Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГосТарих.doc
Скачиваний:
113
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
739.33 Кб
Скачать

69. ..Қр-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы.

«НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясы

Төрағасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның бірінші орынбасары – Бахытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрайды. «Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.Партияның басты мақсаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайта өңдеу өнеркәсібін, жоғары технологиялық ғылыми өндірістерді дамыған деңгейге жеткізуге, әлеуметтік мәселелерді (зейнетақы көлемін ұлғайту, ең төменгі жалақы көлемін ұлғайту, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыру) шешуге бағытталған реформалық саясатын ресми түрде қолдау болып табылады

Қазақстан коммунистік партиясы

Партияның бірінші хатшысы – Серікболсын Әбділдәұлы Әбділдин. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркеуден өтті. ҚКП-ның мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды. Партияның бөлімшелері республиканың барлық облыстарында бар. Партия республикада ғылыми социализм қағидаларына негізделген еркіндік және әлеуметтік әділетті қоғам құруға жағдай жасауды; коммун Қазақстанның коммунистік партиясы партиялық тізім бойынша 3,44% дауыс жинаған «Коммунистердің халықтық оппозициялық одағы және ҚДТ» сайлау блогының құрамында қатысты. Партия 2007 жылғы Мәжіліс сайлауына қатысқан жоқ.

Қазақстан коммунистік Халықтық партиясы

Бірінші хатшысы – Владимир Борисович Косарев. 2004 жылғы 21 маусымда мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия сапы 90 мың адам құрады. Партияның саяси платформасына сәйкес, ҚКХП-ның қызметі қоғамдық дамудың жаңа жағдайына бейімделген маркстік-лениндік идеологияға негізделген. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 1,98% дауыс алды. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте партияның депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша ҚКХП 1,29% дауыс жинады.

Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы

Партия төрағасы – Ғани Әлімұлы Қалиев. Партия 2002 жылғы 1 наурызда тіркелген. 2003 жылғы 2 сәуірде партия қайта тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия мүшелерінің саны 61 043 адамды құрады. Қазақстанның барлық облыстарында партияның құрылымдық бөлімшелері бар. Партия мақсаттары: мемлекеттік реттеуді және агросекторды қолдауды күшейту; ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау; қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға белсенді ықпал ету; экономиканың барлық салаларында нарықтық қатынастардың негізді формаларын жүзеге асыру. Партия 2004 жылғы парламенттік сайлауға қатысты, алайда үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бірде-бір депутаттық мандатты иелене алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ауыл» партиясы 1,51% дауыс жинады.

Қазақстанның патроиоттар партиясы

Партия төрағасы – Ғани Есенкелдіұлы Қасымов. Партия 2000 жылғы 4 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден өтті. Партияның мәліметтері бойынша оның құрамында 172 мың мүшесі бар. Партия келесі мақсаттарды ұстанады: Қазақстан халқының ұлттық қайта өркендеуін қалыптастыру және жүзеге асыру; нарықтық экономикасы бар құқықтық демократиялық мемлекет, азаматтық қоғам қалыптастыру; қоғамның әлеуметтік белсенді бөлігін мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатыстыру; елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету; адамның жоғары деңгейде өмір сүру сапасын қалыптастыру және азаматтардың

денсаулығына басым көңіл бөлу. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 0,55% дауыс жинап, Парламентке өте алмады. 2007 жылғы Мәжіліс

сайлауының қорытындылары бойынша партия 0,78% дауысқа ие болды. Партия жетекшісі Ғ.Е.Қасымов 2007 жылы Президент Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.

Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы

Партия төрағасы - Әлихан Мұхамедұлы Бәйменов. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің құрамы 175 862 адамды құрайды. партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденген, демократиялық және еркін Қазақстан. Іргелі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттік. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 12,04% дауыс жинады. Партия үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір депутаттық мандатты иеленді. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ақ жол» партиясы 3,09% дауыс жинады.

«Руханият» партиясы

Партия төрайымы – Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова. Партия 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 72 мың адамды құрайды. Партия бөлімшелері облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында ба р. Партияның негізгі міндеттері: экономиканы көтеру, әлеуметтік мәселелерді шешу, биік адамгершілікті және рухани бай қоғамды дамыту. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 0,44% дауыс жинап, үшінші шақырылымдағы Мәжілісте депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Руханият» партиясы 0,37% дауыс жинады.

Қазақстанның «Нағыз АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы

Партияның тең төрағалары: Болат Мұқышұлы Әбілов, Ораз Әлиұлы Жандосов, Төлеген Тілекұлы Жүкеев. Партия «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның бөлінуінің нәтижесінде 2005 жылдың 29 сәуірінде құрылған. 2006 жылғы 17 наурызда тіркелді. Партия мүшелерінің саны 87 012 адамды құрайды. Партия барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өзінің бөлімшелерін ашқан. Партияның мақсаттары – демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет және ашық қоғам құру. 2007 жылғы 23 маусымдағы «Нағыз Ақ жол»

Асар» партиясы.

Партия көшбасшысы: «Хабар Агенттігі» ЖАҚ басшылар кеңесінің төрайымы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты – Дариға Назарбаева. Негізгі мақсаты – дамыған азаматтық қоғамдық институттары бар экономикасы мықты, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру. Партияның саясаты Елбасының жүргізген реформаларын қолдауды негізге ала отырып жүзеге асырылады. Партия «Қазақстан-2030» Стратегиясының шынайы екендігін мойындайды және аталмыш бағдарламаны қолдайтынын жариялайды. Саяси ортада «Асар» өзін орталықшыл мәтіндегі партия деп біледі, және егер өз мүдделеріне қажет болса, партия басшылықпен, басқа да партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен іскерлік қарым-қатынас орнатуға дайын.

Қазақстанның аграрлық партиясы.

Аталмыш партия жерге деген жеке меншікті енгізу, ауыл инфрақұрылымының жақсаруын, аграрлық сектордың салық салуына қатысты өзгерістер енгізу мәселелерін қолдайды, агроөндірістік кешен қызметкерлерінің мүдделерін қорғайды. Партия жетекшілерінің айтуына қарағанда, партия саяси тұрақтылықты қолдайтын және көтерілістік өзгерістергі қарсы көз қарасты ұстанатын консервативтік саяси күш сипатын иеленуі тиіс. Партия жетекшісі – Мәжіліс депутаты, ҚР Парламентінің аграрлық мәселелер бойынша Комитетінің мүшесі, Р.Мадинов

Қазақстанның азаматтық партиясы.

