Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

шпор Ксіпкер

.docx
Скачиваний:
105
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
119.09 Кб
Скачать

Бағалау түрлері

Номиналды Бағалау — инфляцияны есепке алмай бағаланған экономикалық сандық көрсеткіш.

Реальды Бағалау — инфляцияның болжалды шегін ескере отырып бағалау.

Оптималды Бағалау — дамудың оптималды бағдарламасын жасау құралдары.

Негізгі қорды Бағалау — негізгі қордың құнын анықтауға бағытталған әдістер жүйесі.

1) толық алғашқы құн — жаңа іске қосылған негізгі қор құны. Оған ғимаратты жабдықтау, құрылғыларды жеткізу, орнату және қосуға жұмсалған шығындар да енеді;

2) тозбасы шығарылған бастапқы құн — негізгі қор құнының өндірілген өнімге ауыспаған бір бөлігі;

3) толық қалпына келтіру құны — негізгі қорды қайта бағалау кезіндегі нақты жағдайларды: көтерме баға, транспортқа қойылған тарифтер, құрылыстың сметалық бағасын ескере отырып анықталған құн;

4) тозбасы шығарылған қалпына келтіру құны — негізгі қордың өнімге ауыспаған нақты құны.

МАРКЕТИНГТІҢ ТЕОР-Қ НЕГ-РІ, ПРИН-РІ, ҚЫЗ-І МЕН ТҰЖ-РЫ: Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетинг кәсіпорынның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқарудың басты бейнесі ретінде қаралады. Осы жағдайға байланысты ол нақты тұтынушылардың, нақты зерттеу мен болжау негізінде мол табыс табуға, сыртқы шығарушы кәсіпорынның ішкі және сыртқы нарықтың қазіргі жағдайын және оның болашағын білуге бағытталады. Сонымен бірге, кәсіпорынның маркетинг қызметіне  бәсекелесті зерттеу, баға саясатын қамтамасыз ету, өнім өткізу мен жарнамалауды ынталандыру, тауарларды өткізуді тиімді ұйымдастыруды жолға қою, тағы басқа да шаралар жатады. Елімізде болып жатқан нарықтық қатынастардың ықпалымен үнемі қозғалыста болатын маркетинг қызметі нарықтың талаптары мен шарттарына толық бағынышты. Маркетингтің негізгі қызметі – сатып алу, сату процесінде ең жоғарғы мөлшерде пайда табуды, сонымен бірге оның міндеті – кәсіпорын қызметінің тұрақтылығын барынша қалыптастыру және стратегиялық мақсатқа жетуді қамтамасыз ету. Маркетингтің экономикалық мәні мына төмендегі нәтижелікті тұжырымдайды:

-Тауардың бәсекеге жарамдылығын жасау.

-Тауарларды жылжытуды жеделдету.

-Сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру.

-Өндірістің тиімділігі және тауарлар сату.

Маркетингтің негізгі принциптері — жалпыға бірдей нысандылығы, яғни тұтынушылардың қалаулары мен нақтылы талаптарына сай өндірістің түпкілікті нәтижелеріне бағдарлануы.

МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЖӘНЕ АЙНАЛМАЛЫ ҚҰРАЛДАРЫ: Материалдық емес активтер (М.Е.А), Бейматериалдық активтер – айналымнан тыс активтер тобы. Олардың материалдық-заттық мазмұны жоқ‚ бірақ құныболады‚ құжаттармен қуатталады‚ табыс әкеледі және табыс алуға алғышарттар жасайды‚ ұзақ мерзімді кезеңде (1 жылдан астам) пайдаланылады‚иеліктен шығаруға жарамды болады. Материалдық емес активтерге мыналар жатқызылады:

-патенттерден‚ лицензиялардан‚

 авторлық шарттардан туындайтын құқықтар;

-жерді‚ жылжымайтын мүлікті пайдалану құқықтары;

-ноу-хау;

-тауар белгілері‚ т.б.

Шетелде Материалдық емес активтерге фирманың беделі, оның жұмыс стилі‚ яғни кеңсенің дизайны‚ визиткалар‚ фирмалық бланкілер‚ конвертконверттер‚ қызметкерлердің фирмалық киім-кешегі‚ т.б. жатқызылады. Меншікті өндіріс қызметінің өнімі болып табылатын материалдық емес актив тауар ретінде есептеледі.

Айналмалы капиал – өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады, оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында ақшалай формада тұтас қайтады. Айналым фондтары үш сатыдан өтеді: ақашалй, өндірістік және тауарлық саты.

