Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГосТарих.doc
Скачиваний:
113
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
739.33 Кб
Скачать

40 XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның рухани мәдениеті.

Революцияға дейінгі Қазақстанның көркемдік мәдениеті өзінің бойына отаршылдық қонаудан туған жаңалықтармен бірге патриархалды – феодалдық құрылысқа тән дәстүрлі ерекшеліктерді де жиыстырды. Оның неғұрлым айшықты құрамдас бөліктері әдебиет пен музыка болды. Діни догмалар мен тиым салушылық бейнелеу өнері мен театрлық мәдениеттің дамуын қатты шегеріп қалды.

Әдеби процестер екі бағытта: ауызекі шығармашылық пен жазба әдебиет бағытында жүріп жатты. Ауызекі шығармашылық ақындар айтысы, дастандар ерлік және сыршылдық-эпикалық поэмалар, ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар және басқалар түрінде дамыды.

Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы А.Құнанбаев болды. Абай жиырма жыл бойы халықтың поэтикалық шығармашылығын, шығыс ақындырының шығармаларын және орыстың классикалық әдебиетін оқып-үйрендй. 1886 ж. 40 жасында «Жаз» деген өленің жазды, одан кейінгі жиырма жылғы өмірі поэтикалық қызметпен өтті.Абай қазақ қоғамындағы жаңалық, прогресс атаулының бәрін өз бойында сақтаушы болды. Оның пікірі бойынша әрбір ойлайтын адамқоршаған болмысқа деген өзінің саналы қатынасын қалыптарыстуға тиісті. ОЛ адамзат қоғамын ізгі әрі парасатты, прогрессивті дамушы тұрғысында көргісі келді. Әрбір адам бұған өзінің шама-шарқындағы үлесін қосуға тиіс.

«Ақыл, ғылым, еркіндік» қана адамды асқақтататын қоғамның прогресті дамытылуына талпынас Абай шығармашылығындағы басты бағыттардың бірі болды. Жекелеп алғандағы әрбір адамның адамзат қоғамына қызмет ету жолдарын Абай ең алдымен қоғамның материалдық және рухани гүлдеуіне жетудің құралы ретінде еңбектен көре алды.Абайдың бүкіл шығармашылығы жұмысы жоқтықпен ымыраға келмеушілік идеяларына құрылған. Оның пікірінде адамның мінез-құлқы тек қиыншылықтармен күресте, соларды жеңіп шығуда ғана шыңдалады. Ақын қоғамдық өмірдің өзіне белгілі сол кездегі жағдайында халық бұқарасы еңбегінің жемісін түгел пайдалана алмайтының түсінсе де, халықтың жасампаздық күшіне берік сенді.

Әшкерелеуші өлеңдерінде Абай еңбекшілер көпшілігі мен үстемдік құрушы азшылықтың арасындағы антагонизмнің қарама-қайшылықтарын ашып көрсетті.Абайдың демократиялық көзқарасы оның ағамандар мен билердің қызметіне қатысын да айқындады. Царизм билердің құқықтарын шектегенімен, олардың едәуір қолында сот билігі шоғырланды, ал қазақ шаруаларының тағдыры көбінесе солардың кесіміне байланысты болды. Көптеген мәселелер бойынша билердің шешімдері патша әкімшілігінің мүддесін қорғады.

Халықтың қараңғылығын пайдаланып, билер олардан пайда табуға барынша табысты. Абайдың сөзімен айтқанда, негізінен халық бұқарасын «ақымақ қылды».Абайдың жастар бойына ғылым мен білімге сүйіспеншілік қасиеттерін сіңіруге деген табанды талпынысы оның қазақ қоғамының, бірінші кезекте, надандық пен қараңағылыққа байланысты кеселдерін әшкерелеуінен көрінді.

XIX–XXғ. басы қазақ халқы музыкалық мәдениетінің бұрын кездеспеген өрлеу кезеңі болды. Сазгерлер Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина Нурпеисова, Тәттімбет, Қазанғап, Сейтек, Ықылас өлмес күйлер шығарды. Бүкіл қазақ даласы Біржан салдың Ақан Серінің, Мұхиттың, Абайдың, Балуан-Шолақтың, Жаяу Мұсаның, Мәдидің, Ыбырайдың, Естайдың және басқалардың әндерін айтты. Халық сазгерлерінің шығармашылығы адамдардың туған өлкесіне деген ыстық сүйіспеншілігін бейнеледі, табиғаттың сұлулығын дәріптеді, бітім болмысында өнегелілік және эстетикалық бағалылықтарды сақтады. Ол қоғамдағы әлеуметтік шиеленісушілікті, қарапайым адамдардың тыныштық пен аманесендікте өмір сүргілері келетін ынта-ықыласын білдірді. Айталық, Құрманғазының алғашқы музыкалық шығармасы – «Кішкентай» күйі Исатай мен Махамбеттің көтерілісіне арналған болатын. Ал, 1916 ж. Оқиғалар Дина Нұрпеисованың «Әскерге алу» күйін шығаруына себеп болды. Егер Ыбырайдың «Гәкку» әні сүйіспеншіліктің өзіндік ән ұранына десек, онда Мұхиттың «Зәуреші» академик А.Жұбановтың берген сипаттамасы бойынша нағыз «Реквием» (қаралы музыкалық шығарма) саналды. Абай мен Жаяу Мұсаның әндері еуропалық музыкалық мәдениет элементтеріне бай екендігімен ерекшеленді.

XIXғ. қазақ баспасөзінің өмірге келуі басталды. 1870ж. 28 наурызда “Түркістан уәлаяты” газетінің бірінші нөмірі шықты. Ол қазақ және өзбек тілдерінде шығарылды. Оның беттерінде Шоқан Уәлиханов туралы, Маңғыстау қазақтарының көтерілісі (1870ж.) және басқа оқиғалар жөніндегі материалдар басылды.

1911ж. бірінші қазақ журналы «Айқап» жарық көрді, өмір сүрген төрт жылы ішінде оның 88 көмірі шықты. 1913-1918жж. “Қазақ” газеті шығарылып тұрды. “Айқап” пен “Қазақ” қоғам өмірінің барлық жақтарын жазып тұрды. Олар қазақтардың отырықшылықты өмір сүруге көшуін, сөйтіп, егіншілік мәдениетін меңгеруін жақтады және сонымен бірге көшпеліліктің маңызы мен өмірден олар орнын да теріске шығармады. Бұл басылымдар сондай-ақ әйел және ұлт мәселелерін батыл көтерді, дәрігерлік, агрономиялық білімдерді таратты. Бүкілқазақстандық съезі шақыру идеясын қолдады.

Қазақ авторларының кітаптарын шығару ұлғайды. Петиербургте, Қазанда, Орынборда, Ташкентте Абайдын, Шоқанның, Ыбырайдың, А.Байтұрсыновтың, Міржақып Дулаттың, Ә.Диваевтың және көптегене басқалардың шығармалары басылып шықты. 1912 ж. Семейде қазақ тіліндегі кітаптарды шығаруға мамандырылған «Жәрдем» баспаханы құрылды. Қазан революциясына дейін қазақ тілінде шамамен 700 атаулы кітап (қайта шығарылғандарын есептемегенде) басылып шығарылды.

Сайып келгенде өзгерістер қазақ қоғамы мәдениетінің барлық жақтарын шарпыды

41 XX ғасырдың бас кезіндегі қазақстандағы мәдениет Міржақып Дулатов, М.Жұмабаев бастапқыда ауыл мектебінде, соңынан білімін орыс мектебінде жалғастырды, өздігінен білім алды. Қажырлы еңбегінің арқасында ол орыс тілін кемеліне келтіре меңгерді, орыс және шетел жазушыларының шығармашылығын зерттеді. М. Дулатов ақын әрі жазушы, өлең жинақтары мен бірінші қазақ романы - «Бақытсыз Жамалдың» авторы ретінде көпке танылды. Роман орыс сыншылары мен қазақ қоғамы тарапынан жоғары бағаланды. М. Дулатов А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крылов, Ф. Шиллердің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ол қазақ әдеби тілінің тынымсыз жаңашылы әрі реформаторы болды, өз шығармаларында жаңа сөздер мен түсініктер енгізді.Мағжан Жүмабаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекше орын алады. М. Жұмабаев казак ағартушылык ойының неғұрлым белсенді әрі жарқын идеологтарыньщ бірі болды. Ол 1925 жылға дейін Кеңес өкіметіне карсы болып, ұлттык рухты оятуға, бостандыкка үмтылуға бағытталған шығармалар жазды. Мағжан өлең жазуды 14 жасынан бастады, оның шығармалары қазақ жөне татар тілінде шығатын барлық газеттер мен журналдарда жарияланып түрды. 1912 жылы Қазанда оның өлеңдерінің «Шолпан» атты жинағы шық- ты. М. Жумабаев - еуропалық мәдениет биігіне жеткен талантты ақын. Қазақ өлең өнеріндегі жаңа поэзиялык формаларды енгізу оньщ есімімен тікелей байланысты. Ңазақ, араб, парсы, түрік тілдерін, басқа да түркі халықтарының тілдерін терең меңгерген ол бозбала кезінен бастап-ақ Абай мен Махамбет поэзиясының мектебінен өтіп, өзінің ақындық өнерін дамытуда кол жеткен табыстарымен тоқталып қалған жоқ. Сталиндік баскарудың каһарына мінген жылдары оның шығармашылығына тыйым салынды. М. Жүмабаев түтқын- далып, алдымен Беломорканал, соңынан Соловкидегі лагерьге жіберілді. 1938 жылы ату жазасына бүйырылды.

