Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГосТарих.doc
Скачиваний:
113
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
739.33 Кб
Скачать

30. Хviii ғ іі жартысындағы-хіх ғ Патша өкіметінің Қазақстандағы әскери – отаршылдық әрекеттерінің басталуы.

Әскери бекіністер мен шептердің салынуы.XVIIІ ғасырдың басында патшалық Россия қазақ даласында әскери бекіністерді салу арқылы өзінің әскери – отаршылдық әрекеттерін бастады. Қазақ даласы Россияны шығыс мемлекеттерімен жалғастыратын көпір іспетті еді. Қазақ даласы арқылы Европа елдерінен шығыстағы едердерге және одан кері қарай құрлықпен және сумен ең төте ежелгі сауда жолдары өтетін. Осы жолдармен Россиядан Орта Азияға, Ауғанистанға, Персияға, Қытайға, Үндістанға және басқа Шығыс елдеріне баруға болатын еді.Орыс патшасы I Петр бұл елдермен экономикалық және саяси байланыс орнатып, оны дамыту үшін алдымен Қазақстан және Орта Азия елдерін Россияға қосып алу керек деп есептеді. Осы мақсатта қазақ жеріне бірнеше экспедиция жіберілді.Швед флотымен теңізге шайқасқа әзірленіп жатқан корабльдермен Кронштадта жүрген I Петр 1714 жылғы 22 мамырда «Святая Наталья» галерасында Иван Дмитриевич басқаруындағы экспедицияны жабдықтау туралы жарлыққа жеке өзі қол қойды. 1715 жылдың шілдесінде, өз құрамында 2797 адамнан тұратын И.Д. Бухгольц отряды жорыққа шықты.1715 жылғы бірінші қазанда И.Д. Бухгольцтің экспедициясы Ямышев көліне жетті, сол жерде Ямышевск деп аталатын бекініс салды.Жоңғарлар қоршау кезінде (3-ай) қиратып тастаған Ямышевск бекінісінен қайтып келе жатып, Бухцольцтің отряды Ом өзенінің сағасына жетті және көптен күткен қосымша күшін алып, 1716 жылғы 20 мамырда Омбы бекінісінің негізін қалады.Бухгольц Петербурге кеткеннен кейін толық қожайын болып алып, енді өз қалауы бойынша әрекет етуге уәкілдік алған Сібірдің бірінші губернаторы М.П. Гагарин Ертіс бойында жаңа бекіністер тұрғызу үшін воевода Павел Северский мен Василий Чередовты жібереді. 1717 жылдың жазында П. Северскийдің отряды – Железинск, В. Чередовтың отряды – Қолбасин бекіністерін салды. В.Чередов одан әрі жүріп, жаңа бекініс- Семипалатинск (Семей) бекінісін 1718 жылы салды.Көп кешікпей патшаның өз өкімімен майор И.М.Лихарев басқаратын тағы бір әскери команда дайындалды, оған көлді (Зайсан) толығырақ зерттеу, сондай-ақ оған И.Д.Бухгольңтің экспедициясының сәтсіздікке ұшырауының егыжей-тегжейін білу тапсырылды.Экспедицияның келе жатқан жолын үздіксіз қадағалап отырған жоңғарлар И.М.Лихаревтің солдаттарына оқ атып, оларды шегінуге, мәжбүр етті, сөйтіп шегінуге мәжбүр болған И.М.Лихарев қайтар жолында 1720 жылы Өскемен бекінісін салды. Нақты сол жылы тағы да бірнеше бекініс - Черноморецк, Черноярск, Верблюжск, Осморыжск, Убинск, Семиярск форттарын салып, 3 әскери- саяси шеп-Сібір, Ертіс және Колыван шептері үшін негіз қалады.Абакан Острогімен (1707 ж.), Бикатун бекінісімен (1709 ж.) қатар, жақсы машықтандырылған гарнизондары, зеңбіректері көп, стратегиялық жағынан орналасқан жері қолайлы бұл бекіністер жергілікті тұрғындарды құнарсыз жерлерге ығыстырып, Ертіс өзендерінің аралығын Россия иелігіне бекітуді, өзін казак қоныстары арқылы қауіпсіздендіріп, отарлау тірегіне айналдыруды қамтамасыз етті.XVIII ғасырдың орта шенінде патша үкіметі бүкіл елде, оның ішінде Еділ бойы, Орал, Сібір мен Қазақстан өңірінде әскери бекіністердің ескі шептерінің жарақталуын жақсартуға және жаңа шептер салуға кірісті. Осы кезде оң жағалауда Жайық казактарының күшімен 14 қамал: Переволоцк, Чернорегенск, Татищев, Нижнеозерная, Расыпная, Елек қалашығы, Жайық, Сахарная, Калмыкова, Көш-Жайық, Кулагина, Тополев, Бақсай, Гурьев қамалдары салынды. 1769 жылдың қарсаңында Жайық шебі бойында гарнизон әскерлері бар, семьяларымен қоса қазақтар мен қоныс аударған шаруалар бар 15000-ға жуық адам тұрды.1734 жылы Жоғарғы Жайық шебінің негізі қаланды. XVIII ғ. 30-40-шы жылдары Жоғарғы Жайық қамалынан Звериноголовск қамалына дейін 770 шақырымға созылған үй шебін құру аяқталды.1752 жылы 9 қамал мен 53 редуттан тұратын әскери бекіністердің Ново-Ишим шебін салу аяқталды. Бұл шеп 540 шақырымға созылған Уйск шебін Ертіс шебімен жалғастырды. Ново-Ишим шебінде 2518 башқұрт, 2 драгун полкі, 800 казак, тұрақты әскерлердің, эскадроны болды.XVIII ғ. 50-ші жылдарында ұзындығы 930 шақырым Ертіс шебін (Семей, Омбы, Железинск, Петропавл, Өскемен, Ямышев қалалары) салу аяқталды.Сөйтіп, қазақ даласы әскери бекіністер шебімен біртендеп қамту патша үкіметінің отарлауына кең мүмкіндіктер ашты. Әскери бекіністер шебінің бойында орыс, қалмақ, башқұрт халқы тез көбейді, казак станицалары мен шаруа слободалары пайда болды.

31. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс (1783-1797). Көтеріліс себептері 18 ғ. 30-ж. Кіші Жүз Ресейге қосылғаннан кейін бекіністер салына бастады. 1744 ж. Орынбор салынды. Ор өзені бойында Орск салынды. Орал қаласынан Өскеменге дейінгі 3,5 мың шақырым қашықтықтағыЖайық, Ертіс өзендері жағалауларында ірі әскери бекіністер салынды. Оларға орыс-казактар қоныстандырылды.Патша үкіметі қазақтарды ішкі жаққа Жайық сыртына өткізбей оған тыйым салды. Кіші жүз ханы Нұралының да қысымы көп болды. Көтеріліс басында Кіші жүздің Байбақты руынан шыққан Сырым батыр (1742-1802) тұрды. 1783 ж. көктемінде қазақтардың Орал бекінісіне шабуылы басталды. Ағамандар Тасболат пен Ерболат бастаған қазақ жасақтары Гирьяль бекінісіне шабуыл жасады. Орынбор коменданты Ладыменский далаға орынборлық казактардан құралған жазалау отрядтары мен жүзбасы С.харитонов басқарған башқұрттардың 1500 адамдық отрядын жіберді. Қазақ жасақтары харитонов басқарған башқұрттардың 1500 адамдық отрядын жіберді. Қазақ жасақтары харитоновтың отрядына қарсылық көрсетті, бірақ олар жеңілді.

1784 ж. мамырда Сырым оралдық казактармен ұрыс жүргізді. Қазақ жасақтары Нижневральск желісі ауданында, Орск бекінісі маңында әрекет жасады. Қараша айында Сырым жасағында 1000 адам болды. 1785 ж. көктемде қаза даласына жазалаушылар келе жатқанын естіген Сырым 2700 адам жасақ жинады. Оған 3,5 мың адамы бар Барақ пен Тіленші әскері қосылады. Оларды шекеара бойына қалдырып Сырым бес жүз жігітімен Сахарный бекінісіне шабуыл жасады. Бірақ Сырым бекіністі ала алмады. 1785 ж. жазында тағы да адамдар қосылады. Осы тұста Тама руының старшыны Қадыр, Садыр деген батырлардың бастауымен Нарын құмының жІгіттері Сырымды қолдап, орыс әскерлеріне қарсы күреседі.

1785 жылы Орынбордан патша генералы Смирнов, Орал қаласынан Жайық атамандары Колпаков пен Пономарев бастапан әскер шоғырлары шығып, Сырым жасақтарын құртпақшы, көтерілісті баспақшы болады. Сырым жасағы оларға партизандық соғыс жасайды.Ресейдің саясатыРесей үкіметі жағдайды өзінше шешпекші болады. Бұл хандық тәртіпті жою шарасы болды. Сырым мұнымен келіседі. 1786 ж. Хандық жойылып, Нұралы хан Жайық бойындағы орыс бекіністерін паналады. Сырым он екі ата Байұлының аға старшыны болды. Оның билігі халыққа жақсы болды. Ұзақ жылдар бойы сүйеніш болып келген хандық билікті бекер жойғанын үкімет түсінді. Сөйтіп, хандық билікті қалпына келтіруге кірісті. 1790 ж. Нұралы өлгеннен кейін осы оқиғаны желеу етіп, інісі Ералыны хан етті.Ералы халықты ойламады. Жер тарылды. Тағыда халық Сырым төңірегіне топтасты. 1791 жылдың наурызында жазалаушылардан сақтау үшін, табын, кердері руларын шығысқа Мұғалжар тауларына ойысуды ұсынды. Бұл саясат кейін өзін ақтады. 1792 ж. Cырымның қарулы күшінде мыңнан астам жасақ болды. Патша үкіметі Сырым Бұхара, Хиуа хандығымен байланысады деп қауіптенді. Өйткені Сырым олармен келісім жасаған болатын.Патша үкіметі бірқатар жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. Жайық өзенінің оң жағында мал жаюға, Жайық пен Еділ арасындағы Үлкен және Кіші өзендердің (Қара өзен, Сары өзен) бойындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат етті. Одан халық жағдайы жақсармады. 1795-1796 жж. жұт халықты қажытты.1794 жылы Ералы хан өліп, 1795 ж. Есім хан болды. Ұлт-азаттық көтеріліс қайтадан өршіді. Сырымға енді Ерсалы, Қайсарлы деген батырлар қосылды. 1797 ж. 26-27 наурызда Есім хан өлтірілді. Көтерілісшілерді жазалау үшін 1797 ж. күзінде полковник Скворкин Сырымды қудалауды ұйымдастырды. Алайда Сырым жасақтары Ойыл өзені бойына көшіп кетті. Жазалау сәтсіз аяқталды. ДағдарысЕсім хан өлгеннен кейін Кіші жүз сұлтандарының бір бөлігі Нұралының ұлдарының бірі - Қаратайды хан етіп сайлауды қалады. Сырым батыр да бұл мәселеден сырт қалмады. Ол халықтың пікірімен санасуды айтты. Хан сайлау төңірегіндегі тартыс Кіші жүз сұлтан, старшындарын екіге бөлді. Орынбор генерал-губернаторы Игельстром хан сайлауын тоқтатуды айтты. Жүзді басқаруды хандық кеңеске беруді ұсынды. Кеңестің төрағасы болып Айшуақ тағайындалды. Кеңес мүшелігіне 4 адам кірді. Оған Сырым да, Нұралы хан туыстары да енгізілмеді.Хан кеңесі жиналған кезде Нұралыға жақын феодалдар оның баласы Қаратайды хан деп жариялады. Бұл Нұралыға қарсы топтың Сырымға жақындасуын күшейтті. Патша үкіметі 1797 ж. күзде хандық билікті қалпына келтіруге тырысты. Осыдан кейін Сырымға қарсы қуғын күшейді. Оған 800 адамммен Қаратай сұлтан қосылды. Сырым Хиуа жеріне өтіп кетті. 1802 ж. Үргеніште Нұралы тұқымдары өлтірді.

