Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
меншик турлери.docx
Скачиваний:
82
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
51.86 Кб
Скачать

Іі бөлім. Меншік формаларының әр алуандығы – нарықтық экономиканың негізі, формалары және әдістері

2.1 Нарықтық экономикадағы меншік формаларының түрлері

Меншік формасы – ол меншік субъектісі белгісі бойынша сипатталатын, яғни меншік объектісінің әр түрлілігі субъект табиғатымен бірігуі критерий (өлшемдері). Меншік формаларының мынадай түрлері бар:

  • Жалпыхалықтық;

  • Мемлекеттік;

  • Коллективтік (ұжымдық);

  • Үлесті біріккен;

  • Жеке және т.б.

Бұл меншік түрлерінің барлығын топтап екі типке бөлуге болады: мемлекеттік және жеке. Мемлекеттік меншік - меншік типі, мемлекеттік секторда орналасқан кәсіпорын, ұйым, орталық және жергілікті басқару органдары арқылы мемлекет меншігін басқару. Мемлекеттік меншік екі формада болады. 1. Мемлекеттік. 2. Муниципалдық. Муниципалды меншік мемлекеттік және басқа меншік түрлерімен салыстырғанда өте ерекше болып табылады. «Муниципал» - латынның «municipals» немесе немістің «munizipalitet» сөздерінен шыққан «қаланы басқару» деген ұғымды білдіреді. Ал, латынның «municipium» сөзі «қаланы өзін - өзі басқару құқығын білдіреді. Әдетте муниципалдық меншікке өкімет ұйымдары мүлік және әкімшілік–аумақтық құрылымдары басқару жатады. Қазақстан Республикасында осындай мүліктер коммуналды меншік деп аталады. Әр түрлі эканомикалық жүйе шеңберінде меншіктің басқа түрінің басым болуы, оның басқа түрінің мейлі бұрынғы, мейлі қазіргі түрінің болуын жоққа шығармайды. Меншіктің барлық түрінің араласуы мен өзара іс-әрекеті, экономикаға және барлық қоғамның дамуына оң әсер етеді.

Меншіктің экономикалық мазмұны тұтас шаруашылық процесін қамтиды да, тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қатынастарына араласады.

Меншік өндіріс нәтижесін иемденумен байланысты адамдар арасындағы объективті қатынастар жүйесі.

Меншік иемденуге қарағанда абстрактілі түсінік болып табылады. Иемдену затқа иелік етудің қоғамдық нақты тәсілі.

Меншік пен иемденудің өзіндік ішкі заңдары бар, олар екеу: біріншісі өз еңбегінің өніміне иелік ету (қарапайым тауар өндірісіне тән), екіншісі бөтен адамның еңбегінің өніміне иелік ету (капиталистік тауар өндірісіне тән).

Тарихи негізгі меншіктің түрлері жалпы және жеке. Бастапқыда жалпы меншік орын алып, ортақ еңбек ету, нәтижесін ортақ иеменуге мүмкіндік берген. Кейінннен жеке меншік пайда болды да, екіге бөлінді: еңбектік және еңбектік емес. Еңбектік жеке меншік иелері қолөнершілер, шаруалар, т.б. өз еңбегімен өмір сүретіндер (фермерлер, жеке еңбекпен қамтылғандар).

Жеке меншіктің екінші түріне бөгде адам еңбегі есебінен баю тән. Мүліктік теңсіздікке әкеліп  қоғам поляризациясы туындауы мүмкін.

Үшінші бір иемдену түрі болады, ол аралас меншік; онда қатысушылардың ақшалай жарнасы  немесе басқадай үлесі негізінде құрылған.

Мемлекеттік меншік дегеніміз, меншік объектісін басқаруды және пайдалану шешімдерін мемлекеттік билік органдары қабылдайтын қатынастар жүйесі. Мемлекеттік меншік - бұл меншік нысандарын мемлекеттік билік өкілдерінің басқаруы мен іске жаратуды жүзеге асыратын қатынастар жүйесін білдіреді. Мемлекеттік меншік бүкіл халық шаруашылық деңгейінде, аймақ, облыс, аудан, қала, ауыл деңгейінде бар.

Коллективтік меншік дегеніміз, өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелеріне иелік ететін коллектив болатын жағдай. Ұжымдық меншік - бұл еңбек ұжымы өндіріс құралдары мен өнімдерін ортақ иемденіп, пайдаланып және іске жарататын экономикалық қатынастар жүйесі. Қазақстан Республикасында қазіргі кезде ұжымдық меншік түрлеріне кооперативтік, акционерлік, қоғамдық ұйымдар және т.б. меншіктер формалары жатады.

Иеленуге байланысты экономикалық қатынастар қозғалмалы. Бұл меншік формаларының бірінен-біріне өте алуын білдіреді. Бұл процесс әр түрлі әдістермен жүзеге асырылады. Солардың ішіндегі ең маңыздыларын қарастырайық.

Ұлттандыру – жеке меншіктегі шаруашылық объектілерінің (жер, өнеркәсіп, транспорт т.с.с.) мемлекет иелігіне өту процесі. Ұлттандыру - бұл шаруашылықтың негізгі нысандарына жеке меншіктің мемлекет меншігіне көшірілуі. Ұлттандыру кімнің мүддесін көздеп және қандай тарихи кезеңде жүргізілуіне байланысты әр түрлі әлеуметтік-экономикалық және саяси мәнге ие болады. Ұлттандыруға қарама-қарсы процесс жекешелендіру болып табылады.

Жекешелендіру – мемлекеттік немесе муниципалды меншік объектілерін тегін немесе ақылы жеке меншікке айналдыру. Жекешелендіру мемлекетсіздендіру деп аталатын кең мағыналы процестің бір бөлігі.

