- •ҚазГзу гуманитарлық заң колледжі
- •3. Мәдениет мектептері
- •Алғашқы қауымдық мәдениет
- •1. Алғашқы қауымдық мәдениет ерекшеліктері
- •2. Әлеуметтік ұйымдасудың қалыптасуы.
- •3. Алғашқы қауымдық діни көзқарастар
- •Қазақстан территориясындағы тас дәуірінің археологиялық мәдениеттері
- •Алғашқы қауымдық мораль
- •Көне Шығыс өркениетінің ерекшеліктері
- •Ежелгі Египет өнерінің түрлері мен жанрлары
- •Ежелгі Египет мәдениетінің әлемдік мәдениетке ықпалы
- •Көне кезең мәдениеті
- •Көне Рим мәдениеті
- •Көне Греция
- •Ортағасырлар мәдениеті
- •2. Европалық ортағасырлар мәдениеті.
- •Қайта өрлеу мәдениеті және Жаңа кезең мәдениеті
- •1. Қайта өрлеу қайнар көздері
- •2. Ренессанстың гуманистік дүниетанымы.
- •3. Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті мен театр.
- •Жаңа заман мәдениеті
- •19 Ғасыр мәдениеті
- •19 Ғ. Басының сәулет және мүсін өнері.
- •2. Сыншыл реализ жүйесі.
- •19 Ғасыр мәдениетіндегі индивидуализм
- •1. Импрессионизмнің негізгі өкілдері
- •2. Постимпрессионизмнің негізгі өкілдері
- •19 Ғ. Орыс мәдениеті
- •19 Ғ. Бірінші жартысындағы орыс ғылымы
- •19 Ғ. І жартысындағы орыс әдебиеті.
- •19 Ғ. І жартысындағы орыс өнері.
- •19 Ғ. Іі жартысындағы әдебиет.
- •19 Ғ. Іі жартысындағы орыс көркемсуреті.
- •19 Ғ. Іі жартысындағы музыка.
- •19 Ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
- •19 Ғасырдағы халық ағарту ісі.
- •19 Ғ. Ақындары.
- •19 Ғ. Қазақтардың музыка өнері.
- •Модернизмнің негізгі бағыттары
- •20 Ғасырдағы Батыс мәдениеті
- •20 Ғ. Әдебиеті
- •20 Ғасырдағы Ресей мәдениеті
- •20 Ғасырдағы Қазақстан мәдениеті.
- •20 Ғ. Басындағы қазақ әдебиеті.
- •Буддизмнің шығу тегі және оның негізгі бағыттары
- •Христиан дінінің шығу тегі және оның негізгі бағыттары Жоспар
- •1. Христиан дінінің пайда болуы
- •2. Жаңа Өсиеттің мәні мен маңызы
- •3. Қасиетті Үштік туралы христиан ілімі
- •4. Шығыс христиандық.
- •5. Католицизм.
- •6. Протестантизм.
- •Исламның шығу тегі және оның негізгі бағыттары Жоспар
- •2. Құранның шығу тегі, маңызы мен формасы
- •3. Мұсылман ілімі
- •4. Исламдағы діни заң.
- •5. Исламның бағыттары
Алғашқы қауымдық мораль
Алғашқы қауымдық мораль – жүріс-тұрыстың алғашқы канондарының (ережелерінің) қалыптасуы. | ||||||
ТАБУ ЖҮЙЕСІ | ||||||
Ру ішінде некелесуге тиым салу |
Тотемге қол сұқпау
|
Әкеге, көсемге, абызға қол сұқпау | ||||
ТАБЫНУ ОБЪЕКТІЛЕРІ | ||||||
Табиғат күші |
Тотемдер |
Бабалар |
Ақсақалдар |
Фетиштер |
Жаңа терминдер:
Архантроп – ежелгі адам;
Археология – сақталған заттық ескерткіштер арқылы ежелгі халықтардың тұрмысы мен мәдениетін зерттейтін ғылым;
Архитектура (сәулет) – ғимараттарды жобалау және салу өнері;
Неке – ер мен әйел арасындағы отбасылық ерлі-зайыптылық қатынастар;
Канон – ереже;
Культ – құдайға табыну және осыған байланысты ғұрыптар мен рәсімдер;
Матриархат – руда әйелдің үстемдік етуі, туыстықтық ана жағынан есептеледі;
Палеантроп – ежелгі адам;
Промискуитет – алғашқы қауымдық құрылыстағы ретсіз жыныстық қатынастар;
Ритуал – ғұрыптық әрекеттер тәртібі;
Ру – қандық туыстықпен біріктірілген лғашқы қауымның негізгі әлеуметтік ұйымы;
Табу – қандай да бір затқа, әрекетке, сөзге қойылған тиым, оның бұзылуы тылсым күштер тарапынан қатыгез жазаға алып келеді;
Фольклор – халық шығармашылығы;
Храм (ғибадатхана) – құлшылық ету орны;
Чоппер – жару және кесу қызметтерін атқаратын ежелгі тас құралының түрі;
Чоппинг – чоппердің түрі;
Экзогамия – қандай да бір қоғамның ішінде некелесуге тиым салатын дәстүр.
