Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

шпор Ксіпкер

.docx
Скачиваний:
105
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
119.09 Кб
Скачать

ТУРИСТІК КӘСІПОРЫННЫҢ ҚҰРЫЛУЫ: туристік кәсіпорынды құрмас бұрын оның негізгі мақсаттары анықталады. Туристік фирма – ол заңды құқықтық табысы бар, шетел және мемлекет азаматтарына туризм саласында төлемақы, қызмет көрсететін мекеме.

Кез келген туристік кәсіпорының мақсаттары:

– жорыққа шығу;

– саяхат жасау;

– экскурсия өткізу;

– көп адамдарды қатыстыру;

– адам күту сапасын жақсарту;

– қаражат шаруашылық жұмыстарын бұзбау. Туристік фирмаларды атқарушы билік органдарына мемле­кеттік деңгейде тіркеу үшін келесі құжаттар керек: басқарушы бұйрығы, келісімшарт, қаулы, тіркелушіге міндеттелген салық төлеу жайлы анықтама.

Басшы – тұтынушылар, қызметкерлер және мекеме иесі ара­сындағы үйлестіруші.

Басшы міндеттері:

– алға қойылған негізгі жалпы мақсаттарды нақты басқару­шылық шешімдерге айналдыру;

– жаңа даму бағыттарын іздестіру;

– серіктестермен қарым-қатынысты дамыту.

Туристік фирма басшысының қызметі:

1)  ұйымдастыруда қаражат шығындарын өз мойнына алады;

2)  кадр мәселесін шешеді;

3)  туристік фирма атынан басқа серіктестермен және т.б. меке­мелермен келісім-шарттармен қамтамасыз етеді;

4)  жаңа туристік турлар мен жорықтар ұйымдастырады, оларды жасауда арнайы құжаттар дайындайды;

5)  келіскен шарт бойынша туристерді орналастырады, уақы­тында және дұрыс төленген, өзгерген жұмыс ақысын тексеріп тұрады. Туристердің міндеттерін қамтамасыз етеді;

ТУРИСТІК САЛАНЫҢ КҮШТІ ЖӘНЕ ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫН, МҮМКІНДІКТЕРІН, ҚАУІПТЕРІН ТАЛДАУ: Сырттан келушілер туризмі және ішкі туризм бойынша туристердің ағынын көбейту мақсатында туристік саланың күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау қажет екені белгілі. Осыған байланысты күшті жақтарына төмендегілерді көрсетуге болады;

-туризмнің экономикаға нақты үлесін бағалауға мүмкіндік беретін ТҚШ енгізу

-туристік индустрия инфрақұрылымының болуы

-туристік саланы дамытуға арналған заңнамалық және нормативтік-құқықтық негіз

-халықаралық нарықта экотуризмге жоғары қызығушылық (8,9 млн. адам немесе жалпы әлеуе

-мәдени-тарихи туризмді дамытуға мүмкіндік беретін Қазақстанның бірегей мәдениеті мен тарихы

-тау шаңғысы туризмін дамытуға арналған табиғи жағдайлар

-кадрлық ресурстарымен қамтамасыз етілу

Ал әлсіз жақтарын айта кететін болсақ бұлар:

-Инфрақұрылымның халықаралық талаптарға сәйкес келмеуі

-инвесторларға демеу қаржы бөлу, жеңілдіктер беру және салық жеңілдіктерін беру механизмінің жоқтығы;

-қазақстандағы экотуризмді дамыту тәсілдері және саясаты қалыптастырылмаған.

-туристік объектілерге апарар жолдың сапасының төмендігі/болмауы

-кадрлар даярлау бағдарламасының нарықтың нақты қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі.

Айта кететін тағы бір жәйт, күшті жақтардың мүмкіндіктері және әлсіз жақтардың қауіптері бар екендігі болып отыр.

Күшті жақтардың мүмкіндіктері тоқталсам олар:

-жаңа жұмыс орындарын, оның ішінде ауылдық жерлерде ашу

-халықаралық туристік қызмет нарығының дамуы.

-қазақстанның деңгейінің жоғары болуы, бұл бюджетке инвестицияның және кірістің түсуін қамтамасыз етеді

-ұлттық туристік өнімді кұру

Әлсіз жақтарда пайда болатын қауіптерді атап өтсем олар:

-біркүндік бағдарлар санының көбеюі

-туристік ағымдар көлемінің төмендеуі

-инвестициялық белсенділіктің төменгі деңгейі

-Қазақстанның туризм үшін қолайсыз ел ретіндегі бейнесінің қалыптасуы, сонымен қатар оның инвестициялық тартымдылығының төмендеуі.

