Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Turizm_infra_1179_1201_rylymy.doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
868.35 Кб
Скачать

Туризмді дамыту индустрияландырудағы мемлекеттік рөл.

Маңызды реттеу ұлтаралық экономикада құрылады. Қазіргі кезде мемлекеттің қатысумен үш түрлі өрнек әрекет етеді.

Бірінші үлгі орталық мемлекеттің туристік әкімшіліктің қатыспауын болжайды, барлық сұрақтар нарықтық өзіндік қағидаттарына шешіледі. Мемлекеттік органдар осындай шешімін үлгісін қолдайды, егер де халықаралық туризм экономикасына мүлдем қажет етпесе немесе туристік нарықтағы субъектілер түсінікті және нақты орын алса, онда өз қиындықтарын мемлекеттік көмексіз шеше алады.

Туризм индустриясында осыған ұқсас үлгі АҚШ-та қолданды, 1997 жылы мемлекеттік құрылым тараған кезде, ел басшылары осы қадамға осындай түсінікті береді:

  • Федеративті бюджеттегі маңызды тармақтарға қысқарту;

  • Туризмдегі мемлекеттік нарықта АҚШ-ң тұрақты орнықты орында болуы;

  • Шет ел туристеріне мемлекет тартымдылығы, қосымша жарнамалардың талап етпеуіне;

  • Туризм индустриясында жеке меншік күшті кәсіпорындар, халықаралық нарықта өздік мықты жарнамалық акцияға қабілеттілігінің жетілдіруі.

Екінші үлгі беделді және мықты орталық министрлік – органдарда қарастырылды, мемлекеттік салалардағы мекеменің кәсібін барылайды. Оның іске асыруына әдейі шарттар қойылады, мысалы: туризм индустриясында маңызды қаржылық салым, негізінен, маркетингтік және жарнамалық кәсіптілік, туристік инфрақұрылымы қаражаттандыру және т.б. Суреттік мысалға келтіретін болсақ, Египет мемлекетінің турәкімшілігіне, 1999 жылы осы мекеме жарнамаға Италия мемлекетіне 3 млн. долл. жұмсалды.

Туристік индустрияны басқарудың бұл түрі Египет, Турция, Тунис және бірталай басқа елдерде қолданылады. Өйткені бұл елдердің қаржысына түсетін негізгі көзі.

Бұл үлгі қабылданған елдерде туризмді дамыту мәселелері белгілі бір көп саланы министірлікте қатысты саланың деңгейіне шешіледі. Көпшілік жағдайларда бұл министрлік экономикалық мәселелермен айналысады. Және туристік бөлімін өз екі бағытта іске асырады: Мемлекеттің жалпы сұрақтарын шешеді (құқықтық нормативтік базаны қалыптастыру жергілікті және негізгі басқару органдарының іс-әрекетіне қалыптастыру, халықаралық қатынастарды нығайту, статистикалық мәліметтерді жинақтау және өңдеу, т.б.) және маркетингтік іс-әрекеттерді бағыттайды (туристік ортадағы халықаралық сауда көрмелерге қатысу, т.б. шет елдегі туристік елшілікпен жұмыс жасау және т.б) үлгі осындай түрі Еуропалық деп аталып кетті.

Еуропаның дамыған елдердінде орталық мемлекеттік басқару жергілікті билік органдарымен және жеке меншік бизнестермен тығыз жұмыс жасайды. Қарым-қатынастың бұл түрі екі жақтан да тиімді болып табылады. Әкімшілік органдары мен жергілікті және мемлекеттік басқару органдарының арасында тығыз қарым-қатынас пайда болады және мемлекеттік экономикаға қатысты маңызды мәселелерді шешуге жекеменшік кәсіпкерлердің пайдасы қолданылады. Бұндай саясаттың нәтижесінде туристік іс-әрекетті реттеуді қолға алу арасында (мемлекеттік - әкімшілік) басқару институттары пайда болады.

Франция, Испания; Ұлыбритания және Италияда үшінші үлгі сәтті қолданылады. ХТҰ-ның мәліметтері бойынша әлемдік туризмнен түсетін пайданың 1/3 бөлігі осы елдерге үлесіне түседі.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. Туризмнің институционалдық инфрақұрылымы міндеті.

  2. Туризмдегі басқару органдары элементтері.

  3. Туризмді индустрияландыру теориялық сипаттамасы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Г.А. Карпова. Экономика современного туризма.- Москва-Санкт-Петербург 1998.

