- •ҚазГзу гуманитарлық заң колледжі
- •3. Мәдениет мектептері
- •Алғашқы қауымдық мәдениет
- •1. Алғашқы қауымдық мәдениет ерекшеліктері
- •2. Әлеуметтік ұйымдасудың қалыптасуы.
- •3. Алғашқы қауымдық діни көзқарастар
- •Қазақстан территориясындағы тас дәуірінің археологиялық мәдениеттері
- •Алғашқы қауымдық мораль
- •Көне Шығыс өркениетінің ерекшеліктері
- •Ежелгі Египет өнерінің түрлері мен жанрлары
- •Ежелгі Египет мәдениетінің әлемдік мәдениетке ықпалы
- •Көне кезең мәдениеті
- •Көне Рим мәдениеті
- •Көне Греция
- •Ортағасырлар мәдениеті
- •2. Европалық ортағасырлар мәдениеті.
- •Қайта өрлеу мәдениеті және Жаңа кезең мәдениеті
- •1. Қайта өрлеу қайнар көздері
- •2. Ренессанстың гуманистік дүниетанымы.
- •3. Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті мен театр.
- •Жаңа заман мәдениеті
- •19 Ғасыр мәдениеті
- •19 Ғ. Басының сәулет және мүсін өнері.
- •2. Сыншыл реализ жүйесі.
- •19 Ғасыр мәдениетіндегі индивидуализм
- •1. Импрессионизмнің негізгі өкілдері
- •2. Постимпрессионизмнің негізгі өкілдері
- •19 Ғ. Орыс мәдениеті
- •19 Ғ. Бірінші жартысындағы орыс ғылымы
- •19 Ғ. І жартысындағы орыс әдебиеті.
- •19 Ғ. І жартысындағы орыс өнері.
- •19 Ғ. Іі жартысындағы әдебиет.
- •19 Ғ. Іі жартысындағы орыс көркемсуреті.
- •19 Ғ. Іі жартысындағы музыка.
- •19 Ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
- •19 Ғасырдағы халық ағарту ісі.
- •19 Ғ. Ақындары.
- •19 Ғ. Қазақтардың музыка өнері.
- •Модернизмнің негізгі бағыттары
- •20 Ғасырдағы Батыс мәдениеті
- •20 Ғ. Әдебиеті
- •20 Ғасырдағы Ресей мәдениеті
- •20 Ғасырдағы Қазақстан мәдениеті.
- •20 Ғ. Басындағы қазақ әдебиеті.
- •Буддизмнің шығу тегі және оның негізгі бағыттары
- •Христиан дінінің шығу тегі және оның негізгі бағыттары Жоспар
- •1. Христиан дінінің пайда болуы
- •2. Жаңа Өсиеттің мәні мен маңызы
- •3. Қасиетті Үштік туралы христиан ілімі
- •4. Шығыс христиандық.
- •5. Католицизм.
- •6. Протестантизм.
- •Исламның шығу тегі және оның негізгі бағыттары Жоспар
- •2. Құранның шығу тегі, маңызы мен формасы
- •3. Мұсылман ілімі
- •4. Исламдағы діни заң.
- •5. Исламның бағыттары
19 Ғ. Іі жартысындағы әдебиет.
Бұл дәуірде үстемдік еткен әдеби ағым сыншыл реализм болды.
Басыбайлық құқықтың кертартпалығын, оның өмірдегі кері әсерлерін, жаңа буржуазиялық қоғамның жағымсыздығын бейнелеген орыс жазушылары Л.Н.Толстой, Ф.М.Достоевский, И.С.Тургенев, М.Е.Салтыков-Щедрин, А.П.Чехов.
Ф.М.Достоевский орыс әдебиетіндегі философиялық романның негізін салушы. Өзінің шығармаларында ол орыс интеллигенциясына психологиялық және философиялық анализ жасады («Жындар», «Ағайынды Карамазовтар», «Идиот»).
Л.Н.Толстой – әлемдік тарихтағы ұлы романистердің бірі («Соғыс және бейбітшілік», «Анна Каренина», «Қайта тірілу»). Ол өзінің шығармашылығын адам жүріс-тұрысының этикалық жағын зерттеуге арнады. Соның нәтижесінде ол өзінің философиялық жүйесін қалыптастырды, оның мәні «зұлымдыққа зұлымдықпен жауап бермеу».
И.С.Тургенев жұмсақ либерализммен ерекшеленді, Батысқа еліктеді («Әкелер мен балалар»).
А.П.Чехов жүздеген юмористік және қайғылы орта тап өмірі туралы шығармалардың авторы.
19 ғасырдың 90 жылдарынан 1917 жылға дейінгі кезеңі орыс әдебиетінде «күміс ғасыр» деген атпен белгілі (Бальмонт, Брюсов, Гиппиус, Белый, Блок).
19 Ғ. Іі жартысындағы орыс көркемсуреті.
1870 жылы Петербургте Жылжымалы көркемусурет көрмелерінің серіктестігі («жылжымалылар», «передвижники»). Оның негізін салған құрылтайшылар Г.Г. Мясоедов, И.Н.Крамской, В.Г.Перов, Н.Н.Ге.
Әр кездері серіктестікке енгендер: И.Е.Репин, В.И.Суриков, В.Е.Маковский, А.К.Саврасов, А.М. және В.М. Васнецовтар, В.Д.Поленов, И.И.Шишкин, В.А.Серов, И.И. Левитан.
19 Ғ. Іі жартысындағы музыка.
