- •ҚазГзу гуманитарлық заң колледжі
- •3. Мәдениет мектептері
- •Алғашқы қауымдық мәдениет
- •1. Алғашқы қауымдық мәдениет ерекшеліктері
- •2. Әлеуметтік ұйымдасудың қалыптасуы.
- •3. Алғашқы қауымдық діни көзқарастар
- •Қазақстан территориясындағы тас дәуірінің археологиялық мәдениеттері
- •Алғашқы қауымдық мораль
- •Көне Шығыс өркениетінің ерекшеліктері
- •Ежелгі Египет өнерінің түрлері мен жанрлары
- •Ежелгі Египет мәдениетінің әлемдік мәдениетке ықпалы
- •Көне кезең мәдениеті
- •Көне Рим мәдениеті
- •Көне Греция
- •Ортағасырлар мәдениеті
- •2. Европалық ортағасырлар мәдениеті.
- •Қайта өрлеу мәдениеті және Жаңа кезең мәдениеті
- •1. Қайта өрлеу қайнар көздері
- •2. Ренессанстың гуманистік дүниетанымы.
- •3. Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті мен театр.
- •Жаңа заман мәдениеті
- •19 Ғасыр мәдениеті
- •19 Ғ. Басының сәулет және мүсін өнері.
- •2. Сыншыл реализ жүйесі.
- •19 Ғасыр мәдениетіндегі индивидуализм
- •1. Импрессионизмнің негізгі өкілдері
- •2. Постимпрессионизмнің негізгі өкілдері
- •19 Ғ. Орыс мәдениеті
- •19 Ғ. Бірінші жартысындағы орыс ғылымы
- •19 Ғ. І жартысындағы орыс әдебиеті.
- •19 Ғ. І жартысындағы орыс өнері.
- •19 Ғ. Іі жартысындағы әдебиет.
- •19 Ғ. Іі жартысындағы орыс көркемсуреті.
- •19 Ғ. Іі жартысындағы музыка.
- •19 Ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
- •19 Ғасырдағы халық ағарту ісі.
- •19 Ғ. Ақындары.
- •19 Ғ. Қазақтардың музыка өнері.
- •Модернизмнің негізгі бағыттары
- •20 Ғасырдағы Батыс мәдениеті
- •20 Ғ. Әдебиеті
- •20 Ғасырдағы Ресей мәдениеті
- •20 Ғасырдағы Қазақстан мәдениеті.
- •20 Ғ. Басындағы қазақ әдебиеті.
- •Буддизмнің шығу тегі және оның негізгі бағыттары
- •Христиан дінінің шығу тегі және оның негізгі бағыттары Жоспар
- •1. Христиан дінінің пайда болуы
- •2. Жаңа Өсиеттің мәні мен маңызы
- •3. Қасиетті Үштік туралы христиан ілімі
- •4. Шығыс христиандық.
- •5. Католицизм.
- •6. Протестантизм.
- •Исламның шығу тегі және оның негізгі бағыттары Жоспар
- •2. Құранның шығу тегі, маңызы мен формасы
- •3. Мұсылман ілімі
- •4. Исламдағы діни заң.
- •5. Исламның бағыттары
19 Ғ. Басының сәулет және мүсін өнері.
19 ғ. бірінші ширегінде сәулет өнерінде антикалық ескерткіштердің қарапайымдылығына ұмтылған «ампир» (империя) стилі үстемдік етті.
Көптеген декоративті элементтер (трофейлер, каскалар, тулар) қолданылды, ал Наполеонның Египетке жорығынан кейін орнаменттер сфинкстерге, жолбарыстарға, химераларға толы болды.
Сәулет өнері гигантоманияға ұмтылды (Парижде Жұлдық алаңындағы Триумфтік арка).
1791 жылы Лувр сарайы мұражайға айналдырылды.
Романтизм көркемсуреті.
«Романтизм» термині Теодор Жерико шығармашылығына қатысты бірінші рет қолданылған – «Шабуыл алдындағы атты атқыштар офицері», «Майданнан кетіп бара жатқан жаралы кирасир», т.б.
Көркемсуреттегі басты романтизм қолзғалысының көсемі ретінде Эжен Делакруа есептеледі – «Хиостағы қырғын», «Сарданапал», «Ревеканың ұрлануы», «Халықты жетелейтін еркіндік».
Делакруа көркемсуретінде бояулар тәуелсіз мәнге ие болды, композициялық өзгерістер байқалды.