32. Бөкей Ордасының құрылуы (1801 ж.)Исатай мен Махамбет.XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басында Кіші жүз қазақтарының едәуір бөлігі Еділ мен Жайық өзендерінің сағасындағы жерлерге көшіп барды да 1801 жылы Ішкі немесе Бөкей (өздерінің бірінші ханы Бөкейдің есімімен) Ордасының негізін қалады. Ол Еділ мен Жайық өзендерінің аралығындағы әскери бекіністі шептердің іш жағында орналасқандықтан «Ішкі» деп аталды. Ішкі Орда қазақтарының рулық-тайпалық құрамына адай, байбақты, беріш, жаппас, есентемір, ноғай, жетіру, масқар, серкеш, тана қызылқұрт, кете, таз, төлеңгіт, ру – тайпалары енді. Патша үкіметі қазақтардың Жайық сыртына көшуіне рұқсат бере отырып, қайта қоныстандыру мәселесін ұйымдастыруды орыс тағына жан -тәнімен берілген, шекаралық патша шенеуніктерінің нұсқауларын екі етпей орындайтын сенімді адамға тапсыруды мақұл көрді. Таңдау Әбілқайыр ханның немересі, Нұралы ханның баласы Бөкей сұлтанға түсті. Патша шенеуніктерінің сипаттауынша Бөкей «жоғары мәртебелі таққа шын берілген» адам болған. Көші-қон жұмыстарын ұйымдастыру барысында Бөкей өз мүдделерін ұмытқан жоқ. Кіші жүз тағына отыру мүмкіндігі мен беделі жетіспей жүрген ол орыс билеушісінің сенімін пайдаланып, Жайықтың оң жағалауында өз хандығының негізін қалауды ниет етті. Жаңа хандықты орыс жерлері мен бекіністі шептер жан-жағынан қоршап тұрды. Жайық бойында – әскери шептің казактар форпосттары, солтүстігінде – Жаңа өзен шебінің форпосттары, батысында – тұз жолдарының бекеттері мен Астрахан казак әскерлерінің тосқауыл отрядтары, қалмақтар жайлаулары, оңтүстігінде – Каспий теңізінің жағалауларындағы орыс қоныстары орналасты. Хандық шығыстан батысқа қарай 350 шақырым және солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым жерлерді қамтыды. Жайықтың батыс жағалауына көшіп барған қазақтардың кері қайтуларына рұқсат етілмеді. 1812 жылдың басында патша үкіметі Бөкейді «Ішкі қырғыз-қайсақ ордасының ханы» етіп ресми түрде бекітті. 1815 жылғы 12 мамырда орданың негізін қалаушы Бөкей дүниеден өтті. Ол көзі тірісінде-ақ хан атағын мұра ету құқығын өз ұрпақтарына ғана бекітіп берген еді. Өлер алдындағы өсиетінде хандық билігін сол кезде 14 жастағы баласы Жәңгірге қалдыратынын айтқан болатын. Жас Жәңгір кәмелетке толғанша орданы Шығай биледі. Жәңгір хан өкімет билігін қолға алған соң отаршыл әкімшіліктің өзіне жүктеген міндеттеріне сай қазақтардың өмірі мен тұрмысының және дәстүрлі ел басқару жүйесінің кейбір бағыттарына батыл түрде өзгерту енгізе бастады. Жәңгір көшпелі халықты отырықшыландыру мақсатымен олардың егін егуіне жан-жақты қолдау көрсетті. Орыс хуторлары мен деревняларының үлгісі бойынша тұрақты қоныстар салуға көңіл бөлді. Жәңгір хан өз ордасынан бастап ауылдарда мектептер, училищелер мен мешіттер ашты. Ол патша өкіметі мен жергілікті қазақ ақсүйектерінің мүдделерін ұштастыру саясатын жүргізді. 1827 жылы Нарын құмы Жасқұс шатқалындағы қонысты орда орталығы етіп жариялады. Ол әлеуметтік-экономикалық бағытта Ішкі Ордада феодалдық тәртіп орнатты. XIX ғ. 30 ж. ортасында Ішкі Орданың тұрғындары хан мен оның айналасындағылар патша әкімшілігінің аяусыз қанаушылығына ұшырады.

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі (1836–1838 жж.) Қазақ халқының азаттық күресінде Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің маңызы зор. Ішкі Ордада көтерілістің алғашқы толқыны 1827–1829 жылдары болып өтті. Қазақ ауылдары Оралдың арғы жағына қайта орала бастады. Өткір жер дауы, салықтық езгі, әлеуметтік қысым, отаршылдық қанау 1836 жылы көтеріліске әкелді. Көтерілісті белгілі батыр Исатай Тайманұлы мен ақын Махамбет Өтемісұлы басқарды. 1836 жылдың ақпанында Ішкі Орда қазақтарының Жәңгір ханға қарсы ашық күресі басталды. Оған сылтау болған Исатайдың хан ордасына шақырылуы еді. Ол барудан бас тартты және өзінің ауылдарын қыстаудан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен лагерін жинады. Хан мен оның айналасындағылар жала жабуға көшті. Барымта кезінде біреулер бақташы шалды өлтірген болатын. Қарауылқожа жүргізген тергеу ісі Исатайдың және оның жақтастарының өлімге қатыстылығын дәлелдеуге тырысады. 1836–1837 жылдары Жәңгірге қарсы арыз-шағымдар жазуды Исатай халық алдында хан мен оның айналасындағылардың саясатын әшкерелеу үшін пайдаланды. Исатай халық көп жиналған кезде Ордаға арыз тапсырады, бұл арызды хан 12 күннің ішінде қарастыруға уәде береді, бірақ ештеңе де өзгермейді. Хан уәдесінен таяды. 1837 жылдың басында көтерілісшілердің қимылы өрши түсті. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан өзінің айналасындағылардың Балқы би мен Қарауылқожаны шеттетуді, билікті ру старшындарының қолына беруді, сондай-ақ көтерілісшілерге қарсы басталған барлық істерді тоқтатуды немесе оларды билер сотының құзырына беруді талап етті. Жәңгір хан қатты састы. И. Тайманұлы әкімшілікті ханмен арадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге болатындығына көздерін жеткізуге тырысты. Бұл кезде Орынбор әкімшілігі мен хан асығыс түрде казак әскерін, хан жасақтарын жасақтай бастады. 15 қарашада таң алдында Тастөбе елді мекенінде көтерілісшілер мен жазалаушылардың арасында кескілескен соғыс болды. Шайқаста көтерілісшілер жеңіліп, орасан көп малдары қырылды, ондаған адам қаза тапты. Бірақ аздаған қосынмен Жайықтың сол жағасына өтіп Исатай мен Махамбет құтылып кетеді. Енді көтеріліс Жайықтың сол жағасында жалғасады. 1838 жылғы 12 шілдеде Кіші жүз жеріндегі Қиыл өзенінің бойында көтерілісшілердің жазалаушылармен кезекті шайқасы өтіп, осы ұрыста Исатай мерт болады. Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің негізгі қозғаушы күші көшпелі рулар болды. Қозғалыстың стихиялығы, нақты бағдарламасының болмауы, ұйымшылдықтың жетіспеуі жеңіліске әкелді. Махамбет Өтемісұлы халық көтерілісінде маңызды рөл атқарды. Ол жалынды жырлары арқылы халықты патша үкіметі мен отаршылық билікті жақтаған хандарға қарсы күреске шақырды. Ішкі орданың мәдениеті, экономикасы: Саяси құрылысы Елді хан басқарды. Жәңгір-Керей хан кезінде хан билігі абсолютистікке жақын болды. Дегенмен, 1828 ж. сәуірдің 1 хан жанында 12 би кеңесі ұйымдастырылды. Бірінші шақырысындағы болған билер (депутаттар): шеркештен — Мүпәт Айдаболұлы, ноғай-қазақтан — Шомбал Ниязұлы, байбақтыдан — Қонаш Сопақұлы, масқардан — Шора Кедейұлы, беріштен — Бәтке Құдайбергенұлы, алашадан — Алтай Досмұхамедұлы, жаппастан — Көшетұр Мапақұлы, ысықтан — Жантөре Абдалұлы, адайдан — Байту Төменбайұлы, қызылқұрттан — Дуантай Айтуғанұлы, есентемірден — Татан Сәкенбайұлы, таздан — Құдайшүкір Базайұлы, жетірудан (табын, тама, кердері рулаларынан) — Кендірбай Ырысбайұлы және кетеден — Бос Боздайұлы. Бөкей хандығында хан билігі институты, екі ханның Бөкей хан мен оның баласы Жәңгір ханның басқару кезеңін қосып есептегенде 45 жылға созылды.Ішкі Орданы қадағалауды Орынбор әскери губернаторы және Ресей империясының Сыртқы істер министрлігі іске асырды.Экономикасы Бөкей хандығы Ресей үшін мал, ет, жүнмен жабдықтаушы болды. Хандықта ақша-тауар қатынасының дамуы қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының өзгеруіне, рулық-қауымдық шаруашылықтың қалдықтарын жоюға ықпал етті. Хан Жәңгір Бөкей ордасындағы мал басының санын көбейтіп қана қоймай, оның тұқымын асылдандыруға, әсіресе, жылқы малына үлкен мән береді. Хан ставкасында, Ресейдің Орск, Элиста қалаларында ат көрмелері өткізіліп, ат жарыстары ұйымдастырылып тұрады. 1840 ж. Жәңгірдің шақыртуымен Ордаға ветеринар К.П. Ольдекоп келеді. Осында қазақ жеріндегі түңғыш ветеринарлық бөлім ашылып, алғаш мал ауруларына қарсы екпе, тәжірибе — зерттеу жұмыстары қолға алынады. 1841 ж. Хан ставкасы мен Черный Яр қаласының аралығына пошта — телеграф байланысы орнатылады.

Мәдениет және қоғам 1828 жылы Жәңгір өз үйінің бір бөлмесіне әулеттік-династиялық құнды заттарды, ат әбзелдерін, жауынгер қару-жарағын жинастырып, қару-жарақ палатасын ұйымдастырады. Бұл — қазақ жерінде ашылған тұңғыш музей болатын. 1841 ж. желтоқсанның 6 Нарынқұмда Қазақстан тарихында ең түңғыш қазақша-орысша білім беретін мектеп ашылды. Бұл мектептен есімі елге танылған талай тұлғалар білім алды. Солардың бірі — қазақтан шыққан ғалым-этнограф Мұхамедсалық Бабажанов. Оның қазақтар жөніндегі зерттеулері, тарихи мұралары туралы басылымдары жоғары бағаланып, 1862 жылы Орыс жағрапиялық қоғамыныңкүміс медалімен марапатталады. Жәңгір мектебінен білім бастауын алған жүзден астам ғалым-зерттеушілер, Асан Тайманов сынды жиырмадан астам академиктер шықты. 1844 ж. Қазақ жастарының Ресейдің жоғары оқу орындарында оқуы үшін вакансиялық орындар алынды. Осы уақытта көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқына қызмет ететін дәріхана және емдеу орны, өте сирек кездесетін экспонаттары бар қару-жарақ музейі ашылды. Бөкей хандығынан шыққан көрнекті композиторлар Құрманғазы мен Дәулеткерей Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық ойының тарихында орасан зор рөл атқарды.

