- •ҚазГзу гуманитарлық заң колледжі
- •3. Мәдениет мектептері
- •Алғашқы қауымдық мәдениет
- •1. Алғашқы қауымдық мәдениет ерекшеліктері
- •2. Әлеуметтік ұйымдасудың қалыптасуы.
- •3. Алғашқы қауымдық діни көзқарастар
- •Қазақстан территориясындағы тас дәуірінің археологиялық мәдениеттері
- •Алғашқы қауымдық мораль
- •Көне Шығыс өркениетінің ерекшеліктері
- •Ежелгі Египет өнерінің түрлері мен жанрлары
- •Ежелгі Египет мәдениетінің әлемдік мәдениетке ықпалы
- •Көне кезең мәдениеті
- •Көне Рим мәдениеті
- •Көне Греция
- •Ортағасырлар мәдениеті
- •2. Европалық ортағасырлар мәдениеті.
- •Қайта өрлеу мәдениеті және Жаңа кезең мәдениеті
- •1. Қайта өрлеу қайнар көздері
- •2. Ренессанстың гуманистік дүниетанымы.
- •3. Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті мен театр.
- •Жаңа заман мәдениеті
- •19 Ғасыр мәдениеті
- •19 Ғ. Басының сәулет және мүсін өнері.
- •2. Сыншыл реализ жүйесі.
- •19 Ғасыр мәдениетіндегі индивидуализм
- •1. Импрессионизмнің негізгі өкілдері
- •2. Постимпрессионизмнің негізгі өкілдері
- •19 Ғ. Орыс мәдениеті
- •19 Ғ. Бірінші жартысындағы орыс ғылымы
- •19 Ғ. І жартысындағы орыс әдебиеті.
- •19 Ғ. І жартысындағы орыс өнері.
- •19 Ғ. Іі жартысындағы әдебиет.
- •19 Ғ. Іі жартысындағы орыс көркемсуреті.
- •19 Ғ. Іі жартысындағы музыка.
- •19 Ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
- •19 Ғасырдағы халық ағарту ісі.
- •19 Ғ. Ақындары.
- •19 Ғ. Қазақтардың музыка өнері.
- •Модернизмнің негізгі бағыттары
- •20 Ғасырдағы Батыс мәдениеті
- •20 Ғ. Әдебиеті
- •20 Ғасырдағы Ресей мәдениеті
- •20 Ғасырдағы Қазақстан мәдениеті.
- •20 Ғ. Басындағы қазақ әдебиеті.
- •Буддизмнің шығу тегі және оның негізгі бағыттары
- •Христиан дінінің шығу тегі және оның негізгі бағыттары Жоспар
- •1. Христиан дінінің пайда болуы
- •2. Жаңа Өсиеттің мәні мен маңызы
- •3. Қасиетті Үштік туралы христиан ілімі
- •4. Шығыс христиандық.
- •5. Католицизм.
- •6. Протестантизм.
- •Исламның шығу тегі және оның негізгі бағыттары Жоспар
- •2. Құранның шығу тегі, маңызы мен формасы
- •3. Мұсылман ілімі
- •4. Исламдағы діни заң.
- •5. Исламның бағыттары
2. Әлеуметтік ұйымдасудың қалыптасуы.
Мәдениеттің қалыптасуы әлеуметтің ұйымдасудың қалыптасуымен тығыз байланысты;
Әлеуметтік ұйымның қалыптасуы адам өзін қоғам мүшесі ретінде сезіне бастауын және тұлға ретінде қабылдай бастауын білдіреді;
Адамзат мәдениеті дамуының алғашқы кезеңдерінде әлеуметтік ұйымның негізгі түрі некелік шектелері жоқ тайпа болды;
Қарапайым қоғамда промискуитет (ретсіз жыныстық қатынастар) орнады, ал балалар ұжымдық түрде тәрбиеленді;
Инцестке (туыстар арасындағы жыныстық қатынастар) тыйымның болмауы басқа тайпалармен қарым-қатынасты шектеді, сондықтан мәдени жетістіктермен айырбас болған жоқ;
Промискуитеттен реттелген некелік қатынастарға көшу әлеуметтік нормалардың қалыптасуына қадам болды;
Әлеуметтік нормалар саны артқан сайын, адамның жануардан ажырау процесі тездетілді;
3. Алғашқы қауымдық діни көзқарастар
Ежелгі діни көзқарастар нақты адамдар тобының өмір сүруіне байланысты болды, олардың тікелей қажеттіліктері мен ерекшеліктерін бейнеледі;
Діннің ең ерте формалары болып тотемизм, фетишизм, анимизм, магия табылады;
Фетишизм – жансыз заттарға табыну, жансыз заттардың адамды немесе адамдар тобын қорғау күшіне сену;
Тотемизм – жануарлар немесе өсімдіктердің қандайда бір күш иеленетіндігіне сену. Әр тайпа, ру немесе кланның өз тотемі болған;
Анимизм – дүниенің кез келген құбылыстарының жанды екендігіне сену;
Магия – табиғатқа, адамдарға, жануарларға, құдайларға сиқырлы әсерін тигізетін дуалар мен жоралар жиынтығы;
Магиялық жоралардың түрлері: емдік магия, махаббат магиясы, зиян келтіретін магия, аңшылықта сәттілік әкелетін магия және т.б.