42 ХХ ғ басындағы ұлттық зиялылардың қоғамдық саяси қызметінің белсендеуі. Батыс майдан штабы жанынан земскі және қалалық одақтардың бұратана бөлімін басқарып жүрген Ә.Бөкейханов 20 наурыз күні Торғай облыстық комиссары қызметіне тағайындалды. Қазақ елі патшалық Ресей құрамына енгеннен бергі уақытта оның бірде-бір өкілінің империяның әкімшілік жүйесінде губерниялық, облыстық деңгейді қойғанда, тіпті уезд бастығы дәрежесінде қызмет жасамағандығы мәлім. Империяның басқару жүйесінде қазақтар болыстық атқарудан жоғарғы қызметті иемденуге тиісті емес еді. Бұл тұрғыдан Ә. Бөкейханов ескі патшалық биліктің орнына келген Уақытша үкімет жағдайында облыстық басшылыққа келген бірінші қазақ болатын. Ә.Бөкейханов Түркістан комитеті құрамына енгенімен, Торғай облыстық комиссары ретінде орны босап, оның қызметіне ат салыса алмады. Торғай облыстық комиссары Ә.Бөкейханов өз қызметінде жергілікті жердің салт-дәстүрін, ерекшеліктерін білетін азаматтарды, әсіресе, қазақтың зиялы азаматтарын мемлекеттік басқару орындарына тағайындауды басшылыққа алды. Оның ұсынуы бойынша, Қостанай уездік комиссары болып бірінші және екінші мемлекеттік Думалардың мүшесі Ахмет Бірімжанов, Торғай уездік комиссары болып Ғұмыр Алмасов, Ырғыз уездік комиссары болып Тобыл округтік сотының мүшесі Ғабдолла Теміров бекітілді. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде белсенділіктің айтарлықтай арта түсуіне облыстық, уездік қазақ комитеттері үлкен әсер етті. Мысалы, 1917 жылдың 10 наурызында - Оралда (төрағасы - Әлібеков); 11-наурызында - Семейде (төрағасы - Р.Мәрсеков); Омбыда (төрағасы - Е.Итбаев); наурыздың аяғында - Верныйда (төрағасы - И.Жайнақов) құрылған және т.б. облыстың қазақ комитеттері "Қазақ" газетінің көмегімен бірден-ақ қазақтардың облыстық съездерін дайындауға кірісті. Олар съездерге дайындалу барысында облыстық қоғамдық және басқа комитеттермен де, Уақытша үкіметтің органдарымен де ынтымақтастық жасады. Мысалы, Ә.Бөкейханов - Торғай облысы бойынша, М.Тынышбаев Жетісу облысы бойынша (эсер А.Шкапскиймен бірге) Уақытша үкіметтің комиссарлары болды. Ал, А.Байтұрсынов, М.Шоқаев, М.Дулатов, Ж.Досмұхамедов, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, А.Бірімжанов, Ә.Кенесарин, Р.Мәрсеков, тағы басқа қазақ зиялыларының өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жұмыс істеді. Осындай байырғы қазақ халқының, әсіресе, ұлт зиялыларының саяси белсенділігі өскен жағдайда 1917 жылдың көктемінде: Торғай (Орынбор қаласы, 2-8 сәуір, 300-ден астам делегат, төрағасы - А.Байтұрсынов), Жетісу (Верный қаласы, 12-13 сәуір, 81 делегат, төрағасы - И.Жайнақов), Орал (Орал қаласы, 19-22 сәуір, 800-ден астам делегат, төрағасы - Ж.Досмұхамедов), Ақмола (Омбы қаласы, 25 сәуір-5 мамыр, 150-ге жуық делегат, төрағасы - А.Тұрлыбаев) қазақ облыстық съездері өткізілді. Бұл съездер ұлт азаттығын, жер мәселесін, діни, мәдени, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да проблемаларды шешу жолындағы күрестегі қазақ қоғамының қалың топтарының стратегиялық міндеттерін белгілеуге ұмтылуымен қатар, олардың осы мақсаттарға жетудегі тактикалық бағыттарын жасау жолында өздерінің одақтастары мен қарсыластарын да ашық көрсетуге тырысты. Облыстық съездердің ішінде Торғай съезі көлемі мен қабылданған шешімдері бойынша айрықша ерекшеленді. Съезд жұмыстарына Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, А.Қалменов, М.Шоқаев, М.Жұмабаев және басқа да сол кезеңдегі жас қазақ ойшылдары шешуші ықпал жасады. Соның арқасында съезд шешімдерінде "Алаш" қозғалысының бағдарламалық талаптары өз көрінісін тапты. Сонымен қатар, байырғы қазақ жұртшылығының түрлі топтарын біріктіріп, олардың аттарын анықтау мен шешу мақсатында Торғай съезі Бүкіл қазақ съезін шақыруға қаулы қабылдап, оны шақыру мен бағдарламалық құжаттарын дайындау үшін ұйымдастыру бюросын сайлады. Оның құрамына Ә.Бөкейханов, М.Дулатов бастаған қазақ ұлт зиялыларының белгілі тобы енеді. Съезд осы жылы мамыр айында Мәскеуде өткізуге тиіс болған Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне делегаттар сайлады.

43.Қазақстан Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарында. 1914жылғы 19 шілдеде (1тамызда) басталды. Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери- өнеркәсіптік әлеуеті төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Соғыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасын құлдырауға әкеп соқты. Ауыл шаруашылығында өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Ол құнарлы жер көп болған, егіншілікпен оны жақсы меңгерген және орыстың қоныс аударушы шаруаларынан тәжірибе алған халық айналысқан аудандарда бәрінен де жақсы дамыды. Соғыс егін шаруашылығына елеулі өзгерістер енгізді. Ең алдымен ауыл шаруашылық бақша дақылдарының егіс көлемі ұлғайды. Мәселен, Қазақстан бойынша күзгі бидайдың егіс көлемі, 1913 жылмен салыстырғанда 1917 жылы 63,5%-ға, жазғы бидай — 8,4%-ға, тары — 22,1 %-ға, картоп — 46,3%-ға қысқарды. Ал бақша дақылдарының егіс көлемі 433,8 мың десятинадан 1115,0 мың десятинаға дейін яғни екі еседен астам көбейді. Өлкенің солтүстік-батыс және батыс облыстары бойынша дәнді дақылдардың өнімділігі 1914 жылдан 1917 жылға дейін әрдесятинадан алынатын 38,7 пұттан 29,8 пұтка дейін төмендеді. Соғыс жылдарын-даш өлке егіншілігі жағдайының сипатты ерекшелігі оның жүргізілуі деңгейінің төмендігі болды. Бұл еңгізілген ауыспалы егіс жүйесінің болмауы-нан, жердің жөне түқымдық материалдардың енделу сапасының төмендігінен көрінді. Егіскелемі мен енім көлемінің қысқаруының негізгі себебі жұмыс күшінің жетіспеуі болатын. Акмола облысының Көкшетау уезінен ғана 1915 жылы армияга ауыл шаруашылығымен айналысып келген, орыс тілді халықтың 39%-ы шақырылды. Қазақстанның басқа аймактарында да нақ осындай керініс байқалды.

Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына өкеп сокты. Оган сан және сапасы жағынан үлкен зардап келтірілді. Үсақ мал көбірек, ал ірі мал азырақ өсіріле бастады. Жылқы өсіру кысқарды, сондықтан олардың саны кеміп кетті. Байырғы халықтың басым көпшілігі тұра-тын жерлерде жылкы, түйе, ірі кара саны кеміді. Мөселен, Ішкі Ордада 1915 жылы жылқы саны 310,8 мың болса, ал 1916 жылы 160,2 мың болды, үлес салмағы женінен жылкы саны 48,5%-ға кеміп кетгі, осы кезең ішінде Ордада ірі караның саны тиісінше 25%-ға кеміді. Маңғыстау уезінде, Сырдария жөне Жетісу облыстарында нақосындай керініс байкалды.

Соғысжылдарында казақтың мал шаруашылығы бірінші кезекте жай-ылымдық алаптарды одан өрі тартып алу салдарынан зардап шекті. Бұл мал санының азаюына өсер етті. Қазақтардан тартып алынған жерлерде капиталистік үлгідегі ірі мал өсіретін шаруашылыктар қүрыла бастады. 1913—1917 жылғадейінказакхалқынан жалпыкөлемі 764,4 мыңдесятина жайылымдық алаптың жылқы-ірі қара жайылатын 190 жайылымы тартып алынды жене жалға алуға дайындалды.

Соғыс жылдарында мал санының қысқаруына ауық-ауық өткізіліп тұратын реквизиция да әсер етті. Патша екіметі соғыс қажеттері үшін жергілікті халықган түйе, жылқы, сиыр жинады. Осы жылдарда Түркістан өлкесінен 300 мыңпұтет,70 мыңжылқы, 13 мың түйе өкетілді. 1914жыл ішінде Жетісудан ғана 34 миллион сомның малы және мал өнімдері тасып әкетілді.

Мал санының қысқаруы еңалдымен казақ халқының армия қажеттері үшін мәжбүрлеу тәртібімен ет беруге міндетті болғандығынан орын алды. Сан миллиондық армияның өсе түскен қажеттерін қанағаттандыру мүмкін емес еді. Өйткені қазақ шаруашылықтарындағы мал саны жылдан-жылға азая берді. Осының салдарынан соғыстапсырыстары көбінесе орындалмай қалатын.

1916 жылғы кетеріліс кезеңінде патшалық өкімет орындары қазақ халқына арнайы контрибуция салды, оның бүкіл ауыртпалығы еңбекші бұқараның мойнына түсті. Көтеріліске қатысқан-қатыспағанына қарамастан олардың мүлкі деп малы тартып алынды. Мәселен, Жетісу облысында қазақтардан мал мен мүліктің тең жартысы алып қойылды. Бұл орайда орыс шаруалары да зардап шекті. Жетісу облысы губернаторының 1916 жылғы есебінде көтеріліс салдарынан мал шаруашылығына да үлкен зиян келтірілді деп көрсетілген. Орыс селолары малының кемінде 90%-ынан айырылды. Көптеген қожалықтар мүдде жұмыс көлігі мен сауын малынсыз қалды. Облыс үшін көшпелі шаруашылыққа да келтірілген зиян едеуір болды. Бұл облыстың қазақ халқы тұратын, мал саны 6 миллионнан астам болған төрт уезінде оның кемуі 30% деп анықталады.

Өлкедегі қоныс аударушы шаруалар мен қазақтар шаруашылықтарының жай-күйі, олардың күш-көлігімен қамтамасыз етілуіне байланысты еді, Қазақ шаруашылықтарында малды реквизициялауға және жылқы малын есепсіз пайдалануға байланысты мал санының қысқаруы село менауылдашаруашылықты қалыпты жүргізу үшін оның жетіспеушілігіне өкеп сокты. Жылқы малы әсіресе солтүстік облыстарда едәуір азайып кетті. Соғыс жылдарында армияны жабдықтау үшін едәуір мөлшерде ет керек болды, мұның өзі мал және ет өнімдері бағасының өсуіне әкеп соқты. Осыған байланысты бұл кезеңде өлкеде неғұрлым арзан ет беретін сала — шошқа шаруашылығы жедел дами бастады.

Реквизициялар бірлігі ру билеушілері мен ірі мал иелеріне соқпай, халықтың кедей және орташа топтарына ауыр салмақ болып түсті, сол арқылы кедей-орташа қожалықтардың қайыршылану үрдісін едәуір тездетті, қазақ шаруаларының тақыр кедей болып қалуы күшейді.

Бірінші дүние жүзілік соғыс басталған соң, Қазақстан өнеркәсібі де соғыс қажеттері үшін жұмыс істеді. Өлкедегі кен өнеркәсібінің маңызды салаларының бірі Успен және Сасық-Қарасу кеніштерінен темір кенін өндіру болды. Бұл кеніштерден 1914 жылы — 246 пұт, ал 1916 жылы — 1551 пұт темір кені өндірілді. Соғыстың үш жылы ішінде темір кенін өндіру 6,3 есе ұлғайды. Салықтардың жоғары, қатынас жолдарының қашык, құрал-жабдықтардың

жетіспеуі салдарынан және басқа себептерден алтын кеніштерінің саны қысқарды және алтын өндіру 30%-дан астам төмендеп кетті. Түсті металдарға деген қажеттердің өсуі және олардың бағасының күрт артуы соғыс жылдарында түсті металлургияның, әсіресе Риддер және Сокольский кеніштерінің дамуына түрткі болды, түсті рудалар өндіру 1913 жылмен салыстырғанда, 1917 жылы 25,3 есе өсті. Ресейде тендесі болмаған Екібастұз қорғасын-мырыш зауыты зор қорғаныс маңызына ие болды, 1916жылдан жұмыс істей бастады, бірақ оның құрылысы соғыстың аяғына дейін толық аяқталмады. 1917 жылдың қаңтарына дейін зауытта 13 пұт мырыш балқытылды. «Қырғыз коғамы» Екібастұз зауытының мырышымен соғыс кезеңінде қорғаныс мұқтаждары үшін жұмыс істеген Қыштым зауыттарын, сондай-ақ өскери ведомствоның Ижорь, Обухов зауыттарын жабдықтап отырды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында мыс рудасын негізінен «Спасск мыс рудалары» акционерлік қоғамы мен «Атбасар мыс кендері» акционерлік қоғамы өндірді. Тұтас алғанда бұл кезенде мыс кенін өндіру жылдан-жылға кеми берді. Мыс кені бірден-бір мыс балқыту зауыты — Спасск зауытында өндірілді. Жер қойнауын жыртқыштыкпен пайдалану «Спасск мыс кені» акционерлік қоғамының Успен кенішіндегі барлық бай кенді (құрамындағы мыс 25%) алып қоюына әкеп соқты. Соғыс жылдарында Сарысу байыгу фаб-рикасы салынды. Ол революцияға дейін құрамында 25-30% мыс бар 128 мың пұт концентрат өндірді.

