Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Turizm_infra_1179_1201_rylymy.doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
868.35 Кб
Скачать

2009-2011 Жж қр емдік-сауықтыру мекемелердің орналастыру көздерінің инфрақұрылымы

Орналастыру құралдары

2009ж

2010ж

2011ж

Қонақүй кәсіпорындары (қонақүйлер, мотельдер, қонақжайлылық үйлер)

159

165

195

Қызмет көрсетілген туристердің саны, мың адам

1221,5

1359,3

1612,1

Арнайы орналастыру құралдары (емдік-сауықтыру мекемелері)

90

90

99

Қызмет көрсетілген туристердің саны, мың адам

123,1

119,1

133,2

Демалыс базалары

16

12

20

Қызмет көрсетілген туристердің саны, мың адам

14,1

7,4

32,9

2011 жылы қонақүйлерде 16389 орын болып, 9124 нөмерді құрады. Жұмыстың төмен қамтылуы (20%) шығындардың кірістен көп болуына әкелді. 2011 жылы қонақүйлердің шығыны 15,6 мың долларға жетті.

Мемлекетке пайда әкелінген қонақүйлердің кешендері Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан. Басқа аймақтарда қонақүйлердің жұмысы шығын әкелді. Теріс сальдоны Астана, Алматы қалалары, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары көрсетті.

Шығындардың көбі жалақымен, салық төлеумен анықталды. Ал ерекшелік жастар жатақханасында, тау турбазаларда байқалды, себебі оларды жөндетуге аз шығын жұмсалды.

Пайданың көбін мейманханасы бар қонақүйлер береді.

Туристік саланың даму анализі көрсеткіндей, 50-60 жылдары салынған қонақүйлердің және де басқа орналастыру орындарының тозуы туристік инфрақұрылымның құлдырауына әкелді.

Осыған орай, инвестиция және жеке қаражат арқылы жаңа қонақүйлердің, кемпингтердің, турбазалардың салынуы қажеттілікке айналды.

2009 жылы туристік нысандардың сертификациясы өтілді. ҚР территориясында 414 туристік нысан болды, соның ішінде 172 қонақүй, 7 кемпинг, 36 санаторий, 16 санаторий-профилакторий, 12 профилакторий, 5 емдік-сауықтыру орталықтары, 4 пансионат, 29 демалу орындары, 26 демалыс үйлері, 24 турбаза, 35 емдік-сауықтыру лагерлер, 4 тау-шаңғы базалар, 13 қонақжайлылық үйлер, 9 аң аулау үйлері. Осының бәрі туристік мақсатта қолданылды.

Республикалық жүйенің жол инфрақұрылымы 784 жаңармай құйатын кәсіпорындарды, 968 сауда мен тамақтану орындарын, 79 көлік жөндеу кәсіпорындарды, 49 кемпингті құрады.

Туризм инфрақұрылымын дамыту жолдарының бірі – халықаралық мекемелердің инвестициясын тарту. Туризм инфрақұрылымын дамыту жобалардың көбі 4 млн доллардан аспағандықтан, салық жеңілдіктер беріле бермейді. Осыған байланысты туризм индустриясында құрылысқа және кайта жөндеуге кеткен шығындарды салықтан босату керек.

Анализ көрсеткендей, 2 мен 3 жұлдызды және орта, шағын қонақүйлер рентабельді бола алады.

Туризм инфрақұрылымның дамымауы мен қаражаттың жетіспеушілігінен бірінші орында шағын қонақүйлердің құрылысы жоспарланды, өйткені оларды еңбек ресурстарымен, құрал-жабдықтармен және тамақтану үрдісімен қамту оңайға соғады. Сонымен қатар, жер кімнің иелігінде білмеуінше, оған қаржы салуға болмайды.

Орта сыйымдылықпен шағын қонақүйлердің салынуы шетелдік туристердің ағымын тартуға мүмкіндік әкеледі.

Сондай-ақ, киіз үйлерді қалпына келтіру мен өндіру қолға алынды. Шетелдік азаматтар үшін саяхаттарды ұлттық колориттің қолданылуы оң әсер береді, және де ұлттық қолөнер жанданады, жаңа жұмыс орындары пайда болады.