Бірінші сатыда кәсіпорын ақшалай құралдарды шикізатты , отын және т.б. өндіріс саласын жүзеге асыру үшін қажетті құралдарды сатып алады.

Екінші сатыда өндірістік қорлар дайын өнімге айналады.

Үшінші сатыда тауарды өткізу процесі жүреді.

МАТЕРИАЛДЫ ЕМЕС АКТИВТЕР. МАТЕРИАЛДЫ ЕМЕС АКТИВТЕРДІ БАҒАЛАУ: Материалдық емес активтер (М.Е.А), Бейматериалдық активтер – айналымнан тыс активтер тобы. Олардың материалдық-заттық мазмұны жоқ‚ бірақ құныболады‚ құжаттармен қуатталады‚ табыс әкеледі және табыс алуға алғышарттар жасайды‚ ұзақ мерзімді кезеңде (1 жылдан астам) пайдаланылады‚иеліктен шығаруға жарамды болады. Материалдық емес активтерге мыналар жатқызылады:

-патенттерден‚ лицензиялардан‚ 

авторлық шарттардан туындайтын құқықтар;

-жерді‚ жылжымайтын мүлікті пайдалану құқықтары;

-ноу-хау;

-тауар белгілері‚ т.б.

Шетелде Материалдық емес активтерге фирманың беделі, оның жұмыс стилі‚ яғни кеңсенің дизайны‚ визиткалар‚ фирмалық бланкілер‚ конвертконверттер‚ қызметкерлердің фирмалық киім-кешегі‚ т.б. жатқызылады. Меншікті өндіріс қызметінің өнімі болып табылатын материалдық емес актив тауар ретінде есептеледі.

 Егер ұйым қандай да бір бапты материалдық емес актив ретінде танитын болса, ол мұндай баптың:

(a)                    материалдық емес активтің анықтамасын (8-17-тармақтарды қараңыз); және

(b)          тану талаптарын (21-23-тармақтарды қараңыз) қанағаттандыратынын көрсетуі тиіс.

Бұл талап материалдық емес активті сатып алумен немесе ішкі өндірумен байланысты бастапқы кезеңде шеккен шығындарға, сондай-ақ оны өсіруге, ішінара алмастыруға немесе қызмет көрсетуге арналған кейінгі шығындарға қолданылады.

19                25-32-тармақтарда бөлек сатып алынған материалдық емес активтерге қатысты тану талаптарын қолдану мәселелері қарастырылады, ал 33-43-тармақтарда мұндай талаптарды ұйымдарды біріктірудің нәтижесінде сатып алынған материалдық емес активтерге қатысты қолдану туралы айтылады. 44 -тармақта мемлекеттік жәрдемақы арқылы сатып алынған материалдық емес активтердің бастапқы бағалау мәселелері, 45-47-тармақтарда - материалдық емес активтерді айырбастау мәселелері, ал 48-50 -тармақтарда ішкі қалыптастырылған гудвиллді есепке алу мәселелері қарастырылады. 51-67-тармақтар ішкі өндірілген материалдық емес активтерді алғашқы тану және бағалау мәселелеріне арналған.