19 ғ. ІІ жартысындағы орыс музыкалық мектебінің дәстүрлерін «Үлкен топ» («Могучая кучка») композиторлары дамытты (М.А.Балакирев, Ц.А.Кьюи, М.П.Мусоргский, А.П.Бородин, Н.А.Римский-Корсаков).
Орыс классикалық музыкасының ұлы туындыларының авторы болып П.И.Чайковский есептеледі – «Евгений Онегин», «Пиковая дама», «Чародейка» опералары, «Лебединое озеро», «Щелкунчик», «Спящая красавица» балеттері.
19 ғ. соңы А.К.Глазунов, А.Н.Скрябин, С.В.Рахманинов, И.Ф.Стравинский сияқты композиторлар шығармашылығымен байланысты.
Орыс театр өнері.
19 ғ. ІІ жартысы орыс театры үшін өтпелі болды. Тұңғыш рет орыс театрларының сахналарында отандық авторлар қойылымдары орындалды: А.Н.Островский, А.В.Сухово-Кобылин.
1898 жылы К.С.Станиславский және В.И.Немирович-Данченко Мәскеу көркем театрының негізін қалады. Театрда А.П.Чеховтың, А.М.Горькийдің пьесалары қойылды.
19 Ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
19 Ғасырдағы халық ағарту ісі.
Қазақстандағы бірінші зайырлы мектеп 1841 жылы Бөкей ордасында ашылды.
1850 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанында қазақ балалары үшін жетіжылдық мектеп ашылды. 19 жыл қызметі барысында 48 түлекті оқытып шығарды.
Қазақстанда 19 ғ. 60 жж. бастауыш мектептердің Ы.Алтынсаринның есімімен байланысты.
1867-1868 жж. реформалардан кейін мұндай мектептер бүкіл Қазақстанда қызмет ете бастады.
Ұлттық қазақ мектептерінің болмауы себептерінен қазақтардың көпшілігі өз балаларын орыс мектептеріне беруге мәжбүр болды.
Қазақстандағы ағарту қозғалыстары.
19 ғ. қазақ мәдениетінде ағарту ғасыры деген атпен қалды.
Қазақстанға ғалымдар, географтар, саяхатшылар, шығыстанушылар, тарихшылар ағылып келе бастады.
Өлкені ғылыми зерттеуге үлкен қосқандар П.П.Семенов-Тян-Шанский, Н.А.Северцов, И.В.Мушкетов, В.В.Радлов.
Қазақстан Орыс Географиялық қоғамының зерттеу объектісіне айналды. Мұнда мәдени-ағарту мекемелері, статистикалық комитеттер қызмет етті, өлкетанулық мұражайлар ашылды, көне ескерткіштер зерттелді, халық ауыз шығармашылығы, қазақтардың жай құқығы зерттелді, кітапханалар ашылды.
Шоқан Уәлиханов.
Ш.Ш.Уәлиханов 1835 жылы Қосмұрын елді мекенінде дүниеге келді.
12 жасына дейін жеке мектепте оқыды; 1847 жылы Омбы кадет корпусына Сібірдің ең үздік оқу мекемесіне оқуға түсті.
Кадет корпусында болашақ белгілі ғалым Г.Н.Потанинмен танысты.
Омбыда Ш.Уәлиханов орыстың ұлы жазушысы Ф.М.Достоевскиймен кездесті, кейін хат жазысып тұрды.
1853 жылы кадет корпусын аяқтағаннан кейін Сібір казак әскеріне қызметке тұрады; 1854 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорттың адьютанты қызметіне орнатылады.
1855 ж. Уәлиханов Гасфортпен Омбыдан Іле Алатауына дейін сапарға аттанады. Осы сапарында ол халық аңыздарын, әндерін жинайды.
1856 ж. ол орыс ғалымы П.П.Семенов-Тян-Шанскиймен танысады; екі экспедицияға қатысады. Алакөлден Ыстықкөлге дейін және Құлжаға.
1857 жылы Уәлиханов алатау қырғыздарына саяхаты кезінде қырғыз эпосы «Манасты» жазып алады.
Оның саяхаттарының нәтижесі келесі тарихи-этнографиялық шығармалары болып табылады: «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар».
1857 жылы Уәлиханов Орыс Географиялық қоғамынының мүшелігіне енді.
1858 жылы ол құпия түрде Қашғарияға саяхат жасап (Марко Поло мен Геостан кейін), келесі еңбегін жазды «Алтыншар жағдайы туралы немесе Нан-Лу Қытай провинциясының алты шығыс қаласы».
Оның еңбегі Ресейдің шығыстанушыларымен жоғары бағаланып, ағылшын тіліне аударылып басылды.
1860 жылы Әскери министр шақыруымен Уәлиханов Петербургке келіп, үлкен құрметке бөленеді.
1864 жылы Уәлиханов Черняев экспедициясына қатысады (Оңтүстік Қазақстанды қосу).
1865 жылы Алтынемел тауының етегінде Тезеке ауылында туберкулезден қайтыс болады.
Абай Құнанбаев (1845-1804)
Абай Құнанбаев 1845 жылы Шыңғыс таулары маңында дүниеге келді.
Алғашқы білімін үйде алды, кейін Семейдегі имам Ахмет-Риза медресесінде білімін жалғастырды. Білімін аяқтамай, ауылға қайтуға мәжбүр болды.
1886 жылы 40 жасында «Жас» өлеңін жазды және оның қалған өмірінің барплығы терең мазмұнды шығармашылықта өтті («Ескендір» поэмасы, «Масғұд», «Әзім туралы аңыз»).
Абай өзін қоршаған ортадан анағұрлым жоғары тұрды. Ол қоғамды тек жақсы жағынан көруге тырысты.