Еліміздің бірқатар ірі металлургиялық және тау-кен кәсіпорындарының еңбек ұжымдарының ұсынысымен құрылған. Бұл партияның негізгі мақсаттары - өндірісті дамыту, әрбір қазақстандық жанұяның әл-ауқатын жақсарту, Қазақстанның мемлекеттігін нығайту. Басқа да қазіргі таңдағы елдегі жүргізілген саясатты қолдауға негізделген партиялар сияқты ҚАП өз көшбасшысы деп Н.Ә. Назарбаевты таниды. Бұл партияның 1-хатшысы – А.Перуашев.

75.Астана қаласы – Қазақстан Республикасының астанасы (1997 жылдың 10 желтоқсанынан). 2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, халқының саны 697 257 адамды құрайды. Халық саны жағынан бұл қала Қазақстанда Алматыдан кейін екінші орында.

Қаланың байырғы атаулары – Ақмола (1830-дан 1961 жылдарға дейін), Целиноград – 1961-ден 1992 жылдарға дейін, Ақмола – 1992-ден 1998 жылға дейін.ЖағрапиясыҚала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.Қала аймағының жер-бедері тегістелген. Қаланың климаты шұғыл континеттік. Астана қаласындағы негізгі әрі маңызды сулы артериясы Есіл өзені болып табылады, және оның екі арнасы Сарыбұлақ пен Ақбұлақ.Астанадан 25-30 шақырым радиуста тұщы және ащы көлдер көп. Қала аумағы – 71 мың га.ТабиғатыҚоңыржай шұғыл континеттік. Жазы ыстық әрі құрғақ, қысы аязды әрі ұзақ. Жылдық орта температурасы 3,1 °C. Жылдық жауын-шашын көлемі 300 мм. Жаздың ыстығы 40 °C –тан асып кете алса, қыстың суығы – 50 °C-қа дейін төмендейді. Қысының суығы сібір аязына таяса, жаздыгүні Орта Азияның ыстық қапырығы байқалады.Халқы2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, қаланың халық саны 697,3 мың адамды құрайды. 2009 жылдың көрсеткіштерінде Астана қаласының миграциялық сальдосы 31 908 адамды құрады – бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш. Қалаға жасалған миграциялық толқындар негізінен Қазақстанның өзге аймақтарынан болады. Астана адам капиталын тарту жағынан және тұрғындарының табысы жағынан елдегі көшбасшы қала болып келеді. Ұлттық құрамы: қазақтар, орыстар, украиндар, татарлар, армяндар, әзірбайжандар, еврейлер, белорустар, грузиндер, молдавандар, тәжіктер, өзбектер және т.б.Қазақстан астанасының тарихыАстана өн бойына халықтың күші мен қайратын жинап, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналған Елордасы. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға (ол кезде Ақмола) көшті. Бұл шешімге көптеген себептер болды, негізінен елдің экономикалық және геосаяси мүддесіне байланысты. Астана ел аумағы ортасында орналасып, Еуропа мен Азияға көпір болып тұр. Қала елдегі экономикалық ірі аймақтардан алшақ жатыр. Өнідірісі дамыған болуы, аграрлы инфрақұрылымының болуы, маңызды транспорттық торап мәртебесі, жағымды экономикалық жағдайда болуы, үйлесімді табиғаты мен халық санының аз болуы – міне, осы факторлардың барлығы аталған қаланың астаналық мәртебесіне сай келіп, оның дамуына түрткі болды.Қала күні жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі. Астана белсенді дамып жатқан қоғамның сөресіне айналды. Қаланы Есіл өзені бөліп жатыр. Онда баяу қозалыспен катерлер жүзеді. Осыдан біраз жылдар бұрын ғана мұнда саусақпен санарлықтай он қабатты үйлер болған. Ал қазірде мұнда 70 метр және одан да зәулім үйлер көп.Жыл өткен сайын Астана қызмет көрсету саласы дамыған ірі мегапоислке айналып келеді. Жүздеген кафелер мен мейрамханалар, дүкендер, көңіл көтеру ошақтары мен сауда үйлері ашылды.Бүгінгі Астана – жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала. Сәулет өнеріне келсек, еуропалық және шығыстық үлгілердің жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде қаланың халқы үш есеге артты. Аз уақытта қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгерді.Қаланың архитектуралық бейнесін қалыптастырар сәтте Нұрсұлтан Назарбаевтың оған еуразиялық рең беру қажет деген ұсынысы ескерілді.Құрылыс барысында еуропалық технологиялар пайдаланылды. Сонымен қатар оған жергілікті және түркиялық, италиялық, француздық және швейцариялық компаниялар атсалысты. Жеделдетілген құрылыс қарқыны 6-7 жылдың шамасында Қазақстанның даласынан заманауи модернизацияланған, қайталнбас бейнесі бар қала тұрғызуға мүмкіндік берді.

74. “Қазақстан республкиасының Конституциясы - (constitutio – құрылғы, жарғы заң) – Қазақстан халқының егемендік құқығына сай 1995 жылығы 30 тамызда өткен республикалық референдумда қабылданып, оның нәтижесі ресми жарияланған осы жылдың 5 қыркүйегінен бастап күшіне енген Қазақстан мемлекетінің Ата заңы.Конституция -мемлекетке қоғамның құқықтық сенімі және халықтың берген төлқұжаты деуге болады. Қазақстан республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың негізін, мемлекеттік билік жүйесін және Қазақстан мемлекеті мен оның азаматының қатынасын белгілейді. Адам және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын Конституция мемлекетінің ең қымбат қазынасы деп сол үшін қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді (1-баптың 1-тармағы).

ҚР бұрынғы 1993 жылғы Конституциясымен салыстарғанда, жаңа Конституция барынша жетілдірілген ішкі біртұтастығымен және қазіргі заманғы либералдық-демократиялық құндылықты толық баянды етумен пара - пар, еліміздің даму тенденцияларымен, мемлекет биліктерінің шегін белгілеп беруімен ерешеленеді.