Көне Шығыс өркениетінің ерекшеліктері
Жоспар
Ежелгі Египет мәдениеті
Ежелгі Месопотамия мәдениеті
Ежелгі Үнді мәдениеті
Ежелгі Қытай мәдениеті
Көне Египет мәдениеті
Көне патшалық мәдениеті
Орта патшалық мәдениеті
Жаңа патшалық мәдениеті
Амарндық дәуір мәдениеті
Көне патшалық мәдениеті
Көне патшалық б.д.д. 28-23 ғғ. уақытын алып жатыр.
Бұл кезеңде көне египеттіктердің негізгі діни сенімдері қалыптасты, соның ішінде өлімнен кейінгі өмірге сену (Ра – күн құдайы, Пта – өнер қамқоршысы құдайы, Сет – зұлымдық құдайы, Исида – құнарлылық пен аналық құдайы, Амон – перғауындар қамқоршысы және т.б.).
Сәулет өнерінің басты жетістігі – пирамидалар – перғауындардың қабірлері. Олардың ең ірілері Хеопс, Хафра және Менкаура пирамидалары. Барлығы Египетте 80 пирамида бар. Хеопс пирамидасының биіктігі – 146,6 метр, оған 2,5 тонна салмағы бар 2300000 тас жұмсалған. Пирамиданың жалпы салмағы шамамен 7 млн. тонна.
Көне Патшалық кезеңіндегі мүсіндер алып, салтанатты, тұрақты, көркемөнер дәстүрлерін сақтай отырып жасалған. Негізгі мүсіндер – билік еткен перғауындар мен құдайлар мүсіндері (Гизадағы Үлкен сфинкс).
Орта патшалық мәдениеті
Орта патшалық б.д.д. 21-18 ғғ. алып жатыр.
Ғибадатханалар (перғауын І Ментухотептің ғибадатханасы, перғауын ІІІ Аменхотеп ғибадатханасы) және қала құрылысы қарқынды (Фаюм оазисіндегі Иттауи қаласы) дамыды.
Ежелгі патшалық дәуіріндегі дәстүрлі молалар орнына жартастық молалар келді.
Иероглифтік жазудың негізі қаланды (1822 жылы француз ғалымы Франсуа Шампольон ашты).
Негізгі әдеби жанрлары: құдайлар құрметіне арналған гимндер, ертегілер, поэзия, аңыздар, әңгімелер т.б. («Синухет әңгімесі», «Шындық пен өтірік», «Атон құдайына арналған гимн», «Өлілер кітабы», «Мемфисті аңсау» және т.б.).
Осы кезеңнен алғашқы медициналық және математикалық папирустар сақталып, жетті.
Жаңа патшалық мәдениеті
Б.д.д. 16-11 ғғ. алып жатыр.
Мәдениет ең гүлденген шағына жетті.
Ірі архитектуралық ескерткіштер: Карнактағы және Луксордағы Амон-Ра храмы, Дейр-Эль-Бахридағы Хатшепсут храмы, Абу-Симбелдегі ІІ Рамсес храмы, Мединет-Абудағы ІІІ Рамсес храмы, Тутанхамон храмы (1922 жылы табылды).
Мүсіндер өте алып етіп жасалды (Аменхотеп ІІІ-нің 20 метрлік отырған мүсіні).
Амарндық дәуір мәдениеті
Амарндық дәуір – Жаңа патшалық кезінде билік еткен перғауын IV Аменхотеп есімімен байланысты.
Ол барлық құдайларға табынуға тыйым салып, жалғыз құдай етіп Күн құдайы Атонды жариялады.
Сол дәуірден өшпес мұра ретінде қалған ескерткіш – перғауын IV Аменхотептың әйелі Нефертитидің мүсіні.
Амарндық мәдениет зайырлы сипаттылығымен ерекшеленеді, бұл оны Көне Шығыстың дәстүрлі өнерінен ерекше етеді.
Көне Египеттің ғылыми білімдері
Ежелгі Египеттің барлық ғылыми білімдері абыздардың шығаны топтарында шоғырланып отырған.
Күн тұтылуының кезеңдерін білген, оны болжап отырған.
Санаудың ондық жүйесін енгізген.
Күн, Су, Құм сағаттарын ойлап тапқан.
Тарихтағы алғашқы күнтізбелер.
Адам денесін бальзамдау тәжірибесін енгізген.
Иероглифтік жазбалар.