметін атқарады. ҚТА – кездесулерді, сан қилы шараларды, ғылыми жұмыстарды, оқу бағдарламаларын, семинарларды, презентацияларды, маркетингтік зерттеулерді және т.б. көптеген шараларды өткізетін ыңғайлы орын.

Қазақстан Туристік Ассоциациясының негізгі мақсаттары

Туристік және қонақ үй сферасында қызмет жасайтын ұйымдар мен кәсіпорындарды ерікті түрде біріктіру; олардың профессионалдық қызметтерін дамыту;

Ассоциация мүшелерінің қызметін бақылау;

Ассоциация мүшелерінің қызметін және қызығушылықтарын қорғау;

Ассоциация мүшелерінің қызығушылықтарын үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіпорындарда қорғау;

Дүниежүзілік нарықта туристік өнімді жылжыту;

Қазақстанның негізгі турөнімі ретінде экотуризмді жылжыту;

Қазақстан Республикасының және оның бөлек облыстарыны ңұтымды имиджін қалыптастыру; туризмнің жағдайлары туралы аналитикалық, ақпараттық, зерттеу материалдарын дайындау;

Туристерге тематикалық кештер мен сан қилы бонустары бар клубтарды ұйымдастыру;

Қазақстан Туристік Ассоциациясының ақпараттық орталығы арқылы туристерге ұсынылатын ақпараттық қызметтерді кеңейту және жаңарту;

Халықаралық туристік көрмелерге қатысуды ұйымдастыру; сонымен қатар сол жерде көрсетілетін ақпараттық стендтерді жасау; оны жасауға жергілікті ұйымдар мен үкіметті қатыстыру;

Кадрлардың білімін қайта ұйымдастыру мен дамыту жолында жаңа жүйені құрастыру; Қазақстан Туристік Ассоциациясының Оқу орталығының қызметтерін дамыту;

Қазақстан Республикасының аумағындағы туристік және қонақ үйлік инфрақұрылымның эффективті жұымс істеуіне жағдай жасау;

Кіші бизнес пен туризмнің даму бағдарламаларын ұйымдастыру жұмыстарына белсенді қатысу.

ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАРНАМАСЫ Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo — жар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен

өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Бүгінгі әлеуметтік, экономикалық тыныстіршілігімізді жарнамасыз көзге елестету қиын.Әлеуметтік жарнама:Жарнама күнделікті өміріміздің құрамдас бөлігіне, өзіндік заңдылықтары бар қоғамдық құбылысқа айналды. Тұтынушы мен өндіруші арасындағы маңызды дәнекер буын бола отырып, жарнама экономиканың дамуын ынталандыратын, өндірістік үдерістер мен өнім сапасын жетілдіретін маңызды тұтқа ретінде көрінуде. Осы пікірлердің қайқайсысының да шындыққа қатысы бар болғандықтан келесі тарауларда оларға арнайы тоқталып өтпекпіз. Жарнама нышандары адамзаттың өзін­өзі танып, саналы тіршілікке  көшкен уақытында пайда болды деуге негіз бар. 

ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУ: Оңтүстік астана қонақ үй индустриясының басты орталығы болып саналады. Бүгінгі күнде республикада 195 қонақ үй жүмыс істейді. Соның 36-сы Алматы қаласында орналасқан. 1990 жылдан бастап Қазақстанның қонақ үй рыногында инвестициялық ағын болды деуге болады. Осы жылдары 10 аса отелдер салынды. Көбісі бірлескен кәсіпорындар болып есептеледі және де әртүрлі халықаралық қонақ үйлер тізбектеріне кіреді. Кейіннен 1990 жылдардың ортасында халықаралық стандарттарға жауап беретін бір қатар отелдер пайда болды. Олардың инвесторлары болып отандық бизнесмендер шықты.

Қонақ үй индустриясына инвестицияның келуіне байланысты, банкротқа ұшыраған конақ үйлер саны да өсті, яғни рынок сұранысындағы дәрежеге сай қолайлы. Мысалы: оған «Премьер Медеу» отелін жатқызамыз. Ежелгі Медеу шатқалы демалу жүмыс орнына қолайлы. Осының бәрі Алматы орталығынан 15 минуттьқ жерде. «Медеу» мүз айдынының жанында «Қазақ ауылы» мейманханасы (Отырар комплексі) орналасқан. Қазақстанда отель бағасы бойынша және қызметтері бойынша әр түрлілігімен көзге түседі. Бір тәулікке 3 доллар, бұнымен көбінесе дүние жүзінің волонтерлері қолданады.

анысты.

ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНДАҒЫ МАРКЕТИНГ: Қонақжайлық индустриясындағы кәсіпорындар эволюциясын қарастыра отырып, тарихи жоспарға сай келетін адам қоғамының дамуын келесі кезеңдерге бөлуге болады 1.көне;2. жаңа кезең;3. қазіргі кезең. Маркетинг стратегиясы:Кәсіпорынның (қонақ ұйлер) тауар өндіру-өткізу қызметінің перспективалық мақсатын, бәсеке нысанын, маркетинг тұжырымдамасын таңдау. Бос рынокты, нақты тұтынушыны іздеп табуды, кәсіпорын қызметінің рынокта басталуы мен аяқталуы мерзімін анықтауды, өнімнің (тауардың, көрсетілетін қызметтің) түрлері, оның сұрыпталуы, көлемі, сапасы, өзіндік құны ескерілетін бәсекелесу мен пайдалылық факторларын анықтайды, жарнаманы қамтиды. М. с-ның негізгі бағыттары: рынокты дамыту — сату көлемін ұлғайтуға не өндірістің тиімділігін арттыруға, фирма қызметін жақсартуға бағытталған өткізу жоспарын әзірлеу, жаңа тауар әзірлеу, “ескі рынокта” өткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейту, рыноктың бос орындарын толтыру, тауарлар рыногын ұлғайту, рыноктың географиясын кеңейту.маркетингтік индустрияға негізделе отырып дәстүрлі толық сервисті отельдермен қатар, қызметтері қысқартылған мамандандырылған кәсіпорындар пайда бола бастады. Кәсіпорындардың мамандануы әр түрлі болуы мүмкін. Қонақүйлер қызметі анықталған туристік нарық сегментімен бағыт алады: мысалы, өз демалыстарын гольф ойындарына, шаңғы тебуге арналған клиенттерге, жәрменкеге, конгрестерге, көрмеге келген туристерге арналған.Қонақжайлық кәсіпорындарының мамандануының тереңденуі.халықырылық шынжырлардың қажетті тенденцияларымен өзара байланыста, олар жоғары қызмет ету стандартын жылжытуда және өңдеуде үлкен роль атқарады.

МАРКЕТИНГ ҚЫЗМЕТТІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ПРИНЦИПТЕРІ: Маркетинг (ағылш. marketіng — рынок‚ базар‚ өткізу‚ сауда) — кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің‚ т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетингілік қызмет Кәсіпорынның (фирманың‚ кәсіпкердің‚ т.б.) сұранымды‚ бағаны‚ жарнаманы пайдалануға, өндірісті ынталандыруға‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне белсенді ықпал жасайтын қызмет көрсетудің техникалық түрлері мен басқа да түрлерін қолдануды жан-жақты зерделеу мен болжауға байланысты қызметі. Нарық концепциясы ретіндегі маркетингтің негізгі принциптері мыналар;

— өндірістің түпкі нәтижесіне жетуге ұмтылу-тауарларды нарықта тиімді өткізу;

— алға қойған мақсат пен міндетке жету үшін бағдарламаны – мақсатты әдіс пен кешенді қатынас жасау, тек осындай жағдайда ғана маркетинг нарықтық қатынастардың сәтті дамуын қамтамасыз етеді;

— нарыққа икемделудің стратегиясы мен тактикасын бірлікте және өзара байланыста қолдану, сонымен бірге оған мақсатты бағытта әсер ету;

— кәсіпорынның жұмысын шұғыл нәтижеге емес, ұзақ мерзімді нәтижеге бейімдеу, ал ол, тиісінше болжамды зерттеулерге және жаңа тауарлар жасауға көңіл аударуды талап етеді.

МАРКЕТИНГ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ЖАРНАМА ҚЫЗМЕТІ Жарнаманың түрлерін тоқталмас бұрын біз маркетинг ұғымына тоқталып өткеніміз дұрыс. өйткені жарнама маркетингтің негізгі құраушысы.

Маркетинг термині компаниялар мен фирмаларда өндіруші, өткізуші әрекетін басқару құралы ретінде өткен ғасырда пайда болды. Маркетинг термині ағылшын тілінен аударғанда «market»+ «ing»=нарық - осы арықта жұмыс істеу /6/.

Маркетинг түсінігін көбінесе жарнама мен өткізумен шатастырады. Бірақ маркетингтің негізгі элементі өткізу емес екендігін білген жөн. Ф.Котлердің айтуынша, «өткізу маркетинг Айсбергтің тек ұшы», яғни маркетингтің негізгі мақсаты тұтынушы мен өндірушіге бірін-бірі табуға көмектесіп, оларды байланыстыру. Маркетинг негізі: тауар өндіру бағдарламасын өңдеу, нарықты зерттеу, жеткізуді ұйымдастыру және т.б. Сонымен, маркетинг нарықпен тікелей байланысты ғылым. Жарнама ерекшелiктерi: қоғамдық сипатта болады, үгiттеуге қаражат қаблеттiлiгi бар сатушы жарнама арқылы өзiнiң хабарландыруын бiрнеше рет қайталай алады, мәнерлiк – түс, дыбыс, шрифт арқылы тауарды тартымды көрсетуге болады, иесiз жарнама монолог ретiнде ғана жасалады. Жарнама дегенiмiз белгiлi тапсырыс берген демеушiнiң атынан тауарды тартымды көрсетуге және оны сатып алушыға қарай жылжытуға бағытталған ақылы әрекет.

МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУ АРҚЫЛЫ НАРЫҚТЫ БАҒАЛАУ: Бағалау, экономикада — материалдық игіліктердің құнын анықтау мақсатында жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің жиынтығы. Бағалар күрделі экономикалық процесс. Дамыған нарықтық экономика жағдайында Бағалар жер үлестерін сатуда, үй және пәтер саудасында, өндірістік қуаттарды сатып алу немесе инвестициялық жобаларды іске асыруда жиі қолданылады. Бағалар процесі оның негізгі қағидаларын айқындауға және жүзеге асыру тетіктері мен нақты экономикалық есептеулерге негізделеді. Бағалар экономикалық сипатына қарай номиналды, реалды және оптималды болып, ал қолданылатын обьектісіне қарай жекешелендіруге ұсынылған объектілерді Бағалар, негізгі қорды Бағалар, шаруашылық қорларын бағалар, жылжымайтын мүліктерді Бағалар, т.б. түрлерге бөлінеді.