Ол үшін Қазақстан республикасындағы конституциялық реформаның жүргізілу мен дамуын сатыға бөле отырып, оларды 5 кезеңге бөліп қарастыру қажет деп ұйғардық.

1-кезең (1990-1993 жылдар) - республиканың тәуелсіздік алуына байланысты қайта құрудан тәуелсіз мемлекет құру жолы, яғни реформаның дайындық сатысы.

2-кезең (1993-1995 жылдар) - 1993 жылғы Конституцияның қабылдануы.

3-кезең (1995 - 1998 жылдар) Қазақстанның қазіргі даму бағдарын құру процесінің басталуы және 1995 жылғы Конституцияның қабылдануы.

4-кезең (1998-2007 жылдар) сот саласын демократиялық жетілдіру - Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1998 жылғы 7-қазандағы заңның қабылдануы.

5-кезең 2007-2011 жылдардан басталған президенттік-парламенттік республика құру бағдарына өту кезеңі мен қазіргі кезеңге дейінгі аралық.

Әрбір қазақ үшін, өзін қазақстандықпын деп есептейтін әр бір азамат үшін жалпы заңды, әсіресе Конституцияны білудің, оның талаптарын орындаудың қаншалықты маңызды екендігі туралы тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ХҮІІІ ғасырдың аса ірі мемлекет қайраткерлері Төле биді, Қазыбек биді және Әйтеке биді еске алуға арналып, 1993 жылғы мамырдың 28-інде Ордабасыда өткен салтанатты жиында сөйлеген сөзінде: «Тәуелсіздік туын қолда берік ұстау-әрбір қазақтың, Қазақстанды өз отаным деп санайтын әр адамның ең басты борышы, ең биік мақсаты. Құқықтық мемлекетке, демократиялық қоғамға тән заңдылық қағидасын қатаң сақтай алсақ қана, ол борышты адал ақтап, ол мақсатқа қапысыз жете аламыз. Конституцияны білу, заңдылықты сақтау-құқықтық мемлекет құрудың бірінші шарты. Әз Тәукенің тұсындағы қазақ қауымының дәуірлеуі ең алдымен осы заңға жүгінуге байланысты болғанын ұмытпағанымыз жөн. Заңды жетік білмейінше, оны сыйламайынша, берік ұстанбайынша, біз өмірдің қай саласында да қиыншылықтан арыла алмаймыз»,-деді.

Дегенмен заң, тек құқықтық мемлекет құрудың құралы ғана емес, сонымен қатар сол құқықтық мемлекет құру тарихының дерек көзі міндетін де атқарады. Өйткені біздегі құқықтық мемлекет құру тарихы, ең алдымен, сол заңдарда бейнеленген. Бұл ретте біз тәуелсіз Қазақстан республикасы тарихына қатысты заң актілерінің пайда болу алғышарттарының бұрынғы КСРО қойнауында пісіп жетілгендігін ерекше айтуымыз керек. Өйткені КСРО сияқты алып империяның күйреп, басқа да бұрынғы одақтас республикалар сияқты Қазақстанның да өз тәуелсіздігін алуына мүмкіндік берген заңдық негіздер сол КСРО-ның кезінде дүниеге келген болатын. КОКП-ның 1985 жылғы сәуір пленумынан кейін басталған қайта құру, жариялылық және елді демократияландыру процестері барысында қабылданған «КСРО Конституциясына (Негізгі заңға) өзгерістер мен қосымшалар енгізу» және «КСРО халық депутаттарын сайлау туралы» заңдар КОКП-ның да, КСРО-ның да күйреуінің басы болды.

Конституция жобасы 1995 жылдың шілде айында негізінен дайын болып, бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. Ресми мәліметтерге қарағанда екінші Ата заңның жобасын талқылау шын мәнінде бүкілхалықтық сипат алған. Ол туралы Елбасы: «Күн сайын жобаға байланысты ұсыныстардың тізбесін ұсынылып отырған. Күніне әлгідей мұқият қаралған ұсыныстардың бірнеше папкасы келіп түседі. Ал баспасөз бетінде жарияланып жатқан ұсыныстар өз алдына!.. Республикада 33 мың ұжымдық талқылау өткізілді. Оған үш миллионнан астам азамат қатысты. Олар 30 мыңнан астам ұсыныстар мен ескертпелер енгізді. Жобаның жартысынан астамына, дәлірек айтқанда, 55 бапқа 1100 түзету мен қосымша енгізілді»,-деп жазды.

1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум өтті. Ресми мәліметтер бойынша референдумға 8212773 адам, яғни ел халқының 89,14 пайызы қатысты. Референдумға қатысқан 800839 азамат қарсы дауыс берді, яғни бұл барлық қатысушылардың 9,9 пайызы. 78130 бюллетень жарамсыз деп табылды. Референдумның барысын қолдарына бақылаушы куәлігі берілген 928 тұлға қадағалады.

Осылай Қазақстан республикасының екінші Конституциясы өмірге келді. Уақыт оның өміршеңдігін толығымен дәлелдеді деп айтуға болады. Оның ең басты себебі, біріншіден, Ата заңның Қазақстан халқының басым бөлігінің қолдауына ие болуында еді. 2000 жылдың тамызында, яғни жаңа Конституцияның қабылдануының 5 жылдығына орай сөйлеген сөзінде Н.Ә.Назарбаев Конституцияның халықтық сипаты туралы: «Референдумға қатысқан адамдардың 90 пайызға жуығы, ал бұл оған қатысуға құқы бар жеті миллионнан астам азамат деген сөз, жаңа негізгі заңымызды қабылдауды жақтады. Сайып келгенде, оның авторы күллі Қазақстан халқы деп айтуға толық негізіміз бар»,-деді. Екіншіден, Қазақстан республикасының 1995 жылғы Конституциясында республиксының мемлекеттік құрылысының негізін құрайтын принциптер қарастырылып, мемлекеттің негізгі институттары мен органдары, олардың өзара қатынас принциптері анықталды. Қазақстан республикасының Конституциясы мемлекеттің қоғамдық өмірінің негізгі мәселелерін заңды жолдармен шешуге мүмкіндік берді.