Спасск кәсіпорындарының отын базасы Қарағанды кен орындары болды. Көмір өндіру Семей, Торғай, Ақмола облыстарында жүргізілді. Соғыс жылдарында Екібастұз көмір кен орындары елеулі рөл атқарды. Ол Екібастұз қорғасын-мырыш зауытын, Ертістегі жекеше пароходствоны, Оралдағы Богословск және Қыштым зауыттарын көмірмен жабдықтап отырды.

Соғыс қарсаңында және соғыс жылдарында шетелдік ірі магааттар Қазақстанның мұнай өнеркәсібінеде еніп алды. 1912жылдан 1917жылға дейін Доссорда 11 мұнай бұрқағы жұмыс істеді. 1914 жылы Орал-Жем ауданы Ресейде мұнай өндіру жөнінен үшінші орын алды. 1914 жылы мұнай өндіру рекордтық мөлшерге жетті, онда кәсіпшіліктер елде өндірілетін бүкіл мұнайдың 3%-ын берді, 1915 жылдан мұнай өндіру құлдырай бастайды. Бұған кәсіпкерлердің барынша пайда табуға тырысып, жаңамұнай аландарын дайындау жөніндегі барлау жұмыстарына салғырттық танытуы себеп болды.

Патша үкіметінің буржуазияны әскери-өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыруға неғұрлым кең көмек көрсетуге тарту мақсатымен Ресей буржуазиясына жеңілдік жасауынатура келді. Бұл әрекеттердің нәтижесі әскери-өнеркәсіп комитеттерін (ӘӨК) ұйымдастыру болды, олар армияны азык-түлікпен және қару-жарақпен жабдықтау ісіндегі буржуазия мен патша өкіметінің органдары ретінде құрылды.

Қазақстанда ӘӨК ұйымдастыру өр түрлі мерзімдерде жүргізілді. Мұны Қазақстанның негізгі әкімшілік аудандарында өнеркәсіп дамуының әр түрлі деңгейімен, бұған отаршылдық өкімшілік басшыларының әр түрлі көзқарасымен, буржуазиялық өнеркәсіптік топтардың ұйымдасқандық және топтасқандық деңгейімен түсіндіруге болады.

Омбы облыстық әскери-өнеркәсіп комитетінің отырысында Семей және Петропавл әскери-өнеркәсіп комитеттерін ұйымдастыру және оның құрылымы бекітілді.

1915 жылғы 4 қазанда Ташкентте Қалалық Дума залында Түркістан генерал-губернаторлығы әскери-өнеркәсіп комитеттері өкілдерінің отырысы болды. Съезге сол кезде ұйымдастырылған жергілікті әскери-өнеркәсіп комитеттерінің 59 өкілі, соның ішінде Перовск және Верный әскери-өнеркәсіп комитеттерінен 1 өкілден қатысты.

1915 жылғы қыркүйектің ортасында 80 адамнан тұратын Жетісу әскери өнеркәсіп комитеті құрылды.

1915 жылдың аяғына карай Қазақстанның барлық облыс орталықтарында және уездік әкімшілік орталықтарының көпшілігінде ӘӨК (әскери-өнеркәсіп комитеті) құрылды.

Қазақстандағы ӘӨК құрамына қарағанда, оларда көбінесе буржуазияның өкілдері болды, облыстық ӘӨК комитеттерінде армия, жабдықтау және интенданттық сұраныс керек-жарағымен, кәсіпорындарды жұмыс күшімен және отынмен, медициналық қызмет көрсетумен айналысуға тиісті 5—7 бөлім болды.

Әскери-өнеркесіп комитеттерінің әлеуметтік базасын кеңейту үшін олардың құрамында жұмыс топтары құрыла бастады. Қазақстан буржуазиясы да әскери-өнеркәсіп комитеттерінің жанынан жұмыс топтарын құруды тездетуге ұмтылды. Бұл жұмысты бәрінен бұрын Омбы кәсіпкерлері мен саудагерлері өрістетті.

Бірақ ӘӨК қызметі патша үкіметінің үміттерін ақтамады. 1916 жылы 280 миллион сом сомасында белгіленген әскери тапсырыстардың 10%-ынан аспайтын мөлшері ғана мерзімінде орындалды. Алайда майданда жеңіске жету үшін экономиканы, әсіресе әскери экономиканы жоспарлы реттеу қажет болатын, бірақ бұл міндетке Ресейдің жас буржуазиясының шамасы келмейтін болып шықты. Соның, сондай-ақ басқа да себептердің салдарынан шаруашылық апаты жақындап қалды.

Өндеуші өнеркәсіп соғыс мұқтаждарына, ет-сүт өнімдерін, былғары тауарлар және басқа да тұтыну заттарын беріп отырды. Әсіресе былғары тауарларың өндіру өсті, бұл кезенде өлкеде 139 былғары кәсіпорны жұмыс істеді. Олар негізінен Семей және Ақмола облыстарында орналасты және бүкіл ауыл шаруашылық өнімінің 64,3%-ын өндеді. Шынына келгенде, былғары, тері және ішек-қарын өндірісінің майдагерлік кәсіпорындары одан әрі ұқсату үшін Ресейдің ірі өнеркөсіп орталықтары — Пермь, Вятка, Рига қалаларына онім жеткізіп берді. Соғыс жылдарында интенданттық армия тарапынан былғары аяқ киімге және тері тондарға сұраным ерекше өсті.

Соғыс жылдарында жүн өніміне сұраным ұлғайды. Өлкедегі шұға өндірерін тұңғыш Қарғалы фабрикасы әскери тапсырыс орындап, шинельге арналған сұрғылт армия шұғасын дайындай бастады. Соғыс жылдары ішінде фабрика 894,4 мың шаршыметр шұғадайындады.

Соғыс армияны консервіленген ет өнімімен тұрақты жабдықтауды қажет етті. Бұл жылдарда Петропавлда ет-консерв комбинаты, Оралда армия интенданттығының тапсырыстары бойынша жұмыс істеген мал соятын орын салынды. Бірақ өндеуші өнеркәсіптің көпшіл іс бөлігінің қуаты аз, өндіріс техникасы қарапайым болатын, Мұнда ірі өнеркәсіп орындарын салуға үкімет те, ірі өнеркәсіпшілерде мүдделі болмады.

Соғыс жылдарында мал шаруашылығы өнімдерін алғашқы техникалық өңдеу одан әрі қысқарып, егіншілік өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркәсіп біршама тез өсті. Ақмола және Семей облыстарында ұн-жарма өнеркәсібінің едәуір ірі кәсіпорындары пайда болды. Қазақстанда ұн-жарма өнеркәсібі дүниежүзілік соғыс жылдарында саны жағынан көбейіп, оның өнімділігі едәуір артты. Сібір мен Қазақстан соғыс жылдарында армия мен империяның халқына астықты және астық өнімдерін негізгі жеткізіп берушілер болды.

Өлкеге дайын өнім, киім-кешек пен аяқ киім өкелудің қысқаруына байланысты соғыс жылдарында осы қажетті бұйымдарды тігетін шеберлердің саны көбейді. Мәселен, 1916 жылы Верный қаласында 140 адам жұмыс істеген едәуір ірі етік шеберханасы жұмыс істеді. Бір жыл ішінде шеберхана 5404 пар аяқ киім тігіп шығарды, оның 54%-ы әскери ведомствоға, қалғаны халыққа арналды.

Кәсіпшіліктерден ең көп таралғандары балық аулау, түз өндіру және тасымалдау кәсіпшіліктері болды. Еділ-Каспий бассейніндегі дамып келе жатқан балық кәсіпшіліктеріне байланысты Қазақстанда тұз өндіру ұлғайды. Соғыс жылдарында тұз өндірудің ұлғаюына қарамастан, кәсіпшіліктердегі жұмысшылар саны олардың тыл жұмыстарына алынуына байланысты кеміп кетті.

Өлкенің дамуын қатынас жолдарының дамымағандығы тежеді. Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ өлкедегі көліктін, жай-күйі туралы мәселе өткір қойылды. Соғыс Қазақстан аумағында жатқан Оралдың әскери зауыттарын қорғасын-мырыш концентраттарымен, көмірмен және басқада пайдалы қазбалармен жабдықтаған, армияны және Ресейдің көптеген губернияларының халқын мал өнімдерімен және астықпен қамтамасыз ететін темір жолдардың стратегиялық маңызын бірінші қатарға шығарды. Көлік жүйесі жұмысының бұзылуы Ресей империясы экономикалық дағдарысының негізгі себебі болды.

Ол 1915 жылдыңаяғында-ақ империяның жекелеген аймақтары арасындағы шаруашылық байланыстарының үзілуіне әкеп соқты және ең қажетті заттар бағасының үздіксіз өсуіне, алыпсатарлықтың және еңбекшілер бұқарасын қанаудың қаулап етек алуына себепші болды.

Соғыс жылдарында патша үкіметі қазақтардан жерді тартып алуды жалғастырды. Бір ғана Жетісу облысында 1914 жылға қарай 2 703 226 десятина шұрай-лы жертартып алыңды. 1917 жылға қарай Семей, Орал, Торғай, Ақмола облыстарында және Бөкей ордасыңда қазақтардан 40,638 миллион десятина жер татып алынды. Ауылдың ең кедей бөлігі бұрынғысынан да гөрі зор қайыршылыққа түсіп, біржола күйзелді. Малынан, жерінен айырылып, құлақтар мен байларға батырақ болған немесе өнеркәсіп орындарына, кеніштерге, кен орындарына күнкөріс іздеп кеткен казақтар саны барған сайын көбейе түсті. 1917 жылға қарай Семей облысында ғана 17 мыңға жуық батырақ қазақтар тіркелген.

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қазақтар арасында да таптық жіктеліс байқалды. Бұл кезенде қазақтардың үстем тобы қазақ әскерлеріне жаңа жерлер берілуі есебінен күрт байып алды. Мәселен, 1914 жылы Жетісу облысында 687 мың 803 десятина жер иеленген 34 станица болған еді. 1915 ясылы әскерге тағы да450—500 мың десятина жер кесіп беруге ұйғарылды және Жетісу қазақ әскері үлесті жерінің жалпы көлемі шамамен 1200 мың десятинадай болды. Бұл жерлердің үлкен белігі қазақ генералдары мен офицерлерінің отбасыларына тиесілі болды. Ал қатардағы қазақ отбасыларының өмірі де жеңіл болған жоқ.

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қоныс аударушылар деревнясында датаптық саралану байқалды. Бір жағынан «дворяндық учаскелерге»тандаулы жерлердің берілуі, олардың жер көлемінің ұлғайтылуы есебінен кулактардың мықтап баюы жүріп жатты. Мысалы, 1914 жылы Жетісуда дворян Воликовскийге және құрметті азамат Яковлевке 3 797 десятина жер жалға берілді. Торғай облысында ата тегінен дворян Пржелисковскийге ірі учаске бөлінді. Сырдария облысында шаруа-кулак Лопаткинге 1 252 десятина жер мелшеріңце жердің мал өсірілетін учаскесі жалға берілді. Қазақ әскеріне жер бөліп беру де ұлғайды.