  2. М.Б. Биржаков. Введение в туризм.- Москва-Санкт-Петербург 2000.

  3. Ю.Н. Борисов, Н.И. Гаранин, Ю.В. Забаев, А.И. Сеселкин. Маркетиг в туризме. Учебное пособие. -Москва 1996.

  4. Ю.Н. Борисов, Н.И. Гаранин, Ю.В. Забаев, А.И. Сеселкин. Экономика туризма. Учебное пособие. -Москва 1996.

12- тақырып. Кәсіпорын-туристік қызметті жабдықтаушы.

Лекция мақсаты: Кәсіпорын сипаттамасы-туристік қызметті жабдықтаушы қарастыру.

Лекция сұрақтары:

1.1 Туристік кәсіпорындар мен туристік ұйымдардың туризм инфрақұрылым дамуындағы ролі.

1.2 Туристік кәсіпорындар мен қызмет көрсететін адамдарға өндірістік қамтамасыз ету

ХХ ғ. Соңғы 60 жылында әртүрлі бағыттағы мамандық иелері (экономистер, философтар, психологтар, әлеуметтанушылар және т.б.) кәсіпкерліктің даму теориясына, оның елдің экономикалық дамуында алатын орнына ерекше көңіл бөлуде, әсіресе, жеке кәсіпкердің тұлғалық ерекшелігі мен оның өз бизнесіндегі жетістікке жету талпынысына аса назар аударуда. Кәсіпкерлік білімді жетілдіру мақсатында халықаралық конференциялар ұйымдастырылуда, көптеген елдерде кіші кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетуде, жылдан жылға қоғам менталитеді де өзгеруде.

ХХ ғ. екінші жартысында көптеген батыс елдерінде өркениетті кәсіпкерліктің даму кезеңі басталды. 30 жылдары атақты америка кәсіпкері Генри Форд І-нің еңбектері жарық көре бастады, ал 1953 ж – К.Рендолдың *Кредо свободного предпринимательство * атты еңбегі шықты. Батыс ғалымдарының көптеген экономикалық ғылыми еңбектері 70-ы жылдары шыға бастаса, соңғы 15 жылда кәсіпкерлік мәселесіне байланысты еңбектер қарқынды түрде жарық көре бастауда.

Экономикалық теорияға үлкен үлес қосқан Ф.Хайек, И. Шумпетер және П.Друкер ғалым – экономистердің кәсіпкерлікке деген көзқарасын қарастырайық.

Экономикалық көзқарас бойынша кәсіпкерлік табысты айлық жалақымен теңестіруге болмайды. Шумпетер ойынша, жаңа тауардан түскен қаржы тек басында ғана өседі де, кейіннен бәсекенің нәтижесінде төмендейді. Бұл фактор кәсіпкерлік табыстың маңызды аспектісі болып табылады.

Себебі кәсіпкер жаңа өніммен нарыққа алғаш шығады да, оның бәсекелестері болмайды, өнімге деген бағаны баға құраушы монополиялардың қағидаларымен анықталады.

И. Шумпетер кәсіпкерлік қызметтің дамуындағы капиталға ерекше көңіл аударады. Капитал - ол қозғаушы күш. Шумпетер капиталды кәсіпкердің кез – келген уақытында иелігінде бола алатын қаржыны айтады.

Кәсіпкерді ойлау қабілетінің инновациялық типі ерекшелендіреді. Инновация – кәсіпкердің ерекше құралы. Кәсіпкерлер табиғатта адамзатқа (қоғамға) қажетті зат тауып, оны экономикалық бағаландырған кезде ғана табысқа жетеді. Друкер табысқа жететін кәсіпкерліктің төрт стратегиясын жіктейді:

  1. бірінші ену және жаппай әсер ету

  2. аяқ – асты және жылдамдылық

  3. *экономикалық әлсіз* жерін тауып, оны басып алу

  4. өнім, нарық немесе бір саланың экономикалық ерекшелігін бағалау

Друкер кәсіпкерлікті аса қауіпті қызмет деп санамайды. Бірақ кәсіпорындар шығынға неге ұшырайды? Себебе дейді Друкер кәсіпкерлер олардың кәсіпорындары қызмет еткен салада ықыласттығынан дейді.

Кәсіпкерлік туралы ғылыми және тәжірибелік көзқарастар К.Веспер, Г. Пиншат, Р. Хизрич, М. Питере, А. Хоскинг және т.б. шет ел ғалымдарының еңбектерінде де ерекше көңіл бөлген.

Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мен объектілері

Кәсіпкерлік – бұл қоғамдық пайдамен жеке бас мүддесін үйлестіру негізінде коммерциялық жетістіктерге және басқа да табыстарға жету мақсатында мүлікті, қаржы құралдарын және басқа ресурстарды жаңаша пайдаланумен тығыз байланысты шаруашылық субъектілердің бастамалы (инциативалы) әрекеті. Туристік салада кәсіпкерлік көп дәрежеде қызмет көрсетумен байланысты. Кәсіпкерліктің субъектілері өзінің мүліктік жауапкершілігі мен өз атынана әрекет жасайтын жекелеген адамдар, сондай – ақ заңдық жауапкершілікпен әрекет жасайтын серіктестер ұйымы болуы мүмкін.

Кәсіпкерліктің 2 үлгісі белгілі: классикалық кәсіпкерлік және жаңашылдық (инновациялық) кәсіпкерлік.

Классикалық кәсіпкерлік – бұл қызмет көрсету номенклатурасын жаңарту мен ұйымдар әрекетінің рентабельділігін арттыру үшін шаруашылықтың дәстүрлі тәсілдерін қолдану арқылы ресурстардың жоғарғы (макимальді) деңгейін беруге бағытталған дәстүрлі, консервативті кәсіпкерлік.

Ал, инновациялық кәсіпкерлік ең алдымен кәсіпкерлік әрекеттегі жаңашылдықпен тығыз байланысты. Кәсіпкердің рөлі экономиканың дәстүрлі факторын пайдалану арқылы, оларды жаңаша үйлестіру арқылы бұрын белгілі болмаған жаңа бір нәрсені жасап шығумен ұштасады. Мұндай жаңашыл кәсіпкерлік дәстүрлі кәсіпкерлікке қарағанда барынша әсерлі нәтиже береді, бірақ кәсіпкерге айрықша талаптар қояды.

Кәсіпкер:

  • әрекет етуші заң шеңберіндегі іскерлік қызметтің кез – келген мәселесі бойынша шешім қабылдауға ешкімге тәуелді болмауы және өз бетімен әрекет ету қасиетіне ие болуы тиіс;

  • өз қызметі нәтижесінде экономикалық және де басқа да қызығушылықтары болуы, яғни мүмкіндігінше максимальді кіріс алуы есептелуі тиіс;

  • тәуекелге барып, жауапкершілікті өз қолына алуы тиіс. Тәуекелге бару сөзінің астарынан шығынға ұшырататын жағымсыз жағдайлар барысында өз жоспарларын жүзеге асырып жіберу мүмкіндігінің туындауын түсінеміз. Қатерге бас тігудің өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық, нарықтық түрлерін ажыратады. Тәуекелге бару жағдайы туындағаннан шығынды азайтып, қатерге бас тігуді төмендету әдістері болып: сақтандыру, нарық дамуын болжап отыру, шығынның алдын – алуға арналған, оның орнын жабатын құралдарды қорландыру табылады.

  • өз әрекеті барысында қашан да инновациялық тәсілдері бар болуы қажет. (яғни өндіріс факторлары мен қызмет көрсетудің жаңа тұтынушыларын іздеу, оларды тартуда жаңаша әдіс-тәсілдерді пайдалану). Ізденіс пен жаңашылдық енгізуші кәсіпкер үшін қозғаушы күш – шамадан тыс пайда түсіруді күту болып табылады.

Жаңа заманғы жағдайда кіріс кіргізу ісін табысты ұйымдастыру үшін кәсіпкердің мықты кәсіби дайындығы, қызмет көрсету және өнім өндіруді ұйымдастыру саласында, заң, психология, саясат, экономика саласында қажетті білімі болуы қажет, сондай – ақ қаржы тізгінін қолына ұстаған тұлғалармен, маркетинг мамандарымен, ғалыдармен бірлесіп еңбек ете білуі тиіс.

Кәсіпкерлік әрекеттің (қызметтің) шарттары мен кезеңдері

Кәсіпкерлік қызметте келесідей кезеңдерді бөліп қарастырады:

  1. Нарық қажеттіліктері мен кәсіпкердің мүмкіндіктерін бір арнаға тоғыстыратын кәсіпкерлік идеяларды іріктеу және жинақтау;

  2. Қызмет көрсету өндірісін (немесе тауарлар) және маркетинг жоспарларын, сондай-ақ қаржылық және ұйымдастыру жоспарларын қайта жасауды жоспарлау;

  3. Ресурстардағы (оның ішінде қаржы құралдарын) және тасымалдаушылардың қажеттіліктерін анықтау;

  4. Техникалық, қаржылық жобаларды орындау, қызмет көрсету өндірісін ұйымдық дайындау және жоспарланған әрекетті жүзеге асыру.

