Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Turizm_infra_1179_1201_rylymy.doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
868.35 Кб
Скачать

«Әлеуметтік қызмет және бизнес» факультеті

«Туризм » кафедрасы

ЛЕКЦИЯЛЫҚ КЕШЕН

«TI 3221 - Туризм инфрақұрылымы» пәні бойынша

«5В090200 - Туризм» мамандығы

Алматы, 2012 ж.

Лекциялық кешен құрылымы

  1. тақырып. Өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым

Лекция мақсаты: ҚР өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның ерекшеліктерін талдау.

Лекция сұрақтары:

1.1 Өндірістік инфрақұрылым мәні және құрамы

1.2 Өндірістік инфрақұрылымның функциялары.

1.3 Әлеуметтік инфрақұрылым міндеттері

1.4 Әлеуметтік инфрақұрылымның ерекшеліктері.

Өндірістік инфрақұрылым дегеніміз – барлық саладағы қоғамдық өндірістің іс-әрекетіне бірдей қажет , өндірістің, халық өмірінің функциялардың атқаруына жалпы жағдай туғызатын және іске асыратын шаруашылық жүйесі.

Өндірістік инфрақұрылымның аумақтық дамуы және функция атқаруы оның географиялық зерттеу аспектісі үшін ерекше маңызды.

Өндірістік инфрақұрылымның аумақтық даму аспектісі материалдық – техникалық базасының ерекше сипаттамасында және кеңістіктік ұйымдастыруда орын алады. Ол инфрақұрылым салаларының атқаратын қызметімен, орынмен және функциялармен қалай ерекшелінсе, солай да техникалық – экономикалық жағынан ерекшеленеді.

Өндірістік инфрақұрылымның басқа салалардан бөлінуі аумақтық интенсификациялық еңбек бөлінісінен басталады, оның салдарынан өндірістік бөліну үрдісі жаңа сатыға көтерілді.

Өндірістік инфрақұрылымның дамуы кәсіпорындарда жаңа еңбек күштердің көбеюіне, халықтың әлеуметтік және аумақтық активтілігіне әкеледі. Сондықтан ол географиялық еңбек бөлінісін әрі қарай іске асыратын ұйымдастырылған экономикалық кеністіктің факторы ретінде байқалады. Инфрақұрылымның белгілі бір даму жобасы болмаса, жаңа территорияларды игеру мүмкіндікке аспайды. Ал экономикалық жағынан дамыған инфрақұрылым, керісінше, кері байланыс орнатып, сол аймаққа жаңа кәсіпорындардың ашылуына, табиғи ресурстардың игеру аймағының кеңейтілуіне, өңдейтін өндірістің дамуына, халықта тұрақты серпілістің пайда болуына әкеледі.

Өндірістік инфрақұрылымның функциялары.

Бейнелеп айтқанда, қазіргі заманның өндірісне осы функциялар «қан айналымы жүйесіндей» маңызды болып келеді. Олар келесі түрдей анықталады:

  1. Материалдық құралдар қозғалысының қамсыздандырылуы:

  • табиғи ресурстарды;

  • энергиямен;

  • дайын өнімдермен.

  1. Жұмыс күші (еңбек ресурстарын) қозғалысының қамсыздандырылуы.

  2. Өндірістік қаржы қозғалысыының қамсыздандырылуы.

  3. Өндірістік ақпарат қозғалысының қамсыздандырылуы.

Өндірістік инфрақұрылымның классификациясы.

Өндірістік инфрақұрылым негізінен кеңістік-өндірістік және салалық болып ажыратылады.

Кеңістік-өндірістік белгісі бойынша:

Салалық белгісі бойынша:

Қазіргі ғылымда инфрақұрылымның салалық классификациясы өзекті орын алуда, себебі ол көпшілік мемлекеттерде мен әлеуметтік-экономикалық ғылымдарда қабылданды.

