Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Р А 15.doc
Скачиваний:
39
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
281.6 Кб
Скачать

Глоссарий:

Жазаны орындайтын органдар – қамаққа алу түріндегі жазаны, сотталған адамды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар;

Жазаны өтеу режимі – ҚР ҚАК және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген жазаларды орындау және өтеу тәртібі;

Қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган – қылмыстық-атқару қызметі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі (бұдан әрі – қылмыстық-атқару жүйесі) – қылмыстық жазалардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі атқарушылық және өкiмдік функцияларды жүзеге асыратын органдар мен мекемелер, сондай-ақ көрсетілген органдар мен мекемелердiң жұмыс істеуін қамтамасыз ететiн ұйымдар жүйесi;

Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесі (бұдан әрі – мекеме) – бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды орындауға, сондай-ақ өлім жазасына сотталғандарды ұстауға арналған мемлекеттік мекеме;

Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің уәкілетті органы (бұдан әрі – қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы) – қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органның өзінің құзыреті шегінде бақылау және (немесе) іске асыру функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы;

Пробация – пробациялық бақылаудағы адамға қатысты оның жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында оның мінез-құлқын түзету үшін әзірленетін және жеке іске асырылатын әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралар кешені;

Пробация қызметі – қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын және өзінің есебіндегі сотталғандардың әлеуметтік-құқықтық көмек алуына жәрдем көрсететін қылмыстық-атқару жүйесінің органы;

Пробациялық бақылау – уәкілетті органдардың сотталғандарға сот жүктеген міндеттердің орындалуына және олардың мінез-құлқына бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ олардың әлеуметтік-құқықтық көмек алуына жәрдем көрсету жөніндегі қызметі;

Сотталған адамды түзеу – сотталған адамның құқыққа бағынушылық мінез-құлқын, жеке басқа, қоғамға, еңбекке, қоғамдағы мінез-құлық нормаларына, қағидаларына және әдебіне жағымды көзқарасын қалыптастыру.

Тәркілеуге жататын мүлік - Сотталушының тәркіленген мүлкін уәкілетті мемлекеттік органға беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған қойылатын барлық талаптар қанағаттандырылғаннан кейін жүргізіледі. Тәркіленген мүлік есебінен қанағаттандыруға жататын талапар жөнінде мемлекет оны сатудан немесе одан әрі пайдаланудан алынған қаражат шегінде жауап береді. Тәркіленген мүлікті уәкілетті мемлекеттік органға беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеуші адамдарға қолданылатын көтермелеу шаралары. Тәрбиелік іс – шараларға белсенді қатысатын және жәбірленушінің денсаулығына және мүлкіне келтірген залалды, мемлекетке келтірген материалдық заллды өтеу жөнінде шаралар қолданатын және сот тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет етпейтін сотталған адамдарды сот осы Кодексте көзделген тәртіппен шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы мүмкін.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтару - Сотталушы: қоғамдық жұмыстарға дәлелді себептерсіз біа айдың ішінде екі реттен астам шықпаса; еңбек тәртібін бір айдың ішінде екі реттен артық бұзса; жазаны өтеуден жалтару мақсатымен жасырынса, қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтарған деп танылады.

Жазаны өтеу режимі – осы Кодексте және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген жазаларды орындау және өтеу тәртібі;

Жазаны атқару негіздемесі - Соттың заңды күшіне енген үкімі немесе қаулысы, сондай – ақ рақымшылық немесе кешірім жасау актісі жазаны атқару негіздемесі болып табылады.

Жазаны өтеу орны туралы хабарлау - Сотталушының жазасын өтеу орнына келгені туралы жазаны атқарушы мекеменің немесе органның әкімшілігі сотталушының қалауы бойынша жақын туыстарының не заңды өкілдерінің біріне хабарлауға міндетті.

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдардың еңбек жағдайлары - Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдардың еңбегі, осы Кодекспен белгіленген ережелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі. Сотталған адамды басқа жұмысқа, оның ішінде басқа жерге ауыстыру қылмыстық атқару инспекциясының келісімімен жүзеге асырылады.

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдардың еңбек жағдайлары - Қылмыстық – атқару инспекциясы бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдармен тәрбие жұмысын жүргізеді. Сотталған адамдардың тәрбиелік сипатта жүргізілетін іс – шараларға белсенді қатысуы көтермеленеді және түзелудеңгейін анықтаған кезде ескеріледі.