Соғыс жылдарында кедейлер мен орташалардың жағдайы нашарлады. Запастағы шен иелері отбасыларының жағдайы өте ауыр еді, олар не кулактар шаруашылығында батырактар болуға немесе табыс табу үшін өнеркәсіп орталықтарына кетуге мәжбүр болды. Қазақстандағы қоныс аударушылар арасындағы мүліктік саралану дәрежесін және олардың жаппай қайыршылануын қоныс аударушылар деревнясындағы орыстар арасынан шыққан жалдама ауыл шаруашылық жұмысшыларының өсуі туралы деректер дәлелдейді. Мысалы 1915 жылы Сырдария облысында ауыл шаруашылық жұмысшыларының 34%-ы ең кедей орыс шаруаларынан тұрды. Қайыршылық, ашаршылык, эпидемия —соғыс жылдарында қоныс аударушылар бастан кешкен жағдай міне осындай. Салықтар мен алымдар төлеуден жекелеген селолар ғана емес, сонымен қатар уездер де бас тартқан жағдайлар болған. Мәселен, Акмола облысының губернаторы өзінің баяндама хатында дала генерал-губернаторына Көкшетау уезі шаруаларының салықтөлеуден жаппай бастартқаны туралы хабарлаған. Еңбекші бұқараның мұқтаждары мен күйзелісі күн өткен сайын өсе түсті.

Өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың, қалалардағы еңбекшілердің жағдайы күрт нашарлады. Орыс және шетел капиталистері пайда мен үстем пайданы бұрынғысынан да көбейту үшін соғысты пайдаланып қалуға тырысты. Кәсіпорындарда жас балалардың жасөспірімдердің, әйелдермен соғыс тұтқындарының еңбегі кеңінен қолданылды. Соғыс жылдарында жұмысшылардың еңбек және тұрмыс жағдайлары нашарлады. Фабрика-зауыт инспекциясы болмады, төулігіне 10— 12, ал кейде 16 сағаттан да жұмыс істеген жұмысшыларды қорғайтын, кәсіпкерлердің қызметін, заңдардың орындалуын қадағалайтын ешкандай бақылау болған жоқ. Жұмысшылардың нақты жалақысы үнемі төмендей берді. Мәселен, Спасск зауытында 1914жылы күндік жұмыс үшін — 1сом 04 тиын, 1915 жылы — 94тиын, 1916жылы — 91 тиын төленді, Сарысу зауытында осы жылдар ішіндегі жалақы 1 сом 22 тиын, 1 сом 02 тиын және 94тиын болды. Басқа зауыттарда да жалақы төмендеді. Ал ең қажетті заттар мен өнімдер бағасы күртесті. Мәселен, Спасск акционерлік қоғамының поселкелерінде тамақ өнімдерінің бағасы соғыстың бас кезіңдегіге қарағанда 1916 жылы дәуір қымбаттады, 1 пүтет 1914жылы —3 сом,ал 1916жылы — сом тұрды (2 есе көбейген), ұнның бағасы әр пұты үшін 60 тиыннан 1 сом 30 тиынға дейінгі кетерілді. Сіріңке 1 тиыннан 4 тиынға дейін, сабын 10 тиыннан 30 тиынға дейін көтерілді. Семей облысынын алтын кеніштеріңде өнімнің бағасы ерекше жоғары болды. 1916 жылдың каңтарынан қазанына дейін ғана бір бөлке нанның құны 7 тиыннан 15 тиынға дейін, ұн (пұт) - 1 сом 50тиыннан 4

сом 20 тиынға дейін, ет — 2 сом 50тиыннан, 6 сомға дейін қымбаттады. Әсіресе Ресейден әкелінген өнеркәсіп тауарлары қымбат тұрды: қант — 8 сомнан 20 сомғадейін, киім-кешек — 200—300%-ға, аяқкиім — 300—400%-ға кымбаттады. Кәсіпорындардағы ауыр еңбек жағдайларына байланысты аурудың мендеуі мен жарақаттану етек алды, медициналық қызмет көрсетілмеді деуге болады.

Соғыс кезеңінде Қазақстанда әкімшілік-полициялық езгі жыл өткен сайын күшейтілді. 1916жылғы 9 қыркүйекте Министрлер кеңесі Сібір мен Дала және Түркістан өлкелерінің облыстарында полициялық күзет енгізу туралы мәселе қарады. Уезд бастықтары мен учаскелік приставтардың «бұратаналарды» болмашы теріс қылықтары үшін «Түркістан өлкесін басқару туралы ереженің» 64-бабында көзделген жаза қолдануға құқығы болды. Заңдарда уездік полицияға қоғамдық «өзін-өзі басқару орындарынан» іріктеп алынған адамдар тарапынан көмек берілді, олардың өздері де тәртіпті қорғау жөніндегі алғашқы шаралар қолданатын еді. Петропавл, Семей, Верный, Орал қалаларында қалалық полиция басқкармалары құрылды. Орынбор, Орал, Семей қалаларында бастығымен бірге 8 адамнан тұратын селолық белімшелер ұйымдас-тырылды." Полиция билігінетергеу ісін жүргізу үшін кең өкілеттіктер берілді. Қазақстанда әскери дала соттарының желісі ұлғайтылды. Жергілікті қазақ бөлімдерінен әскери-жазалау күштері ұйымдастырылды.

Селолар, қалалар мен ауылдар еңбекшілері жағдайының нашарлауы 1914 жылдың өзінде-ақ Қарағанды, Екібастұз шахталарында, Орынбор, Ташкент және Транссібір темір жолдары темір жолшылары арасында бас көтерулер мен ереуілдерге алып келді. Сонымен бірге қалалар мен селоларда еңбекшілердің қымбатшылықка, салықтар мен міндеткерліктерге қарсы бой көрсетулері болып өтті. Тап күресінің әртүрлі нысандары: қашып кету, наразылықтар, катаң талап қоюлар, бас көтерулер, экономиқалық сипаттағы ереуілдер орын алды. Сонымен бірге қоныс аударушылар деревнясының дәулетті топтары мен қазақ шаруалары арасындағы күрес күшейеді.

Соғыс жылдарында Қазақстанда халық бой көрсетулерінің кең таралған нысаны «әйелдер бүліктері» дейтіндер болды, оларды өкімет орындары үкіметке қарсы бой көрсету деп қарады. Жетісу облысының әскери губернаторы Фольбаум өзінің Түркістан генерал –губернаторына телеграммасында былайдеп жазған: «...Лепсі уезінің Андреев, Осинов және Николаев селоларындағы, Верный уезінің Михайлов селосындағы қақтығыстар мануфактуралық тауарлардың қымбатшылығы негізінде болды. Көпшілігі мұсылман саудагерлерден зардап шеккендер, әскери қызметтен босатылған олардың айуандығы тобырды ерекше ызаландырды».

Шаруалар көтерілістері Казақстанның солтүстік аудандарын да қамтыды. Мөселен, 1916 жылғы 21 наурызда Торғай облысы Ақтөбе уезінің Ақбұлақ редосында 30 адам болатын солдат әйелдерініңтобыры көпестер Незванов-тың, Прияткиннің дүкендерін қиратты. 1916 жылғы 23 наурызда Сазды поселқесінде нақ осындай тәртіпсіздік туды. Тәртіпсіздіктердің себебі экономикалық және өлеуметгік жайсыздықтар деп саналды.

Халық бұкарасы бой көрсетулерінің толқыны Қазақстанның басқа облы-старына да жайылды. Солдат өйелдерінің ең ірі бой көрсетулері Семейде бо-лып, оньі таяудағы Семенов, Грачев, Маловладимировск, Большевладимировск, Георгиевск селоларының, Долинская станицасыныңтүрғындары қолдады. Бұл селолардьщ бәрівде көпестердің дүкендері қиратылды.

44 1917 жылғы екі революция кезеңіндегі Қазақстан 1917 жылғы ақпанда патша өкіметін құлату Ресей мен оның ұлттық шет аймақтарындағы саяси күштердің орналасуын түбірімен өзгертті. Ақпан революциясының нәтижесінде қосөкімет қалыптасты, бір жағында буржуазия мен буржуазияланған помещиктердің Уақытша үкіметі пайда болса, екінші жағында жұмысшы және солдат депутаттарының мүддесін көздейтін Кеңестер құрылды. Қосөкіметтің мәні мынадай болды: нақты билікке ие Уақытша үкіметтің күшті әлеуметтік базасы болмады, ал Кеңестер әлеуметтік күшке ие бола тұрып, нақты билікке қол жеткізе алмады. Соңғысының үміті — әлеуметтік жағынан төменгілердің тікелей қолдауына сүйене отырып, билікті революция арқылы басып алу еді. Ресей мен Қазақстанның саяси өмірінде соңғы үрдіс басымдыққа ие болды. Мемлекеттік Думаның Уақытша комитетінің құрылуы, ол комитет арқылы Уақытша үкіметтің дүниеге келуі, жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің құрылуы туралы хабар (негізінен жеделхат түрінде), Уақытша үкімет пен Петроград Кеңесі Президиумының халыққа жолдауы Қазақстанға 1917 жылы наурыздың 2-3-інде келіп жетті. Уақытша үкімет те, Петроград Кеңесі де алғашқы кезде бір-бірін жарыса толықтырумен болды. Мұның өзінше қисынды жағы бар еді. Уақытша үкімет қажетті заңды өкілеттіктері бар жоғарғы мемлекеттік жалпыхалықтық сайланған органның еркін білдіретін таза қызметтік аппарат ретінде әрекет етті. Мұндай жағдай жергілікті жерлерде, шет аймакқтарда әлі де билікке ие, жазалаушылық қабілетінен айырыла қоймаған көне (патшалық) бюрократиялық басқарудың қарсылығын бірден басты.Петроград Кеңесінің Президиумы өз кезегінде халықтың қажетті қолдауына ие болды, губерниялар мен уездерге тікелей халықтық үкімет - Кеңестерді құруға шақырған жедел хаттар жіберді. Мұндай әрекет революцияның жеңісін бекіте түсу үшін қажет болды, өйткені бұл ақпан жеңісін сақтап қалуға және буржуазияның барлық биліктерін шектеуге белгілі мөлшерде жағдай туғызатын еді.Петроградтан тараған нұсқаулар жер-жерде, оның ішінде Қазақстанда да қозғалыстың ерістеуіне себепші болды. Бір жағында буржуазиядық элементтер әрекет етсе, екінші жағында революциялық-демократиялық күштер қимыл жасады. Олар соған сәйкес Уақытша үкіметтің жергілікті құрылымдарын атқарушы (азаматтық) комитеттер мен революциялық билік органдары — Кеңестер құрады. Орталықтағы сияқты жергілікті жерлерде де Кеңес қайраткерлерінің атқару комитетінің құрамына немесе керісінше атқару комитетіндегілердің Кеңес құрамына кірген фактілері жиі кездесіп отырды. Лениннің бағалауы бойынша мұндай «екі диктатураның ғажайып жымдасуының [1]. өзіндік себептері болуымен қатар, ізінше шиеленісті жайтқа түрткі болды, себебі саяси селбесушілердің ел мен Қазақстанды дамыту болашағы туралы түсініктері барынша алшақ еді. Атқару комитеттерін құру да, Кеңестерді құру ісі де өте тез жүрді, алайда атқару комитеттері істі тезірек ұйымдастырып отырды, себебі олар қалалық ұйымдардың жергілікті өзін-өзі басқару активтеріне (қалалық думаларға), әскери-кәсіпорын комитеттеріне арқа сүйеді.Сөйтіп 4 наурыздың кешінде Петропавлдағы қалалық думаның мәжілісінде қоғамдық қауіпсіздік коалиниялық комитеті [2]. құрылып, ол атқару комитетінің қызметімен айналыса бастады. Оның құрамына конституциялық-демократиялық партияның жергілікті ұйымдарының мүшелері (кадеттер), ірі саудагерлер мен өндіріс иелері А. Черемисов, Казанцев, Мазов, Нагаткиндер кірді. Семей «қоғамдық ұйымдарының облыстық атқару комитеті мен әскерді» К.П. Ляшкеевич басқарды, қалған 34 қызмет орнының 16-сы кәсіпорын иелері мен саудагерлерге, 8-і офицерлерге, 7-еуі ауқатты шаруаларға, жұмысшыларға, солдаттар мен қызметшілерге тиді.. Павлодар уезі Ертіс қаласының атқару комитеті 8 наурызда, 12 адамнан: 2 қызметкер, 1 саудагер, 1 жұмысшы, 8 ауқатты шаруадан құрылды. [4]. Басында қызметкер М. Романовский отырған, хатшылықты хорунжий Домашнев атқарған Орал Атқару комитетінің құрамы да шамамен осыған ұқсас болды.