Инфрақұрылымның қамтылуы. Жаңа туристік орынның құрылуындағы басты кездестіретін қиындықтың бірі инфрақұрылыммен байланысты. Осы облыста капитал салымдары тікелей пайданы әкелмейді, және де әлеуметтік кәсіпкерлік қандай уақытқа дейін қолдану керек екендігін анықтау қиын.

Туристік өнімнің бәсекелестігін көтеру үшін капитал керек. Туризмнің дамуы инфрақұрылымды талап етеді, ал ол үшін үлкен инвестиция қажет. Сондықтан да дамыған елдерде туризм тез қарқынмен дамиды. Капитал әр мемлекетте халықаралық туризмнің экономикалық маңыздылыққа әсер етеді. Егер мемлекет табиғи ресурстарға бай болса да, ал оның капитал салымдары болмаса, онда бұл елде халықаралық туризм дамымай қалады. Қазіргі уақытта осындай жағдай Қазақстанда байқалады.

Капитал салымдарын, әсіресе, экологиялық туризм қажет етеді, өйткені оның нысандары жалпы туризмнің инфрақұрылымнан алшақталған.

Экологиялық туризм инфрақұрылымның басты өзекті элементтері – жаңа экологиялық жол маршруттары. Туристердің талғамына байланысты, осы жорықтардың ұзақтығы, қашықтығы және қиындағы әр түрлі болуы мүмкін. Саяхат бойындағы жолдар жабдықталған, оңай қозғалатындай болу керек.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. Туристердің тіршілік етуіне жағдай туғызатын өндірістік, әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымның кешені дегеніміз

  2. Туристік инфрақұрылымның бөлігіндегі табиғи және мәдени негізгі элементтерінің жүйешелері дегеніміз:

  3. Тұтас туристік кешеннің құрылымдық моделі неше элементтерден тұрады?

  4. Туризм инфрақұрылым дамуында жоспарлаудың маңызды үрдісі:

  5. Шымбұлақтағы инфрақұрылымды жетілдіру қанша кезеңнен тұрады?

  6. «Қазақстандық трасса бойындағы Жібек Жолының ресурстары мен туризм ұйымдастыру жағдайлары» атты бағдарламаны қандай институт зерттеді?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. Учебное пособие. Москва. 1996г.

  2. Гуляев В.Г. Туристские перевозки. М. финансы и статистика.1998.

  3. Оптимизация условий отдыха и обслуживания туристов в туристских гостиницах с учетом специфики маршрутов. Разработка М. Винодаровой - М.: Центр, рекл. - информ. бюро "Турист", 1989.

  4. Бекбулатова Е. Индустрия гостеприимства Казахстана: традиции и новый этап бизнеса. // Аль-Пари - № 3, 1998.

5- тақырып. Тамақтану базасы

Лекция мақсаты: Тамақтану кәспорындарының жұмыс істеу құрамын талдау.

Лекция сұрақтары:

1.1 Тамақтандыру индустриясының мәні мен дамуы.

1.2 Туристік орталықтарда тамақтануды ұйымдастыру.

Тамақтандыру индустриясы туристік индустрияның құрамдас бөлігі б.т. осыған орай қоғамдық тамақтану кәсіпорындары бірқатар критерилер бойынша жіктеледі:

1) сауда-өндірістік қызметтердің сипаттамасы бойынша: мейрамхана, кафе, бар, буфет, дәмхана және асхана.

мейрамхана – келушілерге сусындардың, кондитерлік өнімдердің, әзірленуі күрделі әртүрлу тағамдардың кең ассортименті ұсынатын тамақтандыру орны. мейрамханалардағы қызмет көрсету сапасының жоғарғы деңгейде болуы маманданған аспаздар мен даяшылардың қызметіне байланысты.

кафе – тағамдар мен сусындардың әртүрлі ассортименті ұсынатын мейрамхана мен салыстырғанда ассортименті мамандануына байланысты шектеулі болады.

бар – алкогольді және алкогольсіз сусындардың, кондитерлік өнімдердің, десерттердің кең ассотиментін ұсынатын мамандандырылған тамақтану орны.

буфет – шектелген ассортименттегі бутербродтарды, сусындарды, кондитерлік өнімдерді ұсынатын тамақтану орны.

дәмхана – оңай дайындалатын тағамдарды, суық және ыстық сусындарды, кондитерлік өнімдерді ұсынатын тамақтану орны.

асхана – аптаның күндеріне байланысты әртүрлі аспаздық өнімдерді әзірлеп, тұтынушылардың таңғы, түскі және кешкі асын ұйымдастырушы тамақтану орны.