МЕЙРАМХАНА ЖӘНЕ ҚОНАҚ ҮЙ КЕШЕНДЕРІН БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: . Қонақ үй кәсіпорынының ұйымдастырушылық құрылымы – әрбір қонақ үй қызметтері міндеттерінен тұратын әкімшілік- иерархиялық жүйе менеджменті. Негізгі қызметтер: қонақ үй иеленуші, гендиректор, оның орындаушысы, номерлік қор директоры. Қонақ үйлік қызметтер: қонақ үй қызметтерін қамтамасыз ететін кәсіпорынның функционалдық- технологиялық құрылымы. Қонақ үй құрылымы, қызметтер құрамы, қ.үй кешенін басқаруды ұйымдастыру оның көлемі, оның ерекшеліктері, орналасқан орны т.б. факторлармен анықталады. әрбір қонақ үй кәсіпорны құрылымында негізгі қызметтер: туристерді қабылдау және орналастыру, номерлердің эксплуатациясы және қызметтерді көрсету, инженерлік- техникалық (электр энергия, санитарлық- техникалық жүйені қадағалау, жөндеу құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру, байланыс жұмыстары), коммерциялық (маркетинг және жарнама бөлімдері жұмыс істейді, шаруашылық әрекет қаржыланады), әкімшілік (кадр бөлімі және хатшы қызметі қонақ үй кешенінің құжаттық және ақпаратық қамт. ету) және жанама (тамақтандыру- банкетинг және сауда қызметі) мен қосымша қызметтерден (автотұрақ, кинотеатр, спорттық қызметтер, прачечная, қойма) тұрады. Қонақ үй қызметтерін копм.басқару жүйесі ақпараттық құралдар және бағдарламалық қамтамасыз етуден арқылы құрады. Қонақ үй индустриясы – қонақ үй мүлігін басқару жүйесі (PMS- Property Management System) және қоғамдық тамақтану кәсіпорындары (RMS- Restaurant MS) жүйелерін қолд. Қонақ үй мүлігін басқару жүйесі (PMS) - үш негізгі сегменттер қонақ үй цикліне қызмет көрсететін компьютерлік жүйе. Олар сырты және ішкі қызметтермен, интерфейстерді бағдарламалық қамтамасыз ету. Сыртқы қызметтерге қызмет көрсету - 4 жалпы бағдарламалық модульдер:- номерлік фондты басқару;- брондау;- клиенттермен есеп;- жалпы басқарудан тұратын қ.үй мүлкін басқару жүйесі. Қонақ үйдің ішкі қызметтеріне қызмет көрсету- бағдарламалық модульдері бар қонақ үй мүлкін басқару жүйесі сегменті. Олар: Жалпы бухгалтерлік есепті жүргізу – кәсіпорынның баланстық есебін құру және олар бойынша жүйеге келтіру операцияларын жүзеге асыратын бағдарламалық модуль. Модуль дебиторлық және кредиторлық қарыздар соммалары бойынша проводка жасауға, қолма қол ақша қозғалысы және мерзімдік шоттарды таңдап жүргізу мүмкіндігін береді. Жалақы бойынша есеп – сыйақы, жалақы, бонус мұмкіндіктерін есепке алумен қатар, ұстап қалу мен штраф жүргізу. Қоймадағы мүлікті есепке алу- қонақ үй мүлкінің құны мен номенклатурасы, инвентарлық операциялар жүргізіледі.

МЕЙРАМХАНА МЕН ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНДЕ КАДРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ: Барлық қонақ үйлердің әрқайсысында кадрлар бола бермейді. Шағын қонақ үйлерде оның орнын қызметкерлермен жұмыс істейтін маман басады. Себебі бұл жерде қызметкерлердің саны аз. Бірақ соған қарамастан кадрлар бөлімінің қонақүй қызметі үшін маңызы өте үлкен. Қонақ үйдегі әрбір қызмет саласы жұмыс істейтін менеджерлер өзара тығыз байланыста жұмыс істейді. Сондықтан да олардың әрқайсысының құқығы мен міндеті анық белгіленуге тиіс. Бұл қызметті кадрлар бөлімі атқарады. Қонақүй кәсіпорнында қызметкерлермен жұмыс істеу жоспарлаудан, қызметкерлерді іздеуден және оларды жұмысқа қабылдаудан басталады. Жұмыс кезінде оларды әрдайым мамандығын көтеру саласы бойынша жұмыс жүргізіледі. Қашан қызметкерлермен еңбек келісім шарты біткенге дейін қызметкерлер кадрлар бөлімінің бақылауында болады. Қонақ үйлердің басшы қызметкерлері кадрларды жұмысқа алуда және шығаруда кадрлар бөлімінің маманынсыз жұмыс жүргізе алмайды. Негізінен алғанда кадрлар бөлімі жалпы бір жүйедегі қызмет көрсету саласының бір бөлімі болып есептелінеді. Қазіргі кезеңде нарықтық экономиканың дамуына байланысты бұрынғы кеңес үкіметіндегідей қонақ үйлерді бір орталықтан басқару әлсіреді. Сондықтан да қонақ үйлерде қызметкерлерді басқарудың жаңа әдістері пайда болады. Жаңа кезеңге байланысты түрлі құжаттар толтыру, жоғарыға есеп беру, мәдени көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру, еңбек кітапшасын сақтау т.б. жұмыстарға жаңаша өзгерістер енді. Қонақ үйлерде бұрынғы ескі кеңес үкіметінен мұра болып қалған кадр қызметінің басшылары жаңа заман талаптарына сәйкес жұмыс істей алмайды. Жаңа талаптарға сәйкес жаңа термин «персонал-менеджер» қызметі пайда болды. Оның қызметі қызметкерлерді басқарушы деген мағына береді. Қонақ үйде жұмыс істейтін қызметкерлердің үнемі еңбек өнімділігін арттыру, олардың белсенділігін күшейту, жұмысқа шығармашылық көзбен қарау, кадрлар саясатын үнемі дамытып отыру – міне персонал менеджерінің қызметі осы

МЕЙРАМХАНАДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ БАСҚАРУ: Қонақүйлер мен мейрамханалар бөлімшелер және жеке қызметкерлер арасында басқару мақсаттарын және талаптарын реттеумен сипатталатын күрделі ұйымдастырушылық құрылымнан тұрады. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы ретінде біз басқарушы және басқарылатын жүйелер арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және қатаң бір-біріне бағынатын басқарушы буындардың бірлесуін түсінеміз. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы ұйымның жеке жүйелерінің өзара байланысынан қалыптасады. Мұндай құрылымның жасалуы ең алдымен қонақ үйдің жеке бөлімшелері арасында өкілдіктер мен жауапкершіліктерді үлестіруге бағытталған. Қонақ үйді басқару құрылымында келесі элементтер ерекшеленеді: буындар (бөлімдер), басқарудың және байланыстың деңгейлері (сатылары) – горизантальді және вертикальді. Басқару буындарына құрылымдық бөлімшелер, сонымен бірге сәйкес басқару функцияларын немесе олардың бір бөлігін орындайтын жеке мамандар кіреді (мысалы, бірнеше құрылымдық бөлімшелердің іс-әрекетінің координациясын және реттелуін іске асыратын менеджерлер). Басқару буынының жасалуы негізінде бөлімнің басқарудың нақты функцияларын орындау міндеті жатыр. Бөлімдер арасындағы байланыстар горизантальді сипатқа ие. Басқару деңгейі ретінде қонақүйді басқару жүйесінде нақты бір сатыға ие басқару буындарының бірлесуін айтамыз. Басқару сатылары вертикальді сипатта және бір біріне бағынады: жоғары сатыдағы менеджерлер шешім қабылдайды, ол шешімдер нақтыланады және төменгі буындарға жеткізіледі.

НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ БАҒАЛАНУЫ:

Негізгі қүралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық (жойылу) құнымен және келісілген құнымен бағаланады.Негізгі құралдардың бастапқы құны — ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен (шыққан) шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз (процент) сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады (құралады). Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады.:Алайда құрал-жабдықтарды монтаждау, тасымалдау кезінде болған бүліну нәтижесін жөндеу үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарға жатқызылады. Егер негізгі құралдар несиеге алынған болса, ол үшін төленген пайыз сомасы да ағымдағы шығын қатарына жатады және негізгі құралдың бастапқы құнына қосылмайды.

ӨЗІНДІК ҚҰН ЖӘНЕ ПАЙДАНЫ БАСҚАРУ: Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорындардың өнім өндіру мен өткізуге жұмсаған ағымдағы ақшалай шығыны, яғни өнімді өндіру мен өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) үдерісінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, шикізатты, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі капиталдың, еңбек ресурстарының, басқа да шығындардың құндық бағасы. Өзіндік құнды және алынған пайданы анықтау үшін шығындар былайша жіктеледі:

— кіретін және өтіп кеткен,

— тікелей және жанама,

— негізгілер мен қосымшалар,

— өнімнің өзіндік құнына кіретін және өндірістен тыс,

— бір элементті және кешенді. Өндірістен тыс факторлар – кәсіпорын ықпал ете алмайтын факторлар. Оларға салықтар мен төлемдердің ставкалары, шикізаттың, материалдардың, машиналар мен жабдықтардың нарықтық бағасы, көлік тарифтері мен электр энергиясының тарифтері және басқалар жатады. Ішкі өндірістік факторлар – кәсіпорын тарапынан басқарылатын факторлар. Оларға өнімділігі жоғары техника мен прогрестік технологияны енгізу, өндірістің механикаландырылуы мен автоматтандырылуы деңгейін арттыру, негізгі капиталды тиімді пайдалану, айналым қаражатының айналымдылығын жеделдету, жұмыскерлердің еңбек өнімділігін арттыру, еңбек пен өндірістің ұйымдастырылуын жетілдіру, т.б. жатады.