66.Тәуелсіз ҚР Мәдениеті. Қазақстанның дамудың жаңа жолына түсуі өз кезегінде білім алу жүйесіне ғана емес, мәдениет саласына да үлкен өзгерістер әкелді. Кеңестік кезеңде мәдениет пен білім мемлекеттің қосымша көмегін пайдаланатын.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл екі салаға көңіл аз бөлінді. Мемлекеттің бюджеттік саясаты адамдардың рухани сұранысымен есептеспеді. Әсіресе бұл республиканың рухани-мәдени өмірінде көбірек көрініс тапты. Экономиканың ырыққа көнбеуі, оның жылдан-жылға төмендеуі адамдар психологиясын мәдени дамудан гөрі материалдық байлыққа итермелей, икемдей түсті.Қазақстанның әлемдік кеңістікке бет алуы өзінің құнын жоғалтқан идеологиялық мәдениеттен гөрі әсіреқызыл батыстық үлгіге айқара есік ашып берді. Батыстық мәдениетпен қосарланып түрліше діни секталар мен ағымдар да ағылды.Бұл келеңсіздік өз дәрежесінде республика көлемінде мәдени-рухани саланы басқарудың басқаша жолдарын қарастыруға мәжбүр етті. Олар, түптеп келгенде, мыналар:

•Қазақстан халқының мәдени-ұлттық сана-сезімінің жаңаруына ықпал ету;

•этномәдени және конфессионалдық шектеулікте мәдени әр алуандылықты қалыптастыру;

•менеджменттіктің мейлінше пайдалы моделін таңдау.

Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» (1996) Заңының 3-бабында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат қағидалары былайша көрініс тапқан:

•азаматтардың шығармашылық қызметінің еркіндігі;

•мәдени байлықты жасауда, оны пайдалану мен таратуда барлық азаматтардың құқығы бірдей;

•тарихи-мәдени мұраны қорғау;

•ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын қатар игеру аясында тәрбие мен білім беру жүйесін дамыту;

•мәдениет саласында монополиялық пиғыл-әрекетті болдырмау;

•мәдениетті қаржыландыруда бюджеттік, коммерциялық және қайырымдылық бастамаларды қолдап-қуаттау;

•мәдени қызметті ұйымдастыруда мемлекеттік және қоғамдық бастамаларды бірдей пайдалану.

90-жылдары республика мемлекеттік мәдениет мекемелерінің жүйесі мәдени-демалыс орындарын, кітапханаларды, мұражайларды, театрларды, концерттік ұйымдарды, кино өнері мекемелерін, мәдениет және демалыс парктерін, т.б. қамтыды.

Бұлардың бәрі дерлік мемлекеттік баланста тұрды. Бұдан кейінгі жылдарда, яғни онжылдық кезеңде мәдени саланы қаржыландыру мәселесі едәуір өзгеріске ұшырады:

•ұлттық маңызға ие мемлекеттік мәдениет мекемелерін мемлекеттік тұрғыдан қаржыландыру сол күйінде сақталып қалды;

•нақты мәдени жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін түрліше қаржы көздерін тарту мүмкіндігі ашыла түсті;

•меншік формасының өзгеруіне байланысты мәдени мекемелердід көпшілік бөлігі, атап айтқанда, кинематография, туризм, спорт, шоу, теледидар, концерттік ұйымдар, т.б. өзін-өзі қаржыландыруға көшірілді.

Мәдени саладағы жеке меншіктің түрліше формалары өз кезегінде сөз еркіндігіне, Қазақстанның дербес шығармашылығына жол ашты. Аталған мемлекеттік емес мәдени мекемелердің жұмыстарын ретке келтіріп отыру барысында қайсыбіреулердің адамзатқа, ұлтқа, мемлекетке қарсы идеяларды насихаттап, таратуына жол бермеу үшін тіркеуден өткізу тәртібі қатаң сақталуы тиіс болды.Бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістік құру — Қазақстанның мәдениет саласындағы негізгі стратегиялық мақсаты. Тек осы жолмен ғана елдің рухани қуатын анықтап, дербес ұлт ретінде әлемдік қауымдастық қатарынан орын алуға болады. Бұл мақсаттың үдесінен шығудың бір жолы — қазақ халқының этномәдени тұрғыдан қайта жаңғыруы өте-мөте қажет. Бұдан бұрынғы идеологиялық жүйенің күйреуі рухани өмірдің дүр сілкінуіне, ұлттық салт-дәстүрдің табиғи жаңғыруына түрткі болды.Республиканың бүгінгі өмірінде бұған мысал жеткілікті. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап «Наурыз мейрамы» қайтадан салтанат құрды. Ол республикада тұрып жатқан барлық ұлт-ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Қазақ халқының ең көне ауызекі өнерінің бірі — айтыс жаңа дәуірге лайық қайта дамыды.Этнопедагогика негіздерін өмірге етене енгізу нәтижесінде білім берудің барлық нүктелерінде жас ұрпақты халықтың салт-дәстүрлеріне сай тәрбиелеу жұмыстары жүргізілуде.Әсіресе соңғы жылдары республикада ұлттық мәдениет пен өнердің озық үлгілерін әлемдік айналымға шығару, сол арқылы Дүние жүзі қауымдастығына танылу жолдары қарастырылуда. Жамбылдың 150 жылдығының аталып өтуі, 1997 жылы М.Әуезовтің 100 жылдығының тойлануы, 1999 жылы Түркістанның 1500 жылдығы кең көлемде мерекеленуі тәуелсіз жас мемлекеттің бұл бағыттағы тарихи құтты қадамдары болса керек.Ал 2000 жылдың республика көлемінде мәдениетті қолдау жылы болып өткені белгілі.Еліміздің өткен тарихын ұрпақ санасына сіңіру арқылы мәдениетті дамыту «Мәдени мұра» бағдарламасының ең басты алғышарты ретінде қарастырылып отыр. 2004—2006 жылдары бұл бағдарламаның бірініші кезегі жүзеге асырылды.

68.Қазіргі кзеңдегі ҚР әлеуметтік-эконмикалық дамуы. Нарықтық экономикаға өту кезеңі (1990 жылы басынан бастап). Оның мақсаты нарықтық экономиканың негізін салу болды. Бұл үшін үш негізгі міндеттерді шешу қарастырылды:1.экономикалық іс-әрекетке еркіндік беру (либерализациялау; лат. liberalis - еркін);2.мемлекеттік меншікті жеке иеліктерге беріп, жеке меншікті шаруашылықтар құру (жекешелендіру);3.шет елдермен жан-жақты шаруашылық байланыстарын қалыптастыру (әлемдік шаруашылық интеграциясы).