33. 1822—1824 жылдардағы жарғыларды енгізудің салдары. Бұл жарғылар, негізінен алғанда, алысты көздейтін арам ниетті пиғылмен жасалған еді. Соның салдарынан Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары өздерінің дәстүрлі мемлекеттілігінен айырылып қалды,Қазақстан бірте-бірте Ресей империясының отарына айналды. Жарғы жаңалықтары көші-қон шеңберін тарылтты, еркін көшу бостандығы мүмкін болмай қалды. Бұрыннан қалыптасқаң рулық ұжымдар бір-бірімен мидай араласып кетті. Бір кездегі дамыған көшпелі мал шаруашылығы тұйыққа тіреліп, күрт құлдырай бастады. Патша үкіметі мемлекеттік салықтың қатаң белгіленген мөлшерін бекітті. Елден жиналатын алым-салық шенеуніктік аппарат пен әскери күштерді ұстауға қажетті қаржы көзіне айналды. Патша үкіметінің бұл реформалары қазақ рубасылары мен сұлтандарынан іріктелген, айтқанды екі етпей орындайтын «тәртіпті аппарат» құруды одан әрі күшейте түсті. Олар бірте-бірте орыс шенеуніктеріне теңестірілді. Ендігі жерде олар сыйақы мен шен алу үшін қызмет етуге көшті. Оларды қызметке тағайындау да, қызметінен алып тастау да Ресейдің аймақтық басшылығының көзқарасы мен көңіл күйіне тікелей байланысты болды. Болыс сайлауы парақорлық, шар салушылардың дауысын, орыс шенеуніктерінің ықыласын сатып алу сияқты жиіркенішті масқара құбылыстардың етек алуына алып барып соқтырды. Неміс зерттеушілерінің бірі Ф.фон Шварц былай деп жазды:

Сайлаудың мұндай сиқы бір руды екінші руға қарсы қойып, өзара өшіктірді. Әркім өз руының құрамына дауыс беруге тырысты. Ал аға сұлтандарды сайлауға қара сүйек өкілдерінің де қатысуына рұқсат етілген кезде сұлтандар мен рубасыларының бір-біріне қарама-қарсылығы күшейе түсті. Округтық приказдар империяның қазақ даласындағы және Орта Азия иеліктеріндегі әскери-отаршылдық әрекеттерін одан әрі өршітудің әзірлік алаңдарбіна айналды. Сұлтандардың бір бөлігі, әсіресе жаңа қызмет лауазымдарын бөлу кезінде ескерусіз қалған бөлігі, патша үкіметінің реформаларына қарсы шықты. Ондай наразылықтардың бірқатары қарулы көтеріліске ұласты. Дегенмен де, XIX ғасырдың 20-жылдарындағы реформалардың отаршылдық сипаты мен мәні күшті болғанына қарамай, олар қазақ даласында сауда-саттықты, денсаулық сақтау ісін және халыққа білім беруді едәуір дамытуға оң ықпалын тигізді. 1822 жылы Сібірді басқару туралы Ережелер шығуына байланысты қазақ даласын басқаруға көзқарас өзгерді, орыс зандарын біртіндеп енгізу басталды. Қазақ даласы приказдар басқаратын округтерге бөлінді: округтер болыстарға, ал ол өз кезінде ауылдарға бөлінді .Ресей империясының Қазақстанды отарлауы қазақ ауыл шаруашылығында қалыптасқан өндіргіш күштерді бүзу жолымен жүргізілді: "өлкенің дамуына және өндіргіш күшке айрықша кері әсер етті. Казактар мен келімсектер алған кең байтақ жер бөліктері көп ұзамай тақырға айналды, олар көп ретте жеке еңбекпен — егін шаруашылығымен айналысудың орнына түрлі формада қазақтарды қанаумен айналысты. 1848 жылы 100 десятина бөлік түрінде 22376 десятина жыртылатын жер алған. Қапал станциясының казактары 1855 жылы, яғни 8 жыл өткен соң тек 1826 десятина жерге еккен, бұл қырғыз-дардың (қазақтардың) бүрынғы егінінің 7 проценті ғана" . Оған қоса шаруалар арқылы отарлау қазақ еңбекшілерінің егін шаруашылығын бұлдіруге жол ашты. Олар жерді суландыруды білмейтіндігінен көптеген егіншілік жерлер шөл далаға айналды. Сондықтан да отарлау қазақтың егін шаруа-щылығын өркендетуге кері ықпал етті. 1822 жылы "Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы Уставтың (жарғы)" негізінде Орта жүздің территориясы және Ұлы жүздің біраз жері 8 округқа бөліңді, округтарды округтық приказдар басқарды. Округтар болыстарға бөлінді, болыстар өкімшілік ауылдардан түрды, ал ауылда 50-70 түтін болды. Болыстарды болыстық сұлтандар, ауылдарды ауыл старшын-дары басқарды. Округтар Омбының облыстық басқармасына бағынды. Кіші жүзде хан өкіметі 1824 жылы жойылды, билеуші-сұлтандар басқару 3 бөлікке болініп, басқарудың дистанциялық жүйесі енгізілді. Барлық лауазымды қызмет адамдарын Орынбор генерал-губернаторы тағайындады. Хан өкіметін жою және басқарудың жаңа тәртібін енгізу патша үкіметінің мүддесіне сай келді. Сонымен бірге басқару жүйесіндегі өзгерістер әлеуметтік-саяси жагдайға, өлкенің еңдіргіш күшін дамытуға кері ықпал етті. Бұл халықтың наразылығын тудырып, XIX ғасырдың 20-40 жыддары ұлт-азаттық қозғалыстарға әкелді. Ең ұзаққа созылғаны 1837—1847 жылдардағы Кенесары Қасымов бастаған азаттық күресі болды. Қорыта келгенде 1822 жылы шыққан "Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы Жарғы (Устав)" бойынша, Орта жүзде хандық таратылған еді, жері округтерге белінген болатын. Кіші жүзде, жал-қүйрығы күзелген, патша үкіметіне мейлінше тәуелді Ішкі Орда аталмыш ат тебеліндей Бокей хандығы ғана сақталған болатын. 1845 жылы Жәңгір ханның өліміне байланысты бұл хандық та күшін жойды. Оны уақытша кеңес арқылы басқару, ханның шын мұрагері — орыс шенеунігінің қолына көшті. Тарихи жағынан қазақ жеріндегі хандық мемлекет қазақ-тардың мүддесін қорғап кедді, ейткені хандық уақыттта осы аумақта езге этностар кеп болған жоқ. Сондықтан да қазақ даласындағы басқару ережелерінің жобасы жоніндегі комиссияның түсіндірмесінде: "Басқару ісіне қойылған хандар Ресейге талай рет опасыздық жасады... оның үкіметке зиянды екеніне көз жеткізіп, хан қызметі жойыдды"1 делінген. Бұдан кейінгі орыс саясаты 1824 жылы хандық биліктің және одан кейін 1844 жылы басқарушы сұлтандардың жойылуынан 1865 жылы Ресейге Үлкен Орданың қосылуы, Ресей үкіметінің Қазақ даласында хандық билікті жойып, рулық бірлікті әлсіретуін халықтық және шынайы бейбітшілікті жойды. Жаңа әкiмшiлiк басқару жүйесi бойынша Орынбор қазақтарын басқару Орынбор Шекара Комиссиясына жүктелген. 1825 жылы наурыздың 1 күнi Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы болып Г.Ф.Генс тағайындалады. 1824 ж.Орынбор қазақтары жөніңдегі жарғы.1824 жылғы реформа бойынша жоғарғы басқару орны болып Орынбор Азия басқармасы құрылады. Оның құрамында төрағасы, 2 кеңесшi, 2 асессор қазақтардан 4 депутат және 2 депутат Бұқар мен Хиуа хандығынан. Орта Азия хандықтарынан депутаттар енуiнiң себебi, Орынбор қаласы қазақ даласы арқылы өтетiн керуен саудасының орталығына айналады.

Бұл мекеменiң негiзгi мiндетi:

•Қазақ даласында тыныштық орнату;

•шекара бойында қазақтарды басқаруды бақылау;

•Азиядағы жағдайды бақылау;

•сот iсiн жүргiзу (әсiресе саудаға байланысты);

iздеу салу қызметi. Орынбор Азия басқармасы мен Орынбор генерал-губернатор тiкелей Сыртқы Iстер Министрлiгi жанындағы Азия департаментiне бағынады.

Шекара басқармасына шекара бойындағы бекiнiстер бағынышты. Барлық шекара шебi 11 дистанциядан тұрады. Дистанцияны орыс офицерi басқарады. Мiндетi: шекара бойында тыныштық орнату, бақылау жасау, Орынбор Шекара Комиссиясы басқаратын аға сұлтандардың кеңсесi болған, олардың штаттарын Орынбор Шекара Комиссиясы бекiткен. Орынбор Шекара Комиссиясының 1828 жылы бекiтiлген жаңа штатында лауазым иелерiнiң жалақысы ептеп арттырылады. Мәселен, аға сұлтан жылына 1200 сом күмiстей жалақы алуымен қоса 60 пұт ұн алатын болған. Ал аға сұлтанның кеңсесiнде қызмет iстейтiн тiлмаштың жалақысы жылына 600 сом күмiс ақша.

Бұдан бiз Кiшi жүз қазақтарын басқару үшiн Орынбор Шекара Комиссиясы мемлекеттiк қаржыны аямағанын көремiз. Жалпы Орынбор Шекара Комиссиясының кеңсесiн қаржыландыру үшiн жылына 96 100 сом жұмсаған. Кiшi жүз аға сұлтандарына, старшындар мен билерге жалақыдан басқа сыйлықтар және атақтар берiлген. Бұл мысалдардан Ресей империясы басқару жүйесiнде қазақтарды бiртiндеп мемлекеттiк қызметке қызықтыра отырып, отарлық саясатты iшкi қазақ даласына енгiзе бастағанын көремiз. Жаңа басқару жүйесi бойынша аға сұлтанның мiндетi былайша анықталады: «...Қырғыздардың iс-әрекеттерiн бақылау, халықтың санын анықтап, түтiн санын, мал санын әр уақытта бiлiп отыру, орыс үкiметiнiң нұсқауларын бұлжытпай орындау. Қазақ арасындағы барымтаға жол бермеу». Қазақ даласында Ресей империясының көзi мен құлағы болып отырған әр аға сұлтанның қарамағына 200 казак солдатынан құралған отряд берiлген. Отрядтың мiндетi аға сұлтанды қорғау және Шекара Комиссиясының нұсқауларын қазақтарға бұлжытпай орындаттыру. Аға сұлтандар жылына екi рет елге шығып отырған. Ондағы негiзгi қызметi салықты жинауға көмектесу. «...Аға сұлтан салықтың дұрыс жиналуын тексерiп, түтiн саны, халықтың саны, ауыл, бөлiмшелер туралы мәлiмет алуы керек» - делiнген. Әрбiр аға сұлтан елдi аралап келгеннен кейiн Орынбор Шекара Комиссиясына жазбаша түрде есеп берiп отырған. Сонымен, жаңа басқару жүйесiн енгiзе отырып, Ресей империясы қазақ даласын аға сұлтан арқылы басқарып, халықты күшпен, озбырлықпен билегенiн көремiз.

34. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жылдар аралығы) — қазақтардың патша үкіметіне қарсы барынша бұқаралық және ұзаққа созылғанкөтерілістерінің бірі болды. Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуысұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді. Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді. Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті.Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметіне ие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының өзінің хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды. Наурызбай сұлтанның атқосшысы да Николай Губин есімді орыс еді. Татар Әлім Ягудин Әскери кеңестің мүшесі болатын. Дипломатиялық қызметке ханның атынан өзбеқ Сейдаққожа Оспанов басшылық етті". Бұлардың бәрі де Кенесарыға жақсы ұйымдастырылған тәртіпті әскер құруына көмектесті және көтерілісшілерге өздерінің жеке тәжірибелерін үйретті. Кенесары мен Қоқан хандығы қарым-қатынасының шиеленісіп кетуінің өзіндік себебі де бар еді. Өйткені Қоқан хандығының билеушілері 1836 жылы оның бірге туған бауыры Саржан сұлтанды, 1840 жылы әкесі Қасым төрені өлтірген болатын. Мұның өзі оның Қоқан хандығының билеушілеріне деген ыза-кегін өршіте түсті. Қоқан хандығына қарсы күресте Кенесары Жанқожа Нұрмұхамедұлы батырдың көмегіне сүйенді. 1845 жылы Кенесары хан Қоқан хандығының Жаңақорған, Жүлек және Созақ сияқты бекіністерін тартып алды. 1846 жылы Қоқанның және бір мықты бекінісі Меркіні де қолға қаратты. Содан бастап Қоқан хандығының қазақтарға озбырлық жасауы уақытша болса да тыйылды. Бірақ Кенесары өзіне Қоқан мемлекеті сияқты және бір қатерлі дұшпан тауып алды. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері мен салдары. Көтерілістің тарихи маңызы Таныс емес таулы шатқал арасында қазақтар абайсызда қоршауда қалып қойған болатын. Соңғы шайқас қарсаңында өткізілген әскери кеңесте Кенесары ханның серіктері қоршауды бұзып өтіп, ханныңаман құтылуы туралы ұсыныс жасады. Бірақ хан ол ұсыныстан біржолата бас тартты. Кенесары хан өз батырларын қоршауда қалдырып, жеке өзі қашып құтылуды ар санады. Сұлтан Рүстем мен Ұлы жүздің ықпалды биі Сыпатай жасақтарының кенеттен шегініп кетуі көтерілісшілердің жағдайын қиындатып жіберді. Тоқмаққа таяу жерде Кенесары 30-дан астам сұлтанымен және аз ғана сарбазымен күші басым қарсыласымен ерлікпен шайқасып, тұтқынға түсті. Көтерілісшілердің шағын тобы қоршауды бұзып шығып қашып құтылды. Қырғыз манаптарының бас қосқан жиынында қолға түскен ханды, сұлтандар мен сарбаздарды өлім жазасына кесу ұйғарылды. Тұтқындағы хан манаптарды күш біріктіріп, Қоқан хандығы мен Ресей империясына қарсы күреске шақырды. Бірақ қырғыздар ханның сөзіне құлақ аспады. Кенесары мен оның інісі Наурызбай Қасымұлы осылай қаза тапты. Ресей зерттеушісі Л.Мейер қазақ жауынгерлерінің ең соңғы күндері туралы былай деп жазды: «Олар қырғыздармен үш тәулік бойыерлікпен шайқасты, Сібір қырғыздары көмекке келіп жетер деген үмітте болды. Бірақ патша үкіметінің жергілікті өкімет билігінің басшылары олардың келетін жолын бөгеп, тосқауыл қойып үлгерген еді. Үшінші тәулік дегенде көтерілісшілердің бір бөлігі қоршауды бұзып шығып, құтылып кете алды. Ханның көптеген сенімді серіктері түгелдей дерлік өлтірілді. Ханның өзі бірнеше сұлтандарымен бірге тұтқынға алынды және азапты ауыр жазаның салдарынан қаза тапты». Кенесарының және оның жақын серіктерінің көзін жоюға қатысқан қырғыз манаптарының бәрі де патша үкіметінің наградаларымен марапатталды. Халықтың сүйікті ханының қапылыста қалай қаза тапқанын ақын Нысанбай Жаманқұлұлы (1812-1871) «Наурызбай-Қаншайым» дастанында қайғылы сарында баяндайды. Әкесі Кенесарының бастаған ісін оның ұлы Сыздық сұлтан мен оған шын берілген батырлар жалғастырды. Ханның қазасы үшін кек алу мақсатымен қазақтар Қырғызстан аумағына бірнеше рет әскери жорық жасады. Қазақтардың Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісі осылайша жеңіліс тапты. Кенесары ханның жасақтары Ресейдің жақсы қаруланған әрі күшті әзірліктен өткен тұрақты әскеріне қарсы тұра алмады. Оның үстіне, Кенесары бірнеше бағытта — патша үкіметіне, қырғыз манаптарына және Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізді. Мұның өзі оның негізгі күштерін едәуір шашыратты. Сұлтандар мен рубасыларының арасында ауызбірлік болмады. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс қазақ халқының патша үкіметіне қарсы жаппай қатысқан бұқаралық соғыстарының бірі болды. Көтерілістің жеңіліске ұшырауы патша үкіметінің қырғыз жерлерін,Жетісудың аумағын және Оңтүстік Қазақстанды басып алуына жол ашты. Сондай-ақ Бұхара, Қоқан және Хиуа хандықтарын қосып алудың алғышарттары жасалды. Кенесары Қасымұлы қазақ халқының есінде талантты әскери қолбасшы, аса көрнекті мемлекет қайраткері ретінде қалды. Хан билігі іс жүзінде жойылған жағдайдың өзінде ол қазақтың үш жүзінің басын біріктіріп, қазақ мемлекеттілігін қайтадан қалпына келтірді. Көптеген зерттеушілер Кенесарының ұлы Абылай заманындағы егеменді мемлекеттілікті қалпына келтіру үшін жасаған әрекеттерін жоғары бағалады. Оған патша үкіметі әкімшілігінің өкілдері де құрметтеп қарады, ресейлік ғалымдар Кенесарыны «бүлікшіл сұлтан», «Қырғыз даласының Митридаты» деп атап, оның іс-әрекеттеріне жағымды баға берді. Кенесары Қасымұлының өмірі мен қызметі болашақ ұрпаққа өшпес өнеге. Қазақтың жүрек жұтқан батыр перзенттерінің бірнеше ұрпағы мен XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалысыныңжетекшілері одан үлгі алып өсті. Кенесары Қасымұлының Астана қаласында тамаша ескерткіші, оның есімімен аталатын үлкен көше бар. Кенесары қазақ халқын бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары көтерілісі табысқа жетпесе де, оның ұлы істері халық есінде мәңгі сақталады

35. Ұлы жүз қазақтарының Ресейге таралуы. Ресейдің жалпы Оңтүстік Казақстанға әскери экспансиясы, өсіресе Ақмешітті, Түркістанды, Әулиеатаны, Шымкентті және басқа да Кокан бекіністерін корғаушыларды талқандауы ерекше қатыгездікпен және әскери түрғыдан ақтауға болмайтын әрекеттермен жүргізілгенін ерекше атап өту қажет. Балшықтан соғылған дуалы бар бұл бекіністердіңтиісті фортифика-циялық кұрылыстары болмады, ал олардың негізінен алғанда бейбіт тұрғындардан тұратын корғаушылары нашар қаруланған еді. Американ саясатшысы Юджин Скайлердіңайтуына қарағанда, Акмешітті орыс артиллериясы 25 күн бойы аткылаған, соның салдарынан қатты бұліншілікке ұшыраған олар жеңімпаздың рақымшылығына бағынуға өзір болған, бұл туралы оның қорғ-аушылары генерал Перовскийге тиісті хат жіберген. Перовский бұған карамастан «азын-аулақ болса да кайткенмен даңққа бөленгісі келіп, хатты отқа тастаған да, елшіге: «Біз бекіністі шабуыл жасап аламыз», — деп жауап қайтарды. Ол келесі күні таңертен. солай істеді».Түркістанға шабуыл кезінде оны да қатты қиратып күшті өрт шығарған орыс әскерлері жергілікті тұрғындарды үрейлендіру үшін ғана Мекеден кейінгі мұсылмандардың екінші касиетті орны — Кожа Ахмет Йасауи кесенесін де артиллериядан атқылаған. Кесенеге 12 снаряд атылып, олардың 11-і оның ка-бырғасын тесіп өткен. М.А.Терентьевтің көрсеткеніндей, олар «әулиеніңдәр-менсіз сәтін көрсетіп, содан тұрғындар қобалжи бастаған». Шымкент халкы одан да мейірімсіз, ал ең бастысы әскери тұрғыдан актауға болмайтын зорлық-зомбылық пен талап-тонауға ұшыратылды. Полковник Лерхенің және Шымкент үшін шайкастарға катысқан баскд да орыс офицерлерінің еске алғанындай, оған шабуыл жасаудың нәтижелерінде сүмдық көрініс болған: «Биік бекініс каклаларыныңтең жарымына дейін жаралылар үйіліп жатты. Осы тірі тоскдуылға артиллерия ок, атқаннан кейін іргесіндегі арықка қан судай акты, үрейі үшқан қокандыктар, көзге түсіп қалмау үшін қызыл әскери киімдерін лақтырып тастап, тым-тырақай жан сауғалады. Еліріп алған Ресей солдаттары бүкіл қаланы найзамен тінтіп шықты». «Байырғы халық деректерінің» айтуына карағанда, бұл қаланы қорғауда қаза тапкандар саны 3170 адамға дейін жеткен», яғни 1862-64 жылдардағы бүкіл Түркістан науқаны кезінде қазатапкан Қоқан жауынгерлерініңжалпы санынан едөуір асып түскен. Деректемелер Әулиеата мен Шымкент алынғаннан кейін де орыс әскерлерінің жүгенсіздік жасағанын көрсетеді. Замандастарының айтуынша Ш. Уәлихановтың Черняевтен кетіп қа-луына патша генералдарының нақ осындай әрекеттері себеп болған. Онын ғүмырнамашыларының бірі былай деп жазған: «орыс әскерлерінің Шо-қан діндестеріне немесе оның тайпаластарына, яғни қазақтарға жасаған айуандығы оны катты ренжітті. Ол жорыкқа ендігі жерде қатыса алмай-тындығын көріп Черняевтен қол үзді және Верныйға жетіп, ол жерден Тезек сұлтанның ауылына барды». Сайрам каласы да күйінішті жағдайға үшырады, оның түрғындарын Черняев отрядының орыс әскерлері жем сатып алу кезінде «6 түйесімен коса төменгі шенді адамдардың бірін» қолға түсірді деп айыптады. Сайрамға 60 казактан, 48 салт атты аткыштардан және 1 мың казақтан тұратын отряд жіберілді. Артиллериядан оқжаудырып, басып алынғаннан кейін қалатамтығы қалдырылмай тоналды, тұрғындардан елуден астам адам қаза тапты және одан үш есе көп адам жараланды. Шамамен алғанда сайрамдықтар осылай жазаланды және бұлай жазаланғандар олар ғана емес еді... Түркістан мен Шымкенттің алынуымен Орынбор және Сібір шептері тұйықталды. Шын мәнінде, Қазақстанның Ресей империясының күрамына кіруінің 130 жылдан астам уакытка созылған үзақта күрделі үрдісі осы оки-ғамен аякталды. Шымкент алынғаннан кейін Ресей үкіметінде Орталық Азияға катысты бұдан былайғы әскери және саяси шаралар женіндегі алауыздык кайтадан күшейді. Континенттегі халықаралықжағдайдың қиындығын ескере отырып, А.М.Горчаков Ресейдің Орта Шығыстағы біртұтас саяси бағытын жасау кажет деген сенімге келді. 1864 жылдың карашасында Әскери министрлікпен бірлесе отырып, Сырты істер министрлігі патшаға арнаулы баяндама дайындады, онда Орта Азия аймағындағы іс-қимылдардың нақты бағдарламасы баяндалды. Патша үкіметінің Орталық Азиядағы экспансиялық саясатын ақтай келіп, патшаның екі министрі де оның сипатын Ресей билігіндегі аумактарға көшпелілердің шабуыл жасауынан елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ба-ғытгалған «корғаныс» сипатында болды деп аныктады. Сонымен бірге баянда-мада басып алынған шептерде Ресейдің тұрактылығын нығайту, одан әрі жау-лап алудан бас тарту, ортаазиялық билеушілерімен адал қатынастарды сақ-тау және оларға орыстар тарапынан «адамгершілік ықпал жасауды» күшейту кажетдеген пайымдау айтылды. «Қазіргі уакытта,—деп көрсетті А.М.Горчаков, - Орта Азиядағы біздің иеліктерімізді одан әрі ұлғайтуға үкімет адамдары да, мемлекеттің мүдделері де келіспейді. Жаңадан жаулап алудың кез келгені біздің шекараларымыздың ұзындығын арттыра отырып... Ресейді кү-шейтпегені былай түрсын, кайта әлсіретеді, сөйтіп көріне келтірілетін зиян-ның орнына болжалды пайда ғана алмақпыз». 1864 жылғы 21 кдрашада патша екі министрдің жоспарын бекітіп, ол Орта Азия мөселесі бойынша үкіметгік бағдарлама маңызына ие болды. Алайда кейіннен Орынбор мен Омбыдағы әскери топтар мен жергілікті өкімшілік ұйымдар «Петербург Кабинетінің үнсіз келісуімен бұл бағдарламаны талай рет бұзды». А.М.Горчаковтың белгілі меморандумы жарияланғаннан кейін жарты жыл өткен соң-ақ Казақстанныңоңтүстігінде жаңадан құрылған Түркістан облы-сының әскери губернаторы генерал-майор М.Г.Черняев Қоқан мен Бұхара арасындағы Ташкентгі иелену кұқығы жөніндегі жанжалдың шиеленісуін пай-даланып, 1865 жылдың маусымында осы калаға шабуыл жасап (1950 орыс солдаты мен офицері, 400 қазақ сарбаздары) оны кыска уақыттың ішінде басып алды." 1866 жылдың жазында Петербургте Ташкентгің болашақтағы кұкықтык мөртебесі туралы болған кыска айтыстардан кейін II Александр оны Ресей құрамына қосу туралы жарлық шығарды. Бір жыл өткен соң, 1867 жылдың маусымында орталығы Ташкентқаласында болатын Түркістан генерал-гу-бернаторлыган қүру туралы заңжарияланды. Оған жаңадан қүрылган Жетісу және Сырдария облыстары кірді. Оңтүстік Қазақстанға Ресей мемлекеттік-өкімшілікжүйесініңтаралуына байланысты оның орасан зор полиэтникалық империяның құрамына қосылуы рәсімделді. Сол кезден бастап Қазақстан ұзақ уақыт бойы Ресейдің отарлық шет аймағына айналдырылды. 1859 жылы Ұлы жүзде тұрғызылған Қастек бекінісі Россияның тірегі саналып, Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды. Шу алқабынан полковник Циммерман тобы шабуылдап, 1860 жылы 26 тамызда Тоқмақты, 4 қырқүйекте Пішпекті алды. 1860 жылы 27 қазанда Ұзынағаш түбінде Алатау округінің билеушісі Г.А.Колпаковский басқарған орыс отряды қоқан әскерін жеңеді. Бұл шайқаста 400-ге жуық Қоқан сарбазы қаза табады, ал орыстар – 2 адамнан айрылды. 1863 жылы Қоңырат 4 мыңға жуық, бестаңбалы руынын 5 мыңға жуық шаңырағы Россия билігін мойындайды. 1864 жылы қөктемде Қоқан хандығына қарсы жіберілген патша әскері Шу алқабын, Мерке, Әулиеата, Түркістан бекіністерін алса, осы жылы 22 қыркүйекте Черняев төбы Шымкентті алады, ал Ташкентті шілде айында 1865 жылы үш күндік шайқастан кейін алды. 1866 жылы Бухар хандығын орыс әскерлері жаулап, 1867 жылы хандық иеліктері Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді, ал 1868 жылы Қоқан хандығына тәуелді болған қазақ жерлері Россия құрамына еніп, Түркістан генерал-губернаторлығына бағындырылды. 1873 жылы Хиуа хандығының орыс әскерінен жеңілуі Хиуа хандығы билігінен қазақтардың толық бөлініп шығуын тездетті. Сөйтіп, XIX ғасырдың 30 жылдарынан басталып, 1,5 ғасырға созылған қазақ елінің Россия құрамына қосылу процесі – Ұлы жүздің Россия империясының құрамына енуімен аяқталды. XIX ғасырдың 60 жылдарында қазақ жері түгелдей Россия отарына айналды.