2) орналасу орнына байланысты: қалалық мейрамханалар, вокзалдық мейрамханалар, вагон мейрамханалары, автортуристерге арналған мейрамханалар, қонақ ұй ғимараттарында орналасқан мейрамханалар.

3) қызмет көрсету контингентіне байланысты: жаппай қызмет көрсетуші мейрамханалар, айқындалған арнайы келушілерге қызмет көрсететін мейрамханалар.

4) өнім ассортиментіне байланысты: толық сервисті және мамандырылған мейрамханалар.

5)тамақтану кәсіпорынының сыйымдылығы бойынша:

мейрамхана 50-500

кафе 50-ден жоғары

асхана 50-100-200,500 одан көп

бар 5-150

6) қызмет көрсету әдістеріне байланысты: даяшылар қызмет көрсететін, өзіне-өзі қызмет көрсететін, аралас қызмет көрсететін.

7) жұмыс жасау уақыттарына байланысты: ұдайы, мерзімді, кешкі, күндізгі, тек түнде қызмет жасайтын тамақьану орындары.

8) қызмет көрсету класына байланысты: люкс, жоғары, бірінші.

9) қызмет көрсету режиміне байланысты: таңғы ас, жартылай панстон, толық пансион, шведтік стол, арнайы тамақтану, балалар тағамы.

Тамақтану кәсіпорындарының ұйымдастырылу құрылымы еңбектің көлденең және тік бөлінуіне негізделеді. еңбектің көлденең бөлінуі кезінде кәсіпорынның әр бөлімшесінің нақты міндеттері анықталады, ал еңбектің тік бөлінуі басқару деңгейлеріне негізделеді. тамақтану кәсіпорындарының ұйымдастырылу құрылымының жалпылама түрі төмендегі суретте көрсетілген.

Тамақтану кәсіпорындарының бүкіл еңбек ұжымын әкімшілік пен персонал деп 2 топқа бөлуге болады.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. мейрамханадағы жұмысты ұйымдастыру ерекшелігі

  2. швед столы түріндегі, белгілі бір мақсатта, тақырыпқа байланысты ұйымдастырылатын қызмет көрсету

  3. жылдам тамақтанатын жерлер негізінен қай жерлерде болады

  4. контингентке қызмет көрсетуіне байланысты кәсіпорындар қалай бөлінеді?

  5. қызмет көрсету тәсілдері бойынша кәсіпорындар қалай ажыратылады?

  6. мейрамханалар қандай топтарға бөлінеді?

  7. кең көлемдегі дайын тағамдар ұсынған таверна алғаш болып қай жерде және қай уақытта ашылды?

  8. күніне үш рет тамақтану қандай тамақтану түріне жатқызылады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

    1. Азар в.и. экономика и организация туризма. - М.: профиздат, 1993

    2. Балазанов И.Т., Балазанова а.и. экономика туризма. - М.: финансы и статистика, 1999

    3. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. Учебное пособие. Москва. 1996г.

    4. Гуляев В.Г. Туристские перевозки. М. финансы и статистика.1998.

    5. Оптимизация условий отдыха и обслуживания туристов в туристских гостиницах с учетом специфики маршрутов. Разработка М. Винодаровой - М.: Центр, рекл. - информ. бюро "Турист", 1989.

    6. Бекбулатова Е. Индустрия гостеприимства Казахстана: традиции и новый этап бизнеса. // Аль-Пари - № 3, 1998.

    7. Браймер Р.А. Основы управления в индустрии гостеприимства. Пер. с англ. - М: Аспект Пресс. 1995.

6- тақырып. Көлікті коммуникациялық база

Лекция мақсаты: Туризмде коммуникация ролін талдау.

Лекция сұрақтары:

1.1 Туризмде транспорттық тасымалдау маңызы.

1.2 Туристік транспорттық құралдар категориясы.

Көлік - адамдар мен жүктердің орын ауысуын қамтамасыз етуге арналған қатынас жолдарындағы техникалық құрылыс пен салулар, көліктік құралдар мен қатынас жолдарының жиынтығы.

Көліктік құралдарға автомобильдер, трубопроводтар, мекемелер, ұшқыш аппараттары, жылжымалы теміржол составтары және т.б жатады.

