Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
меншик турлери.docx
Скачиваний:
82
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
51.86 Кб
Скачать

1.2 Меншіктің түрлері және олардың экономикалық қызметтері

Меншік қатынастары мынандай қызметтерді қамтиды:

а) иелену ( затты иеленуді жүзеге асыру, қожалық ету);

ә)пайдалану ( заттан өзіне пайдалы қасиеттерді табу);

б) бөлу ( заттың құқықтық тағдырын анықтау - сату, айырбастау,сыйға тарту т.б.)

Меншіктің экономикалық өткерілуі, оның иесіне табыс, рента, пайыз, дивиденд алып келу арқылы жүзеге асады.

Адамзат қоғамның даму тарихында меншіктің тайпалық немесе қауымдастық түрлері белгілі. Ерте дүниенің өзінде–ақ ұжымдық (қоғамдық), жеке еңбектік және мемлекеттік (қауымдық меншік иелері) меншік түрлері қалыптаса бастады. Олардың ішінен кейінірек жеке және мемлекеттік меншік түрлері көбірек дами түсті. Мемлекеттік меншік өзінің барынша дамуын әкімшілік - әміршілдік экономикалық жүйеге асырылып, оның үлесі басқа меншік түрлерінің жалпы құрлымында-88,6% құрады. Алайда, нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі 5%-дан 30 %- ға дейін ауытқиды.

Экономикалық және әлеуметтік құрылысқа байланысты мемлекеттік меншік басқа меншік түрлерімен салыстырғанда тиімді болу мүмкін. Ол оның атқаратын қызметімен: жалпы қоғамның экономикалық стратегиясының қалыптасуы, экономикалық салалық құрылымының оңтайландырылуы нәтижесінде адамға бағытталған ең жоғарғы тиімділікке қол жеткізу арқылы сабақтастырылады.

Экономикада бұл меншік түрінің басымдау болу нақты өмірде жағымсыз тұстарға, яғни мемлекеттік монополиялардың пайда болуына алып келді.

Ол экономика үшін аса қауіпті еді: мемлекеттік өндірушінің тұтынушыға үстемдігі пайда болып, арзан тауарлар түрлерін жою жүзеге асты және тапшылық пайда болды. Қанағаттандырылмайтын сұраным қалыптасты.

Осыдан мынадай тұжырым жасауға болады: мұнда мемлекеттік меншікті жою емес, оның монополиялық үстемдігін жою туралы әңгіме болып отыр.

Нарыққа өту және ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру процесінің басталуы - мемлекеттік меншік үлесін қысқартуға, оның монополиялық үстемдігін жоюға бағытталған. Сондай-ақ, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру үшін бәсекелестік ортаны құрып, оны тұрғындардың сұранымын қанағаттандыруға бағыттау қажет. Мемлекеттік меншіктің үлесі 30-40 % шеңберінде бекітіледі.

Жеке меншіктің дамуы 20- ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Ғылыми техникалық революцияның әсерінен ХХ-шы ғасырдың екінші жартысында жедел түрде акционерлік меншік қалыптаса бастады. Акционерлік немесе корпоративтік меншік, басқаша айтар болсақ, топтық немесе ұжымдық меншік. Батыстың экономикалық теория мектебі «жеке» термині ретінде кез-келген мемлекеттік емес мүлік, шарушылық, кәсіпорынды түсінген. Қазіргі уақытта жеке меншік жекеленген (еңбектік және еңбектік емес) ғана емес, сондай- ақ ұжымдық (топтық), акционерлік және коперативтік түрде- меншік иесі ұжымдарын біріктіретін болады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында төмендегідей меншіктің экономикалық түрлері қалыптасты:

Меншіктің экономикалық түрлері

Жеке

Ұжымдық

Мемлекеттік

Еңбектік

Еңбектік емес

Жеке топтық

Республика меншігі

Облыстық, аудандық муниципалдық меншігі

Еңбек табысы есебінен

Мұрагерге қалдырған мүлік есебінен табыс: сақтандыру, несие мекемелеріне салған қаржылар, акция, облигация және басқа бағалы қағаздардан түсетін табыс көздері

А)жалгерлік меншік

Ә)Ұжымдық кәсіпорын меншігі (сатып алынған)

Б)кооперативтік меншік

В) акционерлік меншік:

А) қоғамдық ұйымдарының меншігі

Ә)діни ұйымдарының меншігі

Меншік:

А) шаруашылық қоғамы меншігі

(серіктестігінікі)

Ә) бірлестіктер (ассоциациялар)

Меншігі:

А)шетел мемлекетінің меншігі

(концессия)

Ә)біріккен меншік

(шетел мемлекетік кәсіпорыны)

Республикалық меншік

(жер қойнауы, сулар, өсімдік әлемі, жануар әлемі,әуе кеңістігі)

Коммуналдық меншік

(тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәдениет және денсаулық сақтау, халыққа білім беру, жергілікті бюджет қорлары)