Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГосТарих.doc
Скачиваний:
113
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
739.33 Кб
Скачать

21.Хүіі-хүііi ғасырлардағы Қазақ хандығы.(Есім, Жәңгір, Тәуке хандарының басқаруында).

Қазақтардың Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы, Сырым Датүлының кетерілісі Қазақстанда хандық билеу жуйесінің әлсірей бастағанын керсетті. 1319 ж. Абылайдыңүлы Уали қайтыс болғаннан кейін Орта жузге хан тағайындалмады. 1322 ж. патша үкіметі Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанский дайындаған Тібір қырғыздарының Жарғысын" бекітті. Жарғыға сай Орта жузде хандық билік жойылып, жаңа әкімшілік басқару жүйесі ендіріліп, Орта жуз қазақтары Сібір қырғыздарының облысы деп аталды. Обылыс сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Сыртқы округке Ертіс өзенінің арғы жағындағы қазақтар енді. Ішкі округтерге Қарқаралы, Көкшетау, Баянауыл, Аягөз, Ақмола, Күсмурын, Көкпекгі, Атбасар енді. Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды. Округтерді басқару аға сүлтан басқарған округтік приказдарға жуктелді. Аға султандарды тек султандар ғана сайлады, оларға ресейлік майор шені, ал он жылдан кейін дворяндық атақ берілді. Осылайша біртіндеп аға султан орыс әкімшілігінің сойылын соғатын қуралға айналды.

Округ - 15-20 болыстан, болыс - 10-12 ауылдан, ауыл - 50-70 шаңырақтан қуралды. Болысты - болыстық султан, ауылды - ауылдық старшина басқарды. Аға султандар үш жылға сайланды. Болыс султандарын сайлау мерзімі өмірлік болды. Ауыл старшиндары да үш жылға сайланып отырды.

Қазақстанның оңтустік аудандарында да хандық билік әлсіреп, қазақтар Сыр бойындағы қалалардан айырылып, өлке билігі әуелі Жүніс қожаға, кейін Қоқан хандығына өтеді.

Саяси куйзеліс Кіші жузде де орын алды. Патша үкіметі бекіткен әуелі султан Айшуақ, кейін Жантөре басқарған хандық кеңестің Кіші жуз қазақтарының арасында беделі болмады. XVIII ғ. аяғы - XIX ғ. басында Кіші жуздің едәуір бөлігі Еділ мен Жайық өзендерінің аралығына барып қоныстанып, Нуралы баласы Бөкей басқарған хандық құрды.

Есім хан билігі тұсында шығыста жоңғар қалмақтарының ықпалы артып, қазақ жеріне қауіп төндіре бастайды. Бұл жағдайды ескере отырып, Есім хан қырғыз елімен арадағы одақты нығайта түсіп, Моғолстан билеушісі Абд-ар-Рахим ханмен достық қатынаста болады. Есім хан 1620 жылы ойраттарға ойсырата соққы береді. Жорықта жүрген Есім ханның жоқтығын пайдаланған Тұрсын хан Түркістанға шабуыл жасап, Есім ханның отбасын тұтқынға алады. 1628 жылы Ташкенттің түбінде болған қанды шайқаста Тұрсын хан жеңіліп, Тұрсынның өзі осы ұрыста қаза тауып, оған қараған елдің біразы қазақ, қалғаны қырғыз арасына шашырап кетеді.Осы мезгілде ойраттарға қарсы Қазақ-қырғыз одағының нығаюына, сондай-ақ ел арасы бірлігі ісінде көп жұмыс тындырған қырғыз Көкім би Қарашораұлының құрметіне Есім хан Ташкентте "Көкімнің көк күмбезін" салдырады.Есім хан 1628 жылдың күзінде өмірден қайтып, Түркістанда Қожа Ахмет Йасауи күмбезі жанына жерленеді.

Жәңгір ханның үлкен саясаткерлігінің, қолбасшы-батырлығының арқасында Қазақ мемлекеті сақталып қалды. Жоңғар хандығының қуатын бағалай білген Жәңгір хан Бұхара Хиуа және Монғол хандықтарымен белсенді дипломатиялық қатынасқа көшеді. Оның әсіресе 1612 жылдан бастап Самарқанның әмірі Жалаңтөс батырмен достық қатынасы қалмақтармен күресте өз нәтижесін береді.

XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың бас кезі жоңғар қалмақтарынан төнген қауіпке қарамастан, Қазақ мемлекеттігінің нығая түсуімен сипатталады. Ел арасында қалыптасқан пікір мұндай жағымды өзгерістерді Тәуке ханның есімімен байланыстырады. Тәуке өзінің қайраткерлік қабілеті арқасында ел ішіндегі алауыздыққа жол бермей, татулық орнатты, орталық хандық биліктің рөлін күшейтті, соның нәтижесінде, елдің әл-ауқаты, байлығы артты. Сондықтан да халық ханды әз-Тәуке атап, ал оның билік құрған кезеңін қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман деп бағалады.

Жоңғар хандығымен күрес жүргізе отырып, Тәуке хан Бұхармен жақсы қатынаста болуға тырысты. Ол қазақ хандарының дәстүрлі Мәуереннахрдағы ықпалы үшін күрес бағытынан қайтқан жоқ, өмірінің соңына қарай Ташкентті өзіне қаратты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]