Бұл оқиғаның прогресті жағы:

1. Саяси, қоғамдық қатынаста феодалдық – патриархалдық белгінің жойылуына жол ашты.

2. Феодалдық – көшпелі шаруашылықтан капиталистік өндіріске көше бастады.

3. Қазақстан жалпы россиялық рынокқа тартылды.

Патшалық билік қысымының күшеюі ұлттық сананың оянуына әсер етті.

36. 1867-1868 жж. реформалар. XIX ғасырдың 60 жылдарының орта шенінде Қазақстанның Россия қол астына қарауы аяқталды. Патша – өкіметі қазақ даласын тупкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік этникалық ұйтқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бәрінің бірден жүзеге асыра қойған жоқ, патша өкіметі оны кезең – кезеңімен іске асырды. Оның алғашқысы – 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу, жүйесіндегі протектораттық дәуір (кезең), яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу болды. Бұл кезде патша өкіметі ел билеудің бұрынғы хандық жуйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне араласпай, қазақ елін өзіне жағынып бағынышты болған хандар арқылы басқарды. Патша өкіметінің қазақ елінің басына тәуелділік ноқтасын біржолата кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылды. Сөйтіп, патша өкіметінің отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды. Бұл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті шаруаларды қонысынан қуа бастады. Олардың орнына ішкі Россиядан жоқшылыққа ұшыраған орыс босқындарын әкеп орналастырды. Отарлаудың осы әскери - әкімшілік кезеңінде әскери бекіністердің іргесі қалана бастады. Оларды тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды. Бұдан кейін (үшінші кезең) отарлау саясатының ежелден қалыптасқан ескі тәсілдерінің бірі – отарлаушы елдің ішкі қуат көзі – этникалық тұтастығынан айырып, қандас, бауырластар арасына іріткі салу мақсатымен патша өкіметі енді қазақ даласын билеудің аға сұлтандық жүйесін жойып, оның орнына сатылап бағындыру жүйесіне негізделген мемлекет аппарат құрды. Бұл мақсатты патша өкіметі 1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы жүзеге асырды. Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады. XIX ғасырдың 60-жылдары қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И.И. Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласы екі облысқа бөлу жоспарланды. Бүл усыныс қабылданбады. 1865 жылы Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды. 1865 жылы 5 маусымда II Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, салық, діни мәселе т.б.

Әкімшілік басқару жүйесін құру ісіне Ш.Уәлиханов өз пікірлерін ұсынды:

- Халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде құру.

- Әлеуметтіқ – экономикалық жаңалықтар енгізу.

- Алайда Ш.Уәлиханов усыныстары қабылданбай, комиссия мүшелері ірі феодалдармен ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады.

1867 жылғы 11 шілдеде – «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді.1868 жылы 21 қазан – «Төрғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді.1. Әкімшілік басқару құрылымы: 2. Генерал-губернаторлық(басқарушысы – генерал-губернатор) Орынбор Батыс Сібір Түркістан (орт-Орынбор) (орт-Омбы) (орт-Ташкент) Облыстар (басқарушысы - әскери-губернатор, атаман)1. Орынбор 3. Ақмола 5. Жетісу 2. 3. Төрғай 4. Семей 6. Сырдария 4.Уездер (басқарушысы – уезд бастықтары) Орал Елек, Қостанай, Ырғыз Атырау Төрғай, Баянауыл, Зайсан, Калмыков Көкпекті, Қарқалы, Павлодар, Жем (Темір) Өскемен, Сергиеполь, Қапал Көкшетау Верный, Ыстықкөл, Төкмақ, Петропавл Туркістан,Шымкент, Сарысу (1869)Әулиеата, Ташкент, Қазалы, Перовск, Ходжент , Жизақ. Болыстар (1-2 мың, кейде 3 мың шаңырақ) (басқарушысы – болыс султаны) Ауылдар (100-200 шаңырақ) (басқарушысы – ауыл старшыны). Сөйтіп 5 сатылы басқару жүйесі құрылды. Полиция, әскери бөлімдер, уездегі мекемелер бекіністер уезд бастығына бағынды.Уезд бастықтарын әскери губернаторлардың усынысы бойынша генерал – губернаторлар тағайындады. Генерал–губернатор барлық әскери және азаматтық билікті өз қолына алды. Әскери – губернатор жанында іс жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастрылып, оны вице – губернатор қадағалады. Басқарма 3 бөлімнен турды: шаруашылық, сот, жарлықты іске асыру. Әкімшілік басқару әскери сипатта болды.

- Облыс басқарушысы әскери және азаматтық билікті қатар жүргізді.

- Болыс басқарушысы полицейлік және тәртіп орнататын билікті иеленді.

- Реформаның басты қағидасы. Әскери және азаматтық биліктің ажыратылмауы. Сот ісін басқару құрылымы: Әскери – сот комиссиялары Уездік соттар Билер мен қазылар соты

Сот мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатың жургізу құралы болды. Әскери – губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соты – отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны болды. Сот ісіндегі басты өзгеріс – ескі шариғаттық салттардың шектелуі.

Реформа нәтижесі.

1) Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты.

2) Феодалдық – патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.

3) Таптық жіктелу салдарын жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмысқа жалдануы).

4) Отарлық басқару күшейді.

5) Қазақ жері Россия үкіметінің меншігі болды.

6) Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды.

1886 – 1891 жж. реформалар бойынша әкімшілік және сот құрылысына енгізілген өзгерістер.

1867-1868 жылдардағы реформалар екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын. Алайда, бұл «тәжірибе» жергілікті халыққа теріс әсер етуі ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. Тек XIX ғасырдың 80-ші жылдарының аяғы мен 90-шы жылдарының бас кезінде ғана отарлық өкімет орындары өлкенде әкімшілік, сот реформаларын енгізуді аяқтауға кірісті.

1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Төрғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды.

Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарканд және Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент қаласы болды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана - 5, Самарканд - 4 уезден турды. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал– губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал– губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Төрғай және Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал – губернаторлығының қарауына берілді.

Өлке шеңберінде генерал – губернаторға шексіз билік берілді. Басқару аппараты – кеңсе, әскери губернаторлар өздеріне бағынышты облыстық басқармаларымен қоса генерал – губернаторға бағынды, ал облыстық басқармаларға жалпы жиналыс және кеңсе кірді. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Ірі облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей) полиция басқармасы құрылды, ал уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту әскери- –губернатор құзырында болды.

Сот құрылысы. XIX ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанда 1886 және 1891 жылдардағы Түркістан және Дала өлкелерін басқару туралы «Ережелер» бойынша жүзеге асырылды. Түркістан және Далалық өлкелерінде жалпы империялық соттар жүйесі - әлемдік (мировой) судьялар, облыстық соттар және жоғарғы (сенат) сот инстанциясы қалыптасты. Соттардың төтенше съезі әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды және өлкелік құқығы берілген орыс чиновнигінің қатысумен өткізілді.

Төменгі сот буыны – халықтық сот болды. Халықтық сот – империялық сотқа қосалқы, өз бетінше мәселені шеше алмайтын тәуелді буын.

Сонымен 1886-1891 жылдардағы сот ісіндегі өзгерістер «Ережелерде» әкімшілік, сот істерінің жүйесі бекітілді. 1891 жылғы «Ережеде» сот істері 17 баптан құрылды. Сот жүйелері Россиядағы үлгімен құрылды. Халық (билер) соты үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғайтың, жергілікті мұсылмандардың ісін қарайтын ең төменгі сот буыны болды.

Патша өкіметінің отарына айналған еңбекші қазақ халқы оған ақшалай алым-салық төледі. Олардың мөлшері әр турлі болып өзгеріп отырды. Мысалы, 1844 жылғы «Ереже» бойынша әр түтіннен 1,5 сом жиналса, 1891 жылғы «Ереже» бойынша 4 сомға жетті.

Тұтас алғанда 1886-1891 жылдардағы реформалар отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді.

Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты.

Патша өкіметінің аграрлық саясатының ажырамас бөлігі қоныстандыру саясаты болды. Помещиктер мен империалистік буржуазияның мүдделеріне сай келген қоныс аудару мәселесіне патша өкіметі XIX ғ. екінші жартысынан бастап қатты назар аударды. Өйткені, Россияда басыбайлықтың (крепостниктік) жойылуы және әлеуметтік-әкімшілік жөніндегі реформалар аграрлық мәселені толық шешкен жоқ, Россияның орталық аудандарында шаруалардың толқулары тоқмады. Осындай жағдайда патша өкіметі шаруалардың назарын революциялық қозғалыстан аудару үшін бірқатар шаралар қолданды. Қоңыс аудары саясаты сол шаралардың бірі еді. Сібірді, Қазақстанның солтустік, батыс, орталық және оңтустік шығыс аудандарын отарлау арқылы патша өкіметі Орталық Россиядан шаруаларды қоныс аудартып, жаңа жерлерде солар арқылы өзіне әлеуметтік тірек жасамақ болды.

Әскери-әкімшілік отарлау саясаты Россиядан шаруалардың қазақ жеріне ағылып келуіне жол ашты. Қазақ даласын отарлау саясатын іске асыру жолында Жетісудың бірінші әскери-губернаторы Г.А. Колпаковскийдің бастауымен 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша ережелер» бекітілді. Осы ереже бойынша қоныстанушы әр жанға 30 десятина жер беріліді. Қоныс аударушылар 15 жыл мерзімге алым-салықтан, рекруттық (әскери міндет) міндеткерліктен босатылды. Мұқтаж отбасыларына «керек-жарақтар алу үшін» ақшалай (100 сом) көмек берілді.

1883 жылы Жетісу облысының Дала генерал-губернаторлығына қарауына байланысты жергілікті әкімшілік «Шығыс Түркістаннан Жетісуға қоныс аударған ұйғырлар мен дунгендерді орналыстыру» туралы ереже шығарды. Жаңа документ 1885 жылы 1 мамырда бекітілді. Бұрынғыларымен салыстырғанда жаңа «Ережелерде» қоңыстанушыларға берілетін артық- шылықтар біраз қысқартылды: енді жер улесі әр адам басына 10 десятина болып белгіленді, қоныстанушылар салықтар мен міндеткерліктерден үш жылға ғана босатылды, ал одан кейінгі үш жылдықта оларды жартылай өтейтін болды.

Патша өкіметі 1889 жылғы 13 шілдеде «Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру» туралы арнаулы ереже бекітті. Бұл ережеде жерді бекітіп берудің тияқты мөлшері белгіленген жоқ, жергілікті өкімет орындарына оның өз қалауынша белгілеуге ерік берілді. «Ережеде» ішкі істер және мемлекеттік мүліктер министрлері алдын ала рұқсат еткен жағдайда ғана қоныс аударуға болатыны көзделді. Қоныс аударатын басты аймақтар – Жетісу, Ақмола, Семей, Тобыл, Томск губерниялары ңақтылы белгіленді.

Сонымен, «Село тұрғандары мен мещандардың өз еркімен қоныс аударуы туралы» 1889 жылғы ереже Россияның орталық губернияларынан Қазақстанға қоныс аудару қозғалысын ішінара ашып берді және самодержавиенің жалпы аграрлық саясатының мәнді жақтарының бірі болды.