Қазақстанның ол кезде ұлттық валютасы болған жоқ. Сондықтан, қайта құруға Ресей үкіметі ықпалын жүргізді. Ол «шұғыл радикалды қайта құрудың» ауыр жолын таңдады. Ондағы басты нәрсе - бір мезгілде бағаны босату және мемлекеттік шығынды қыскарту болды.Бұл уақыт екі кезеңнен тұрады.

Біріншісіне (1992-1998 жылдары) ең ауыр жоспардан нарыққа өтудің тығырықты жағдайы сәйкес келеді. Ол бұрын болып көрмеген бағаның ұшығуымен, өндірістің, өмір сүру деңгейінің құлдырауымен ерекшеленеді. Бірақ дәл осы кезде болашақтағы дамудың негізі жасалды.

Бұл кезеңге жататын негізгі шаралар:1.либерализациялау;2.жекешелендіру;3.ұлттық және басқа банктердің құрылуы;4.төл теңгенің енгізілуі;5.кәсіпорындарды шет елдік компаниялар басқаруына беру.Осы аталған шаралар экономикалық саясаттағы өз бетімен атқаратын істі қамтамасыз етіп, өндірісті жандандыруға көмектесті.

Екінші кезеңді (1999-2008 жылдары) экономикалық өсудің онжылдығы деп атауға болады. Оған қолайлы жағдай туғызған Қазақстандық экспорттың (шетке шығарудың) негізін құрайтын мұнай мен металға әлемдік бағаның өсуі еді. Осы жағдай экспортқа бағытталған мұнай мен металдың экономикасын құруға себеп болды. Ол әлемдік экономиканың жағдайы мен халықаралық нарықтағы бағаға тәуелді.Әлемдік экономика дамып, баға көтерілген кезде Қазақстанға кіріс мол кірді. Халықтың өмір сүру деңгейі көтерілді. Еліміз экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешумен айналысып, Қазақстанның алтын валюталық қоры жасалды. Әлемдік экономикалық тығырық кезеңінде мұнай мен металға сұраныс қысқарып, баға күрт төмендеді. Бұл жағдай өндірістің құлдырауына, жұмыссыздыққа әкелді. Бұрын жиналған қор ғана дағдарыстың әсерін жеңілдетті. Ал оның салдарын толық жеңу тек әлемдік экономикамен байланысты.

Бұл тәуелділікті азайтудың жалғыз жолы - экономикалық-әлеуметтік әлуетті нығайту болып табылады.Қазақстан еліміздің экономикасына шетел инвесторларын тарту саласы бойынша көптеген нәтижелерге жетті. Қазақстанның экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвесторлардың жалпы түсімінің өсулері 60-65 пайыз көлемін құрайды. Егер 2006 жылы Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдері 10,6 млрд. долларды құраса (2005 жылмен салыстырғанда 60 пайызға өскенін көрсетеді), ал 2007 жылы Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдері 17,5 млрд. долларды құрады (2006 жылмен салыстырғанда 65 пайызға өскенін көрсетеді).

2008 жылдың бірінші кварталында тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдері 3,3 млрд. долларды, ал екінші кварталында 3,972 млрд. долларды құрады. Яғни, мұндай жағдайда әлемдік қаржы нарығындағы болып жатқан жағдайларға қарамастан тікелей шетелдік инвестициялардың түсімдерінің тұрақтылығын көруге болады. Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар Нидерландия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Швейцария, Рессей елдерінен белсенді түрде құйылуда.

Қазақстан экономикасының саясатының алғашқы даму кезеңдерінде тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мұнай өнеркәсібіне және оның инфрақұрылымына ірі жобаларды жасауға негізделінді. Жоғарыдағы көрсетілген тікелей шетелді инвестициялардың жалпы түсімдеріннің негізін мұнай газ саласы құрады. 2008 жылдың бірінші кварталында жалпы инвестициялық түсімдердің көлемінің 68 пайызы мұнай жобаларына бағытталынды. Мұнайдың бағасы тұрақтандырылған және оларды төмендетуді тоқтатқан жағдайда мұнай саласы бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бұрынғыдай белсенді рөл атқарады. Жалпы елімізде тікелей инвестициялар негізінен мұнай өндіру және өңдеу өндірісіне, түсті және қара металлургия кәсіпорындарына, газ өнеркәсібіне және байланыстарға құюлуда. Инвестицияның көлемі бойынша ірі инвесторлардың бірі АҚШ елі болып келді. Соңғы кездері Қытай мен Рессей елдеріде біздің елімізге өз инвестицияларын салуда. Бірақ, соған қарамастан қазіргі кезде мұнай-газ саласына инвестицияларды тартуда қиыншылықтар туындауда деп айтуға болады.Сонымен қатар, Қазақстанда экспорттік бағытталған экономиканы жәнеде бәсекеқабілетті, жоғары технологияны дамыту үшін жағдайлар жасау мақсаттарында жұмыстар жүргізілуде. Бұл алдыға қойылған мақсаттарға жету шетелдік және отандық инвесторлардың көмегімен жүзеге асырылады. Шетелдік және отандық инвесторлардың қызметтері Қазақстанда «Инвесторлар туралы» заңымен реттелінеді. Бұл заңмен шетелдік және отандық инвесторларға құқықтық режимі бірдей және заң бойынша біртұтас талаптар қойылады.Шетел фирмаларының тікелей инвестициялары тек ішкі капитал салымдарының қосымша көзі ретінде ғана емес, сонымен қатар жаңа жетілдірілген технологияларға, сыртқы нарықтағы өткізу жүйесіне, қаржыландырудың жаңа көздеріне қол жеткізу тәсілі ретінде қарастырылуы мүмкін. Шетел инвесторлары жаңа өндірістерді тез құруға көмектесуі мүмкін. Инвестициялар нәтижесінде мемлекеттік табыстардың артуы мемлекеттің жалпы экономикалық-әлеуметтік өсуіне, тұрғындардың өмір сапасының артуына, жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін құруға жағдай туғызады.