СЫРТҚЫ КӘСІПКЕРЛІК ОРТА Сыртқы кәсіпкерлік ортаның жағдайы елдегі, жекелеген аймақтардағы кәсіпкерліктің дамуына едәуір әсер етеді. Сыртқы кәсіпкерлік орта дегенде кәсіпкерліктің құрылуы, қалыптасуы, дамуына тікелей және жанама әсер ететін жағдайлар мен факторлардың жиынтығын түсінеміз. Сыртқы орта кәсіпкерлер тұрғысынан алғанда объективті орта болып табылады және адамның тілегінен тәуелсіз түрде әрекет етеді. Көздеген табысқа жету үшін кәсіпкерлер барлық сыртқы факторлар мен жағдайларды жақсы білулері тиіс. Осы факторларды білу оларға өз бизнестерінің ақырғы нәтижелерін алдын – ала болжауға көмектеседі. Сыртқы экономикалық орта келесідегідей жүйелерді қамтиды:

– елдегі және аймақтағы экономикалық жағдай;

– қоғам мен мемлекет дамуының қалыптылығын сипаттайтын саяси жағдай;

– кәсіпкерліктің және нарықтық экономиканың басқа да субъектілерінің жауапкершілігін, міндеттерін, құқықтарын белгілейтін құқытық орта;

– мемлекеттік реттеу мен кәсіпкерлікті қолдау;

– жұмыссыздық деңгейімен, тұтынушылардың, халықтың сұранысымен байланысты әлеуметтік-экономикалық жағдай;

– халыққа кәсіпкерлік бизнестің белгілі бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін білім деңгейін айқындатын мәдени орта;

– ғылыми – техникалық, технологиялық орта;

–кәсіпкерліктің дамуына қажетті табиғи өндірістік факторлардың жеткілікті түрде болуы;

– кәсіпкерлік ұйымдардың қызмет ету проццесіне әсер ететін климаттық жағдайлармен байланысты физикалық орта;

– табиғи катаклизмдердің жоқ болуы;

– іскер байланыстарды, коммерциялық операцияларды жүзеге асыру мүмкіндіктері мен қамтамасыз ететін ұйымдардың жеткілікті болуын куәландыратын институциональды – ұйымдық орта;

ТАМАҚТАНУ ЖӘНЕ ҚОНАҚ-Қ ИНД-СЫ КӘСІП-Н БИЗНЕС ЖОСПАРЛАУ.  Көптеген қонақ үйлер тамақтану есепке қойылмайтын орналастыру құнының негізінде анықталатын қонақ үй тарифін ұсынатын еуропалық жоспармен жұмыс істейді. Бұл жағдайда туристер өздігінен тамақтану өнеркәсіптері, ресторан, кафе, барларды таңдайды.

Қонақ үйлер кешені құрылымында бірнеше мейрамханалар болуы мүмкін немесе мүлдем болмауы да мүмкін. Атақты қонақ үй торларына кіретін үлкен қонақ үйлерде негізінен екі керемет, фирмалық және үлкен емес кафе типтес мейрамханалар болады. Олар қонақ үйде тұратындарды және кең бұқара, халыққа қызмет етеді. Кейінгі кездері келушілердің талаптарының өсуімен мейрамханалар тамақты дайындау мен қызмет көрсету сапасын көтеруге тырысады. Сәйкесінше , мейрамхананың жоғары квалификациялы кадрларға талаптары көтерілді.

Әрбір нақты таңғы ас, түскі және кешкі асқа тамақ пен сусындар дайындау керектігін есептей келе сол уақыттағы қонақ үйдегі тұрушылар мен тұрушылардың тағы бір типтеріне санын ескеру керек. (Мәселен, басқа қонақтардан жеке қызмет көрсетілетін конференция қатысушылары.)

2. Тамақтану кәсіпорынның жұмыс мақсаты – тамақтағы адамның қажеттілігін қанағаттандыру . Тамақты қолдану процесі адамдармен қарым-қатынас, тәрбиелеу, ойын-сауық процестерімен сәйкес келеді. Ресейде тамақтану орындары саны 8581 жетті. Кәсіпорындағы орташа сыйымдылық 73 орынға жуық.