1917 жылғы 9 наурызда «Семей облыстық атқару комитетінің бюллетені», уездік атқару комитеттері — Зайсанда, Павлодарда, Көкпектіде Уақытша үкіметтін жергілікті ұйымдары ұйымдастырылғаны туралы хабарлады. Жекелеген қалаларда (Орал, Верный, Ақмола, Семей, Әулиеата) алғашқы қырғыз (қазақ) және мұсылман комитеттері құрылды. Оларды ұйымдастырудың бастамашылары Ә.Н. Бокейханов бастаған қазақ интеллигенциясының либералдық-демократиялық көсемдерімен тығыз байланыста болды. Ақпан революциясы жеңісінің хабары жеткен бойда тыл жұмысшыларының тағдырын шешу үшін қазақ жұртшылығы жіберген, бұл кезде Минскіде тұрған 15 адам Қазақстандағы өз жақтастарына үндеу хат жіберді. Бұл үндеуге Ә. Бокейханов, М. Дулатов, М. Есболов, Н. Тореқұлов, Т. Жаманмұрынов және басқалар [5]. қол койып, оны М.Тынышбаев (Черняев к.), А. Тұрлыбаев (Омбы қ.), А. Сәтбаев (Павлодар к.), Р. Мәрсеков пен Т. Ибрагимов (Семей к.), С. Жылкайдаров (Атбасар қ.), X. Досмұхамедов (Ойыл қ.), Т. Шонанов (Ырғыз қ.), К. Қожықов (Әндіжан к.), ағайынды Тұрысбековтер (Қапал қ.), Б. Каралдин, О. Алмасов (Торғай қ.) және басқалардың аттарына (барлығы 25 мекенжай бойынша) жіберілген болатын. Бұл үндеуде былай деп жазылды: «Қазақтарға, жанарған Ресейдің еркін азаматтарына!Ресейдің барлық халықтары үшін еркіндіктің, теңдік пен туысқандықтың таңы атты. Жаңа құрылыс пен жаңа үкіметке қолдау көрсету үшін қазақтар ұйымдасуы қажет. Жаңа құрылысты қолдайтын барлық ұлттар тығыз байланыста жұмыс істеуі керек. Қазақтар Құрылтай жиналысына дайындалуға және оған лайықты кандидаттар таңдауға тиіс. Сіздерді бұрынғы қазақішілік дау-дамайды, отбасы, ошақ қасылық ұрыс-керісті тастауға, халықты бірігу мен әділдіктің ұранын көтеруге шақырамыз!Жер мәселесін тездетіп талқыға салыңыздар. Біздің ұранымыз - «демократиялы республика», жер одан өнім өндіретін малшылар мен егіншілерге тиесілі. Құдайдан басқа ештеңеден де қорықпаңыздар! Әділдікпен қимыл жасаңдар, жаңа үкіметті қолдаңдар. Азық-түлікпен майдандағы біздің жұмысшылар мәселесі бойынша өкілетті министрлікке қолдау көрсетіндер. Халықтың пікірін жария етіп отырыңдар...». [6].

Үндеу қызметтің негізгі үш бағыты бойынша арнайы мақсат қойғанын аңдау қиын емес. Олар:

1.саясаттағы басты орын жалпыресейлік мәселелерді және бірінші кезекте билік пен елдің болашақ құрылысы туралы мәселені қамтуға тиіс (жаңа үкіметке қолдау көрсету, ұран - «демократиялық республика»);

2.отырықшылар мен көшпелі елдің мүдделерін есепке ала отырып, жер мәселесі кешенін тездетіп күн тәртібіне қою қажет;

3.құрылтай жиналысының сайлауына, халықты бір тудың астына топтасуға, бұрынғы бағыныштылық пен қараңғылықты жоюға мыктап әзірлену талап етіледі («Ешкімнен қорықпаңыздар...»).

Жергілікті жерлерде қазақ және мұсылман халықтары комитеттерінің жүйесін құру мәселесі бойынша едәуір белсенді жұмыстар жүргізілді. Наурыз бен сәуірдің бірінші жартысы аралығында бұл комитеттер іс жүзінде бүкіл Қазақстан аумағын қамтыды және съездер өткізіп, онда жоғарыда аталған 15 қазақ қайраткерлерінің үндеуіне түсінік беретін құжаттар қаралды.Қазақ комитеттері Уақытша үкіметке халықтың өзекті жалпы ұлттық мүдделерін ұсынуға және оларды табандылықпен қорғауға тырысатын демократиялық бағыттағы қоғамдық ұйымдар екенін көрсетті. Үндеу авторларының бір бөлігі Мемлекеттік Думаның мүшесі И.А. Ахтямовтың шақыруымен Петроградқа мұсылмандар кеңесіне келді. Оған Қазақстаннан Н. Құрбанғалиев, Ә.Н. Бөкейханов, А. Кенжин, Ж. Сейдалин, М. Дулатов және М. Боштаевтар қатысты. Пікір алысудан кейін мұсылман ұйымын үйлестіретін орталық мұсылман бюросын құру және Бүкілресейлік мұсылмандар съезін шақыру қажет деп тапты.Кеңеске қатысушылардың басым көпшілігі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін бірден туған өлкелеріне жүріп кетті. Ә. Н. Бөкейханов конституциялық-демократиялық партияның VII съезінің (25-28 наурыз, 1917 жыл) делегаты ретінде Петроградта аялдап қалды. Бұл партияның саяси бағыты Уақытша үкіметті толығымен қолдауды, «жауды толық және түпкілікті жеңіп шыққанша соғысты жалғастыра беруді», Құрылтай жиналысының тұғырнамасында аграрлық және Ұлттық мәселелерді шешуді анықтап берді.

45 Алаш автономиясы (1917—1920) — 20 ғ. басында қазіргі Қазақстан Республикасы жерін мекендеген қазақ-қырғыз республикалық мемлекеті.[1] Алаш автономиясы — 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық-терр. мемлекеттігі. Съезд қазақ автономиясы мәселесі бойынша Халел Ғаббасовтың баяндамасын талқылап, төмендегідей қаулы қабылдады: “Автономия туралы Халелдің баяндамасын тексеріп, қазанның аяғында Уақытша үкімет түскенін, Руссия мемлекетінде халыққа сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын ... және бұл бүлікшілік біздің қазақ-қырғыздың басына келуін мүмкін деп ойлап ... съезд бір ауыздан қаулы қылады:

•Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы және Амудария бөліміндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы және Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі — халқы қазақ-қырғыз, халі, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға;

•Қазақ-қырғыз автономиясының жер үстіндегі түгі-суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын;

... Қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бәрі бүкіл мекемелерде санына қарай орын алады ...

Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлттық Кеңес құрылсын. Мұның аты “Алашорда” болсын. Алашорданың ағзасы 25 болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Алашорданың уақытша тұратын орны — Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қырғыз-қазақ халқының билігін өз қолына алады (“Сарыарқа” газеті. Семей. 1918, 25 қараша). Съезд Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) Ұлт кеңесінің құрамын сайлады. Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. 2-жалпықазақ съезі милиция жасақтарын құру мәселесін жан-жақты талдап, оның Алаш автономиясына кіретін әрбір облыс пен уездегі санын анықтап, оларды соғыс өнеріне үйрету мен қажетті қару және киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдарын айқындады. Милицияға қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрі Алашорданың ұлттық қорының есебінен алынатын болды. Милицияны құру мақсатын съезд былай деп анықтады: “ ... осы күнде мемл. ішінде бассыздық, талан-тараж, қырылыс-талас болып жатқанын ескеріп, қырғыз-қазақты мұндай бүліншіліктен қорғау үшін ... ешбір тоқтаусыз милиция түзеуге кірісуі тиіс ...” (“Сарыарқа”. 1918, 25 қаңтар, 29). Сонымен, съезд Алаш автономиясын құру қажеттігін бір ауыздан қолдады. Алаш автономиясының бастау көздерінде тұрған, 2-жалпықазақ съезінің делегаты Әлімхан Ермеков бұл туралы былай деп тебірене жазды: “... желтоқсанның 12-і күні, түс ауа, сағат 3-те Алаш автономиясы дүниеге келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына Ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қонып, шашылып жүрген қырғыз-қазақ жұрты өз алдына ауыл болды. (“Сары арқа”, 1918, 22 қаңтар).

Ұлттық-терр. қазақ автоном. мемлекетін құруда съезд делегаттары бірауыздылық танытқанымен, оны (автономияны) ресми түрде жариялау мәселесінде алауыздыққа жол берді. Бұл жағдай мемл. құрылым ретінде жаңадан қалыптаса бастаған автономия үшін қатерлі еді, өйткені автономияны ресми түрде жарияламайынша, оған қазақ халқын, өлкені мекендеген басқа халықтарды сендіру, Алашорда үкіметін мойындату қиын еді. Бүкілқазақтық 2-съезде автономияны жариялау мерзімі жөнінде қызу айтыстар болды. Бұл айтыстардың негізінде қазақ автономиясын жариялауға байланысты өлкені мекендеген қазақ емес халықтардың (ең алдымен орыстардың) пікірін білу және жариялауға тиісті автономияға Түркістан өлкесін мекендеген оңт. қазақтарының қосылу-қосылмау мәселесін нақтылы шешу қажеттігі жатты. Бұл мәселеде бір-біріне қарама-қайшы екі бағыт қалыптасты. Бір бағытты Ә.Бөкейханов басқарды. Оны жақтаушылар съезде өкілдері болмаған Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кідірте тұру қажет деді. Ж.Досмұхамедов бастаған Орал обл. мен Бөкей Ордасының өкілдері автономияны дереу жариялауды қажет деп санады. Дегенмен ұлттық, жалпыхалықтық мүддені жеке бастарының саяси ұпай жинауынан жоғары қойған Ә.Бөкейханов пен Ж.Досмұхамедовтың жақтастары Алаш автономиясын жариялау мерзімі туралы ортақ, ымыралы келісімге келді. Екі жақтың көзқарастарын жақындатуға алғашында бүкіл қазақ жерін Түркістан (“Қоқан”) автономиясының құрамына енуін жақтаған, ал соңынан бұл пікірінен бас тартқан Мұстафа Шоқай оңды рөл атқарды. Съезд қабылдаған ымыралы қаулының негізгі баптары мыналар еді:

1.Бір айдың ішінде Алашорда Түркістан қазағын бүкіл Алашқа қосып алады, қосып алса-алмаса да бір айдан кейін халыққа білдіреді...