Шетел инвесторларының пікірі бойынша, Қазақстан инвестициялық салымдар жасау үшін тартымды нарық болып табылады. Біздің еліміз пайдалы қазбалар, ауыл-шаруашылығы жерлерінің қорларына және квалификациясы жоғары жұмыс күшіне бай, сондай-ақ үлкен өндірістік потенциалға ие, бірақ оларды тиімді қолдану үшін инвестициялық салымдар жасалуы қажет.

Тікелей шетелдік инвестицияларды елімізге тарту бір жағынан еліміздің өндірістік тиімділігін арттыруға және жұмыс орындарын құруға қажет. Екінші жағынан, Қазақстандық рыноктің тікелей шетелдік инвестицияға өтуі отандық өндірушілердің жұмыстарына кері әсерін тигізеді деген қауіп тудырады.

73.Тұңғыш Президенттің ҚР жолдауы. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы – оның жыл сайынғы халыққа жолдайтын аса маңызды құжаты әрі өтініші. Аталмыш стратегиядан Ұлт көшбасшысының келер жылдардағы қазақ халқының өмірі бей-жай қалдырмайтындығын көруге болады. Әлеуметтік, экономикалық сияқты барлық салада өмір сүрудің сапасын арттыру үшін алға он басты міндет қойылды. Ал биылғы Жолдау сол міндеттердің бәрін орындауға үндеп отыр. Елбасы Жолдауында мемлекеттік тіл рөлінің жоспарлы түрде дамыуы ұлтаралық қарым-қатынас тілі есептелетін орыс тіліне нұқсан келмейтіндей жағдайда жүзеге асырылатынын жеткізді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың оқу орынын бітірген жастарды алған мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыруға көп күш-жігер салынатыны жайлы айтқан сөзін баса атағым келеді. Баяндама жасау кезінде Президент тек Үкімет мүшелерімен, депутаттармен немесе аймақ басшыларымен ғана сөйлесіп қоймай, барша қазақстандықтармен, қарапайым тұрғындармен қарым-қатынас жасай алғаны көңілге қонымды. Елбасының әрбір сөзінде ол таңдаған бағыт-бағдардың дұрыстығына деген нық сенім байқалады. Демек, межеленген мақсат-міндеттердің орындалатынына біз де сенімді болуымыз керек. Экономикалық дағдарыс қарсаңында Н.Ә. Назарбаев барша Қазақстан халқын ұлттық экономиканың өсуі мен мүмкін болатын тәуекелдерді азайту үшін күш-жігерін жұмылдыруға шақырды. Жолдауда аталған он бағыт экономикалық және ішкі саяси тұрақтылықты сақтауды қамтамасыз ету сияқты екі басты міндетті орындауда қуатты әлеуетке ие.

Жоғары мектеп пен ғылым жүйесінде көп жыл жұмыс істеп жүрген ғалым ретінде Ұлт басшысы ұсынған Отандық білім беруді жаңғыртуға бағытталған бірқатар шараларға көңіл аударғым келеді. Білім берудің сапасын арттыру барша Қазақстан халқының болашағы үшін стратегиялық маңызға ие. Алайда бұл көрсеткіш қаншалықты бағаланып жүр? Елбасының ұсынысы бойынша білім беру деңгейін анықтайтын тәуелсіз аттестациялық орталықтар ашу жөніндегі ілкі жобасын кәсіби беделін қадірлеуші менің әріптестерімнің бәрі қолдайтынына сенімдімін.

«Ғылым туралы» жаңа заң Президенттің Жолдауда атап өткеніндей, ғылымды жүйелі мемлекеттік қолдау үшін зор мүмкіндіктер береді. Үкіметтің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, инновациялық жобалар жасауға бөлетін гарты қазақстандық ғалымдарға жаңа дем береді. Мұны әрбір жоғары оқу орнын жеке алып қарағанда байқауға болады. Соңғы екі жылда жұмыс өтілі жоғары ғалымдардан жаңа бастаушы ғалымдарға дейін белсенділіктері бірнеше есеге артқан. Н.Ә. Назарбаевтың биылғы Жолдауында айтып кеткен инновациялық-ғылыми кластерлер құру бір бағытта жұмыс істеп, өндірістік процесті жете білетін ғалымдардың күш-қуатын бір жерге топтайды. Мұндай кластерлер қаржылық ресурстарды үнемдеп, Отандық ғылымды өндіріске жақындатады.