  5. Фирманы басқару – жаңа идеяларды іздеу, тәжірибе жинау, әрекеттерді сараптау, бақылау.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. Кәсіпкерліктің даму тарихы

  2. Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мен объектілері.

  3. Кәсіпкерлік қызметтің шартарымен кезеңдері

  4. Кәсіпкерлік процесс және құбылыс ретінде

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Предпринимательство: Учебник/ Под ред. В.Я. Горфинкеля, Г.Б. Полека, В.А. Шандара. –М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1999.

  2. Бусыгин А.В. Предпринимательство М., 1999.

  3. Г.А. Карпова. Экономика современного туризма.- Москва-Санкт-Петербург 1998.

  4. М.Б. Биржаков. Введение в туризм.- Москва-Санкт-Петербург 2000.

  5. Ю.Н. Борисов, Н.И. Гаранин, Ю.В. Забаев, А.И. Сеселкин. Маркетиг в туризме. Учебное пособие. -Москва 1996.

  6. Ю.Н. Борисов, Н.И. Гаранин, Ю.В. Забаев, А.И. Сеселкин. Экономика туризма. Учебное пособие. -Москва 1996.

13- тақырып. Қазақстанда туризм инфрақұрылымы дамуының болашағы және мәселелері

Лекция мақсаты: Туристік инфрақұрылымынң мемлекеттік және салалық дамуын жоспарлау.

Лекция сұрақтары:

1.1 Туристік қозғалысты басқару.

1.2 Ұлттық туристік әкімшіліктер қызметі

Қазіргі кезде Қазақстан бүкіл әлемдік нарыққа қосылуына өте жақсы мүмкіндіктер бар. Қандай факторлар себеп бола алады?

Біріншіден, туристік сала маңызды сала болып табылады.

Екіншіден, 2007-2011 жж ең алғашқы рет туризмді дамыту бағдарламасы Қазақстанда қолданды. Бұл бағдарлама алдыңғыларынан өзгеше болып келеді, 2007-2011 жж туризмді дамыту бағдарламаның негізгі ерекшелігі – ол туристік саланы кластерлік бағытта негізделген. Бұл бағдарлама инвесторлардың қаражатымен емес, мемлекеттің тарапында қаржыландыру керек. Өйткені туризм өзін ақтайтын сала. Әр салынған бір доллар арасында тез арада 3 доллар алуға болады. Мұндағы жалғыз шешім туристік инфрақұрылымды дамыту.

Туризм бұл – коммуникация және көлік инфрақұрылымды қамтитын экономиканың 32 секторы. Республикалық маңызға ие жол торабтары мемлекеттік бағдарламаға кіргізілген, аймақ бойынша олардың құрылысы аймақтық бағдарламада көрсетілуі тиіс. Тура солай сияқты инфрақұрылымның құрылысы тек қана министрліктің мойнында ғана емес, бүкіл ведомстволардың қарамағында болу керек. Алайда, Туризм және спорт министрлігі инфрақұрылым құрылысында координат функцияларын атқару қажет.

Үшіншіден, бағдарламада ішкі туризмді бүкіл Қазақстан бойынша, сондай-ақ Алматы, Шығыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарында дамыту жоспарланды. Ішкі туризмді дамыту – Қазақстанның болашағы.

Сонымен қоса біздің мемлекетіміздің саны 15 миллион адам екенін ұмытуға болмайды, біз Қытай сияқты емеспіз, ал негізгі фактор болып келеді. Жеке мамандардың пікірлері бойынша, Қазақстанның туристік ассоциациясының мамандары, қазіргі кезде ішкі туризммен айналасу қолайлы емес. 15 миллион адамдардың сұраныстарын тез қанағаттандыруға болады, бірақ әрі қарай не? Сондықтан мемлекет үшін шетелдік туристердің маңызы өте зор. Әр жыл сайын Гермаияда 51 миллион туристер саяхаттайды. Бұл мемлекет осы саладығы моданы қалыптастырады: неміс қайда барса, бүкіл әлем сол жерге барады.

Төртіншіден, Казақстанда көп деген алға шығар туризмді дамыту бағдарламалар қарастырылған.

