Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Turizm_infra_1179_1201_rylymy.doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
868.35 Кб
Скачать

10. Соөж (консультация*) жүргізу жоспары

Р/н №

СОӨЖ тапсырмалары

СОӨЖ өткізу нысаны

Күндізгі оқыту

1

Академиялық мерзім басындағы студенттердің білім дәрежесін анықтау

тест

2

СОӨЖ №1

Туризм ұлттық экономиканың перспективалық саласы ретінде қазіргі таңдағы туризмдегі қызмет көрсету саласының даму жағдайын қарастыру. Қазақстанда туризм саласында жұмыс атқаратын қызмет көрсету мекемелерін атап көрсету. Келесі сұрақтарға жауап беру:

  1. Қызмет көрсету дегеніміз не?

  2. Қазақстандағы қызмет көрсету саласының ерекшелігі?

  3. Қызмет көрсету саласындағы келеңсіз жағдайлар?

Топ презентациясы

3

СОӨЖ №2

Туристік индустрия және Туристік инфрақұрылым түсініктері арасындағы ара-қатынасты және айырмашылықты ашып көрсету. Диаграммалық сызба құрып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын дәптерге түсіру.

Аналитикалық баяндама

4

СОӨЖ №3

Туристік инфрақұрылымының құрамы. Лекциялық материалдар мен әдебиет көздерін пайдалана отырып, туризм саласының инфрақұрылымдық схемасын А4 парағына жүйе түрінде құрастыру. Схеманы құрастыру барысында: тақырыбы, туристік инфрақұрылым салалары мен элементтері, мысал болуы қажет. Жұмысты орындау барысында түрлі-түсті бояғыштарды, суреттерді қолдануға болады.

Эссе

5

СОӨЖ №4

Туристердің жеке және топтық орналасу құралдары. Аталған жұмысты орындау барысында, студенттер топтық жүйеде 3 топқа бөлініп, орналастыру орындарының ерекшеліктері мен жұмыс істеу құралдарын салыстырулары қажет. Бірінші топ – туристердің жеке орналасуын сипаттайды, екінші топ – топтық орналастыру мүмкіншіліктерін ортаға салады. Үшінші топ – өзгеше көз-қарасты ұстанып, алдыңғы 2 топты қолдайды немесе наразылық білдіреді.

Реферат

6

СОӨЖ №5

Туризм инфрақұрылымында тамақтандыру орындарының ерекшеліктері мен олардың қажеттілігін қарастыру. Студенттердің қалауынша кез-келген тамақтандыру орнын таңдап алып, оның жұмыс істеу қабілетінің мүмкіншіліктерін талдау. Жұмысты орындау барысында SWOT-анализ матрицасын қолданып, мекеменің әлсіз және күшті жақтарын сипаттау.

Топ презентациясы және реферат

7

СОӨЖ №6

Көліктік – коммуникациялық база ерекшеліктерін талдау. Топтық жұмыс ретінде қарастырылады. Топтар арасында келесі транспорт түрлерін: автомобиль, темір жол, әуе, судағы транспорт; ерекшеліктері мен айырмашылығын ортаға салу. Студенттер арасында Hub-тық жүйені талқылау, үйретілген мәліметтер бойынша мысалдар келтіру.

Дикуссия

8

СОӨЖ №7

Қазіргі таңда, Алматыда жұмыс істейтін туристік мекемені мысалға алып, оның қызметкерлері арасында социологиялық сұрақтама жүргізу арқылы маркетингтік жағдайын білу.

Келесі факторларды ескеру қажет:

  • ақпарат көздері, бақылау формасы;

  • бәсекелестер, олардың күшті және әлсіз жақтары;

  • баға саясаты мен нарықтық бәсеке;

  • нарықтың территориялық шегарасы, тұтынушылардың әлеуметтік жағдайы;

  • сұраныс пен ұсыныс арасындағы дифференцация;

  • қызмет көрсету ерекшелігі.