72.Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтің саяси қызметі. Менің көзқарасым бойынша, Н.Ә.Назарбаевтың жаңашылдық рөлі мен мемлекеттік-саяси қызметін кешенді бағалау және талдау өте қиын. Себебі, «жоқтан барды жасау» республика Президентінің үлкен тұлға болып табылатындығы зерттеу институттарының көп жылғы үздіксіз жұмыстарын талап етеді. Сонымен қатар, жаңарған Қазақстанды құрудағы Н.Ә.Назарбаевтың жаңашылдық рөлін екі негізгі көз­қараста қарастыруға болады.Бірінші кезекте кеңестер елінің басшылығына және КСРО-ның соңғы жылдарындағы одақтас республикалар басшыларына үлкен саяси ықпал еткен КСРО-ның танымал саяси көшбасшысы ретінде Н.Ә.Назарбаевтың саяси портретін КСРО-ның «жайлы» ыды­рауына жағдай жасағандығынан және ТМД шеңберінде интеграциялық үдерістердің бастауына бағытталғандығынан айқын көруге болады. Сарапшылардың бағалауы бойынша, оның сарабдал және көреген саясатының ар­қасында Ресейдің де біртұтастығы сақталып қалды.Одақ тараған кезде республикалар тәуелсіздік алып, көңіл-күйлері көтеріліп жатқан тұста, жаңадан пайда болған мемлекеттерді масаттанудан және ауқымды өңірлік жанжалдардан сақтау керек болды. Осындай кезеңде Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жеке бастамасы бойынша ТМД-ны құру идеясы жүзеге асты. Осының негізінде кеңестік жүйеден шығып, әлем картасында жаңадан пай­да болған жас мемлекет – Қазақстан Республикасын төніп тұрған қауіптерден қорғау керек болды. Ол үшін нақты шешім қабылдау керек болды, «Югославия сценарийі» бойынша емес, мәселені асқындырмайтын, яғни жаңа қарым-қатынас орнатып, барлық үдерістерді басқарып отыратын Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­тастығы сияқты жаңа құрылымды құру талап етілді.Сол кезеңдердің саяси үдерістеріне көз салсақ, Ново-Огорев келісіміне дайындық ретіндегі тарихи фактіні көруге болады. Оның іске аспауына 1991 жылғы 19-21 тамыздағы оқиға кедергі болды. 1991 жылғы 8 желтоқсандағы Ресей Федерациясы, Беларусь және Украина басшыларымен КСРО-ның өмір сүруін тоқ­тату туралы Беловеж келісіміне қол қою КСРО тарихына соңғы нүкте қойып, нәтижесінде ТМД пайда болды.1991 жылғы 21 желтоқсанда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша Алматыда саммит ұйымдастырылды. Онда Кеңестер Одағының тарауы заңды түрде ресімделді және «жаңа жағдайға бейбіт жолмен көшудің барлық мәселелерін» шешетін шартқа қол қойылды. Н.Ә. Назарбаев айтып өткендей, 20 жылдан кейін, «1991 жылдың 21 желтоқсанында Алматыда менің табанды бастамам бойынша шақырылған посткеңестік мемлекеттер басшыларының саммитінде жойылып бара жатқан супердержаваның аласапыранды ыдырауының қауіпті үдерісі тоқтатылды» және ол ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап іске асырыла бастаған жаңа жоба – Біртұтас экономикалық кеңістіктің бастауы болды.Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша Алматыда өткен саммиттің нәтижесінде ТМД Декларациясы қабылданды. Оның Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің бейбіт межеленіп бөлінуі барысының тарихын қалыптастыруда және олардың тәуелсіздігін нығайтуда зор рөлі бар. Сол кезде тауарлар мен қызмет көрсетуді көшіру саласында ғана емес, сонымен қатар, саяси, әлеуметтік, мәдени салаларға да интеграция қағидаттары енгізіліп, бекітілді.Осының барлығы экономикалық тұрғыдан елдер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, яғни «ойын тәртібі» ретіндегі қағидалар мен тәсілдерді жасауға мүмкіндік беретін мемлекеттердің мәдени және басқа да салалар жағынан жақын болуына ықпал етті.Н.Ә.Назарбаев қызметінің екінші ерекшелігі Қазақстанда тәуелсіз, егемен мемлекет қалыптастырудағы ең негізгі идеясы біртұтас Қазақстан халқын құру болып табылады. 90-жылдардың басында Н.Ә.Назарбаев одақтас республикалар арасында алдыңғылардың бірі болып республиканың сыртқы және ішкі саяси бағытының негізін жасауға бағытталған егемендік үдерісін бастады. Оның бастауы 1990 жылы қазанда қабылданған Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация болды. 61.ХХғ 60-80жж.Қазақстанның мәдениеті. Оңтүстік Қазақстан өңірінің ХХ ғасырдың 60-80 ж аралығындағы мәдени ортасы, мәдени-ағарту мекемелерінің материалдық техникалық базасы, ағарту жұмыстарының әдістері мен түрлерінің жүргізілуі туралы қысқаша баяндау. Оңтүстік Қазақстан облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962-1992 ж Шымкент облысы деп айтылып келген. Аумағы 117,3 мың км2.Тәуелсіз Республикамыздың тарихи мәдени және этносаяси өмірінде Оңтүстік Қазақстан аймағының алатын орны ерекше. Бұл өңір еліміздің ежелгі, ортағасырлық жаңа және қазіргі заман тарихынан өте тығыз сабақтасып жатыр. Оңтүстік Қазақстан аймағы жергілікті қазақ халқының өзге этникалық топтардың арасында тығыз шоғырлануымен ерекшеленеді. Елімізде алғаш рет бой көтере бастаған мәдени нысандардың қалыптасып даму жолы сан қилы қарама-қайшылықтарға толы тарихи кезеңдерден тұрады.Сырттай қарағанда жап жақсы көрінген соғыстан кейігі бостандықтың көрсеткіштері село еңбеккерлерінің азапты еңбегінің жоқшылығы мен аштығының өмір жастары, өмір дәрежесінің төмендігінің балалар мен әйелдер еңбегінің еркінен тыс жүргізілді. 60-жылдардағы республика театр өмірі тақырыптық бағыт-бағдары мен сахналық жанрының әр алуандығымен ерекшеленді. Бүгінгі күннің көкейкесті мәселелеріне арналған төл пьесалар қою ісі одан әрі жалғасын табумен қатар шет ел драматургиясының туындылары да сахнада кеңінен қойылды.1970 – 80 ж. республика театрларында осы заман тақырыбына арналған Т.Ахтановтың “Күтпеген кездесуі” мен “Махаббат мұңы”, О.Бөкеевтің “Құлыным, менің”, Ә.Әбішевтің “Мансап пен ұждан”, Н.Оразалиннің “Шырақ жанған түн” пьесалары бойынша спектакльдер қойылды.Осы жылдардағы көркемдік деңгейі жоғары, елеулі сахналық туындылардың бірі – Ә.