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдармен тәрбие жұмысы - Сотталушының мүлкі, соның ішінде оның ортақ немесе бірлескен меншіктегі үлесі, ақшасы мен бағалы қағаздары, сотталушының банктердегі салымдары мен кез келген меншік нысанындағы активтерге өзге де салымдары сот үкімі бойынша тәркіленуге жатады. Сондай-ақ қылмыстық іс-әрекет обьектісі, қылмыс жасау құралы, айналымнан алынып қойылған зат болып табылатын мүлік сот үкімі бойынша тәркіленуге жатады. Сотталушының сот үкімі бойынша тәркілегуге жатпайтын мүліктің Тізбесінде аталған мүлкі тәркіленуге жатпайды. Соттың үкімі ойынша тәркіленуге жататын мүліктің кімге тиесілі екендігі туралы даулар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.

Азаптау – ұдайы ұрып – соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттері жолымен тән зардабын немесе психикалық зардап шегу, егер бұл кодекстің баптарына көзделген зардаптарға әкеп соқпаса,- елу айлық есептік көрсеткіштен жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның алты айға дейінгә кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Айыппұл – айыппұл осы кодексте көзделген шекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтіне қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалатын ақша өндіріп алу.

Аталған қылмыс – егер адам жасаған әрекетте осы кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық

Ведомстволық бақылау - Жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметіне жоғары тұрған басқару органдары мен лауазымды адамдардың тарапынан ведомстволық бақылау жүзеге асырылады. Ведомстволық бақылауды жүзеге асыру тәртібі нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.

Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдары - Қазақстан Республикасының қылмыстық – атқару заңдары осы Кодекстен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, сондай – ақ жазаны және сотталғандарға қылмыстық – құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқару мен өтеудің тәртібін және жағдайларын белгілейтін нормативтік құқықтық актілеоден тұрады.

Қамау - қамау сотталған адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады.

Кәмелетке толмағандарды жазадан босату – бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін сотталған кәмелетке толмаған адам, егер оны түзеуге көзделген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткізуге болады деп танылса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкің.

Қылмыстық-атқару ісін жүргізудегі қадағалау - Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің заңдарды сақтауын қадағалауды Қазақстан Республикасының заңдаына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оған бағынышты прокурорлар жүзеге асырады.

Мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау міндеттері заңдармен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, заңдардың бұзылу себептері мен жағдайларын анықтау мен жою, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, нормативтік құқықтық актілердің дәл әрі біркелкі қолданылуын және нормативтік актілердің міндетті талаптарының орындалуын тексеру жөнінде жүзеге асыратын міндеттері.

Өлім жазасы - өлім жазасы – ату жазасы адамның өміріне қол сұғатын ерекше ауыр қылмыстар үшін, сондай – ақ соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайында мемлекеттік сатқындық, бейбітшілікке және адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс және ерекше ауыр әскери қылмыстар жасағаны үшін ғана ең ауыр жаза ретінде қолданылуы мүмкін.

Соттылық – қылмыс жасағаны үшін сотталған адам айыппұл үкімі заңды күшіне енген күннен бастап соттылықты жою немесе алып тастау кезіне дейін отты болған деп есептеледі. Осы кодексте сәйкес соттылық қылмыстың әлденеше рет қайталануы, қылмысты қайталау кезінде және жаза тағайындау кезінде ескеріледі.

Тәркiлеу соттың немесе басқа да құзыреттi органның қаулысымен мүлкiнен мүлдем айыруды бiлдiредi;

Тәркіленуге жататын мүлікке байланысты үшінші тұлғалардың міндеттері - Өзінде сот үкімімен тәркіленуге жататын мүлік бар ұйымдар мен азаматтар бұл туралы сотқа немесе уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға міндетті. Аталған мүліктің жасырылуына, бүлінуіне немесе ұрлануына кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылады.

Тыйым салу немесе алып қою мүлiктi беруге, жаңғыртуға, иелiктен алуға немесе орнын ауыстыруға уақытша тыйым салуды немесе осындай мүлiктi иемденудi уақытша қолға алуды, немесе соттың немесе басқа да құзыретті органның қаулысы бойынша оларға уақытша бақылау жасауды бiлдiредi.

Үкімді атқарудан кейін анықталған мүлікті тәркілеу - Үкім барлық мүлікті тәркілеу бөлігінде атқарылып, бірақ айыптау үкімін атқарудың заңмен белгіленген өтеу мерзімдері біткенге дейін сотталушының оған үкім шығарылғанға дейін немесе үкім шығарылғаннан кейін ол тәркілеуге жататын қаражатқа сатып алған тәркіленбеген мүлкі табылған жағдайларда, үкім шығарған сот немесе үкімді атқару орны бойынша сот, егер мүлік заң бойынша тәркіленуі мүмкін болса, сот атқарушысының ұсынуымен табылған мүлікті тәркілеуді атқаруға жіберу туралы қаулы шығарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]