ТАУАРДЫҢ ӨМІРШЕНДІК ЦИКЛІН НЕ ҮШІН БІЛУ ҚАЖЕТ: . Жаңалықты нарыққа шығарған басшылар оның өмірінің ұзақ және бақытты болуын тілейді. Тауар мәңгі-бақи сатылады деп ешкім санамағанымен, фирма жаңа тауар шығаруға байланысты барлық әрекеттерінің, зиян-қауіптерінің қайтарылымына тұратындай табыс келтіруді қамтамасыз етуге тырысады. Басшылар өткізу әрі жоғары, әрі ұзақ уақытқа созылады деген дәмеде болады. Олар әр тауардың өзіне тән өмір циклі бар екенін біледі, бірақ осы циклдың қанша уақытқа созылатынын болжау оңай емес. ТӨЦ- бұл тауардың нарықта болу уақыты. ТӨЦ тұжырымдамасын американдық ғалым Теодор Левитт 1965 жылы әзірленген болатын. Тауардың нарықта өмір сүру кезеңдерін сипаттайтын өзіндік өмірлік циклі болады. Тауар ерте ме, кеш пе, жетілген немесе қымбат емес басқа тауардың нарыққа келуіне байланысты нарықтан ығысады. ТӨЦ өнімге деген нарықтағы сұранысты, фирма табысын, тауар ассортиментін, нарық сегментін, бесекелестердің іс- қимылын және оның әр кезеңдегі маркетингтің стратегиясын зерттеуге мүмкіндік береді. ТӨЦ тұжырымдамасы тауар түріне (ет тартқыш), типіне (тоқпен істейтін ет тартқыш) қатысты, сондай- ақ сауда маркасын («Braun» электрлі ет тартқыш) қарай қолданылуы мүмкін. Тауар типі, әдетте, тауар түрі мен сауда маркасына қарағанда дәстүрлі өмірлік циклін нақтырақ орындайды. ТӨЦ – ең алғаш рет маркалы тауарлар үлгісінде зерттелген. ТӨЦ – S әріпі сияқты логистикалық қисық сызбасы түрінде бейнеленеді.

ТӘУЕКЕЛ МӘНІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ: Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. «Кәсіпкерлік іс туралы» заңда жазылғандай кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген. Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер бар: кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту; жобалау алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өндірілетін өнімге сұранысты болжау; тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі; сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау. Тәуекелдің жұмыс тапсырушы мен жұмысты орындаушы арасындағы бөлінуінің жалпы концептуалды моделін. Тәуекелділіктің бірнеше түрі бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық, нарықтық. Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т.б. себептер тікелей ықпал жасайды. Коммерциялық тәуекел – бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек. Қаржылық тәуекел – қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем қабілеттілігінің кемдігінен пайда болуы, т.б. Инвестициялық тәуекел – бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін. Нарықтық тәуекел – бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы процент ставкасының немесе шет ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының өзгеруімен байланысты.

ТӘУЕКЕЛДЕН КЕЛЕТІН ЗИЯН ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ БӘСЕҢДЕТУ ЖОЛДАРЫ: Тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі. Экономикалық категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс).. Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. «Кәсіпкерлік іс туралы» заңда жазылғандай кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген. Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер бар: кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту; жобалау алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өндірілетін өнімге сұранысты болжау; тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі; сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау. Тәуекелдің жұмыс тапсырушы мен жұмысты орындаушы арасындағы бөлінуінің жалпы концептуалды моделі.

ТУРИЗМ КӘСІП-Ң ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ НОРМАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:  Туристік кәсіпорын – бұл мүлікті еңбек ұжымының пайдалануы негізінде өнім өндіретін және өткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін заңды тұлға құқығын иеленетін дербес шаруашылық жүргізуші субъект. Еңбек ұжымы мүшелерінің әлеуметтік және экономикалық мүдделерін және мүлікті меншіктенуші мүдделерін қанағаттандыру үшін табыс алуға бағытталған шаруашылық қызметі туристік кәсіпорынның ең басты мәселесі болып табылады.

Туристік кәсіпорын жұмыстан бос уақытты, рекреацияны, демалысты ұйымдастыруға және халықты емдеуге; олардың таныстары мен туысқандарына баруға және заңмен рұқсат етілген және жарғыға сәйкес өзге де мақсаттарға бағытталған қызмет түрін жүзеге асырады. Әрбір жеке кәсіпорынның туристік саясатының негізгі мақсаты нарықтық жағдайларды тиімді пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылату, туристік өнімді өндіру, өткізу және жылжыту үрдістеріне жаңашылдықтар енгізу арқылы пайданы және туристік қызметтің рентабелділігін арттыру болып табылады. Туристік өнімнің келесідей ерекшеліктері бар:

-тауарлар мен қызм-р кешені, өзінің құрылысындағы күрделі жүйелі байланысқа ие.