ФРАНШИЗА.ФРАНШИЗАНЫҢ ТҮРЛЕРІ: франчайзингтің түрлері және ерекшеліктері туралы қазақша реферат

Өріс алушы нарықта франчайзинг – кәсіпкелерді пайдалы , табысты бизнесті жүргізуде қажетті іс-тәжірибелік стандарттарға үйретудің, оқытудың ең жылдам тәсілі болып саналады. Барлық франчайзингтік мәмлелер обьектілері бойынша үш негізгі түрге бөлінеді:

1. Тауарлық франчайзинг

2. Өндірістік франчайзинг

3. Іскерлік франчайзинг

Франчайзи жетекші компаниядан өз тауарларын сол компанияның тауарлық белгісін қолдана отырып сату құқығын сатып алу арқылы бизнес жүргізу тәсілі тауарлық франчайзинг деп аталады. Франчайзер өзінің өнімін негізінен франчайзиға сатады, ал ол өз ретінде тек қана оның өнімін ғана сатып, осы тауарға ұқсас бәсекелестер өнімін сатпауы керек. Тауарлық франчайзинг барлық жерлерде жағар-май, автомобильдік тауарлар, гигиена құралдарын, сусындаржәне тағы басқа өнімдерді өткізуде қолданылады. Мысалы: «TEXACO», « Chevron», « Procter&Gamble», «Coca-Cola».

Іскерлік франчайзинг — жағдайында франчайзер кәсіпорын құрады және оны лицензиялық кешенмен қоса франчайзиге береді. Яғни, танымал фирманың қызмет түрі мен атауын ала отырып шағын кәсіпорынды ұйымдастыру құқығын сату. Әлемдік тәжірбиеде франчайзингтің мынадай типтері қалыптасты:

1 Өндіруші мен бөлшек саудагер арасындағы франчайзинг.

2. Өндіруші мен көтерме саудагер арасындағы франчайзинг.

3. Көтерме және бөлшек саудагерлер арасындағы франчайзинг.

4. Дистрбьютор және қызмет көрсету фирмасы арасындағы франчайзинг.

ФРАНЧАЙЗИНГ МӘНІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ: Лицензиялық келісімнің әр түрлілігінің маңыздысы – франчайзинг. Ол ұзақ уақытқа есептелінген лицензиялық келісім. Осыдан франчайзез фирма-клиентке белгіленген құқық ұсынады. Бұл құқықтарға сауда таңбасын немесе фирма атын, сол сияқты көмек ретінде қызметтер: жұмыс күшінің біліктілігін көтеру, белгіленген төлемге сауда жасаумен басқаруы. Франчайзингтің үш негізгі түрі бар:

Тауарлы франчайзинг. Бұл ірі өндірушінің франчайзинг диллеріне өткізу және тауарлардың сервисті қызмет көрсетуіне (сәйкесті маркасымен) құқығын сатуынан тұжырымдалады (мысалы, автомобиль сатудағы дилерлік арналар).

Өндірістік франчайзинг. Ол белгілі бір өнімді дайындауға шикізат пен технологияның сатылуымен тұжырымдалады (мысалы, “Кока-Кола” өндірісі)

Іскерлік франчайзинг. ХХ ғ. 80-ші жылдың соңынан бастап, трансұлттық корпорациялар экспансиясының (басқарушылық және маркетингтік қызмет көрсету сияқты) формалары әйгілі бола бастады. Басқарушылық қызмет көрсету шарты өзінше бір  келісімді көрсетеді, бұл бойынша өнеркәсіптің жедел бақылауы немесе оның қызметінің фазалары сәйкесті сыйақымен басқа кәсіпорынға беріледі.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР «БЕЛСЕНДІ» ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ: Туристік өнімнің және туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін кластерлік дамыту арқылы арттыру кластерлік буындар құру, олардың өзара іс-қимылын жақсарту және іс-қимылдың республикалық шебер-жоспар түрінде ұсынылған басым жоспарын жүзеге асыру процесін жылдамдатуға көмектеседі. Қазақстанда туристік кластерлер құру мен оларды дамыту шеңберінде қазақстандық туристік өнімді әлемдік нарыққа жылжыту мақсатында белсенді де қатаң маркетингтік саясат жүргізу жоспарлануда.