Қазақстандағы алға шығар бағдарламаның бірі – Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасындағы «Жаңа Іле» халықаралық туристік орталық мысал бола алады. Және де, Ақмола облысындағы «Бурабай» және Маңғыстау облысындағы «Ақтау сити» халықаралық туристік кешендердің салынуы жоспарланып отыр. Сонымен қатар, алдағы уақытта Каспий теңіз жағалауындағы «Кеңдірлі» халықаралық деңгейдегі курорт ашылады. Осы жобаның инвестиция салымы 2 млрд доллардан асады. Туристік орталықта Париждегі Еуродиснейленд немесе Йоханнесбургтегі Сан-Сити секілді алты түрлі әлемдік деңгейдегі көңіл жадырататын кешендер жұмыс істейтін болады. Сол жерде әуежайдың да құрылысы басталмақшы. 2015 жылға қарай оның жылдық жолаушы ағымы 1 млн адамға жетеді.

Оңтүстік Қазақстандағы ҰЖЖ бойында Түркістан қаласында және Байқоңырда туристік класстерлердің құрастырылуы жоспарланып жатыр.

Бағдарлама бойынша мемлекеттің бюджетінен 60 млрд теңге бөлінуі керек. Бөлінген ақша тек қана бірнеше туристік кешендердің құрылысына ғана емес, сонымен қатар жалпы инфрақұрылымның деңгейін көтеруге, шетелдік туристерге арналған қауіпсіздік шараларын орнатуға, кадрларды дайындауға, экологиялық және жас-өспірімдер туризмін дамытуға және Қазақстанның шетелде имиджін қалыптастыруға жету керек.

2007-2011 жж туризмді дамыту бағдарламасы бойынша Астана қаласынан 30 шақырым жерде Мартыновка ауылында Ежелгі фараондар (Мысыр) және «Отбос» (Квебек, Канада) кешендерінің аналогы бойынша «Шеберлер сарайы» атындағы көрме орталықпен «Шебер ауылы» атты этнографиялық кешенінің салынуы көзделген. Жаңа ауыл көшпенділердің тұрмыс тіршілігін бейнелеп тұруы керек. Ал туристік нарықта ҰЖЖ алға жылжу мақсатында Түркістан қаласында керуен-сарайлар мен қонақүйлер салынбақшы, сондай-ақ Алматы – Тараз – Шымкент – Ташкент – Самарқанд – Үргенш – Бішкек – Балықшы - Алматы деген маршрут бойынша «ҰЖЖ інжуі» атты халықаралық туристік поездің ұйымдастырылуы жоспарланды.

Республикалық бағдарламалардан басқа, аймақтық даму бағдарламалары іске асырылуда. Осылай, Алматы облысының әкімдігі «Туризм өлкесі - Жетісу» 2007-2009 жж арналған бағдарламаны жасауда. Қапшағайда «Екінші Лас-Вегаспен» қатар, Диснейлендті салмақшы. Бұл аймақ келесі 5 жыл ішінде туризм және индустриясының дамуы үшін өзекті орын алатын болады.

Алакөл көлі үшін де көп жағдай қарастырылуда: жаңа темір жол мен жол торабының салынуы. 2007 жылдың басында облыста туристерді қабылдайтын 351 нысан болды. Алайда, жаңа жүзі соңғы 4 жыл ішінде пайда болды. Жыл сайын турфирмалардың саны да арттуда. Облыста бүгін туристерге қызмет көрсететін турфирмалардың саны 66 жетеді. 2006 жылдың қорытындысы бойынша қала мен аудандарда ақылы туристік-сауықтыру қызметінен түскен табысы 1453,1 млн теңге құрайды (былтырғы жылмен салыстырғанда пайда 8,5% өсті).

Байқоңырда ғарыш туризм дамыту үшін жағдай жасалынбақшы: 2008 жылдың соңына қарай бұл жерде планетарий, мұражай, ұшуды басқарудың кіші-гірім орталығы, сувенирлерді сатудың сауда орталықтарының ұйымдастырылуы жоспарланды.