Аграрлық саясатты жүзеге асырушылардың бірі-Сібір темір жол комитеті болды (1892 ж. құрылды). Елдің шығысындағы бірсыпыра аудандар темір жолмен байланысқаннан кейін, шаруалардың қоныс аударуы кең өріс алды. Қазақстанда шаруаларды қоныстандыру алдымен Ақмола, одан соң Жетісу, Семей, Орал, Төрғай облыстарында жұргізілді. Тек 1885 жылдан 1893 жылға дейін Ақмола облысының жергілікті халқынан 251779 десятина жер тартып алынып, 10940 халқы бар 24 жаңа селолар пайда болды. Семей облысында бұл кезде қазақ шаруаларынан 33064 десятина егістік жер тартып алынды. 1884-1891 жыл аралығында мұнда 3324 отбасы қоныстанды. Шеттен шаруаларды әкеліп қоныстандыру Сырдария облысын, Шымкент, Ташкент және Әулиеата уездерін кеңінен қамтыды. Қоныс аударушылар Россияның Европалық бөлігінен ғана емес, сондай-ақ басқа облыстардан да келді. Мәселен, 1900 жылғы халық санағы бойынша тек Қазақстанның бес облысында (Ақмола, Орал, Төрғай, Семей, Жетісу) ғана 3463598 адам болса, оның ішінде европалық Россиядан келгендер 247 мыңдай адам, Сібірден – 42119, Орта Азиядан – 23530, Польшадан – 1191, Кавказдан – 1672, Финляндиядан – 72, басқа жерлерден 3557 адам келді. Сөйтіп, 1900 жылы 5 облыс бойынша сырттан келушілер өлкенің барлық халқының 10,5 процентін қамтыды. Оларға 44 миллион гектар жер таратылды. Сөйтіп, патша самодержавиесінің Қазақстан территориясын отарлауға бағытталған және дамып келе жатқан Россия капитализмнің мүдделерін бейнелеген аграрлық саясаты XIX ғасырдың екінші жартасында осылайша жүзеге асырылды.

37.Қазақстандағы патша өкіметінің қоныс аудару саясаты. (ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы) Артта қалған елдерді басып алып, отарға айналдыру, осы елдердің бүкіл байлығын тонау - патшалық Ресейдің негізгі саясаты болды. Оның шеткі аймақтардағы халықтарға деген саясаты тек тонаушылық және қанаумен ғана емес, әскери-отаршылдық тәртіппен де сипатталды. Реакциялық патша үкіметі орыс тұрғындарын ұлттық облыстардағы халықтарға төменгі нәсіл ретінде өктемшілдікпен қарауға тәрбиеледі. Патша үкіметінің отаршылдық саясатының мақсаты - орталық губерниялардағы жерсіз «артық» шаруалардың помещиктерге қарсы наразылығын бәсеңдету үшін оларды шеткі ұлттық аймақтарға көшіру еді. 1861 жылғы реформадан кейін жерсіз қалған шаруалар жер үшін помещиктермен революциялық күрес жүргізген еді. Бұл күрес патша үкіметінің негізін шайқалту қаупін туғызды. Осы күресті патша үкіметі шаруаларды шеткі аймақтарға көшіру арқылы әлсіреткісі келді. Патша үкіметінің шаруаларды қоныс аудару бағыты түрлі кезеңдердегі экономикалық және тарихи жағдайларға байланысты өзгеріп отырды. ІІІ Мемлекеттік Думаның екінші сессиясында социал-демократиялық фракцияның атынан сөйлеген депутат Войлошников түрлі кезеңдердегі патша үкіметінің қоныс аудару саясатына мынадай сипаттама берді: «Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты - үкіметтің бүкіл аграрлы саясатының бір буыны. Помещиктерге арзан жұмыс күші ретінде әлсіз шаруалар керек болғандықтан, үкімет шаруалардың қоныс аударуын тоқтатып, оларды барынша Ресейде қалдыруға тырысты. Бұл аз болғандай, патша үкіметі шаруалардың өз бетімен қоныс аударуын тоқтату үшін күресті. Біртіндеп тұрғындардың саны өсіп, уақыт өзгерді: наразы пролетариат пен аштыққа ұшыраған шаруалар саны көбейді. Патша үкіметі қоныс аударуды өзінің аграрлы саясатының негізіне айналдырды...» [1]. Патша үкіметінің шеткі аймақтарға қоныс аудару саясаты дворяндармен қатар Ресей буржуазиясының да мүддесін қорғады. Өз мүддесін іске асыруда Ресей буржуазиясы Қазақстандағы феодализмнің мықты сарқыншақтарына ғана емес, орта ғасырдың күшті сарқыншағы Ресейдегі патша үкіметіне де сүйенді. Отар елдердің халықтарын тонау мен қанауда патша үкіметі мен буржуазия арасындағы біртұтас майдан қалай құрылған екен? Бұл сұраққа жауапты біз В.Лениннен, оның «Ресейде капитализмнің дамуы» деген еңбегінен табамыз: «Капитализм өзінің билік ауқымын үнемі кеңейтпей, жаңа елдерді отарламай және капиталистік емес ескі елдерді дүние жүзілік шаруашылық аймағына тартпай өмір сүре алмайды» [2].Осылайша ол капитализмнің терең және кең даму мәселесін көрсетті. «Нарықтың құрылу процесі капитализмнің екі жағын көрсетеді: капитализмнің терең дамуы, яғни нақты,шектелген территорияда капиталистік жер шаруашылығы мен капиталистік өнеркәсіптің дамуы және капитализмнің кең дамуы, яғни капитализм билігінің жаңа территорияларда тарауы» [3]. Ресей капитализмінің кең даму процесі шеткі аймақтарды, оның ішінде Қазақстанды патшалық Ресейдің отарына айналдыру процесі болды. Қазақстан басқа да шеткі аймақтардағы елдер сияқты орталық Ресейдің фабрикалық өнімдерін өткізу және шикізат қорына біртіндеп айнала бастады. Капитализмнің империалистік сатысында Ресей Қазақстанға капитал шығара бастады. Бұл капитал Қазақстан жерінде шикізат қорын ашып, табиғи ресурстарды тонап, арзан жұмыс күшін пайдалану үшін қолданылды. Жүз мыңдаған орыс шаруаларын Ресейдің шеткі аймақтарына қоныс аударудың басты себебі - 1861 жылғы крепостной правоны жойғаннан кейінгі Ресейде қалыптасқан аграрлық қатынастар еді. Аталған реформа шаруалардың жағдайын жақсарта алған жоқ. Керісінше, басыбайлықтан босаған шаруалар жердің жетіспеуін сезінді. Сөйтіп олар амалсыз шеткі аймақтарға көшуге мәжбүр болды. Жердің жетіспеуі 1858 жылға санақ бойынша соңғы үш жылда дүниеге келген ер адамдарды ескермеуде болды. Сонымен қатар уақыт өткен сайын тұрғындардың саны өсе түсті. 1861 жылы Ресейдің ауыл тұрғындары 50 млн.адам болса, 1900 жылы 86 млн. адамға жетті. Яғни тұрғындардың саны 72 % -ға өсті [4]. Егер осы есептен кулак шаруашылықтарын алып тастасақ, шаруалардың кедей бөлігінің жерінің аздығы анық көрінеді. В.Лениннің «ХIХ ғасырдың аяғындағы Ресейдегі аграрлық мәселе» деген еңбегінде ХIХ ғасырдың аяғына таман Еуропалық Ресейде жер аздығының көлемін көрсетеді. Шаруалардың қоныс аудару қозғалысының басты себебі жердің аздығында жатыр. Өндіргіш күштердің деңгейін қарастырмай шаруалардың қоныс аудару себебін тек жердің аздығымен түсіндіру жеткіліксіз. Себебі бірдей жер участогі түрлі жағдайда түрлі нәтиже береді. Олай болса шаруа шаруашылығының өндіргіш күштері қандай деңгейде болды? Қарапайым соқа мен ағаш жыртқыш, бұдан туатын жерді қарапайым өңдеу және астықтың төмен өнімділігі, жиі болып тұратын қуаңшылық пен егіннің шықпай қалуы шаруа шаруашылығы өндіргіш күштерінің төменгі деңгейін көрсетеді. [5] Реформадан кейін шаруалар помещиктер жеріне қарағанда сапасы төмен жерлерге ие болды. Ондай жерлерде шаруа өз отбасын асырай алмады. Еркек басына шаққанда жер көлемінің өте аз болуы шаруалардың жайылым жерлерді игеріп, егін егуіне алып келді. Бұл мал санының қысқаруына алып келді. Мал аздығынан жер тыңайтылмай тез тозып отырды. Шаруа жерінде орман алқабының аздығынан олар отын ретінде тезекті пайдаланды. Бұл жағдай тыңайтқыштың көлемін одан да төмендетіп жіберді. 1861 жылғы реформадан кейін Ресейде жеке жер иеленушілерге қолайлы жағдайлар туды. Жерге деген үлкен сұраныс жалға беру бағасын көтерді. Ал мұндай жағдай шаруа шаруашылығын жеке жер иеленушілеріне кіріптар етті. Шаруалар неғұрлым кедей болған сайын, соғұрлым жалға беру құны жоғары болды. 1896-1902 жж. аралығында жалға беру бағасының өсіп отырғандығын мына кестеден көруге болады.

38. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы - Қазақстанның жалпыресейлік экономикаға тартылуы. Банк және несие жүйесінің дамуы. Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының нәтижесінде аймактың экономикалық өмірінде түбегейлі өзгерістер жүзеге асты:

аймақ жалпыресейлік еңбек бөлінісі мен жалпыресейлік және дүниежүзілік рынокқа тартылды; ортақ салмақ, өлшем, ақша белгілері жүйесі орнады; ауыл шаруашылығының тауарлық салалары есті; тау-кен және өңдеу өнеркөсібі дамыды. Қазақстанда капитализмнің алдыңғы қатарлы белгілері пайда болып дамыды: қалалар мен темір жолдар салынды; тауар-ақша қатынастары дамыды; көшпелі қазақтар шаруашылықтың жартылай көшпелі және отырықшы түрлеріне ауыса бастады; әлеуметтік жіктеліс тереңдеп, жаңа әлеуметтік топтар пайда болды (жұмысшылар, жатақтар, батырақтар және т.б.). Алайда Қазақстанға капиталистік қатынастар өте баяу енді, мұнда көпке дейін экономиканың артта қалған түрлері үстем болды. Қазақстан шаруашылық жағынан тек шикізат көзі тұрғысынан ғана игерілді. Өз кезегінде ресейлік өнеркәсіп орындары шығарған тауарларды өткізетін рынокқа айналды. Сонымен қатар Орталық Ресейдің сауда-өнеркәсіп және монополистік буржуазиясының капиталы салынатын аймаққа айналды. Орыс, шетел және аз-маз жергілікті капитал негізінде тау-кен және мұнай орындарын игеретін акционерлік өндірістер құрыла бастады. Банк тораптары мен несие мекемелері құрылуы нәтижесінде капитал елдің шеткері аймақтарына да келіп жетті. Қазақстандағы несие жүйесін барлық Ресей империясындағы сияқты Мемлекеттік банк бөлімшелері, акционерлік, коммерциялық банк филиалдары, өзара несие қоғамдары, қалалық қоғамдық банктер жүзеге асырды. Мемлекеттік және ірі коммерциялық банк бөлімшелері XIX ғасырдың 70—80-жылдары Оралда, Петропавл, Семей, Омбы, Верный қалаларында ашылды. XX ғасырдың басында өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының дамуы ақша рыногын кеңейтіп, несие жүйесі ресурстарын ұлғайтты. Бұл кезеңде елкеде ірі коммерциялық банктердің бөлімдері: Орыс-Азия, Халықаралық коммерция, Орыс сыртқы сауда, Орыс сауда-өнеркөсіп, Сібір сауда, Еділ-Кама, Мәскеу көпестері банктері ашылды. Қазақстан мен Қырғызстан аумағында 1914 жылы 44 банк мекемелері мен 345 несие және карыз жинақтау серіктестіктері жұмыс істеді. Өлке облыстары арасында несиелік мекемелер саны жағынан Ақмола облысы бірінші орынға шықты. Петропавл осы аудандағы сауда-өнеркәсіп қызметінің орталығына айналды. Мал, мал шаруашылығы өнімдері саудасы және үн тарту өнеркәсібінің ірі орталығы Семейде орналасты. Ал Орал және Қостанай Еділ өңірін мал өнімдерімен жабдықтап тұратын маңызды пунктке айналды. Сауда өнеркөсіп топтары өлкенің бай табиғи ресурстарын игеруге ат салысты. Аймақта сауда өнеркәсіп өндірісімен салыстырғанда біршама жоғары деңгейде болды. Саудада орта және ұсақ сауда өнеркәсіптерінің үлес салмағы үлкен болды. Кішігірім бөлшек сауда дүкендері де сауда операцияларына белсене араласты. Қазақстан мен Қырғызстанда несие көлемі жағынан бірінші орынды — мал және ет саудасы, екінші орынды — нан, үшінші орынды өнеркөсіп тауарлары иеленді. Қазақстанның өндіргіш күштерінің өсуіне темір жолдардың салынуының үлкен маңызы болды. Темір жолдар торабы жүк тасудың, сыртқы сауданың өсуі капиталистік ендіріс тәсілінің орнығуындағы басым факторға айналды. XIX ғасырдың соңында Рязань — Орал, Самара — Орынбор, Самарқан қаласын Каспиймен қосатын темір жолдар, Сібір темір жолы құрылысының аяқталуы Ресеймен байланысты күшейте түсті. Осы кезеңде Қазақстанға шаруалардың жаппай қоныс аударуы жүріп жатқандықтан, сырттан келгендер осы маңызды темір жол, тас жол, су жолдары бойларына орналаса бастады.