Түрлі еуропалық және азиялық нарықтадағы ахуалды зерделеу нәтижесінде мынадай қорытынды шығаруға болады:

Тұтастай алғанда Орталық Азияның және дәлірек айтқанда Қазақстанның әлі де болса жаңа халықаралық туристік бағыттар бөлігінде белгісіз болып қалып отыр;

“Қазақстан” сөзі жиі танылады, бірақ әлі де арнаулы туристік имиджі жоқ;

ШАРУАШЫЛЫҚ ҚОҒАМДАР ЖӘНЕСЕРІКТЕСТІКТЕР Шаруашылық қоғамдар және серіктестіктер нарықтық қатынастарда ұжымдық кәсіпкерліктің кең тараған түрі.

Шаруашылық серіктестіктер және қоғамдар жарғы капиталды құрылтайшылар арасында үлестірілген ұйымдар танылады. Шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдардың ұқсатықтары мен айырмашылықтары бар.

Ұқсатықтарына келесілерді жатқызамыз:

-     құрылтайшылардың үлесі арқылы және ш.С. мен қоғамдардың әрекеті нәтижесінде пайда болған мүлік оның меншік құықығы болып табылады.

-     олардың барлығы коммерциялық ұйым болып табылады және бірдей құқықтарға ие болады

-     Ш.С. мен қоғамдар заңды тұлға ретінде өзге ш.с. мен қоғамдардың қатысушысы болып табылады.

Ш.с. мен қоғамдар ұйымдық – құқықтық формалары жағынан ұқсас болады да олардың  бір түріне екінші түрге айналуына мүмкіндік береді. Бірақ олардың арасында да айырмашылықтар бар.

Ш.с. мен қоғамдардың арасындағы айырмашылық келесіде:

-серіктестік – бұл тұлғалардың бірігуі, ал шаруашылық қлғам капиталдардың бірігуі болып табылады. Осымен қоғамдар мен серіктестіктердің құқықтық айырмашылығы анықталады.

-Серіктестердің қатысушылары кәсіпкерлік іс – әрекетінде тек жеке кәсіпкерлер ғана қатыса айналыса алады.

-Шаруашылық қоғамдардың құрылтайшық құжаттары болып жарға мен құрылтайшылық келісім – шарт табылса, шаруашылық серіктестердің құрылтайшылық келісім – шарт табылады.

-Шаруашылық қоғамдардың арнайы басқару органдары бар. Басқарудың жоғарғы органы болып акционерлердің жиналысы болып табылады.

-Шаруашылық Қоғамдар бір ғана тұлғаен құрылуы мүмкін, оның қатысушысы болады да жарғыға негізделіп жұмыс атқарады.

ІШКІ КӘСІПКЕРЛІК ОРТА

Кәсіпкерліктегі жетістік көптеген факторлаға байланысты, оның ішінде маңыздысы ішкі кәсіпкерлік орта болып табылады. Ішкі кәсіпкерлік орта субъективті: ол кәсіпкердің тікелей өзіне, ықыласына, күш-жігеріне, қойылған мақсатқа жетуіне, бизнесті ұйымдастыру мен жүргізе алуына байланысты. Ішкі ксәіпкерлік ортаға мына факторларды жатқызуға болады: капиталдың қажетті көлемінің болуы, фирманың ұйымдық – құқықтық формасын дұрыс таңдау, бір саланы таңдау, әріптестер командасын іріктеу, нарықты білу, кадрларды таңдау және персоналды басқару, кәсіпкерлік құпияны сақтай алу механизмі және т.б.

Кәсіпкерлік табыстарға жету үшін нақты бизнес-жоспар құру қажет, қауіптерді болжау және олардың алдын алу, жаңа технологияларды енгізу, фирманың дамуының нақты стратегиясын құру және енгізу. Сонымен қатар ішкі орта факторларына кәсіпкерлердің және жалдамалы менеджерлердің заңдарды және нормативті актілерді   орындалуын сақтауды жатқызуға болады.

Жетістікке тек қана өз білімдерін үнемі жетілдіреп отыратын, бизнесті ұйымдастыру мен жүргізудің заңды механизімін жақсы білетін, келісім-шарттарды жүргізе алатын кәсіпкерлер жете алады.