Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГосТарих.doc
Скачиваний:
113
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
739.33 Кб
Скачать

65. Қазақстан Республикасың мемлекеттік рәміздері.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу - алтын түстес. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шоты Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады.

Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. 1992 жылы республика гимніның мәтіні мен әніне конкурс жарияланды. Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп түсті. Конкурста төрт атақты ақын: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және ақын Жадыра Дәрібаевалар жеңіске жетті. Қазақстан әнұранының әнін алғаш жазған авторлар Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

67.“Қазақстан 2030” стратегиялық бағдарламасы. Даму бағдарламаның негізгі приоритеттері.

ҚаЗАҚСТАН 2030» даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің арасындағы белді мемлекет ретінде көргісі келетінін атап көрсетті.

Жалпы Қазақстанның бұл даму стратегиясы негізгі жеті басымдық арқылы жүзеге асырылады. Оларға:

1. Ұлттық қауіпсіздік;

2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы;

3. экономикалық өсу;

4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты;

5. Энергетика ресурстары;

6. Инфрақұрылым, әсіресе, көлік және байланыс;

7. Кәсіпқой мемлекет құру.

Сондай-ақ даму стратегиясын жүзеге асыру негізгі қабылданған үш жылдық, бес жылдық, он жылдық даму бағдарламалары арқылы жүзеге асырылып отырылады. Тақырыптың қызықтылығы, Қазақстанның дамуы үшін маңызды саналатын 2030 жылға дейін даму сратегиясын талдау арқылы оның негізгі экономикалық мақсаттарын ашу және танып білу.

Тақырыптың актуалдығы. Қазақстанның қазіргі күнде атқарып жатқан қызметтері осы даму стратегиясына негізделіп жүргізіледі. Мемлекеттің дамуындағы бұл стратегияның орны ерекше және маңызды болып саналуы тақырыптың бүгінгі таңдағы маңыздылығын арттыра түседі. Қазақстанның дамуы үшін бұл қабылданған стратегияның менің ойымша маңызы зор. Себебі біздің әсем мемлекетіміздің дамуына және мақсаттарын айқындауына ең қажетті осы стратегия болып табылады. Себебі бұл стартегияда қарастырылған әрбір басымдылыққа ие бағыттар экономиканың өсуіне, халықты өркениеттілікке жеткізуге, жалпы Қазақстанды алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан көруімізге зор ықпалын тигізеді.

57.ХХ ғ 50ші жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуал.Е.Бекмаханов «Қазақстан 19ғ 20-40жылдарында».1946 жылы күзде Е.Бекмаханов Мәскеуде КСРО Ғылым академиясының Тарих институтын­да докторлық диссертациясын қорғайды. Келесі жылы «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қа­зақ­стан» атты негізінен Кенесары көтерілісіне арналған монографиялық зерттеуі жарық көреді. Сөйтіп, Е.Бекмахановтың алғашында 1943 жылы шыққан «Қазақ ССР тарихына» Кенесары қозға­лы­сы туралы тарау жазуы, осы кітапты талқылау барысында негізгі сындар ұлт-азаттық қозғалыс­тар­ға байланысты айтылғанына қарамастан, бұл тақырыпты әрі қарай тереңдете зерттеп, алдымен докторлық диссертация қорғап, Мәскеу ғалым­дары­на тарихи шындықты ғылыми тұрғыдан та­нытуы, соңынан зерттеулерінің нәтижелерін жеке кі­тап етіп бастырып шығаруы халқымыздың ұлт­тық сана-сезімін оятуда тарихи маңызы бар іс болды.

Қазақ зиялыларының ішіндегі ұлтшылдарды, бур­жуазиялық идеологияның ықпалындағыларды «әшкерелеу» қарқын ала бастағанда, Е.Бек­ма­ханов­тың «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарын­дағы Қазақ­стан» атты кітабының басылып шығуы жанып жат­қан отқа май құйып жібергендей болды. Ұлт­шылдарды қай жерден тауып қалар екенбіз деп тіміскілеп жүрген әсіре саясатшылар үшін бұл жерден жеті қоян тапқандай «олжа» еді. Жалған белсенділер жеңді түріп, алақанға түкіріп шыға келді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]