Делакруа көркемсуретінің соншалықты ерекше болуы академиялық ортада шу туғызды, бірақ ол өлгеннен кейін оның суреттері болашақ суретшілер үшін үлгі болды.
Романтизм музыка өнері.
Романтизм эстетикасында музыка ерекше орын алды.
Романтиктер санаған емес, музыка арқыла сезімге ықпал еткісі келді.
Композитор-романтиктердің шығармашылығы жаңа идеялық-көркемдік концепциялармен толықтырылды (Берлиоз, Лист, Вагнер).
Музыкант-романтиктердің ең жоғарғы жетістігі инструменталды музыканың жасалуы болып табылады (Шуберт, Шуман, Мендельсон, Брамс).
Адамның жаңа өмірі туралы арман неміс композиторы Рихард Вагнер шығармашылығында көрініс тапты («Нибелунгтер сақинасы», «Лоэнгрин», «Тангейзер»).
19 ғ. ортасында ойын-сауық би музыкасының шырқау шегі болды (Иоганн Штраус-әке, Иоганн Штраус-кіші).
РОМАНТИЗМ Рухани мәдениеттегі негізгі жанрлар | |||
Көркемсурет |
Әдебиет |
Музыка |
Театр |
Э.Делакруа К.Вебер Ф.Рунге К.Фридрих Д.Констебл У.Тернер |
Ж.П.Новалис Э.Т.А. Гофман В.Скотт Д.Байрон А.Мицкевич Г.Мелвилл |
Ф.Шуберт Р.Шуман Р.Вагнер Г.Берлиоз Н.Паганини Ф.Лист Ф.Шопен |
Э.Кин Л.Лавриент М.Дорваль А.Леметр Г.Эгрешши |
2. Сыншыл реализ жүйесі.
Романтизм ұзақ уақыт бойы сыншыл реализммен қатар өмір сүрді.
Реалистер романтиктерге қарағанда ойдан шығарған өмірге шомылған жоқ, айналадағы қоршаған ортаны сынға алды.
Сыншыл реализмнің идеологиясы – позитивизм. Позитивизм – бұл нақты берілген, тұрақты деген мағынаны білдіретін ғылымдағы және философиядағы ағым.
Позитивизм табиғатты зерттеуге, адамды эксплуатациядан босатуға шақырды.
Позитивизмнің негізін салушы француз философы Огюст Конт.
Сыншыл реализм әдебиеті.
Реалистер түсінігішне адам мінезін қоғамдық орта, өмірдің материалдық шарттары қалыптастырады.
Реалистер өмірді шынайы бейнеледі.
Француз жазушысы Оноре де Бальзак өнер өмір энциклопедиясына айналуы тиіс деп есептеді («Адам комедиясы» эпопеясы 90 романдар мен әңгімелерден тұрады).
Ағылшын жазушысы Чарльз Диккенс әлеуметтік зұлымдық пен әділетсіздікке назар аудартқысы келді («Оливер Твисттің оқиғалары», «Дэвид Копперфилд», «Суық үй»).
Француз жазушысы Густав Флобер қоғамдық күресті нәтижесіз деп есептеп, өнер нақтылықты бейнелеуі тиіс, бірақ өмірге араласпауы тиіс деп есептеді («Бавари ханым», «Сезімдерді тәрбиелеу»).
Әдебиетте қалыптасқан натурализм стилі өнердің өмірді немқұрайлы зерттеуіне ұмтылды (ағайынды Гонкур, Эмиль Золя).
Итальян операсындағы реалистік бағыт.
Композитор-реалистер өз операларының кейіпкерлері ретінде шаруаларды, кедейлер, балаган комедианттарын суреттеді. | |
П.Масканьи |
«Ауыл намысы», «Ирис», «Нерон» |
Р.Леонкавалло |
«Паяцтер», «Богема», «Чаттерон» |
Д.Пуччини |
«Тоска», «Чио-чио-сан» |
Итальян операсының «алтын ғасыры»
19 ғасыр итальян операсының ең гүлденген шағы | |
Д.Россини |
«Севилья цирюльнигі», «Алжирдегі итальяндық қыз», Вилгельм Телль» |
В.Беллини |
«Норма», «Пуритандар» |
Г.Доницетти |
«Махаббат сусыны», «Дон Паскуале» |
Д.Верди |
«Риголетто», «Травиата», Трубадур», «Аида» |