2.Егер бір айдан кейін Алаш баласы (қазақтар - К.Н.) қосылмаса һәм қалған Алашқа иғлан (жария - К.Н.) етілмесе, әркім өз күнін өзі көреді.

3.Егер Түркістан қазағы бір айда бізге қосылса, автономияны қашан иғлан ету ықтияры Алашордаға берілсін.

2-бүкілқазақ съезі Түркістан өлкесін мекендеген қазақтардың Алаш автономиясына қосылу немесе қосылмау мәселесін талқылау үшін Сырдария обл. қазақтарының съезін шақыруды қажет деп тапты және оған өз өкілдері ретінде Бақыткерей Құлмановты, Міржақып Дулатовты және Тұрағұл Құнанбаевты жіберуге ұйғарды. Осы мәселеге байланысты Ә.Бөкейханов пен М.Шоқай біріккен мәлімдемеге қол қойды. Мәлімдеме “Қазақ” газетінің 1917 жылғы желтоқсанның 18-індегі 255-і санында жарияланды.

Большевиктер партиясы мен Кеңес үкіметі ұлттық-мемл. құрылыс мәселелерін шешудің негізіне таптық жіктелу принциптерін алса, Алаш көсемдері бұған керісінше ұлттық бірлік, терр. тұтастық принциптерін таңдады. Ә.Бөкейханов 2-жалпықазақ съезінің қазақтың автономиялы ұлттық-терр. мемлекетін құру туралы шешіміне саяси баға бере келіп кейінірек (1919 жылғы 11-і ақпан) былай деп мәлімдеді: “съездің бұл шешімдері қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына жол бермеу мүдделерінен туындады ... Сол кезде Россияда орын алған жағдайда қазақтардың жариялаған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы — большевизммен күрес тұрды”. Азамат соғысы жылдарында большевиктер басқарған Кеңес үкіметіне қарсы күресте Алашорда үкіметі жеңіліс тапты. Нәтижесінде жеңіске жеткен Кеңес үкіметі Алаш автономиясын және оның үкіметі Алашорданы тарих сахнасынан күштеп кетірді1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпы қазақ сиезі өтті. Сиезде Алашорда үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды. Осы сиезде Алаш автономиясы жарияланды. Ә.Бөкейхан бастаған топ Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кейінге қалдыра тұруды қажет деп тапты. Ал Х.Досмұхамедұлы бастаған топ автономияны дереу жариялау керек деп санады. Соңында екі жақ ортақ келісімге келді. Нәтижесінде Түркістан қазағын қосып алып, автономия жариялауға 1 ай мерзім берілді. Бір ай ішінде қосылу ісі жүрмесе де автономия жарияланатын болып шешілді. Осы үшін 1918 жылы 5 қаңтарда шақырылған Сырдария съезіне «бірігу мәселесін қозғау үшін» Б.Құлманов, М.Дулатов, Т.Құнанбайұлы арнайы жіберілді. Бүл жиында табиғи талас-тартыстан кейін Түркістанның оқығандары қосылуға ықылас танытса керек. Әйтсе де көзделген бір айда қосылу жайы сол күйінде өзгеріссіз қалды. Түркістан автономиясы да амалсыз жұмысын тоқтатты. Қазақ қайраткерлері автономия жариялау үшін қайта жиналған жоқ. II съездің қаулысы күшінде қалып, енді ресми қағаздарда «Алаш автономиясы» деп жазылатын болды. Тіпті осындай мөр табаны да мұрағаттардағы құжаттарда сақталып қалған Түркістан автономиясы, Қоқан автономиясы, Түркістан мухторияти – 1917 ж. 28 қарашада Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік құрылым. Өлкедегі барлық билікті өз қолына алуға ұмтылған Ташкенттегі Түркістан Халық комиссарлары кеңесіне балама түрде Қоқан қ-нда Түркістан өлкесі мұсылмандарының төртінші съезі шешіміне орай құрылды. Осы съезде оның Уақытша үкіметі мен заң шығарушы органы – Түркістан ұлттық кеңесінің құрамы сайланды. Т. а. Уақытша үкіметінің төрағасы (премьер-министрі) болып М.Тынышбаев сайланғанымен, көп ұзамай оның бұл қызметтен бас тартуына байланысты төрағалыққа Мұстафа Шоқай тағайындалды. 1 желтоқсан күні Т. а-ның Уақытша үкіметі өлке халқына арнап үндеу жариялады. Онда халықты Т. а-на қолдау көрсетуге шақыра отырып “Бұғаудан босаған түркістандықтардың өз жерінің толық қожайындары ретінде өз тарихын өздері жасайтын сәт туды. Біз алдымызда тұрған міндеттердің ауқымды екендігін, біздің ісіміздің дұрыстығын сезініп, Алланың ризашылығымен өз жұмысымызға кірістік” – делінді. Қоқан қ-нда мұсылмандардың Т. а-н қолдаған манифестациясы болды. Мыңнан астам адамның қатысуымен өткен бұл манифестацияда халық Ақпан революциясы ала келген бостандық негіздерін қор-ғауға және Т. а-на қолдау көрсетуге ант берді. Мұның артынша Наманганда Т. а. Уақытша үкіметіне қолдау көрсетуге арналған митинг өтті. Наманган көшелеріне лық толған адамдар “Жасасын Түркістан автономиясы мен оның үкіметі” деген плакаттар алып жүрді. 6 желтоқсан күні Ташкентте “Шуро-и-ислам” ұйымының ұйымдастыруымен Т. а-на қолдау көрсетуге арналған 60 мыңнан астам адам қатысқан митинг болды. Социал революционерлер (эсерлер) Қоқан қ-нда өлкелік съезін өткізіп, Т. а-н қолдайтындықтарын, оның үкіметімен бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін мәлімдеді. Т. а-ның жариялануын Ташкенттегі еврейлердің “Бунд” пен Қоқандағы “Вайнер” қоғамы құттықтап, оған көмек беретіндігін танытты. Т. а-ның жариялануы өлкедегі мұсылман жұртшылығының көңілінен шығып, олардың рухын көтерді. Самарқанд, Закаспий облыстары мұсылмандарының съездері, Түркістан еңбекшілері мен диқандарының съезі, Шымкент қ. мұсылмандарының жиылысы Т. а-н қызу қуаттады. Перовск және Қазалы уездеріндегі қазақтар Т. а-н қолдайтындықтарын білдірген жеделхаттар жолдады. Мұндай пікір Ырғыз у. қазақтары тарапынан да білдірілді. Закаспий облысындағы қазақтар Т. а-на кіруге ризашылығын білдіру мақсатында Қоқанға Ж.Мыңбаевты жіберді. 13 желтоқсанда Қоқан қ-нда өткен мұсылман жұмысшылары, солдаттары мен диқандарының съезінде Т. а-ның Уақытша үкіметін қолдау жөнінде шешім қабылданып, оның құрамына мұсылман жұмысшыларынан, диқандардан және солдаттардан өкілдер енгізу жөнінде ұйғарым жасалынды. Екінші жалпықазақ съезінде Т. а-на қатынас мәселесі қаралып, Сырдария облысы қазақтарының Алаш автономиясына қосылу жайын айқындау үшін обл. съез өткізу жөнінде шешім қабылданды. Бұл съез 1918 ж. 6 қаңтарда Түркістан қ-нда өтті (қ. Сырдария облыстық қазақ съезі). 1918 ж. 20 – 26 қаңтар аралығында Ташкентте өткен өлкелік кеңестердің 4 съезі Т. а-н және оның Уақытша үкіметі мүшелерін заңнан тыс деп жариялап, Т. а-н күшпен тарату жөнінде шешім қабылдады. Кеңестердің осындай шешім қабылдауына сәйкес Т. а-ның Уақытша үкіметі қорғанысқа көшуді шұғыл қолға алуға кірісті. Т. а-ның әскері 2 мыңға жетті. Сол тұста Қоқан қ. милициясының басшысы Ергештің қол астында 4 мыңға жуық қарулы жасақ болды. Қоқан қ-ндағы жұмысшы-солдат депутаттары кеңесі 28 қаңтардағы мәжілісінде Т. а-н қарусыздандырып, оның әскери ұйымдарын тарату керек деген шешім қабылдап, оны жүзеге асыратын арнайы топ құрды. 29 қаңтар күні Қоқан қ-ндағы жұмысшы-солдат депутаттары кеңесі қалалық төтенше өкімет органын – рев. к-т құруды ұйғарды. Осы рев. к-т Ташкенттегі Халық комиссарлар кеңесінен Т. а-на қарсы күресу үшін көмек сұрап, 4 зеңбірегі, 4 пулеметі бар 120 адамнан тұратын әскери жасақ алдырды. Мұ-ның артынша Түркістан ХКК Қоқан рев. к-тіне көмекке 11 әскери эшалон және австровенгрлік соғыс тұтқындарынан құрылған әскери бөлім мен армян (дашнак) құрамасын аттандырды. 6 ақпанда кеңестік қарулы күш Қоқан қ-н зеңбірекпен атқылап, қаланы өртке орады. Қызыл әскерлер бөлімдері мен армян құрамасы қалаға еніп, Т. а. Уақытша үкіметі мен ұлттық кеңесінің 54 мүшесінің 30-ын тұтқындады. Т. а-н күшпен тарату кезінде Қоқан қ-ның басым бөлігі өртеніп, 10 мыңнан астам адам қаза тапты. Осылайша халық тілегіне сай құрылған Т. а. кеңестік биліктің қаруымен құлатылды.

