Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Р А 15.doc
Скачиваний:
39
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
281.6 Кб
Скачать

4. Студенттердің ағымдағы үлгерімі бағалау негіздері.

4.1 Студенттердің оқудағы жетістіктерін бағалауға ұсынылатын негіздер:

1. Лекция:

- лекцияға қатысып, тапсырмалар орындауы – 100% (түпкілікті бағаны анықтау кезінде лекцияға қатысқаны үшін қойылатын бағаның үлес салмағы 20% (100%х0,2))* құрайды;

- лекцияға қатыспауы – 0%.

2. Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ):

- СӨЖ тапсырмасын уақытында және сапалы орындағаны үшін (пән бойынша силлабусқа сәйкес) – 0-ден 100% аралығында (түпкілікті бағаны анықтау кезінде СӨЖ тапсырмасын уақытында және сапалы орындағаны үшін қойылатын бағаның үлес салмағы 80% (100%х0,8))* құрайды.

СОӨЖ бойынша түакілікті баға 7 және 14 апталарда қойылады.

СӨЖ тапсырмаларын орындағаны үшін қойылған бағалар бақылау кезінде қорытылады және 100% есеппен бір баға қойылады.

3. Семинар (тәжірибелік, лабораториялық) сабақ:

- семинар (тәжірибелік, лабораториялық) сабақтағы белсенділігі үшін – 21-100%;

- семинар (тәжірибелік, лабораториялық) сабаққа қатысқаны үшін – 20% ;

- семинар (тәжірибелік, лабораториялық) сабаққа келмегені үшін – 0%.

Бір семинар (тәжірибелік, лабораториялық) сабағына қатысқаны және ондағы үлгерімі үшін қойылған бағалар қосылып, 20-100% аралығында бір баға қойылады.

Студенттің үлгерімі және/немесе қатысуы үшін баға әрбір сабақта қойылуы тиіс. Студенттің ағымдағы үлгерімі мен сабаққа қатысуын қойылатын түпкілікті баға оқыту уақытында алған барлық бағаларының орташа арифметикалық бағасы есебімен рейтинг аптасы кезінде шығарылады.

Студент білімін бағалау жөніндегі мәлімет Студент білімін бағалаудың жалпы шкаласы

Аттестациялау әріптік баға

Баллдардың цифрлық баламасы

Оқу пәнін игерудің % - дық мазмұны

Линиялық оқыту жүйесі бойынша баға

А

А –

4,0

3,67

95 – 100

90 – 94

Өте жақсы

В +

В

В –

3,33

3,0

2,67

85 – 89

80 – 84

75 – 79

Жақсы

С +

С

С –

2,33

2,0

1,67

70 – 74

65 – 69

60 – 64

Қанағаттанарлық

D +

D

1,33

1,0

55 – 59

50 – 54

F

0

0 – 49

Қанағаттанарлықсыз

Пән бойынша қорытынды бағаның пайыздық мазмұны былай анықталады:

Р 1 + Р 2

И % = ------------ х 0,6 + Э х 0,4

2

Р 1 – 1-ші рейтинг бағасының пайыздық мазмұны

Р 2 – 2-ші рейтинг бағасының пайыздық мазмұны

Э – емтихан бағасының пайыздық мазмұны

Студенттің бірінші рейтинг (сегіз апта) және екінші рейтинг (жеті апта) баллдары қосылып, 2-ге бөлінеді де 0,6-ға (яғни, 60 пайыз) көбейтіледі.

Емтихан баллы 0,4 көбейтіледі де, шыққан балл рейтингтер баллына қосылады. Осы кезде студенттің пән бойынша алған семестрлік қорытынды бағасы анықталады.

4.2 Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару құқығы пәнінен емтихан сұрақтары.

1. Жазаны өтеуден босатудың негiзі болып табылмайтын мән-жайлар. 2. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босатуға ұсыну тәртібі. 3. Қылмыстық атқару заңнамасының міндеттері мен мақсаттары.

4. Жүйке бұзылуы салдарынан жазаны өтеуден босату туралы ұсынысты сотқа енгiзетін тұлға. 5. Ауыр сырқатқа байланысты жазаны өтеуден босату туралы ұсыныспен бірге сотқа жіберілетін құжаттар. 6. Қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тарту немесе бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға қандай тұлғаларға қатысты жазасын

өтеуден мерзiмiнен бұрын босату туралы ұсыныс енгiзу тәртібі. 7. Бас бостандығынан айыру орындарында заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорды жазбаша нысанда хабардар

етуге міндетті жағдайлар. 8. Сот сотталушыны шартты-мерзiмнен бұрын босатудан бас тартқан жағдайда сот бас тарту туралы қайталап ұсыныс енгізу мерзімі. 9. Жүктi әйелдер және жас балалары бар әйелдер және жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектер жөнiнде жазаның атқарылу