Ержелерді талқылау

9

СОӨЖ №8

Туристік өнімді құру және өткізу үшін Интернет мүмкіншіліктерін қолдану тәсілдерін қарастыру. «Амадеус» және «Галлилео» әлемдік брондау жүйелерін талқылау, олардың жұмыс істеу ерекшеліктерін келесі сұрақтар бойынша талқылау:

  1. Қолданысқа ие ауқымы мен жұмыс атқару территориясы?

  2. Олардың мекемеде жарамды қолданыс бағасы, нарықтағы бағасы?

  3. Жұмыс істеу ерекшеліктері мен керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі?

Жұмыс соңында қорытынды нәтижелерді шығару.

Академиялық мерзім ортасында студенттердің білім дәрежесін анықтау

Топ презентациясы

тест

10

СОӨЖ №9

Бос уақытты ұйымдастыру. Туристік маршрут немесе саяхат барысында, туристер мен экскурсанттардың бос уақытын ұйымдастыру жұмыстарын жасау. Студенттер өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, қажетті элементтерді талқылап, тақырыптық ақпараттарды қолдана отырып, дәптерге студенттер қалауы бойынша бос уақытты ұйымдастыруд жүйесін жазу. Бос уақытты өткізу ерекшелігі мен оның пайдалы жақтарын сипаттау.

Аналитикалық баяндама

11

СОӨЖ №10

Өндірістік объектілердің мәні және құрамы. Лекциялық мәліметтер мен әдебиет көздерін қолдана отырып, жүйелік анализді қамтитын, өндірістік обьектілер бойынша кесте құрастыру. Кестеде: мекеме атауы, оның негізгі қызметі, шығаратын тауары, өндіріс саласы, құрамы және орналасқан жері болуы қажет.

Эссе

12

СОӨЖ №11

Қазақстан Республикасында заңнамалық негіздемелер іске асыру жолдарын қарастыру. Елімізде туристік обьектілерді дамыту мен оларды қалпына келтіру іс-шараларын жүзеге асыруды ойластыру. Студенттер тарапынан ұсыныстар мен толықтырулар енгізу.

Ұсыныстарды талқылау: не себепті?, қандай фактор әсер етті?, қандай қаражат жұмсалмақ?

Реферат

13

СОӨЖ №12

Кәсіпорын - туристік қызметті жабдықтаушы мекеме ретінде, оның құрылымдық схемасын жасау. Туристік мекеменің басқару құрылымы мен қызмет жоспары. Студенттер дәтерге мекемені басқарудың иерархиялық жүйесін схема түрінде жазбаша дайындайды. Келесі сұрақтарға жауап қарастырылады:

  1. Туристік мекеменің мақсаты мен мәні?

  2. Туристік мекеменің жұмыс жоспары?

  3. Мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлердің міндеттері?

Қорытынды нәтижелер шығару, ой-пікірмен алмасу.

Топ презентациясы және реферат

14

СОӨЖ №13

«Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму болашағы және оны жүзеге асыру жолдары» атты тақырыпқа баяндама жасау.

Қазіргі таңдағы, мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан даму жоспарларын қарастыру. Әлеуметтік және өндірістік тараптан елімізге әсер ететін инфрақұрылым обьектілері.

Дикуссия

15

СОӨЖ №14

Қазақстанда туризм инфрақұрылымының дамуын тежейтін факторларға сипаттама жасау. Студенттер талқылау барысында негізгі факторларды айқындап, оның себептерін, ауқымын, қажетті іс-шаралар желісін, мәселені шешу жолдарын ашып көрсетеді. Топтық жүйеде өздерінің көз-қарастарын ортаға салады.

«Туризм инфрақұрылымындағы инвестициялар» тақырыбына баяндама дайындау. Шетел тәжірбиесі мен ақшалай қорлардың маңызын сипаттау және қажетті ақша мөлшерін анализдеу.

Академиялық мерзім аяғында студенттердің білім дәрежесін анықтау

Ержелерді талқылау

тест

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]