Денационализация - ұлттандырылған мүліктерді бұрынғы иелеріне қайтаруды білдіреді. Қазірігі кезде бұл процесс Балтық елдері-Эстония, Латвия, Литвада кеңінен іске асырылуда.

Реприватизация - бұл жеке меншік иелерінен бастапқы кезде сатылып алынған кәсіпорындар, жер, банктер, акциялар және т.б. сияқты мемлекеттік меншікті жеке меншікке қайтару. Жекешелендіру экономикадағы мемлекет билігін шектеу сияқты анағұрлым ірі процесстің бір бөлігі болып табылады.

Мемлекет иелігінен алу, оның билігін шектеу – бұл өндірісті тікелей мемлекеттік-әкімшілік реттеуден басым түрде нарықтық механизмдер негізінде реттеуге көшу.

Мемлекет иелігінен алудың нәтижелері: біріншіден, меншік құрылым жеке меншік пайдасына қарай өзгереді және қоғамдық құрылым қысқарады. Екіншіден, мемлекеттің экономикалық ролі мен қызметі өзгереді: мемлекет шаруашылық жүргізуші тұлға болмайды және экономикалық процесстерді директивалар арқылы емес, өмірдің экономикалық жағдайларын өзгерту арқылы реттейді, міндетті мемлекеттік тапсырыстардың орнына мемлекеттік сатып алулар келеді; мемлекет ресурстарды бөліп-тарату функцияларын жүзеге асыру міндетінен босайды; біртіндеп сыртқы экономикалық қызметке мемлекеттік монополия жойылады.

Жеке меншік – ол экономикалық тұлға басқа тұлғалардың тәуелсіз меншігіне билік ету және иеленуіндегі меншік қатынастары. Жеке меншікке үй шаруашылығын, жариялылықты және жариялы емес жеке кәсіпорындар, жеке мүлікті немесе жеке қаржы сақталымын пайдаланудың кез келген түрін жатқызуға болады. Жеке меншіктің өзі әр түрлі нысанды қабылдауы мүмкін:

  • Бөлек қызметкердің жеке меншігі (жеке еңбектік меншік), бөлек жеке адамға немесе жанұяға - бөлек жеке тұлғаға меншік иесінің барлық құқығы жинақталғанда;

  • Жалдамалы еңбекті қолдануға байланысты, капиталистік жеке меншік;

  • Байлықты иемдену мен қоғамдық өкім элементтері бар, жеке меншіктің ұжымдық нысаны.

Қазақстанның нарықтық экономикаға өту кезеңінде мемлекеттік меншік тиімді болған жоқ. Нарықтық экономиканың құрылуы Қазақстандағы меншік қатынастарын өзгертті. Ол жекешелендіру және мемлекетсіздендіру жолдарымен жүзеге асты.

Мемлекетсіздендіру – мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық басқару қызметтерінің толығымен шаруашылық субъектісіне берілуі.

Жекешелендіру – заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік меншікті мемлекеттен сатып алуы, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорын және ұйымдарды мемлекетсіздендіру жолымен акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу.

Мемлекетсіздендіру және жекешелендірудің негізгі бағыттары:

  • Жеке жобалар бойынша ірі және бірегей мүліктік кешендерді жекешелендіру;

  • Орта кәсіпорындарды жалпы жекешелендіру;

  • Шағын жекешелендіру, шағын сауда кәсіпорындарын, коммуналды шаруашылықтар, тұрмыс және қызмет көрсету орталықтарын аукцион, конкурстар арқылы сату.

Жекешелендіру әдістері:

  1. Мемлекеттік және муниципалды кәсіпорындардың акционерлік қоғамдарға айналуы.

  2. Кәсіпорындарды аукциондарда сату.

  3. Конкурс бойынша мемлекеттен кәсіпорындарды сатып алу.

Меншік – тарихи категория. Нақты бір өндіріс тәсіліне тән өндірістік қатынастар сипатына сәйкес, айрықша қасиеттеріне ие меншіктің тарихи типтері ажыратылып жүр.

Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының түрлі сатыларындағы қандай да бір меншік типінің шеңберінде иемдену тәсілдерінің айырмашылықтары бар болатындықтан, түрлі иемдену нысандарын немесе меншік нысандарын ажыратады. Оларға:

  1. Жеке иемдену нысандары;

  2. Ұжымдық иемдену формалары;

  3. Қоғамдық иемдену нысандары жатады.

Қандай да бір тип аясында қандай бір түрлер болуы мүмкін. Осылайша:

1.Жеке меншік:

А)жеке;

Ә)жеке еңбектік;

Б)жеке капиталистік болып бөлінеді.

2. Ұжымдық меншік:

А) серіктестіктер;

Ә)кооперативтік;

Б) акционерлік;

3. Қоғамдық меншік;

А) жалпы мемлекеттік;

Ә) муниципалдық болып бөлінеді.

Шаруашылық практика меншік типтерінің, нысандарының және түрлерінің мәнін ажыратуға құрылады. Бұнда меншік қатынастары шаруашылық қызметті ұйымдастырудың қандай да бір нысандарының негізі болып табылады. Олардың арасында диалектикалық байланыс бар. Бір жағынан, экономика құрылымы меншік құрылымына әсер етеді, оның түрлерінің көптігін жүзеге асырады. Екінші жағынан, шаруашылық жүргізу нысандары меншік объектілерін пайдаланумен, сондай-ақ өндірістің техникалық даму деңгейімен анықталады. Меншіктің бір түрінің немесе нысанының негізінде шаруашылық жүргізудің түрлі нысандары қалыптасуы мүмкін, ал бұл бәсекенің негізі болып табылады.