Нұрпейісовтің трилогиясы негізінде қойылған “Қан мен тер” спектаклі (1973) болды. Ол – қазан төңкерісі қарсаңында қазақ даласындағы әлеум. жағдайдың диалектикасын сахналық көркем тілмен шынайы бейнеледі. Спектакль 1974 ж. КСРО Мемл. сыйлығына (реж. Мәмбетов, суретші А.С. Кривошеин жөне актерлер А.Әшімов, Ф.Шәріпова мен Ы.Ноғайбаев) ие болды. 60.ХХғ 60ж ІІжарт-80ж Іжарт әлеуметтік-экономикалық даму.Дағдарыс құбылыстарының өсуі. ХХ ғасырдың 60 жылдарында басталған халық шаруашылығын дамыту реформалары бұрмаланып, Кеңес экономикасында дағдарыс көріністері пайда болды. Әсіресе ол 70 жылдары қоғамға дендеп, «тоқырау» кезеңінің басталуын көрсетті. 1971 мен 1985 жылдардың аралығында Қазақстан экономикасы әлі де қабілетсіз, қарабайыр әдіспен дамып келе жатқан еді. Бұл жылдары өнеркәсiптi өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлiнген барлық қаржыньң 32% жұмсалды. 15 жыл iшiнде өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемi 2 есе, ал машина жасау, химия өнеркәсiбi сияқты салаларда З еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндiру одан әрi шоғырланып, орталықтандырылған. 1975 жылы республиканың барлық кәсiпорындары дерлiк бiр орталықтан энергиямен қамтамасыз етілген.. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негiзделген дүние жүзiндегi аса iрi атом реакторы жұмыс iстедi. Машина жасау жене металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12%-ке жетгi. Бұл көрсеткiштер оныншы және он бiрiншi бесжылдықтарда да кемiген жок. 1980 жылға дейiн 250-ге жуық кәсiпорын, iрi өндiрiстер мен цехтар iске қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. дегенмен осы жылдарда КСРО-ньң бiрыңғай халық шаруашылығы жүйесiне әбден кiрiгiп кеткен Қазақстан экономикасы қарқынды дами алган жоқ, Республика өнеркесiбiнiң жартысына жуығы одақтық министрлiктiң қарамағында болды. Одақтық ведомстволар республиканьң шикiзат ресурстарын өздерiне тасып алып, аса зор пайда тапты. Бiрақ олар Қазақстан бюджетiне инфрақұрылым дамытуға қаржы жұмсамады. Өндірісті жоспарлауда және іске қосуда кемшіліктер кетіп жатты. Ғылым мен техниканывң жаңашылдық идеялары мен тәжірбиелері дер кезіінде өнеркәсіпке енгізілмеді. Осылардың әсерінен республика өнеркәсіп орындары 1981 жылы-760 млрд. сом, 1982 жылы-1,0 млрд.1983 жылы-1,3 млрд. сом, 1984 жылы-1,65 млрд сом жоспарлы өнімді берген жоқ. Ауыр өнеркәсіпті одан әрі дамыту шаралары жалғаса берді. Республика iлгерiлеу қарқынынан айырыла бастады, шаруашылықтың барлық саласында iркiлiс көбейiп, қиыншылықтар үстi-үстiне жинақгалып, шиеленiсе түсті, шешiлмеген проблемалар көбейдi. IХ бесжылдыкта жоспардьң күрт төмендетiлгенiне қарамастан өнеркәсiп көлемi 12,6%-ке орындалмады. Оныншы бесжылдық - 25%- ке, ал он бiрiншi —3,6% орындалған жоқ. Ұлтгық табыстьң өсу қарқыны баяулап, 80-шi жылдардың бас кезiнде экономикалық тоқырауға жақындатқан деңгейге дейiн құлдырады. Мысалы, республика ұлттық табысын 60-70 %-ке өсiру мiндетi қойылса, ол тек 36%-ті ғана орындалды. Халық шпаруашылығындағы басты өнеркәсіп ошақтарының дамуында жоспарлар орындалмай қала берген тұстар болды. Енді орталықтан келіп жатқан нұсқаулар мен шешімдерді орындау қағаз бетінде қала береді. Тоқсапндық және айлық сжоспарлар орындалмау көріністері басшылықтың межелі тапсырманы орындау бағытындағы өзгеру шаралары алға қоіған мақсатқа жеткізбеді. 70-жылдарда құрылыста бригадалық мердiгерлiктi дамыту қозғалысы басталды. Оның негiзiнде жұмысшылардың өндіріс ресурстарды пайдалануда тәртiп орнату, еңбек ақы төлеуде теңгермешілікті жою, неғұрлым көбiрек дербестiк алу жолындағы ұмтылысы жатқан еді. Бұл кезде Қазақстанда экономиканы дамытуда интенсивтi әдіске көшу және ғылыми-техникалық прогрестi өрiстетуге көңіл бөлінді. Жаңашылдар мен өнертапкыштардың саны көбейдi, тек 1981-1985 жылдары жаңашыл ұсыныстар берген авторлардьщ саны 818,8 мың адамға жетгi. 80-шы жылдардьы орта кезінде өнеркесiптегi жұмысшылардың үштен бiрi, құрылыста жартысынан астамы ауыр қол еңбегiн атқарды, олардың творчестволық белсендiлiгi төмен болды. Кәсiпорындарда социалистiк жарысты ұйымдастыру жасанды сипат алды.Токырау кезеңiн қамтыған үш бесжылдық аралығьнда ауыл шаруашылығын 1965 жылдан басталған реформалау әрi жалғастырыды. Осы багьгтта тек 1971- 1978 жж. ауыл шаруашылық саласына 58,2 млрд. сом бөлiндi.Алайда, ауыл шаруашылығы проблемаларын тек күрделi қаржыны көбейту арқылы шешу жолы тиiстi нәтиже бермедi. Аграрлық секторда аса маңызды орьн алатын жердің құнарлылығын арттыру, электрлендiру, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сақгайтын және өңдейтiн кәсiпорындар жеткiлiктi дәрежеде салынбады. Сондай-ак село еңбеккерлерiнiң әлеуметгiк-экономикалық проблемалары шешiлмей қалды, сөйтiп бұл салада күткен бетбұрыс болмады, нәтижесiнде ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру тұрақсыз болды Мал шаруашылығыньң жем-шөп базасы нығайтылды, жем-шөптiк дақылдар егiлетiн алқаптар ұлғайтылды. дегенмен мұның барлығы тек экстенсивтiк шаруашылық негiзiнде iске асырылды. Атап айтқанда, жем-шөптiк дақылдар егiлетiн алқаптар сегiзiншi бесжылдықтағы 6678,4 мың гектардың орнына IХ бесжылдықта 8824,6 мың гектарға дейiн жеткiзiлдi. 1985 жьглы жоспарланған 50 млн. койдың орнына тек қана 35 млн. қой болды. Республиканьң жергiлiктi жерлерiндегi ауыл шаруашылығы өiдiрiсiн ұтымды ұйымдастыру, оның тиiмдiлiгiн артгыру бағытындағы кейбiрi зденiстер басшы органдар тарапынан қолдау таппады. 80-шi жылдардьң басьнда жүргiзiлген сансыз көп қайта құрулар, экспериментгер, бағаньң, интеграция мен мамандандырудың жаңа түрлерiн және т.б. енгiзу ауыл шаруашылығының берекесiн кетiрдi. Одан болдырған ауыл шаруашылығы қатаң әкмшiлiк бақылауға алынып, аяғында келiп дағдарысқа ұшырады. Iстiң жағдайын жаңа шешiмдер қабылдау жолымен өзгертуге тырысу елеулi нәтиже бермедi.

64

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]