46 Қазақ АССР-нің құрылуы.1917 жылы 25 қарашада Петроградта большевиктер партиясы басқарған қарулы көтеріліс жеңіске жетті. Уақытша үкімет құлады. Мемлекеттік билік кеңестердің қолына өтті. Кеңес өкіметі жұмысшылар мен шаруалардың диктатурасы болды. Бұл өкіметтің өзегін большевиктер партиясы құрды. Кеңес өкіметі жаңа қоғам – социалистік жүйені, социалистік мемлекет пен социалистік құқықты құруға бет алды. Социалистік мемлекет пен құқықты қалыптастырудағы большевиктердің көсемі В.И.Ленин өзінің көптеген еңбектерінде жан-жақты талдап жасады.1917 жылы 25-26 қарашадағы бүкілресейлік кеңестердің II съезі жаңа өкімет органдарын құрды. Халық Комиссарлары Кеңесінің Халкомкеңес төрағасы болып В.И.Ленин сайланды. Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің (БОАК) төрағасы алғашқы кезде Я.Свердлов, 1919 жылдан М.И.Калинин болды. Салаларды басқару үшін Халық комиссариаттары құрылып, оларды Халық комиссарлары басқарды.1917 жылдың соңы мен 1918 жылдың басында Қазақстанның барлық облыстарында Кеңес өкіметі жеңіп, билікті қолға алды. ұзамай 1918 жылдың көктемінің соңына қарай Ресейде азамат соғысы басталды. Билікті қолдан жібергісі келмеген бұрынғы капиталистер, помещиктер, патша әскерлерінің басшылары, шет ел интервенттерімен бірігіп Кеңес өкіметін құлату үшін үлкен соғыс бастады. Азамат соғысы Қазақстанды да түгелге жуық қамтыды. Көпшілік облыстарда Кеңес өкіметі құлап, билік ақ гвардияшылардың қолына қайта өтті. Тек орталығы Ташкент болған Түркістан республикасының орталық бөліктері құламай тұрып қалды. Қазақстанда Ақтөбе, Жетісу, Орал сияқты ірі майдандар құрылды. өте кескілескен жағдайда жүрген азамат соғысы Қазақстанда бірден жаңа кеңес билігінің орталықтанған органдарын құруға мүмкіндік бермеді. Аз уақыт билікті өз қолына алған Алашорда үкіметі де 1918 жылдың күзінде тарады.Қазақстанда облыстар мен уездерде құрылған жұмысшылар, шаруалар және солдаттар Кеңестері жаңа биліктің алғашқы өкілдері болды. Азамат соғысы жылдарында Кеңестер мен контрреволюциялық күштердің бірін-бірі ауыстырып тұрған кезеңдері аз болмады.Қазақстанда бір орталықтанған Кеңестік биліктің орнауы Қазақ революциялық Комитетінің (Казревкомның) құрылуымен байланысты. 1919 жылы 10 шілдеде РКФСР Халкомкеңесінің декретімен қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құрылды.Казревком Қазақ автономиясын құрғанға дейінгі қолына барлық жоғары әскери және азаматтық билікті шоғырландырылған орган болды. Казревком өлкедегі үкіметтің функцияларын атқарды. Оның төрағасы С.Пестковский, мүшелері: Ә.Жанкелдин, Б. Қаратаев, М. Тұнғаншин, С. Мендешев, А. Байтұрсынов, Б. Қаралдин т.б. Алашорда тараған соң оның кейбір мүшелері Кеңес өкіметінің жұмысына тартылып Казревкомның құрамына өтті.Казревкомның салалар бойынша бөлімдері болды. Кейін бұл бөлімдер халық комиссариаттарын құруға негіз болды. Казревком құрамында мынадай бөлімдер қызмет істеді: халық ағарту, жұмысшы-шаруа инспекциясы, ішкі істер, қаржы, почта, юстиция, әлеуметтік қорғау, жер бөлімі, әскери іс жөніндегі комиссариат, еңбек міндеткерлігі туралы комитет. Бұл бөлімдер Казревкомның өлкедегі жоғары билік ретіндегі қызметін қамтамасыз етті.Казревкомның міндеттері: өлкедегі кеңес қызметін ұйымдастыру, Кеңестік Ресейдің билік органдарының шешімдерін жүзеге асыру; экономика мен мәдениетті көтеру шаралары; Қазақ автономиясын құруға дайындық жүргізу; РКФСР мен Түркістан АКСР – мен байланыс т.б. Азамат соғысы жағдайында бұндай күрделі де қиын міндеттерді жүзеге асыру оңай болмады. Казревкомның міндеттерінің бірі жергілікті кеңестерді ұйымдастыру және оларға басшылық ету болды. Ол үшін жаңа сайлау жүйесі жасалып кеңестерге қанаушы таптардың және конрреволюциясының өкілдерін жібермеуге күш салынды. РКФСР-дің 1918 жылғы Конституциясының 65-бабы бойынша мұндай элементтер сайлау құқығынан айрылған болатын. Әрі олар кеңестердің бүкілқазақстандық Құрылтай съезіне жіберілмеді.1920 жылға дейін өлкеде бірыңғай партия ұйымы да болмады. РК (б) П-нің қазақ облыстық бюросын құрды. өлкедегі бүкіл партиялық ұйымдастыру, насихат жұмысы осы органның қолына жинақталды. РК (б) П-нің Қазақ облыстық бюросының құрамына С. Пестковский, Ә. Жангелдин, А. Әйтиев, С. Арғыншиев, М. Мұрзағалиев және А. Әлібеков кірді. Казревком мен Қазоблбюро Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезін шақырудың нұсқауын жасады. Бұл нұсқауда бұрынғы қанаушы болған топтарға сайлау құқығы берілмеді. Жұмысшылар үшін шаруаларға қарағанда үлкен артықшылықтар берілді.Ревкомдардың мынадай вертикалды құрылымы болды: Казревком, облревком және уездревком. Ревкомдардың жұмысы бір адамның басшылығына негізделді. Мұндай жеке басшылық азамат соғысының төтенше жағдайынан туындады. Ревком төрағаларының қолына мол және төтенше билік жинақталды. Ревкомдардың қаулылары мен бұйрықтары міндетті нормативтік актілер ретінде мүлтіксіз орындалуға жатты. Ревкомдардың актілері арқылы халықтың міндеттері мен құқықтары белгіленіп, олардың басқа әскери және азаматтық ұйымдарға қвтысы анықталды.Ревком жұмыстарының бір ерекшелігі уездік ревкомдардың бөлімдері мен бөлімшелері (подотделдер) облыстық ревкомдардың осындай бөлімдеріне тікелей есепті, сондай-ақ Казревкомның директивалары мен нұсқауларына бағынышты болды. Ревкомдар Қызыл Армияның бөлімдерін құру, революция жауларына күрес, қатаң революциялық тәртіп пен революциялық заңдылықты орнату, азық-түлік саясатын жүргізу, аштық пен қирауға қарсы күрес, бұқараны Кеңестер жұмысына тарту сияқты толып жатқан жұмыстармен айналысты. Пролетариат диктатурасының төтенше органдары ретінде ревкомдар кеңестерді таратып жібере алды. Ревкомдардың жұмыстары күш қолдануға негізделгендіктен онда асыра сілтеулер кездесіп тұрды.1920 жылы 26 тамызда РКФСР Халкомкеңесінің төрағасы В.И.Ленин және БОАК төрағасы М.И.Калинин «Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декретке қол қойды. Осылай РКФСР құрамында Қазақ АКССР-і құрылды.

Декрет бойынша ҚАКСР-дің құрамына мына облыстар кірді:

а) Семей, құрамында уездер: Павлодар, Семей, өскемен, Зайсан, Қарқаралы;

б) Ақмола, құрамында уездер: Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл және Омбы уезінің бір бөлігі;

Ескерту: Омск уезінің Қырғыз (қазақ) және Сібір бөлігін дәл бөлу Қырғыз (қазақ) революциялық комитеті мен Сібір революциялық комитетінің келісімімен анықталады.

в) Торғай, құрамында уездер: Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз және Торғай;

г) Орал, құрамында уездер: Орал, Ілбішін, Темір және Гурьев;

д) Закаспий облысының Маңғышлақ уезі; осы облыстың Красноводск уезінің 4-ші және 5-ші Адай болыстары;

е) Астрахан губерниясынан: Синеморск болысы, Бөкей ордасы және 1-ші және 2-ші Приморск округінің бұрынғы қазыналық оброктік территориялары.

1920 жылы 22 қыркүйекте «Известия ВЦИК» журналында осы декреттің §1-не БОАК қабылдаған мынадай қосымша жарияланды.

ж) Орынбор қаласы және Орынбор губерниясының мына аудандары: Орынбор-Покровск, Краснокомск, Илецк, Шарлық, Исавск және Петроский.

Міне осы территориялар жаңадан құрылған ҚазАКСР-нің құрамына кірді. Сырдария және Жетісу облыстары Түркістан АКСР-нің құрамында қала берді. Декретте бұл жерлер ҚазАКСР-дің құрамына оның халқының қалауы бойынша өте алады деген тармақ болды.

Қазақ автономиясының құрылуы сөзсіз аса маңызды тарихи және саяси оқиға болды. Қазақ халқының автономия түрінде болса да, мемлекеттілігі қалпына келтірілді, оның территориясы белгіленді. Тіпті Сырдария, Жетісу облыстарындағы қазақтарды бірыңғай республикаға біріктірудің құқықтық негізі қаланды.

Сондай-ақ В.И.Ленин және М.И.Калинин қол қойған декретте ҚАКСР-дің орталық органдары Қазақ Орталық Атқару комитеті (ҚазОАҚ) пен Қазақ Халық Комиссарлар Кеңесі екендігі анықталды, 12 халық комиссариаттарын және Завольже әскери округіне бағынышты қазақ әскери комитетін құру белгіленді.

ҚАКСР-нің РКФСР орталық органдарымен, Сибревком және Түркістан АКСР-мен қарым-қатынасы анықталды. Сибревком мен ТүркАКСР ОАК-ның Президиумы құрамына Казревком өкілдері ендірілді.

ҚАКСР-іне қажетті қаржылардың барлығы РКФСР қаржысынан бөлінсін деп атап өтілді декретте. Бұл сол кезең үшін аса қажетті жәрдем еді.

1920 жылы Орынборда Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезі өтті. Съезд ҚАКСР-нің орталық мемлекеттік органдарын С.Мендешевті бекітті. Қазақ Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып Р.Радусь-Зенкович бекітілді. Қазақстанның астанасы болып Орынбор қаласы жарияланды.

Құрылтай съезі «ҚАКСР-дің еңбекшілері құқығының декларациясын» қабылдады. Бұл конституциялық мәні бар ҚАКСР-дің мемлекеттік құрылымын, территориясын, сайлау жүйесін т.б. жақтарын анықтаған құжат болды. Декларация 1926 жылы қабылданған ҚАКСР-дің бірінші конституциясының жобасына кірді. Оның мазмұнын осы жобаны талқылағанда қарастырамыз.

Құрылтай съезі «Қазақ АКСР-нде Кеңес өкіметін ұйымдастыру туралы» қаулы қабылдады.

Қазақстандағы жоғары өкімет билігі Кеңестердің бүкіл қазақтық съезі болып табылды. Бұл съезд Қазақ Орталық Атқару комитетін сайлайды. ҚазОАК 75-ке дейін мүшеден және 25 мүшелікке кандидаттан тұрды. Бүкілқазақтық съезді ҚазОАК жылына бір рет шақырады. ҚазОАК бүкілқазақтық съездер аралығында жоғары билік органы болып есептелді.

Төтенше немесе кезектен тыс бүкілқазақтық съездерді ҚазОАК өз қалауы бойынша немесе республиканың 3/1-н білдретін жергілікті кеңестердің талабымен шақыра алды. Бүкілқазақтық съезд мемлекеттегі бүкіл билікке басшылық жүргізді. ҚазОАК-ты сайлады, үкіметтің есебін тыңдады, заңдар қабылдады.

Бүкілқазақтық съездер аралығында жоғары заң шығарушы, өкімші және бақылауша билік съезд сайлаған Қазақ Орталық Атқару комитетінің қолында болды. ҚазОАК-ның құрамын бүкілқазақтық съезд белгіледі.

ҚазОАК үкіметті – Халық Комиссарлар Кеңесін құрады, үкіметтің жұмасына жалпы бағыт береді, барлық өкімет билігі органдарының жұмысын басқарады, біріктіреді және өзара келістіреді, бақылайды.

ҚазОАК барлық Қазақ Халық Комиссариаттарының жұмыстарын біріктіреді, оларды өзінің бөлімі ретінде, сондай-ақ Қазақ ішкі істер халық комисариаттын ҚазОАК-тың басқару бөлімі деп қарайды. ҚазОАК-тың осындай аппарат құрылысы және жұмыс тәртібі жағдайында Қазхалкомкеңес ҚазОАК-тың іс басқармасы болып есептеледі.