Қатынас жолдары деп жолдарды, су жолдарын, аспалы жол канаттарын жүретін әуе трассаларын айтамыз.

Қатынас жолдары, көліктік құралдар мен техникалық салулардың жиынтығы көліктік коммуникацияны құрайды.

Қазақстан Республикасының территориясы 2,7 млн шаршы шақырым және ол солтүстіктен оңтүстікке 1650 км, ал шығыстан батысқа қарай 3000 км астам созылып жатыр. Сондықтан да, елімізде көліктік коммуникацияның дамуы өте маңызды жұмыс болып табылады.

Қазақстандағы 2003- 2010 ж қатынас жолдарының ұзындығы.

Қатынас жолдарының түрі

2003ж

2004ж

2005ж

2006ж

2007ж

2008ж

2009ж

2010ж

Барлығы:

122,2

124,0

124,4

125,0

126,0

126,6

128,1

129,7

теміржол

14,5

14,6

14,6

14,6

14,6

15,1

15,1

15,1

Автомобильді

85,9

88,0

88,4

89,0

90,0

90,1

91,6

93,2

Троллейбустық

0,4

0,4

0,4

0,4

0,4

0,4

0,4

0,4

Трамвайлық

0,1

0,1

0,1

0,1

0,1

0,1

0,1

0,1

Кеме

4,4

4,0

4,0

4,0

4,0

4,0

4,0

4,0

трубопроводтық

16,9

16,9

16,9

16,9

16,9

16,9

16,9

16,9

Бұл таблицада біз 2003 – 2010 жыл аралығында Қазақстандағы автомобиль жолдарының ұзындығынан басқа, қатынас жолдарының жалпы пайдалану ұзындығы өзгерген жоқ екендігін көреміз. Туристердің теңіз және өзен көліктеріне деген сұранысына қарамастан да ол инфрақұрылым мүлдем дамымаған.

Жалпы қолданыстағы қатынас жолдарының ұзындығы.

(жылдың соңына, км. есептелген)

Қатынас жолдарының түрлері

2005ж

2006ж

2007ж

2008ж

2009ж

2010ж

Жалпы қолданыстағы темір жолдар

14648

14648

15081

15021

15082

15082

Жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары

88388

88992

90018

90846

91564

93140

Соның ішіндегі қатты бетімен

82980

83634

84112

84112

84112

84112

Ішкі су кеме жолдары

4032

4032

4032

4032

4032

4032

Көлік түрлері:

Жалпы қолданыстағы көлік:

  • Жер бетіндегі;

  • Судағы;

  • Әуедегі;

Өнеркәсіптегі көлік:

  • Жер бетіндегі;

  • Судағы;

  • Әуедегі;

Жеке қолданыстағы көлік:

  • Жер бетіндегі;

  • Судағы;

  • Әуедегі;

Қазақстанның көліктік системасында темір жол көлігі маңызды роль атқарады. Тұтынушылар арасында теміржол көліктері, оның пассажирлері

е жүктерді тасымалдауда арзан тарифті болғандықтан көп сұраныста болып келеді. Елімізде өтетін 14 311,5 шақырым темір жол бағыттарының 877,6 шақырымы басқа мемлекеттердікі. Сонымен қатар, басқа елдерде Қазақстан темір жолдарының 336,3 шақырымы жатыр.

Қазіргі таңда Каспий теңіз жағалауын өтіп Ресейге, одан әрі Еуропаға апаратын темір жол бағытын салу жоспарлануда. Ол бойынша екі проект қарастырылуда: Ералиево- Түркменбаши (443 шақырым) және Өзен- Қазанджик (560 шақырым).

Мемлекеттің көліктік стратегиясы бойынша автомобиль жолдарына көп мән берілуде. 2007 жылы Ақтау- Атырау автомобиль жолы құрылысы басталды. Бұл республикалық маңызы бар автомобиль трассасы Маңғыстау облысына өте маңызды. Оны пайдалану барысында, жолға кететін уақыт 12 сағаттан 4 сағатқа дейін қысқарады.

Батыс Европа мен Батыс Қытайды байланыстыратын жаңа автотрассасы- дүниежүзілік деңгейдегі автобан. Мұндай жол қазіргі кезде ТМД жерінде кездеспейді. Оның ұзындығы 8445 шақырым.

Ол Санкт- Петербург, Мәскеу, Қазан, Оренбург, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Алматы және Хоргостан өтеді.

