Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сборник лекций по культурологии для учащихся.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
460.8 Кб
Скачать

19 Ғасыр мәдениетіндегі индивидуализм

  • 19 ғ. индивидуализмі бәрінен бұрын өнер мен философияда көрініс тапты: А.Шопенгауэрден бастап импрессионистерге дейін.

  • Артур Шопенгауэр неміс филосфы, волюнтаризмнің негізін салушы.

  • Оның пессимистік көңіл күйі келесіде көрініс тапты: адам қоршаған орта алдында қарусыз; адам өмірі қайғы мен іш пісудің алмасуы, тек өнер мен философиядағы әсемдікті тамашалау ғана осындай өмір сүруді тоқтата алады.

  • Волюнтаризмнің ірі өкілі неміс философы Фридрих Ницше болды.

  • Ницше индивидуализмі - өмір сүру мен үстемдік етуді қамтыған культ («Заратустра солай атқайн», «Мейірімділік пен зұлымдықтың арғы бетінде»», «Антихристианин»).

  • Оның философиясында дәстүрлі мәдени құндылықтардан бас тарту идеясы көрініс тапты, ал оның «құндылықтарды қайта бағалау» ұмтылысы өнер мен философияға үлкен ықпал жасады.

  • Ницше – бірінші декадент, ақын, көріпкел-философ, өзінің дарындылығымен ұйықтап жатқан еуропалық мәдениетті оятушы.

Индивидуализм әдебиеті.

  • 19 ғ. аяғында пайда болған әдебиетті символизм ағымы субъективті көзқараспен байланысты. Ол француз поэзиясында пайда болды.

  • Символизмнің теоретигі болған француз ақыны Стефан Малларме.

  • Символистер өнерді интеллектілік мазмұннан босатқысы келді, яғни ақыл-оймен емес, сезіммен тануға шақырды (П.Варлен, А.Ренье, А.Рембо, М.Матерлинк, Э.Верхарн).

  • Олар оқырманның ақылына емес, интуициясына әсер етіп, оның көңіл-күйіне ықпал жасағысы келді.

Индивидуализм көркемсурет өнері.

  • Көркемсуретте индивидуализм идеялары импрессионизм арқылы көрініс тапты (Маненің «Әсер» картинасының атымен аталған).

  • Көркемсуреттегі жаңа ағым импрессионистерден (Мане, Дега, Моне, Ренуар, Сислей, Писсаро) басталды. Олардың пікірінше картинаның сюжеті мен тақырыбы көргеннен нәрседен алған әсер ғана бола алады.

  • Салтанатты салондық көркемсуретке үйреніп, әдеттеніп қалған көрермендер бұл суретшілердің сюжеттерін, сурет салу мәнерін қабылдамады. Олардың сурет салу білмейтіндіге айыптады.

  • Импрессионистерге түсіністікпен қарау тек ондаған жылдардан кейін ғана басталды. Бұл өз кезегінде постимпрессионизмнің пайда болуына алып келді.

  • Барлық постимпрессионистер (Сезанн, Ван Гог, Гоген, Синьяк, Сера) – жарқын индивидуалистер, олар өнердегі символистік бастауларға деген қызығушылықты арттырды.

Мүсін өнері мен музыкадағы сәулет өнері.

  • Мүсін өнеріндегі импрессионизм тамаша мүсінші Огюст Роденнің шығармашылығында көрініс тапты («Ойшыл», «Кале азаматтары», «Собор»).

  • Роден пластикалық форманы психикалық толғауға бағындыра алды, ол мүсінді әдеттегі жылтыр бетінен айырды.

  • Музыкада импрессионизм Дебюсси, Равель, Шабрие, Шарпантье шығармашылығында бейнеленді. Оларға жаңа әсерлер, жаңа тембрлер ізденісі, инструменттерді түрліше үйлестіру тән болды.

Кестелер

1. Импрессионизмнің негізгі өкілдері

Импрессионизм – 19 ғ. 60-80 жж. Францияда пайда болып, гүлденген көркемсуреттегі ағым.

Эдгар Дега (1834-1917)

«Ат жарыстары», «Келісім алаңы», «Биші фотографта»

Эдуард Мане (1832-1883)

«Испан гитаристі», «Даладағы таңғы ас»

Клод Моне (1840-1926)

«Әсер, күннің шығуы», «Бақтағы әйелдер»

Камиль Писсаро (1830-1903)

«Қызыл төбелер»

Пьер Огюст Ренуар (1841-1919)

«Үлкен жүзушілер»

Альфред Сислей (1839-1899)

«Марлидегі су тасқыны»