ҚазОАК заң шығарушы реінде Халкомкеңес декреттері мен ұсыныстарының жобасын бекітті және өз атынан декреттер мен өкімдер шығарды. Оның актілерінің республика территориясында міндетті күші болды.

ҚазОАК Халкомкеңеспен бірге отырып салаларды басқаратын халық комисариаттарын құрды.

ҚазОАК өз жұмысын сессия түрінде жүргізді. Сессия әр үш ай сайын шақырылып тұрды.

ҚазОАК сессияның арасында мемлекеттік биліктің жоғары заң шығарушы, өкімші және атқарушы билік ҚазОАК-тің Президиумы болды. Президиумды ҚазОАК сайлады. Ол ҚазОАК-тың атынан декреттер мен өкімдер шығарды. Мұндай актілер ҚазОАК Президиумына Халкомкеңесі арқылы түсетін. Декреттер мен қаулылар жобасы қаралғанда ҚазОАК Президиумының отырысына Халкомкеңестің төрағасы немесе орынбасары қажет жағдай Халық комиссарлары мен олардың орынбасарлары қатысатын. ҚазОАК қарауында сондай-ақ: ҚазОАК-тың бекітуіне жататын декреттер жобасын; КазОАК пен бүкілқазақтық съездердің шешімдерінің орындалуын бақылау; ҚазОАК атынан байланыстар жасау, қайырым жасау, наградалау т.б. жатты.ҚазОАК Президиумы орталықта да, жергілікті жерлерде де барлық жұмыстар жөнінде нұсқаулар беретін басшы орталық ролін атқарды. Ол Халкомкеңес қаулыларын бекітті немесе оны ҚазОАК сессиясының қарауына дейін тоқтата алды. Халкомкеңестің ұсынуымен кейбір халық комисарларын бекітті.Халық Комиссарлар Кеңесі – ҚАКСР-дің үкіметі және өзіне берілген құқық шеңберінде ҚазОАК-тың заң шығарушы, атқарушы және өкімші органы болды. Халкомкеңесті – төраға, оның орынбасарлары және Халық Комиссарлар құрамында ҚазОАК құрды. Сонымен қатар үкіметтің құрамына кеңесші дауыспен мемлекеттік жоспарлау комиссиясының төрағасы, Халкомкеңестің іс басқарушысы т.б. лауазым иелері кірді. Халкомкеңес өз жұмысында ҚазОАК-қа сессиялар аралығында оның Президиумы алдында жауапты және есепті болды.Халкомкеңеске ҚАКСР-дың жұмыстарына жалпы басшылық жүргізу құқығы берілді. Осы міндетті орындау үшін оған үлкен мүмкіндіктер берілді. Халкомкеңес декрет, өкім, нұсқау және мемлекеттік өмірдің дұрыс және тез жүруі үшін қажетті шаралардың барлығын қолданыла алды. Мұндай кең көлемдегі биліктің берілуі өтпелі кезеңнің ерекшеліктерінен туды.Халкомкеңестің үкімет ретіндегі ерекшелігі ол заң шығару қызметімен де айналысты. Қызметі үшін қажетті заң актілері тез арада өзі шығара алды. Сондай-ақ оның қолында бүкіл атқарушы-өкімші билік те шоғырланды. Мұның бәрі де Халкомкеңестің қаћарлы да зор, тез әрекет ететін билік иесі етті. Халкомкеңес өзінің қаулылары мен шешімдері туралы ҚазОАК-қа тез арада хабарлап тұрды, себебі ҚазОАК-тың бүкіл актілерді жойып жіберуге немесе тоқтатып қоюға құқығы болды. Халкомкеңестің үлкен саяси мәнді актілерінің бәрі де ҚазОАК-тың қарауына және бекітуіне жатты. Кезек күттірмейтін шараларды Халкомкеңес бірден жүзеге асыра алды.Біршама уақыт Халкомкеңес құрамында оперативті орган құқығындағы Кіші Халкомкеңес өмір сүрді. Оның құрамына мынадай Халық комиссариаттарының жауапты өкілдері кірді: әділет, жұмысшы-шаруа инспекциясы, ішкі істер, қаржы, еңбек және т.б. оның тікелей құрамын Халкомкеңес бекітті. Халкомкеңестің (үкіметтің) мүшелері түрлі Халық комиссариаттарын басқарды. Олар орталық басқарудың салалық органдары ретіндн мемлекеттік өмірдің берілген салаларын тікелей басқарды. Халық комиссариаттары автономды және біріккен болып бөлінді. Біріккен халық комиссариаттарға РКФСР-дың халық комиссариаттарына тікелей бағынышты халық комиссариаттары жатты. Бұл халық комиссариаттыры сондай-ақ ҚазОАК пен Қазхалкомкеңесіне де бағынды. Бірақ РКФСР басшылығымен келісіп отырды. Біріккен халық комиссариаттарына БОАК пен Халкомкеңестің 1920 жылғы 26 тамыздағы декреті бойынша мыналар жатты: азық-түлік, қаржы, жұмысшы шаруа инспекциясы, қатынас жолдары, сонымен қатар халық шаруашылығы кеңесі, почта және телеграф басқармасы, қазақ статбюросы, төтенше комиссия. Автономды халық комиссариаттары РКФСР-дың осындай халық комиссариаттарына тәуелді болды. Олардың басшыларын ҚазОАК пен Қазхалкомкеңес өздері тағайындап, орнына алды. Жоғарыдай айтылған деректер бойынша автономды халық комиссариаттарына: ішкі істер (почта және телеграф басқармасынсыз), әділет, халық ағарту, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жер шаруашылығы жатты. ҚазАКСР-і құрылған кезде барлығы 13 халық комиссариаты болды. Бірақ олардың саны мен бағыныштылығы кеңінен өзгерістерге ұшырап тұрды. 1924 жылы Орта Азия мен Қазақстанда үлкен тарихи-саяси маңызы бар оқиға болды. Түркістан АКСР-і Бұқар және Хорезм кеңестік республикалары тарады. Олардың орнына одақтас республика мәртебесінде өзбек КСР-і мен Түркімен КСР құрылды. Тәжік АКСР-і өзбек КСР-нің құрамына кіріп, 1929 жылдан одақтас республика болды. Қырғызтан алдында РКФСР құрамындағы автономиялы облыс болып, 1926 жылдың баснынан авономиялы республика мәртебесін алды. Осының алдында 1922 жылы 30 желтоқсанда Кеңес Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) құрылған еді. Түркістан республика құрамындағы Сырдария және Жетісу облыстарының қазақ жерлері ҚазАКСР-нің құрамына өтті. Бұл орталықтың күштеп жүргізген шаралары Орта Азия мен Қазақтандағы әкімшілік-территориялық межелеу деп аталды. Орынбор қаласы мен губерниясының бір бөлігі Ресейдің қарамағына өтті. Жаңа астана Қызылорда қаласына көшірілді.Қарақалпақ автономиялы облысы құрылып, Қазақстан құрамында Мәскеудің бір жақты шешімімен 1932 жылы өзбек КСР-нің құрамына көшті. Осылай Қазақ жерлері біртұтас ҚазақАКСР-і құрамына топтасты. Бұл аса ірі тарихи-саяси мәні бар оқиға болды. Ежелгі Қазақ жерлері бір мемлекеттіліктің аумағына қайтарылып, шекаралары белгіленді. Осы кезеңде Қазақстанның жер көлемі 2.927.614 кв. км, халқы шамамен 6,5 млн. адам болды, олардың 55,5 %-і қазақтар, 25,3 %-і орыстар, 9 %-і украиндар, 3,7%-і өзбектер, қалғандар басқа халықтар болды. 1924 жылы өзбек, Түркімен республикалары, 1929 жылы Тәжік республикасы одақтас республика мәртебесін алғанымен, Қазақстан 1936 жылға дейін автономиялы республика болып қала берді. Орталық осылай шешті. Бірақ Қазақстанның одақтас республика болатындай қажеттіліктің бәрі бар еді. Осы жағдайды пайдаланып, 1924 жылы Киробкомның (қазақ обкомның) басшылары В.Нанейшвили, С.Қожанов, ҚазОАК-тың уақытша төрағасы Ә.Жанкельдиндер Мәскеудегі орталықтың алдына Қазақстанды одақтас республика етіп қайта құруды негіздеп ұсыныс қойды. Бірақ бұл ұсыныс қолдау таппады. Осыдан кейін 1926 жылы Мәскеуде Т.Рысқұлов өткізген ұлт өкілдерінің Жеке кеңесі атынан сол кездегі БОАК-тың ұлттар бөлімінің меңгерушісі С.Асфендияров дайындаған Қазақстанды автономиялы республикадан одақтас республикаға айналдыру туралы ұсынысы да қаралмай қалды. Қазаөстанның одақтас республика болуына әлі де 12 жыл қажет болды.

47. Қазақстан азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге боліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — қазақ атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды. «Әскери коммунизм» саясаты РКФСР-дағы нысанда, дәл сондай ауқымда жүргізілмегенмен, оның жекелеген элементтері Қазақстанда да іске асырылды. Қазақстанның революция орталығынан алыс жатқандығы, өлкенің едәуір аумағында жүріп жатқан әскери қимылдардан шаруашылықтың құлдырауы, жекелеген уездер мен облыстардағы шаруашылық-экономикалық дамудың өзіне тән ерекшелігі және басқа факторлар өлкеде азық-түлік салғыртын енгізуге мүмкіндік бермеді. Бұл саясатты толықтай жүзеге асыру негізгі астықты өңірлерді «ақтардан» азат еткеннен кейін, яғни 1920 жылдың басында ғана мүмкін болды.[2].Бұл екі арада Азамат соғысы елде кеңінен қанат жая түсті. Қазақстанмен шектесетін аумақтарда бірқатар аймақтық кеңеске қарсы үкіметтер пайда болды.Антанта елдері қолдаған чехословак корпусының көмегімен Самарада әсер-ақгвардияшылар үкіметі - Құрылтай жиналысы комитеті (Комуч), Омбыда адмирал Колчак баскарған Уақытша Сібір үкіметі құрылды. 1918 жылы 18 қаңтарда Орынбордан куылған атаман Дутов Кенестерге қарсы қайта шабуылға шықты, 1918 жылы 3 шілдеде Орынборды басып алып, Кеңестік Түркістанды Орталық Ресейден бөліп тастады.Қазақстанның көптетен өңірлерінде Азамат соғысының етек жайып, Кеңес өкіметін құлату жағдайларында Алашорда (Алаш автономиясының үкіметі) Кеңестерге қарсы бірігіп күресу үшін Орынборда атаман Дутовпен одақ құрды. Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен және Самарадағы Құрылтай жиналысы комитетімен (Комуч) тығыз байланыс орнатты, Кеңестерге қарсы бірлесе күрес жүргізу мақсатымен Орал, Сібір және Жетісу қазақтарымен байланысын нығайта түсті.Азамат соғысының барысы саяси шешімдерді қарулы күштердің қимылымен бекітіп отырмаса, олар сөз жүзінде қала беретіндігін көрсетті. II Бүкілқазақ съезінің шешіміне сәйкес Алаш басшылығы жалпы саяси мәселелер — Құрылтай жиналысы мен ұлттық автономия мәселесін жүзеге асырумен қатар, аймақтық үкіметтермен байланыс орнату үшін тездетіп ұлттық қарулы күштерді құруы тиіс болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]