мерзiмiн кейiнге қалдырудың дұрыс негіздері. 10. Жазасын атқаруды кейiнге қалдыру ережелерiн сақтамаудың құқықтық салдары. 11. Гауптвахтада ұстауға және бас бостандығынан айыруға сотталғандарды босатуға болмайтын уақыттар. 12. Сотталушыға босатылған кезде берілетін құжаттар. 13. Босату туралы құжатта сотталушыға мемлекет атынан ресми кешiрiм сұратылатын жағдайлар. 14. Жазаны атқарушы мекемелер әкiмшiлiгiнiң босатылатын сотталғандарды еңбекке және тұрмыста орналастыру жөніндегі мiндеттер. 15. Жазаны өтеуден босатылатын сотталғандарға көмек көрсету тәртібі мен реттері.

16. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың міндеттері. 17. Шартты сотталғандардың жүрiс-тұрысын бақылауды жүзеге асырушы органдар. 18. Шартты сотталғандардың сынақ мерзiмiнiң есептелу тәртібі. 19. Шартты түрде сотталған адамдардың жауаптылығы шеңбері. 20. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау. 21. Сотталғандарды түзеудің негізгі құралдары.

22. Қылмыстық атқару құқығының нормаларының жазба сипаты бойынша түрлері. 23. Субъектілердің еңбек, техникалық құралдар және басқа да құралдарды пайдалану ережелерін бекітетін қылмыстық атқару құқығының

нормасы. 24. Қылмыстық атқару құқығының нормалары тәртіптік ережелердің белгілену сипатына қарай түрлері. 25. Жазаларды атқару кезінде пайда болатын құқықтық қатынасты қорғауды қамтамасыз ететін қылмыстық атқару құқығының нормасы. 26. Сотталғандардың мінез-құлқын түзетуге бағытталған қылмыстық атқару құқығының нормасы. 27. Қылмыстық атқару құқығының нормалары құрылымына қарай бөлінуі. 28. Мемлекет атынан әрекет ететін тиісті органдар мен сотталғандардың арасындағы қылмыстық атқару құқығы нормаларымен реттелетін

жазаны атқару немесе өтеу жөніндегі және соған байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар. 29. Қылмыстық жазаның барлық түрлерін атқару және мерзімді өтеудегі қоғамдық қатынастар. 30. Мінез-құлық ережесі болып табылатын, субъектілерге құқық пен міндеттемелерін байланыстыру үлесін беруді көрсететін норма. 31. Қылмыстық атқару құқығының жүйесі. 32. ҚР заң органдарымен қабылданған қылмыстық жазаларды атқару кезінде туындайтын қоғамдық қатынастар. 34. ҚР қылмыстық атқару заңнамалары, сотталғандардың құқықтық жағдайы т.б. туралы сұрақтарды қарастыратын қылмыстық атқару

құқығының жүйесі. 35. Материалдық құқықты жүзеге асырудың шарттары мен тәртібін белгілейтін қылмыстық атқару құқығының нормасы. 36. Қылмыстық атқару құқығының қағидалары. 37. Сотталғандардың материалдық-құқықтық жағдайын реттеу, сотталғандардың бас бостандығынан айрылғандарын жіктеу. 38. Қылмыстық атқару құқығының пәні. 39. Қылмыстық атқару заңнамаларының мақсаты. 40. Түзеу жұмыстарын өтеу тәртібі мен шарттары. 41. Түзеу жұмыстарын орындау жөніндегі қылмыстық-атқару инспекциясының қызметін ұйымдастыру тәртібі. 42. Түзеу жұмыстарына сотталғандар бойынша қылмыстық атқару инспекциясына жіберілетін құжаттар. 43. Қылмыстық-атқару инспекциялары түзеу жұмыстары бойынша жүргізетін функциялары. 44. Түзеу жұмыстарына тартылған сотталғандармен тәрбие жұмысы. 45. Түзеу жұмыстарына сотталғандардың міндеттері. 46. Түзеу жұмыстарына тартылған сотталушы қылмыстық-атқару инспекциясына жұмыс орны мен тұратын жерiнiң өзгергенi туралы

хабарлау мiндеттiлігі. 47. Түзеу жұмысы жазасын өтеу мерзiмiнiң басталуын есептеу тәртібі. 48. Түзеу жұмыстарына тартылған сотталушының дәлелдi себептермен жұмыс iстемеген уақытын есепке алу. 49. Түзеу жұмыстарына тартылған сотталушы ұзақ ауырған кезде қылмыстық-атқару инспекциясының әрекеті. 50. Түзеу жұмыстарына сотталғандардың оны өтеу орны бойынша ұйымдар әкiмшiлiгiнің функциясы. 51. Түзеу жұмыстары түрiндегi жазаны өтеудiң тәртiбi мен ережелерiн бұзу жағдайлары. 52. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдар жазаны оларға қадағалауды қылмыстық-атқару инспекцияларының жүзеге асыруы