Туризм дамытудың жеделдеткіші мемлекеттің, облыстың және қаланың туристік – қонақүй кешенінің инфрақұрылымы болып табылады. Қазақстандағы Оңтүстік облыстың өзі бойынша бұл көрсеткіштің Париж мен Лондон қалаларынан 10 есе кем екендігін көрсетеді. Басқа қалаларда туристік инфрақұрылымның жағдайы одан да төмен. Бүгінгі күні инфрақұрылым мен туристік қызмет деңгейі жоғарырақ болуы мүмкін еді. Бізде 2-3 жұлдызды қонақүй мен арзан кемпингтер жоқ. Нәтижесінде, жетілмеген инфрақұрылым кесірінен қысқы демалыспен қатар, жазғы да демалыс шектелген.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан, Қызылода, Маңғыстау және Павлодар облыстарында «туркласс» категориядағы қонақүйлер, қонақжайлылық үйлер мен кемпингтер салына бастайды. Кемпингтер экотуризмді дамыту үшін қажет, мысалға, Рақман бұлақтары мен Алматы облысындағы тау-шаңғы курорттар үшін.

Қорытындылап айтсақ, 2011 жылдың аяғында мемлекетте 368300 кем емес қонақүйдік жатын орындар болу керек.

Туризм инфрақұрылымы жеке дербес сала ретінде дами алмайды, оған рекреациялық, туроперейтинг, көлік, сауда, ақпараттық және де инфрақұрылымның басқа түрлері әсер ету қажет екендігін атап айту жөн болады. Мемлекетте КСРО кезіндегідей туризмнің өндірістік инфрақұрылымы да даму керек. Туризм саласы құрал-жабдықтарды шығаратын өзінің зауыт-фабрикаларын иеленді. Бүгін туристік сұраныстағы тауарлар шет елден әкеленеді. Әрине, осы тауарлардың құны қымбат болып, әркімнің қолынан сатып алу келмейтін болады.

Туризмнің тағы бір проблемасы – Қазақстандағы туристік қызметке деген бағаның жоғары болуы. Кейбіреулер нарыққа кінә жабады. Сөзсіз, сұраныс бар кезде ұсыныс болады, ал бәсекелестік бағаны реттейді. Туристік инфрақұрылым дамымайынша, бағаларды жасанды түрде төмендетуге болмайды.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. Туризм инфрақұрылымның түсінігі.

  2. Туризм инфрақұрылымның міндеті.

  3. Қазақстандағы туризм инфрақұрылымның даму жолдары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Предпринимательство: Учебник/ Под ред. В.Я. Горфинкеля, Г.Б. Полека, В.А. Шандара. –М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1999.

Бусыгин А.В. Предпринимательство М., 1999.

Г.А. Карпова. Экономика современного туризма.- Москва-Санкт-Петербург 1998.

М.Б. Биржаков. Введение в туризм.- Москва-Санкт-Петербург 2000.

Ю.Н. Борисов, Н.И. Гаранин, Ю.В. Забаев, А.И. Сеселкин. Маркетиг в туризме. Учебное пособие. -Москва 1996.

Ю.Н. Борисов, Н.И. Гаранин, Ю.В. Забаев, А.И. Сеселкин. Экономика туризма. Учебное пособие. -Москва 1996.

14 - тақырып.Туризм инфрақұрылымының дамуының құқықтық негіздері

Лекция мақсаты: Туризм инфрақұрылымындағы дамудың нормативтік заң базасын талдау

Лекция сұрақтары:

1.1 Туристік инфрақұрылым дамуындағы жұмыс атқарушы биліктің жергілікті органдар ролі.

1.2 Қазақстанда туризм инфрақұрылымының қажетті даму жағдайлары және бұл процесті тежеуіш факторлар.

Қазіргі таңда туризм мемлекеттің экономикалық дамуына, жеке адамдардың қажеттілігін өтеудегі сонымен қатар мемлекеттің арасындағы әлеуметтік қатынастарды байытудағы рөлі мен мәнін бағалау мүмкін емес. Туризм индустриясы көптеген мемлекеттердің экономикасында негізгі орындардың бірін алады. Оның қазіргі таңдағы дамуы, нарық заманына қажетті жұмыс орнының пайда болуына үлкен ықпалын тигізуде.

XX ғасырда туризм мәні, жоғары денгейдегі әлеуметтік құбылысқа айналады. Кейбір мемлекеттерде тұрғындардың туризм қызметіне жұмсайтын шығындағы күнделікті азық-түлік пен тұрғын үйге жұмсалатын шығындардан кейін үшінші орында тұр.

Егеменді Қазақстанның экономикасы үшін туризм қызметі маңызды орын алады. “Қазақстанда туризмді дамыту“ бағдары бойынша мемлекетіміз үшін тиімді, әрі әлемдік бәсекелестікке жарайтын туризм қызметін аяғынан тұрғызу.