-Туристік өнімді сақтауға болмайды, тауар түрінде де көрсетілмейді. Турөнімді бағалауда өлшем бірлік қолданбайды тек қана қызметтің жеке компонентері үшін баға беріледі.

-тұтынушы ережеге сай, турөнімді тұтынбай тұрып көре алмайды. Тур өнімді тұтыну туристік қызмет өндірілетін жерде жүз ас-ды.

-Сатып алушы турөнім мен турөнімді өндіру орны арасындағы арақашықтыққа жету.

Туристік қызметті өндірушілердің өзгеше бір ерекшеліктері бар. Туристік қызметтерге сұрынс икемділігі табыс, ынталандыру, білім деңгейі, жарнама, баға арқылы анықталады.

ТУРИЗМ КӘСІПОРЫНДАРЫН НОРМАЛАУ: Талдамалы немесе нормалаудың тәжірибелік-статистикалық әдісі өндірісті жабдықтау мен өткізуді ұйымдастырудың қалыптасқан практикасында қолданылады. Осы әдіс қолданылғанда қолда бар тауарлық-материалдық кұндылықты талдаған кезде, оның нақты запасы нақтыланады және артық, қажет емес құндылық алынып тасталады.Тура шот әдісінде кәсіпорын техника мен технологияның дамуындағы, өндірісті ұйымдастырудағы, тауарлық-материалдық құндылықты тасымалдау мен есеп айырысу саласындағы барлық өзгерісті қолдана отырып ұйымдастыру-техникалық деңгейге қол жеткізген жағдайда, айналым қаражатының әрбір элементінің запасының ғылыми негізделген есебі қарастырылады.

Коэффициенттік әдісте өткен кезеңнің жиынтық нормативіне өндіріс көлемінің жоспарлы өзгеруіне және қаражаттың айналымдылығын жеделдетуге түзету енгізіледі. Егер норматив кезең-кезеңмен тура шот арқылы нақтыланатын болса, онда айналым қаражатының жекелеген элементтері бойынша сараланған коэффициент қолдануға жол беріледі.

Айналым қаражатын нормалау деген:

— тауарлық-материалдық кұндылықтың жекелеген түрі бойынша барлык айналым қаражаты запасының, әдетте, күнмен есептелген нормасын әзірлеу және белгілеу;

— жалпы меншікті айналым қаражатының және оның әрбір элементінің ақшаға шағылған нормативін әзірлеу

Әрбір кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының нормативі мына негізгі көрсеткішпен анықталады

— өндіріс және өнім сату көлемімен;

— өндіріске, өнім сақтауға және сатуға жұмсалған шығынмен;

— тауарлық-материалдық құндылықтың жекелеген түрі бойынша айналым қаражаты запасының және күнде белгіленген шығынның нормасымен.