жағдайында өтеу тәртібі. 53. Бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазасын өтеу орнына белгіленген мерзімде бармауының құқықтық салдарлары. 54. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жаза мерзiмiнің есептелу тәртібі. 55. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамды басқа жұмысқа, оның iшiнде басқа жерге ауыстыру тәртібі. 56. Қылмыстық-атқару инспекциясы бас бостандыған шектеу жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн адал орындағаны үшiн сотталған

адамдарға қолданатын көтермелеу шаралары. 57. Бас бостандығын шектеу түрiндегі жазаның өтеу тәртiбiн бұзған сотталған адамдарға қылмыстық-атқару инспекциясы қолданатын

шаралары. 58. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеушi адамдарға көтермелеу және жазалау шаралары. 59. Әйелдерді қамауға алудың ерекшелігі. 60. Сезіктілер мен айыпталушыларды, сондай-ақ сотталғандарды камераға орналастырған кезде сақталуға тиіс талаптар. 61. Оқшаулау орындарына кірер алдында заттары мен киім-кешегі тексерілмейтін тұлғалар. 62. Қамауға алу орындарындағы айыпталушылар мен сезіктілерге қатысты көтермелеу шараларының түрлері. 63. Қамауға алу орындарындағы айыпталушылар мен сезіктілерге қатысты көтермелеу шараларын қолданатын тұлға. 64. Гаупвахтада ұстауға, бас бостандығынан айыруға, өлім жазасына сотталғандардың жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың

қызметін бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын органдарға жолданған ұсыныстары мен арыздарын жіберу тәртібі.

65. Қамауға алу орындарындағы ерекше жағдайлар режимі енгізілуі мүмкін мерзімдер. 66. Қамауға алу орындарындағы ерекше жағдай режимін жоюға құқылы тұлғалар. 67. Арнаулы құралдар мен жауынгерлік күрес тәсілдері қолданылмайтын тұлғалар. 68. Тамақ ішуден бас тартқан сезікті не айыпталушыны бақылауға алу. 69. Жүкті әйелдерді және жанында балалары бар әйелдерді қамауға алу орындарында күніне берілетін серуендеу уақыты. 70. Кәмелетке толмаған сезіктілер мен айыпталушыларға қамауға алу орындарында күніне берілетін серуендеу уақыты. 71. Сынақ мерзімі мен пробация бақылауында болған кезеңде әрбір шартты түрде сотталған адамның жаңа қылмыс жасауының алдын алу

мақсатымен олардың жүріс-тұрысын одан әрі түзету үшін қылмыстық атқару инспекциясы жүзеге асыратын әлеуметтік-құқықтық

сипаттағы шаралар кешені. 72. Қылмыстық атқару жүйесінің тергеу изоляторындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібі. 73. Қамауға алу орындарында табылған және иесі анықталмаған бағалы заттарды сақтау тәртібі. 74. Қамауға алу орнында отырған айыпталушылар мен сезіктілер мемлекетке келтірген материалдық залал үшін жауапкершілігі. 75. Қамауға алу орнындағы сезіктілер мен айыпталушыларға қатысты жазалау шараларының орындалу мерзімі. 76. Сөгіс түріндегі жазаны қолдану нысаны. 77. Жазасын жалпы режимдегi түзеу колонияларында дағдылы жағдайларда өтеушi сотталғандарға сәлемдеме алудың рұқсат етілген

мөлшері. 78. Өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды камераларға орналастыру ережелері. 79. Өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғанның сейiлдеу уақытын бір жарым сағаттан екi сағатқа дейiн арттыру мүмкіндігі. 80. Колония-қоныстарда жазасын өтейтін сотталғандар. 81. Түрмелерде жалпы режимде жазасын өтеушi сотталғандарға рұқсат етілген сәлемдеме алу мөлшері. 82. Түрмеде жазасын қатаң режимде өтеушi сотталғандарға рұқсат етілген серуендеу уақытының мөлшері. 83. Тәрбиелеу колонияларында жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзушылар деп танылған сотталғандар дағдылы және

жеңiлдетiлген жағдайлардан қатаң жағдайларға көшiрiлуi тәртібі мен негіздері. 84. Тәрбиелеу колонияларындағы жазасын жеңiлдiктi жағдайларда өтеушi сотталғандарға рұқсат етілген сәлемдеме алу мөлшері. 85. Тәрбиелеу колонияларында жақсы мiнез-құлқы, оқу мен еңбекке адал қарағаны, өздiгiнен қызмет ету ұйымдарының жұмысына және