Ішкі және сыртқы туризм саласында қонақ үй сервисі туризмдегі қызмет көрсететін әлемдік бизнесі жүйесімен бәсекелес. Қазақстандағы туризм дамуының болашағын айқындайтын шешуші факторлардың бірі. Қонақүй қызметін көрсету аясындағы туризмнің қызметі әлеуметтік мәдени қызметке жатады. Ол қазіргі уақыттағы қонақжайлылық принципіне негізделіп құрылған сауықтан оның ішкі туризмнің дамуына әсері мол. Сонымен қатар туристік қонақүй сервис жүйесінде кадрлар дайындау мәселесін шешуді талап етеді.

Қонақтарды орналастыру туризмнің негізгі элементтерінің бірі. Қонақ үй индустриясы – қонақжайлылықтың негізі болып табылады.

Ол ертеден келе жатқан адамзат тарихындағы қонақты күту, қабылдау мен қызмет көрсету салтанаты сияқты қалыптасқан тұрмыс – салт мәселелерінен бастау алады.

Қонақтарды орналастыру жүйесі мен үй жабдықтары негізінен, сервисті әр-түрлі уақытша келушілерді қабылдауға және қондыруға арналған әр-түрлі денгейдегі (бастырмадан бастап, зәулім қонақ үйлер) әр-түрлі типтегі үйлер. Қазіргі таңда қонақ күту индустриясы - қуатты аймақтық шаруашылық жүйесі немесе туризм экономикасының макңызды құрамдас бөлігі болып табылатын туристік орталық ретінде қызмет жасайды.

Қонақ күту индустриясының жүйелігіне: ұжымдық түрде немесе жеке адамдарды қабылдайтын отельдер, қонақ үй типтес мотелдер, жастар тұратын жатақханалар, апартаменттер, туристік жатын орындар, сол сияқты туристерді орналастыруға қатысатын жеке секторлар болып табылады.

Жұмыстың көкейтестілігі: нормативті-құқықтық базаларды жасау, қазіргі жағдайға сай отандық туризм нарығын құру, туристік мекемелердің қызметкерлерін мамандандырып нарыққа бейімдеу, ішкі және сыртқы туризм түрлерінің дамуына жағдай жасау, туризм саласында халықаралық қатынастарды дамыту, сол сияқты әр сала бойынша мамандарды дайындау туралы кешенді сұрақтарды шешумен қатар, тағы сол сияқты мәселелерді қамтиды

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

Туризм инфрақұрылымның түсінігі.

Туризм инфрақұрылымның міндеті.

Қазақстандағы туризм инфрақұрылымның даму жолдары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

ПредпринимательствоУчебник/ Под ред. В.Я. Горфинкеля, Г.Б. Полека, В.А. Шандара. –М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1999.

Бусыгин А.В. Предпринимательство М., 1999.

Г.А. Карпова. Экономика современного туризма.- Москва-Санкт-Петербург 1998.

М.Б. Биржаков. Введение в туризм.- Москва-Санкт-Петербург 2000.

Ю.Н. Борисов, Н.И. Гаранин, Ю.В. Забаев, А.И. Сеселкин. Маркетиг в туризме. Учебное пособие. -Москва 1996.

Ю.Н. Борисов, Н.И. Гаранин, Ю.В. Забаев, А.И. Сеселкин. Экономика туризма. Учебное пособие. -Москва 1996.

15- тақырып. Туризм инфрақұрылымына инвестициялар

Лекция мақсаты: Туризм инфрақұрылымының дамуына инвестициялық қаржы бөлу перспективаларын зерттеу

Лекция сұрақтары:

1.1 Қазақстандағы инвестициялық климат

1.2 Шет ел инвестицияларын тарту шаралары.

Президентіміз Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев 1998 жылы 27 ақпандағы бағдарламасы жарлығына қол қоюы арқылы, республикамыздағы мемлекеттік мұражайларға, ескерткіштерге, тарихи орындардың қайта құруға көңіл бөлді. Демек болашақта туризм мемлекетіміздің басты ірі экономикалық пайда көзі болатынына сенемін. Президентіміздің осы жарлыққа қол қоюы арқылы Ұлы Жібек Жолы бойындағы ескі қалалар, орта ғасырдың сәулет өнері, көптеген мұражайларға көңіл бөлініп, мемлекетіміздегі туризмді дамыту жолындағы алғашқы іс-шара деп есептеймін.