Қазақстанда өтетін 2787 шақырым жолының 814 шақырымы Арал маңынан өтеді. Проект бойынша, барлығымызғы танысты Самара- Шымкент жолы замандас халықаралық магистральға айналады. Бүкіл трасса бойынша АЗС- тер, кемпингтер, техникалық қызмет көрсету пунктері ашылады. Қауіп төндіретін барлық түсулер мен өрлеулер жоғалады.

Қазақстан “Еуропағв терезе” ашуда, яғни мәселе Қара теңізге “Евразия” атты жаңа кеме жүретін канал құрылысының салынуы. Мұндай сенсациялық жаңалықты ел басы Нұрсұлтан Назарбаев Санкт- Петербургте өткен ТМД елдерінің басшылары қатысқан формалды емес саммитте айтқан. Бұл проект тек қана Қазақстан мен Ресейге ғана емес, көрші елдерге де артықшылық болады.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. Көліктік инфрақұрылымның міндеттері.

  2. Көліктік инфрақұрылымның функциялары.

  3. Көліктік инфрақұрылым элементтерінің құрамы.

  4. Көліктік инфрақұрылым элементтерінің теориялық мінездемесі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. Учебное пособие. Москва. 1996г.

  2. Гуляев В.Г. Туристские перевозки. М. финансы и статистика.1998.

  3. Оптимизация условий отдыха и обслуживания туристов в туристских гостиницах с учетом специфики маршрутов.

  4. Разработка М. Винодаровой - М.: Центр, рекл. - информ.бюро "Турист", 1989.

Бекбулатова Е. Индустрия гостеприимства Казахстана: традиции и новый этап бизнеса. // Аль-Пари - № 3, 1998

7- тақырып. Туристік көліктің негізгі тасымалдау түрлері мен даму мәселелері

Лекция мақсаты: Темір жол, автобус, авто тасымалдаулардың маңыздылығын талдау.

Лекция сұрақтары:

1.1 Темір жол, автобус, авто тасымалдаулар.

1.2 Транспорттық ұйымдар және диспетчер ұйымдарының қызметтері.

Туризм сферасының құрылуында көліктік инфрақұрылым өте маңызды роль атқарады.

Туризмнің көліктік инфрақұрылымы - бұл туристік тасымалдаумен айланысатын көліктік мекемелер.

Көлік құралдары- туристік инфрақұрылым элементтері. Олар ХТҰ бойынша келесідей классификацияланады.

1.Әуе көлігі:

  • Кесте бойынша орындалатын рейстер;

  • Кестеге бағынбайтын рейстер;

  • Басқа да әуе тасымалдаушылар;

2.Су көлігі:

  • Пассажирлік линиялар мен паромдар;

  • Круиздер;

  • Т.б .

2.Құрлықтағы транспорт:

  • Темір жол көлігі;

  • Қалалық және қалааралық автобустар, сонымен қатар басқа да қоғамдық автожолдық көліктер;

  • (8 адам сиятындай) жеке көліктер;

  • Автокөліктік құрал жалға беруі;

  • Басқа да құрлықтағы көлік.

Халықаралық туризм дамуындағы маңызды факторлардың бірі, ол пассажирлік авиатасымалдау. Қазіргі кезде Қазақстанда “Трансаэро” “КрасЭйр” “Пулково” сияқты ресейлік авиакомпаниялардан басқа украиндық “UM Air”, Түркменстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінің мемлекеттік компаниялары және де регулярлы ұшуларды сегіз инострандық компаниялар (KLM, Luftgansa, British Airways, Pakistan International), орындайды.

Бүгінгі Қазақстанның халықаралық авиалиниялары бойынша Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Үндістан, Біріккен Араб Эмираты, Түркия, Италия, Корея Республикасы, Венгрия, Израиль, Қытай, Малайзия, Монғолия, Чехия, Тайланд, Оңтүстік Корея елдеріне ұшулар орындалады. Авиатасымалдаулар ұлттық “Эйр Астана” тасымалдаушысымен орындалады.

Қазақстандық авиалиниялар жаңа халықаралық маршруттар ашыуын жоспарлауда: Алматы- Баку, Астана- Киев, Астана- Минск, Шымкент- Урумчи, Астана- Тбилиси, Атырау- Мәскеу, Қостанай- Мәскеу, Қызылорда- Шымкент, Өскемен- Новосибирск.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]