Мазмұны 1 XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басындағы сауданың дамуы. Жәрмеңкелер

2 Қазақстандағы өндеу өнеркәсібінің құрылымы, оның силаты және ерекшеліктері

3 Қазақстан өнеркәсібі дамуының жалпы сипаттамасы

4 Пайдаланылған әдебиет

XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басындағы сауданың дамуы. Жәрмеңкелер

Сауда. Қазақстанға капиталистік қарым-қатынастардың енуі қазақ ауылының шаруашылық өміріне кептеген өзгерістер әкелді. Қазақстанда сауда қатынастарының дамып, ішкі рыноктың құрылуына жол ашылды. Өлке экономикасы жалпыресейлік шаруашылық жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде дамыды.

Қазақстандағы ішкі сауданың дамуына жергілікті рыноктың құрылуы, ақша қатынастарының енуі әсер етті. Дегенмен Қазақстанның барлық аймақтарының арасында бір-бірімен байланыс жүйелі түрде орнады деп айту қиын.

Қазақтардың басты тауары — мал мен мал шаруашылығы өнімдері. Қазақстан капитализм жедел қарқынмен дамып келе жатқан ресейлік рынокқа тартыла бастады. Ресейден қант, галантерея және басқа да мануфактуралық тауарлар әкелінді. Ресейге мал мен шикізат шығару, әсіресе елкеде темір жол салынғаннан кейін ұлғая түсті, егіншілік өнімдерін шығара бастады. Егіншілік енімдерінің тауарлығы артты.

XIX ғасырдың соңы — XX ғасырдың басында Қазақстанда сауданың үш түрі болды:

қозғалмалы айырбас саудасы,

маусымдық жәрмеңкелер,

тұрақты сауда.

Айырбас сауда түрімен алыпсатарлар айналысты. Олар алыс ауылдағы қазақтарға әр түрлі арзанқол тауарларды малға айырбастады. Айырбас саудада көбіне сауда тең емес, тонаушылық сипатта болды. Далалық айырбас саудасының кең қанат жаюы қалалық тұрақты сауда орындарының дамуына әсер етті. Далалық ұсақ саудагерлер үстінен қарайтын ірі саудагерлер осы бекініс шептері маңындағы қалаларда шоғырланды.

Омбы, Петропавл тағы басқа қалалар орыстың сауда капиталының қазақ даласына енуінде маңызды рел атқарды. Қалалардағы айырбас сарайлары жәрмеңкелік сауданың ірі орталықтарына айналды. Сауда нүктелері тек қалаларда ғана емес, бекініс пункттері мен қазақ-орыс станицаларында қазақтар тығыз орналасқан жерлерде, темір жол бекеттері бойында ашылды. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақтардың шаруашылық мұқтаждықтарына неғұрлым ыңғайлы жәрмеңкелік сауда кең етек ала бастады. Олардың ішіндегі ең ірісі — Семей облысындағы Қарқаралы уезі Қоянды (немесе 1948 жылы негізін салушы көпес С.Ботовтың есімімен аталған) жәрмеңкесі болды. XIX ғасырдың соңында оның сауда айналымының көлемі 3 млн сомға дейін жетсе, Орал облысында Ойыл, Темір жәрмеңкелері, Ақмола облысындағы Петров (Атбасар станицасы), Константинов (Ақмола уезі), Тайыншакөл (Петропавл уезі), Жетісу облысында ең ірі — Қарқара жәрмеңкесі, Сырдария облысында — Әулиеата жәрмеңкесі болды. XIX ғасырдың 80- жылдарынан 1909 жылға дейін тек Семей облысында 15 жөрмеңке (Екатеринск, Шар, Семей, т.б.) болды. Мұнда мал мен мал шаруашылығы өнімдері сатылды. Қазақстанға орыс өнеркәсіп өнімдері, тоқыма тауарлар (мақта-мата бұйымдары), өңделген тері, металл бұйымдары (ауыл шаруашылығы құралдары), қант, сабын, керосин, галантереялық тауарлар, тұрмыстык заттар әкелінді. Орталық Азиядан кептірілген жемістер, киім, мата, қалы кілемдер, Қытайдан шай, маталар тасылды. Жәрмеңкелерде сауда операциялары айырбас түрінде немесе ақша түрінде жүрді. Орыс көпестері жәрмеңкелерден ете үлкен пайда түсірді. Патша үкіметінің қазақ даласындағы сауда саясатының тонаушылық, отаршылдық сипаты болды. Дегенмен қазақтардың табиғи томаға-тұйық шаруашылығының ыдырауына жол ашты. Жәрмеңкелер жылдың төрт мезгілінде өткізілді. Сондықтан оларды маусымдың жәрмеңкелер деп атайды. Қазақтар үшін, әсіресе жазда өтетін жәрмеңкелердің маңызы зор болды. Бұған алыс аудандардан жылқы, ірі қара, қой, ешкі және мал шаруашылығы өнімдері: тері, жүн, киіз, май, мүйіз, жылқының қылын әкеліп өткізіп, өздеріне қажетті заттарға, үн, шай, ыдыс-аяқ, т. б. айырбастады. Бұлардың ішінен рынок үшін арнайы өндіретін ұлттық сауда буржуазиясы өсіп шықты. Қазақтардың арасынан шыққан саудагерлерді: ұсақ, орта және ірі деп үшке бөлуге болады. Мәселен, XIX ғасырда қазақ байларының, алыпсатарларының, саудагерлерінің, приказчиктерінің, делдалдардың ірілі-ұсақты жалпы саны 40 мыңға жеткен. Дегенмен ресейлік және ортаазиялық сауда буржуазиясының бәсекелестік әсерінен қазақ буржуазиясы әлсіз болды. Ұлттык капитал толығымен қалыптаса алмады. Революцияға дейінгі Қазақстанда жергілікті рыноктардың бірігуі негізінде ұлттық рынок қалыптасып үлгермеді. Оған отарлық езгі, жекелеген аймақ арасындағы экономикалық байланыстардың әлсіздігі, ру қатынастарының сақталуы әсер етті. Қазақстан мен Қытайдың шекаралас аудандарында сауда-экономикалық ынтымақтастық ұлғайды. Қазақ-қытай сауда орталықтары ретінде Омбы, Петропавл, Семей, Көкшетау, Верный және т.б. калалар өсіп-көркейді. Қазақстан жері арқылы жүргізілетін орыс-қытай сауда қарым-қатынастары Құлжа, Айгүн, Пекин, Петербург келісімдері негізінде жандана түсті. Сонымен қатар Сібір темір жол торабы мен Ертіс бумен жүретін кеме жолының ашылуы, кеден бекеттері салынуының ықпалы зор болды. Мысалы, Бақты, Қосағаш, Зайсан, Қатонқарағай, Жаркент, Ыстықкөл, Нарын кеден бекеттері жұмыс істеп тұрды.

Қазақстандағы өндеу өнеркәсібінің құрылымы, оның силаты және ерекшеліктері

Сібір темір жолы салынғаннан кейін Қазақстан тауарлы мал шаруашылығымен айналысатын ауданға айналды. Тері, жүн, ет, май өндейтін өнеркәсіптің дамуына жол ашылды. Петропавл және Семей қалалары мал саудасымен айналысатын ірі орталық болды.

Май өндіретін, етті консервілеу өнеркәсіптері Ақмолада, Семейде, Петропавлда ашылды. Мал шаруашылығы өнімдерін ендеу кәсіпорындарының ішінде былғары шығару ісі жетекші орын алды. Былғары өндірісімен қатар қолғап тігетін, пима басатын кәсіпорындар жанында қой терісінен тон тігу қолға алына бастады. Тон тігетін кәсіпшіліктер Петропавл және Ақмола уездерінде жедел дамыды.

Жергілікті жерлерде жүн шикізаты алғашқы ғана өндеуден өтіп, Ресейге жөнелтілді. Далалык өлкеде өңдеу өнеркәсібінде ұн тарту ісі маңызды орын алды. Ақмола облыстарында астық алқаптарының көлемі ұлғайды. Астық алқаптарының жартысынан көбінде бидай өсірілгендіктен, ұн тарту кәсіпорындарына жөнелтілді. Ұн тарту кәсіпорындары Сібір темір жолы бойында орналасқан Омбы, Семей, Петропавл, Орал, Ақмола сияқты қалаларда шоғырланды.

Дала өлкесінде спирт, арақ-шарап өндіретін қаржы министріне бағынатын Томск-Семей және Тобыл-Ақмола акциздік мекемелері құрылды. Шарап монополиясы мемлекет кірісінің 30%-ын жауып отырды. Сонымен қатар спирт өнеркөсібі сыра қайнату өнеркөсібінің дамуына да ықпал етті.

Құрылыстарға және шаруашылыққа қажетті орман ағаштарын кесетін өнеркөсіп дамыды. Мәселен, Сібір темір жолы құрылысына көп ағаш жұмсалды. Кебінесе олармен қазыналық мекемелер айналысты. Қазақстанда ұсақ тауар ендірісінің үлесі кашанда ірі өнеркөсіп үлесінен жоғары деңгейде болды.

Кәсіпшілік пен қолөнер түрлері әр аймақтағы шикізат түрлеріне қарай дамыды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тері еңдеу, киіз басу, кілем тоқу кеңінен таралды. Мысалы, Ақмола уезіне қоныс аударған шаруа қожалықтарында жер өңдеуден кейін астық тарту, май тарту, май шайқау көсіпшіліктері екінші орын алды. Әсіресе ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу көсіпшілігімен егістік жері жоқ шаруашылықтар айналысты.

1900 жылы Ақмола облысында кәсіпшіліктерге барып жұмыс істейтін қазақтар 12 мыңға жетті, ал Торғай облысында бүкіл шаруашылықтар санының 50%-ы шетке барып жалданатын болды. Бұл кәсіпшіліктерге көбіне кедейленген қазақтар мұқтаждықтан жалдануға мәжбүр болды.