Осындай көрнекті қадамдар, туристік саяхатқа қызығушылыр санын артырады, әлемдік туризм нарығында мемлекетіміз белді орын иесі бола алады. Бәрмізге белгілі болғандай кез-келген турист үшін, қызықты экскурсиялық орындармен бірге, мемлекеттер аралық стандарттарға сай саяхатшылар үшін жатын орын, тамақтану сияқты адам баласының сұраныстарымен қамтамассыз етуіміз қажет.

Туризм және қонақүй шаруашылығы. Халықаралық туризм – бұл әлемдік және ішкі нарықтың (стимулятор) сараптаушысы және кезкелген мемлекеттің қазынасына пайда түсіретін басты сала.

Қазақстандағы туризм дамуының қазіргі жағдайы

Қазір республикадағы туризм дамуының көптеген шешілмеген мәселелері бар. Саланың қалыптасуына кедергі болып, әр түрлі себептер қатары түзелген. Бұл ең алдымен туристік индустрияның өзіндегі және онымен байланысты салалардағы дәрменсіз менеджмент, сонымен бірге туристік инфрақұрылым иелігіндегі аумақтар негізгі қорының тозуы. Осы уақытқа дейін елдің ұлттық, ішкі және экономикалық қауіпсіздігіне туризмнің әсері мен Қазақстанға келген шетелдік туристердің қауіпсіздігі мәселелері талқылануда.

Мемлекеттік ұйымдар санағында туризм жеке сала болып көрсетілмеген. Бірақ туристік көрсеткіштер есебіне жетілдіру жұмыстары әлемдік туристік ұйымның ұсынысымен өткізіліп отырған. Осы мақсатта санақ бойынша есеп беру үлгілері жыл саын қайта қаралып және осы уақытта жаңа зерттеу бланкілері енгізілуде. Туризм әр салалы кәсіп түріне жатады. Туризм саласы дамуының басты мәселесі оның қаржыландырылуы.

Бұл мәселені шешу үшін:

Мемлекеттік және жеке менеджменттің деңгейін қалыптастыру;

Орталық және аймақтық биліктер қызметінің нақты үйлесімдік деңгейін қалыптастыру;

Жеке ұсыныстар дамуын қолдау;

Қазақстан туристік өнімдерінің ішкі және сыртқы нарықтарға жылжуының нәтижелі жүйесін жасау;

Салық салу мен салымдар жасау мәселелеріне байланысты қажетті нормативті тіркеу құжаттарын қабылдау;

Шетелдік туристердің Қазақстанға енуін жеңілдету;

Саланың ақпарат кеңістігін орнату.

Қазақстандағы туризм дамуының маңызды тұсы – бұл әлеуметтік туризмнің, оның ішінде қазақстандықтардың демалу құқын жүзеге асырудың негізін саналатын және әлеуметтік қызмет түрлері нарқы дамуының басты себептерінің бірі болатын балалар туризмінің дамуы. Туристік нарық санағының талдауы көрсеткендей 1996 жыл мен 2000 жылдар аралығында туризмнің негізгі көрсеткіштерінің барлығы 3 есе төмендеген. Осы мерзімде шекарадан өткен шетелдік азаматтар мен ҚР азаматтарының арасында сандық қайшылық қалыптасты, кетушілер – 37,9%, келушілер – 16,3 % 2000 жылы туристік ұйымдар қызмет көрсеткен туристердің жалпы саны 146915 адам, бұл 1999 жылғыдан 36% кем.

Келу туризмінің санақты талдауы елдер бойынша көрсеткенде, 1996 жылдан 2000 жылға дейін ТМД елдерінен келушілер үлесі орта есеппен алғанда жылына 2,5 мың адамға азаюда.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

Туризм инфрақұрылымның түсінігі.

Туризм инфрақұрылымның міндеті.

Қазақстандағы туризм инфрақұрылымның даму жолдары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

ПредпринимательствоУчебник/ Под ред. В.Я. Горфинкеля, Г.Б. Полека, В.А. Шандара. –М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1999.

Бусыгин А.В. Предпринимательство М., 1999.

Г.А. Карпова. Экономика современного туризма.- Москва-Санкт-Петербург 1998.

М.Б. Биржаков. Введение в туризм.- Москва-Санкт-Петербург 2000.

Ю.Н. Борисов, Н.И. Гаранин, Ю.В. Забаев, А.И. Сеселкин. Маркетиг в туризме. Учебное пособие. -Москва 1996.

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]