ТУРИЗМДЕГІ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ түРЛЕРІ: Кәсіпкерлік орта дегеніміз – еліміздегі нарықтық экономикадағы барлық субъектінің қажеттілігінен шығуға бағытталған азаматтардың экономикалық еркіндігін қамтамасыз етуші әлеуметтік – экономикалық, саяси, азаматтық – құқықтық жағдайлар болып табылады. Кәсіпкерлер кәсіпкерлік ортаны құрайтын, көздеген мақсатты орындау жолындағы іс-әрекеттер, жобалар мен келісімдер орындалатын мүмкіндік болғанда ғана қызмет атқара алады. Осы аталған факторларға қоса кәсіпкерлік даму үшін шешуші роль атқаратын жағдай – экономикалық еркіндік. Экономикалық еркіндік маңызы – заңды кәсіпкерлік істерді орындау үшін, экономикадағы басшылыққа мемлекеттің кепілдігі болып саналады. Экономикалық еркіндік дегеніміз – барлық азаматтарға өзінің өнері мен қабілетін, білімін мүмкін экономикалық қызмет пен іс-әрекеттерге жұмсап пайдалануына мүмкіндіктің болуы. Осындай жағдайларға байланысты қолдан жасаған монополияға, жөнсіз бәсеке мен жарнамаға жол бермейтін құқықтық нормалар мен ережелердің қажеттігі туындайды. Кәсіпкерлік орта кәсіпкерлерге тәуелсіз сыртқы және кәсіпкерлердің өздері құратын ішкі ортаға бөлінеді. Сыртқы орта дегеніміз – сыртқы факторлардың жиынтығы және ол бүкіл елдегі және жеке аймақтағы кәсіпкерлік сі-әрекеттерге айтарлықтай ықпал етеді. Сонымен бірге сыртқы ортаның әсері кәсіпкерлердің пікірі мен тілегіне қатыссыз, заңды жағдай және ол кәсіпкерлікке тікелей немесе жанама әсер етеді. Кәсіпкерлер сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделіп, қауіп – қатерлі жағдайлармен күресіп отырғанда ғана табысқа жетеді. Классикалық экономикалық теория ғылымының негізін қалаған ғалымдар кәсіпкерліктің негізгі жағдайлар мен сыртқы ортаның факторлары. Сыртқы кәсіпкерлік ортаға мынадай кіші жүйелер жатады: елдегі және аймақтардағы экономикалық жағдайлар; қоғамның және мемлекеттің бірқалыпты дамуын сипаттайтын саяси орта; құқықтық орта – нарықтық экономика субъектілерінің, кәсіпкерлердің міндеттері мен жауапкершіліктері, құқықтарын анықтап жеткізуші; кәсіпкерлікті мемлекеттің қолдауы және реттеуі; тұрғындардың төлем қабілеті мен жұмыссыздық деңгейіне байланысты әлеуметтік – экономикалық жағдайлар; мәдени орта – тұрғындардың білім деңгейі, кәсіпкерлік белгілі бір түрімен щұғылдану мүмкіндігі; ғылыми – техникалық және технологиялық орта; белгілі бір істі дамытуға қажетті өндірісті табиғи факторлардың жеткілікті болуы; физикалық орта – кәсіпкерлік ортаның қызметіне әсерін тигізетін табиғи климаттық жағдайлар; табиғи катаклизмдердің болмауы; институционалдық – ұйымдастырушылық орта, коммерциялық, іс-әрекеттер мен іскерлік байланыстарды қамтамасыз етуге мүмкіндік алатын ұйымдар санын анықтап, реттеуші. Кәсіпкерліктің табысты болуы көптеген факторларға байланысты, оның ішінде кәсіпкерлік ұйымның ішкі жағдайларының жиынтығы маңызды роль атқарады. Кәсіпкерліктің ішкі ортасы кәсіпкердің жеке басының жауапкершілігіне, күш-еркіне, мақсаткерлігіне, табандылығына бизнес ісін ұйымдастырып, меңгере білуіне тікелей байланысты. Кәсіпкерліктің ішкі ортасына мынадай факторларды жатқызуға болады: жеке капиталының жеткілікті мөлшері; кәсіпорынның ұйымдастырушылық – құқықтық формасын дұрыс таңдай білу; іс-қызмет түрін таңдай білу, әріптестерді іріктеу; нарық жағдайын білу, маркетингтік зерттеуді жоғары дәрежеде жүргізу; кадрларды таңдай білу, персоналды басқару және оларды материалдық ынталандыру мәселелері; кәсіпкерлік құпияны сақтай білу механизмі және т.б. Кәсіпкерлікті табысты жүргізудегі ең басты, маңызды мәселе бизнес – жоспар дайындау, кездесетін қиыншылықтар мен кедергілердің алдын алу, жаңа технология енгізу, қызмет диверсификациясы, ұйымның даму стратегиясының негізін анықтап, дайындау. Сонымен бірге кәсіпкерлер мен менеджерлердің ұйымдық – құқықтық ережелерге сай ұйым қызметін реттеуші заңдар мен нормативті актілер тәртібін қатаң сақтау ішкі орта факторы болып саналады. Қазақстан кәсіпкерлері үшін жапондық кәсіпкер К. Татенсидің өзінің «Кәсіпкерліктің мәңгі тынысы» атты кітабында жазылған ішкі ортаны қалыптастыру тәжірибесінің маңызы зор. «Омрон» компаниясындағы тиімді, ұтымды, табыстарға жетуге жол салған менеджменттің негізі әрбір жұмысшыға өз мүмкіндігін толық пайдалануға, өз жұмысынан қанағаттанарлық сезім алуына, кәсіпорынды басқаруға қатысуына ықпал ету болып табылады. Жеке тұлғаның қадірлей білу менеджменттің негізі. «Омрон» компаниясында менеджменттегі басты мәселе - әрбір жұмысшы өзінің қабілетін толық көрсете алатындай мотивация жасау. «Омрон» компаниясында менеджментті жетілдіруде, басшылықты жүзеге асыруда «кәсіпорын – қоғамның құлы» деген ұғымның маңызы зор болды, сондықтан олардың ұраны: «Барлық адамдарға арналған бейбітшілік және жақсы өмір үшін жұмыс істеу».