тәрбиелiк шараларға белсене қатысқаны үшiн қолданылатын көтермелеу шаралары. 86. Тәрбиелеу колонияларында көтермелеу шарасы ретіндегі колониядан тыс жерге шығудың ұзақтығы. 87. Көтермелеу ретiнде колония қызметкерлерi ертiп жүрiп, тәрбиелеу колониясынан тыс жердегi мәдени ойын-сауық және спорт

шараларына бару немесе ата-аналары немесе басқа жақын туыстары ертiп жүрiп, колониядан тыс жерге шығу құқығы берiлген сотталғандарға берiлетін құжаттар. 88. Тәрбиелеу колонияларында жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн сотталғандарға ҚР ҚАК 111-бабында көзделгендермен

қатар қолданылатын жазалау шаралары. 89. Тәрбиелеу колонияларында бiр ай бойы кинофильмдер көру құқығынан айыру жазалау шараларын қолдануға құқыла лауазымды тұлға. 90. Кәмелетке толған, бас бостандығынан айыруға сотталғандарды тәрбиелеу колонияларында қалдыру тәртібі. 91. Әскери қызмет бойынша шектеу түрiндегi жазасы  соттың үкiмiне сәйкес әскери бөлiмнiң командирi шығаратын бұйрықтың мерзімі. 92. Әскери қызмет бойынша шектеу түрiндегi жазаны атқарудың тоқтатылуы. 93. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды тәрбиелеу колонияларынан түзеу колонияларына ауыстыру тәртібі. 94. Тәрбиелеу колонияларында бас бостандығынан айыруға сотталғандарға оқу-тәрбие процесiн ұйымдастырудың мақсаты. 95. Бас бостандығынан айырылған тәрбиелеу колонияларында тәртiптiк оқшаулау орнына шығарылған сотталғандарға жазалау шарасы

ретінде қолдануға болмайтын шаралар. 96. Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысының бағыты. 97. Сотталғандардың жүргiзiлген тәрбие шараларына қатысуының олардың түзелу дәрежесiн анықтау кезiндегі маңызы. 98. Сотталған адамдармен тәрбие жұмысы түзеу мекемесiнiң түрi, жазалау мерзiмi, ұстау жағдайлары, олардың жеке басының дара

ерекшелiктерi және олардың жасаған қылмыстарының мән-жайлары ескерiле отырып жүргізу тәртібі. 99. Сотталған адамдармен тәрбие жұмысы қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен психологиялық-

педагогикалық әдiстер негiзiнде ұйымдастыру нысандары. 100. Сотталғандардың өзiн-өзi басқару элементтерiн дамыту мақсатында түзеу мекемелерiнде сотталғандардың өздiгiнен қызмет ету

ұйымдары ерiктi негiзде құрылып, арнайы бақылаумен жұмыс істеуі. 101. Өздiгiнен қызмет ету ұйымдарының мiндеттерi. 102. Өздiгiнен қызмет ету ұйымдары мен олардың мүшелерiнің өкiлеттiктерi. 103. Сотталған адамдардың өздiгiнен қызмет ету ұйымдарын құру мен олардың жұмысының тәртiбiн айқындайтын орган. 104. Түзеу мекемелерiнде өзiн жақсы көрсеткен сотталғандардың арасынан құрылатын ұйымдар. 105. Түзеу мекемелерiнде жазаны атқарудың мақсаты, тәртiбi мен ережелерi. 106. Түзеу мекемелерiнде 30 жасқа толмаған сотталғандардың білім алу міндеттілігі. 107. Жазасын жалпы режимдегi түзеу колонияларында дағдылы жағдайларда өтеушi сотталғандардың құқықтық жағдайы. 108. Өмiр бойы бас бостандығынан айыруды өтеушi сотталғандардың білім алу мүмкіндігін реттеу. 109. Сотталған еркектер мен әйелдер, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектердің еңбегін құқықтық реттеу. 110. Жазасын түрмеде өтеушi сотталғандардың еңбегiн ұйымдастыру орындары. 110. Сотталғандарды пайдалануға тыйым салынатын жұмыстар мен қызметтер тiзбесi. 111. Түзеу мекемелерiнiң ұйымдарында еркiн жалданатын инженер-техника қызметкерлер мен бiлiктi жұмысшылардың еңбегiн пайдалану

тәртібі. 112. Түзеу мекемелерiнде жазасын өтеушi адамдар үшiн апталық жұмыс уақытының ұзақтығы.

Арнайы жабдықталған аудиториялар, кабинеттер мен лабораториялар

ТІЗІМІ

аудитория аты

аудитория №

1

Ү.С.Жекебаев атындағы аудитория

302

2

Е.І.Қайыржанов атындағы аудитория

301

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]