Жетісуда шарап жасау енеркөсібі XIX ғасырдың 60-жылдары пайда болды, XX ғасырдың мануфактура өндірісі механикаландырылып, өнімдері жоғары сапалығы жағынан бірнеше рет шет жерде жүлделерге ие болды. Сол сияқты Верныйда темекі жасау, ағаш өңдеу, шұға тоқу өнеркәсіптері дамыды. Түркістан мен Шымкентте мақта тазалайтын кәсіпорындар жұмыс істеді. Арал, Балқаш, Зайсан, Каспийде балық аулау көсіпшілігі болды. Сонымен, ауыл шаруашылығы шикізатын өндейтін өнеркөсіптердің ішіндегі ірі ұн тарту, шарап жасау, орман ағаштарын кесетін, металл өңдейтін салаларда фабрика өндірісіне көшу басталды. Қалған тері өңдеу, былғары жасау, балауыз, пима басу, тон тігетін, май шайқайтын, кірпіш құятын, т.б. көсіпорындар ұсақ кол еңбегі басым өндірістер қатарына жатты. Олардың көбі үй көсіпшілігі, қолөнер сипатында болды, кебінесе отбасы мүшелері мен мерзімді жұмыскерлердің еңбегі пайдаланылды. Қазақстан Ресей өнеркөсібінің негізгі шикізат базасы қызметін атқарды. Өндіріс құрал-жабдықтарын өндіру саласы өте төмен деңгейде қалды. Қазақстандағы түсті металл кен орындарын игерудің басталуы. Ежелгі заманнан бері Орталық және Шығыс Қазақстан аймағында тау-кен өндірісі мен мыс, қорғасын, қола, күміс, алтын металлургия өндірісі дамығандығы тарихтан белгілі. Қазақ өлкесіне кен іздеп келгендердің алғашқыларының қатарына Томск губерниясынан алтын өнеркәсібімен айналысатын С.И.Попов және оның балаларын жатқызуға болады. Алтай өңірінде бірнеше алтын кеніштері болған Поповтар Баянауыл және Қарқаралы сыртқы округі қазақтарының арасында қосымша сауда ісін жүргізумен де айналысқан. 1820 жылдан бастап Попов үкімет органдарының рұқсатымен ежелгі Берікқара кенішінен күміс-қорғасын рудаларын Алтай металлургия зауыттарына Ертіс бойымен тасып әкете бастады. Тек 1854—1860 жылдары ғана кеніштен таза 1 млн 300 мың сом таза пайда түсті. Көпес әрі кен кәсіпкері Попов Қарқаралы және Баянауыл округтерінде кен өндіру және тау-кен зауыттарын салып, оның шикізатымен Алтай металлургия зауыттарын жабдықтап тұрды. Қарағанды кемір кеніштері, сол сияқты Спасск мыс өндірістеріне енетін тағы басқа Спасск, Воскресенск, Успенск және Жезқазған мыс кеніштері, Саран көмір кеніші және Спасск мыс балқыту зауыты — осылардың бәрі 1847 жылдан 1904 жылға дейін кен кәсіпкерлері Ушаков пен Рязанов, т.б. екі Екатеринбург кәсіпкерлерінің компаниясына тиесілі болды. Кейіннен компания тараған кезде ең көп қаржысы бар (50%-дан астам) Рязанов барлық Спасск мыс кендері өндірісінің толық қожайынына айналды. Рязанов өндірісті 1904 жылы шетелдіктерге сатты. 1904 жылдан 1919 жылдың соңына дейін патша үкіметінің келісімімен шетелдік "Спасск мыс кені" акционерлік қоғамын басқарды. Осылайша Қарағанды кемір кеніші, Спасск мыс өндірісі, т. б. ағылшын мен француздарға жалға берілді. Патша үкіметі Қазақстанға метрополияның тек шикізат көзі ретінде қарады. Сондықтан тау-кен және көмір кеніштерін өндіруге қазақтардың өздерін жібермеді. Мәселен, Қарқаралы уезінің бай қазағы Керсембек Қалмамбетовтің 1886 жылғы күміс-қорғасын орындарын алғаш ашушы ретіндегі ресми етініші қанағаттандырылған жоқ. Сол сияқты осы уездегі тас көмір кенішін игеру туралы 1903 жылғы Қазанғап Досановтың өтінішіне де теріс жауап қайтарылды. 1856 жылы Қаржы министрінің нұсқауымен Баянауыл округінің аға сұлтаны Мұса Шормановқа алтын және кен кәсібімен айналысуға рұқсат бермеді. Павлодардан Балкашқа дейін созылып жатқан Екібастұз көмір кеніші және басқа пайдалы қазбалар "Воскресенск кен өнеркәсібі акционерлік қоғамына" қарасты болды. Ұзындығы 110 шақырым болатын Екібастұз

39: XIX ғасырдағы Материалдық мәдениеті: Қазақтардың XVІІІ-XІX ғасырлардағы материалдық мәдениетінің күйі қоғамның экономикалық даму деңгейімен анықталды. Оның даму барысына көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Бұл жағынан алғанда егіншілік, сауда-саттық, көрші халықтардың ықпалының маңыздылығы да аз болған жоқ.Отырықшы халықтар өмірінде жер шаруашылығы үлкен рөл атқарса, көшпелі халықтарда мал шаруашылығы маңызды болды. Қазақ көшпенділерінің салт-дәстүрі, діни-наным сенімі, тұрмысы көшпенділік өмірмен тікелей байланысып жатты. Көшіп-қону мал өсірушілерге маусымдық жақсы жайылымдарды пайдаланып отыруға мүмкіндік берді. Көшіп-қону көбінесе меридиан (оңтүстіктен солтүстікке) бағытымен жүрді. Ірі рулар мен олардың бөлімшелерінің қоныстары негізінен бір территорияда болды. Әрбір рудың өзінің көш жолдары болды. Қазақтың мал шаруашылығының өріс, қоныстары жылдың төрт маусымына қарай қыстау, көктеу, жайлау және күзеу деп төртке бөлінді. Жаздық жайылым қазақтардың ортақ пайдалануында болып келсе, көктеу мен күзеу бір орында болды. Қыстауда малшылар құйма кесектен қаланған үйлерде қыстады, жылдың басқа мезгілдерінде киіз үйлерде тұрды. Киіз үй – көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан-қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй. Оның қабырғасы айқыш сағанақтардан көктелген керегеден тұрғызылды. Кереге жиналмалы болып бөлек-бөлек қанаттан жасалды. Ал керегеден жоғары сидам жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылды. Уықтардың аяғы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастыра байланып, ұшы (қаламшасы) шаңырақтың көзіне шаншылды. Шаңырақ - үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Үй ағашының сыртынан арнаулы киіздер, қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түңлік жабылды. Үйдің ортасында ошағы, оң жағында төсек, оның тұсында тұскиіз ұсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады. Үйдің төріне жүкаяқ қойылып, оның үстіне көрпе-жастық жиналады. Үйдің сол жағына кебеже, қазан-аяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, ол шимен қоршалған.Көшпелі мал шаруашылығына күрделі еңбек құралдары керек болған жоқ. Жылқы ұстау үшін құрық, арқан пайдаланылды, қайыстан немесе жылқының жал-құйрығынан тұсау мен шідер жасалды, құлын мен бота байлауға жуан арқан мен ноқта пайдаланылса, мал суғаруға науа мен қауға пайдаланылды. XVІІІ ғасырдың аяғында қазақ даласына орыстардың қыста шөп дайындауға арналған шалғылары біртіндеп тарала берді. Ал, XІX ғасырдың орта шенінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады. Қазақстанда суармалы егіншіліктің ежелгі ошақтары ертеден болып келген. Осыған байланысты қазақтарда егіншілік құралдарының қарапайым түрлері болды. Мәселен, тісағаш, егін оратын орақ, ағаш күрек, сыпыртқы егіншілік құралдарына жатқызылды. Егісті суғару үшін суды көтеріп шығаратын әр түрлі құралдар – атпа, шығыр, сондай-ақ кетпендер мен күректер пайдаланылды. Оларды жергілікті ұсталар өздері дайындап отырды.Салт атқа арналған әбзелдерді қоспағанда қазақтың мал шаруашылығына және егіншілікке байланысты негізгі еңбек құралдары Қазақстанның бүкіл аумағында бір-бірімен ұқсас болды. Қазақтың ат-тұрман әбзелінің ішіндегі ердің сыртқы түрі мен дайындау тәсілінде жергілікті ерекшеліктер байқалады. Ердің ең көп таралған түрі - қайыңнан шауып жасалған, алдыңғы қанаты кең “қазақ ері” болып табылады. Оңтүстік Қазақстанда ердің “құранды ер” дейтін түрі таралған. Ер-тұрман әбзелдерін жасау, негізінен, ершілердің ісі болған. Олар тек қана ердің өзін емес, сонымен бірге бүкіл ат әбзелдерінің бәрін - тоқым, құйысқан, өмілдірік, жүген, айыл, үзеңгі, таралғы, қамшы және т.б жасап, оларды әсемдеп, көркемдеп отырған. Сондай-ақ қайыстан ат-тұрман әбзелдерін өретін шеберлерді “өрімші” деп атаған. Қазақтардағы көшпелі тұрмысқа бейім шаруашылықтың үстемдігі алуан түрлі қолөнерінің - тоқымашылықтың, киіз басудың, ағаш, металл, тері, сүйек және мүйіз өңдеудің дамуына себепші болды. Тоқымашылықпен және киіз басумен көбіне әйелдер айналысты, олар негізінен алғанда үйге керек-жарақтардың тоқымашылық пен ісмерлікке қатысты заттарын: кілемдер, алашалар, шекпендер, киіз үй ішіндегі алуан түрлі басқұрлар, бау-шулар, текеметтер, сырмақтар, аяққаптар және т.б дайындады.Қыстаулардағы отырықшылыққа бейімделген тұрғын үйлердің дамуы, үй-жайлар санының көбеюі және орыс мәдениетінің ықпалы тұрғын үйлердегі керек-жарақтардың едәуір өзгерісіне әкеп соқты. Дәстүрлі үй бұйымдарының орнына әйнектелген ыдыс қоятын шағын шкафтар, жақтаулы ағаш кереуеттер, іші құлыпталатын әр түрлі сандықтар пайда болды.Қазақтардың ұлттық киімінде этнографиялық белгілері сақталып қалғанымен, олардың да пішіні мен түрлеріне өзгерістер енді. Ер адамдар бітеу пішілген, кеудесінде тік өңір қақпағы бар, жалпақ қайырма жағалы, етегі біршама ұзын көйлек киетін болды. Ер адамдардың көп таралған сыртқы киімінің түрі шапан болды. Ол көбінесе фабрикалық маталардан тігілді. Ауқатты қазақтар түрлі-түсті бұқара жібегінен, барқыттан қымбат матамен әдіптеп тігілген шапан киді. Қазақтар әдемі “мәуіті шапан” мен “мәуіті шекпен” де дайындады. Олардың қос шабуынан өрнек салынды. Шабудың төменгі жағынан тілік қалдырылып, жұқа түйе жүннің тоқымасынан тігілді. Қазақстанның барлық облыстарында қазақтардың кеңінен қолданылған қысқы сырт киімінің ежелгі түрлерінің бірі – күпі көктемде қырқылған түйе немесе қой жүнінен дайындалды. Сырт киетін қысқы киімнің қадірлісі аң және үй жануарларының терісінен тігілген ішіктер болды. Қазақтардың көбінің қолы жететін және кең таралған қысқы киім түрі қой терісінен өңделіп, жүні ішіне қаратып тігілген тон болды. Енді аяқ киім түрлеріне келетін болсақ, қазақтардың негізгі аяқ киімі былғары етік, кебісті мәсілер болды. XVІІІ ғасырда қазақтардың жазда киетін өкшесі биік, тұмсығы қайқы етіктері XІX ғасырдың екінші жартысында жоғала бастады. Барлық жастағы ер адамдар қыс кезінде негізінен ішінде киіз байпағы бар ұзын қонышты саптама етік киді. Неғұрлым ауқаттылары жаз кезінде былғары кебісі бар мәсі киіп жүрді. Бұл аяқ киімдердің барлығы оң және сол аяқ деп бөлінбей бірдей тігілетін. Бас киім түрлеріне келетін болсақ, ересек ер адамдардың барлығы шаштарын алдырып, басына тақия, тебетей киді. Бұның сыртынан тігілген терісіне сәйкес сусар, пұшпақ және елтірі деп аталатын бөріктер киді. Әйелдердің киімдері жас ерекшеліктеріне сәйкес бір-бірінен біршама ерекше болды. Қазақ әйелдері ерекше сәнді киініп, киімдерінің сыртынан тағатын кемер белдіктерін күміспен күптеп, алтынмен аптап, қымбат бағалы тастармен әшекейлеп отырды. Әйелдердің жасы мен отбасындағы жағдайына байланысты бас киімдері де ерекше болды. Мәселен, жас қыздар шет-шетіне моншақтан немесе бағалы металдан шекелік тағылған, бай нақышты үкілі тебетей - “қасаба” киді. Ұзатылған қыздың бас киімі сәукеле бір жылдан соң ақ мақта-матадан дайындалған кимешекпен ауыстырылатын еді.Мал шаруашылығына негізделген қазақтардың тұрмысы олардың ішетін тамақтары мен ыдыс-аяқтарынан айқын көрінеді. Негізгі тамақтары ет-сүт өнімдері болды. Қазақтар ыдыс пен керек-жарақтарды көбінесе сынбайтын материалдардан: ағаштан, теріден, киізден және шұғадан жасаған. Олар: торсық, саба, күбі, қазан, таба, ожау, астау, ағаш табақтар, мес, мал сауға арналған көнек және т.б. Көшкен кездерінде ыдыс-аяқты сыртқы беті түрлі-түсті құрақтармен өрнектелген арнаулы киіз қаптарда (аяққаптарда) сақтаған. Сусымалы мал өнімдері үшін тоқыма қаптар дайындаған. Сүр ет пен сары майды ағаштан жасалған кебежелерде сақтаған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]