Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Turizm_infra_1179_1201_rylymy.doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
868.35 Кб
Скачать

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

БАЯНДАМАНЫ ӘРЛЕУ ЕРЕЖЕСІ:

Баяндама – рефератқа жақын жазбаша жұмыс. Мұнда негізгі сұрақтар қысқаша қарастырылады.

Баяндама жоспар бойынша жазылады. Бөлімнің соңында нүкте қойылмайды. Бөлім жирный шрифтпен белгіленеді. Бөлім мен параграфтардың арасы 1 арақашықтықпен белгіленеді. Барлық беттерге реттік саны қойылады.Реттік саны төменнен-ортасынан қойлады. Титулды бетте реттік саны қойылмайды. Әрбір бөлім таза беттен басталады. Баяндаманың көлемі 7-8 беттен тұрады.

1.Баяндаманың құрылысы: кіріспе, нагізгі бөлім,қорытынды,пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

2. Негізгі бөлім жоспар бойынша сипатталады

3.Міндетті түрде ссылка қойылуы керек, мысалы: [1,с.12].

4.Рефераттың көлемі 7-8 беттей болуы керек

Баяндамада диаграмма, схема, сурет, кестелер қолдануға болады.

Титулды бетті әрлеу мысалы*

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті

Факультет «Басқару»

Кафедра «Туризм »

Баяндама

Тақырып атауы: «Туризм инфрақұрылымы ерекшеліктері»

Тексерген: аға оқытушы

Сулейменова Н.Ж.

Орындаған:____________

(Аты-жөні, группа, мамандығы)

Алматы,2011ж

  • РЕФЕРАТТЫ ӘРЛЕУ ЕРЕЖЕСІ:

  • 1) Рефератты жазу ережесімен анық танысу

  • 2) Реферат жоспарын жасау. Ол өте қарапайым, бөлімдер мен параграфтарға бөлу міндетті емес

  • 3) Кіріспеде қарастырылатын сұрақтың өзектілігі талқыланады

  • 4) Рефераттың жоспары бойынша қажетті ақпаратты көздер табу

  • 5) Қорытындыны сипаттау: тақырып бойынша қорытынды жасау және пайдаланған әдебиеттер тізімі

Рефератты сипаттау ережесі:

Реферат – ғылыми және арнайы әдебиеттерді қолдана отырып аталған тақырыптың қысқаша сипттамасы. Рефераттың мақсаты – студентті статистикалық мәліметтерді, әдебиеттерді пайдалана отырып аталған мәселелерге теориялық және практикалық тұрғыда өз ойын қорыта білуге үйрету.

Бөлімнің соңында нүкте қойылмайды. Бөлім жирный шрифтпен белгіленеді. Бөлім мен параграфтардың арасы 1 арақашықтықпен белгіленеді. Барлық беттерге реттік саны қойылады.Реттік саны төменнен-ортасынан қойлады. Титулды бетте реттік саны қойылмайды. Әрбір бөлім таза беттен басталады.

1.Рефераттың құрылысы: кіріспе, нагізгі бөлім,қорытынды,пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

2. Негізгі бөлім жоспар бойынша сипатталады

3.Міндетті түрде ссылка қойылуы керек, мысалы: [1,с.12].

4.Рефераттың көлемі 10-14 беттей болуы керек

Рефератта диаграмма, схема, сурет, кестелер қолдануға болады.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

1.Экономика торгового предприятия/ Учебник для вузов/ под. Общ. Ред. Р.И. Валевич, Г.А. Давыдова. – Минск: Высшая школа, 1996

Титулды бетті әрлеу мысалы*

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті

Факультет «Басқару»

Кафедра «Туризм »

Реферат

Тақырып атауы: «Менеджмент – фирманы басқару теориясы»

Тексерген: аға оқытушы

Сулейменова Н.Ж.

Орындаған:____________

(Аты-жөні, группа, мамандығы)

Алматы,2012ж.

Студенттің өздік жұмысын рәсімдеуге әдістемелік нұсқаулар

СӨЖ жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар

СӨЖ жұмысы компьютер, принтер арқылы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт-қалыпты «Times New Roman», кегль 14. СӨЖ жұмысының көлемі 5-10 бет.

СӨЖ жұмысының мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағынан - 30 мм, жоғары жағынан - 20 мм, оң жағынан - 10 мм және төменгі жағынан - 25 мм.

Айқындалып назар аударылатын терминдерге, формулаларға, теоремаларға, компьютерлік жағдайлардағы түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалануға рұқсат беріледі.

СӨЖдық жұмыстағы тегі, мекеменің, ұйымның, фирманың аттары, өнімнің аталуы және басқа жалқы есімдер атаулары түпнұсқа тіліне келтіріледі.

Жалқы есімдерді қысқартып келтіруге, ұйымдар мен кәсіпорындардың атауын көрсетуге рұқсат етіледі.

СӨЖ жұмысының құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», сонымен қатар тараулардың атаулары құрылымдық элементтерінің басында жазылуы тиіс, оларды беттің жоғары жағында ортасында бас әріптен бастап, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай толық шрифтпен басу қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]