Ежелгі адамдардың діни көзқарастары мифологияларда бейнеленді;
Миф (аңыз) – бұл дүниенің, адамның, тайпаның жаратылысы туралы аңыз;
Мифтік негізгі міндеті – тайпа үшін маңызды ақпаратты беру;
Біртіндеп мифтер өзінің маңызын жоғалтты, оның орнына фольклордың жаңа жанры ертегі дүниеге келді.
Алғашқы қауымдық өнер
Көркемдік шығармашылықтың алғашқы көріністері кейінгі палеолит кезеңіне жатады (жартас суреттері, сүйектен жасалған мүсіндер);
Жануарлардың суреттерін салу жиі кездеседі;
Сурет үшін көмір, өсімдіктер шырыны, түсті балшық қолданылды;
Осы кезге алғашқы қарапайым орнаменттердің пайда болуы жатады;
Мезолит дәуірінде суреттерде адамның тұрмысынан өмірлік көріністер бейнеленген (аң аулап жатқа, балық аулап жатқан суреттер және т.б.);
Неолит дәуірінде әртүрлі орнаменттер пайда бола бастады;
Неолит дәуірінде ғибадатханалық сәулет ескерткіштері салына басталды, олар мегалиттер деп аталды. Мегалиттер – дөрекі үлкен тастардан салынған табыну орындары.
Мегалиттердің негізгі түрлері: 1) дольмендер – бірнеше вертикалды қойылған және үстінен бірнеше горизонтальді тастармен жабылған құрылыс; 2) менгирлер – ұзын тастарды аллея ретінде жерге қазып қойған құрылыс; 3) кромлехтер – тастар дөңгеленіп жерге қазылып, ортасына тас қойылатын құрылыс.
Қазақстан территориясындағы тас дәуірінің археологиялық мәдениеттері
Кезең |
Антропологиялық тип, әлеуметтік ұйым түрі |
Еңбек құралдары |
Материалдар, еңбек құралдарын жасау техникасы |
Мәдениет |
Ерте палеолит (б.д.д. 2 млн. – 140 мыңжылдық) |
Алғашқы қауымдық тобыр. Епті адам және тік жүретін адам. Архантроптар |
Чоппер, чоппинг, жапқыш. |
Отты игеруі; баспана сала білу; түзету, қыру, ретушь. Малта тас, халцедон, кремень, кварцит, обсидиан, сланец. |
Архантроптардың миында сөйлеу орталығы қалыптасты. |
Орта палеолит (б.д.д. 140-40 мыңжылдық) |
Үлкен қауым. Палеантроптар |
Диск тәріздес нуклеус, үшкір тастар, қырғыштар. |
Отты шағып алу, қарапайым баспана салу. Малта тас, халцедон, кремень, кварцит, обсидиан, сланец. |
Діннің қалыптасуы. |
Кейінгі палеолит (б.д.д. 40-12 мыңжылдық) |
Рулық қауым. Қазіргі заманғы адам. |
Қырғыштар, кескіштер, найзалар, дротиктер, гарпун |
Қысылған ретушь. Яшма |
Өнердің қалыптасуы. |
Мезолит (б.д.д. 12-5 мыңжылдық) |
Рулық қауым. Қазіргі заманғы адам |
Садақ, жебе, бумаранг, қапқандар, балық аулау құралдары. |
Шлифовка, арамен жұмыс, тесу, балық аулау. |
Тасты өңдеудің микролитті техникасы. |
Неолит (б.д.д. 5-3 мыңжылдық) |
Матриархаттың ыдырауы |
Соқа, орақ, тырна, дән үккіш, тоқыма станогы, ине, балта. |
Керамика, киім тігу. |
Мал шаруашылығы мен егіншіліктің пайда болуы, қндіргіш еңбекке көшу. |