Экономиканың, ғылыми-техникалық прогресстің және қарым-қатынастың эволюциясының дамуына байланысты өндірістік инфрақұрылымның салалық құрамы қолданылады. Дамыған мемлекеттерде өндірістік инфрақұрылымға телекоммуникацияларды, қызмет көрсету туралы ақпаратты, іскерлік қызмет салаларын және т.б. жатқызады

Әлеуметтік инфрақұрылым міндеттері

Қоғамның әлеуметтік сфера өмірі деп, біз халық өмірінің сапасы мен деңгейін қамтамасыз ететін халық шаруашылық салалары кешенін айтамыз. Әлеуметтік сфераның әрбір саласының іс-әрекеті аймақтық сипатта болып келеді және халық сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, қала мен елді мекенді эстетикалық рәсімдеуімен аббаттандырылуы, архитектуралық кеіпін қалыптастырумен айналысады.

Әлеуметтік инфрақұрылым - өзінің функцияларын әлеуметтік сфера салалары арқылы орындалуын қамтамасыз етуге арналған материалдық-техникалық база.

Әлеуметтік инфрақұрылымның функциялары әлеуметтік сфера функцияларымен тығыз байланысты және келесідей болып сипатталады:

  1. Материалды игіліктердің таралуы мен алмасуы;

  2. Тұтынушыға қызмет көрсету;

  3. Халық денсаулық сақтау;

  4. Ғылыми көзқарас пен қоғамдық сананың қалыптасуы;

  5. Қоғамдық тәртіпті сақтау мен басқару.

Әлеуметтік инфрақұрылым элементтерінің құрамы:

Әлеуметтік құрылым:

  • Таралу мен алмасу (сауда, несие, сақтандыру);

  • Тұтынушыларға қызмет көрсету (үй шаруашылығы, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет ету, байланыс);

  • Денсаулық сақтау (денсаулық сақтау, санитарлы – курорттық қызмет ету және демалыс);

  • Ғылыми көзқарас пен қоғамдық сананың қалыптасуы (білім беру, ағарту, кадрларды дайындау, өнер, дін);

  • Қоғамдық тәртіпті сақтау мен басқару (мемлекеттік басқару, қоғамдық ұйымдастырулар, қорғаныс полиция).

Әлеуметтік инфрақұрылым мәдениетке тура байланысы бар салалардан тұрады. Сондықтан да оны құрамында білім, ғылым, мәдениет салалары сияқты әр түрлі жоспарлы салалардан тұратын әлеуметтік – мәдени инфрақұрылым деп атауға болады.

Әлеуметтік инфрақұрылым басқа да инфрақұрылым сияқты территориялық құрылымды болып келеді. Қарқынды даму мысалдары ретінде Алматы және Астана қалаларын алуға болады.

Әлеуметтік инфрақұрылымның территоиялық элементтері:

  • Мемлекеттік деңгей;

  • Аймақтық деңгей;

  • Жергілікті деңгей.

Әлеуметтік инфрақұрылымның ерекшеліктері.

Бұл ерекшеліктер инфрақұрылымның құрлықта, суда немесе ғарышта (ауада) орналасуына байланысты болып келеді.

Әлеуметтік инфрақұрылым элементтері (судағы және ғарыштағы):

Суда:

  • Судағы жұмысшыларға тұрмыстық қызмет ету жүйесі;

  • Теңіз жолаушылар көлігі;

  • Теңіздегі байланыс;

  • Теңіз жағалауында емделу мен демалу;

  • Теңіз спорты;

  • Әскери – теңіздік инфрақұрылым.

Ғарышта (ауада):

  • Әуе жолаушылар көлігі;

  • Ғарыштық байланыс;

  • Әскери – әуе және әскери – ғарыштық инфрақұрылым.

Яғни, құрыдағы инфрақұрылым адам әрекетінің әрбір сферасында кездеседі және басқа кеңістіктегі инфрақұрылымдарға базалық болып келеді.

Әлеуметтік инфрақұрылымның теориялық мінездеме элементтері

Сауда – тауарлардың өндіріс сферасының тұтыну сферасына өту қозғалысын қамтамасыз ететін халық шаруашылығының саласы. Өзінің функцияларын орындау арқылы халық өмірінің материалдық және мәдени деңгейін көтереді.

Бірінші функция – тауар айналым үрдісін қызмет ете отырып, оның тұтынушыға жетуін қамтамасыз ету.

Екінші функция – баға формасының ауысуы, яғни, тауар ауысуы – сату-сатып алу, тауарды ақшаға және ақшаны тауарға айырбастау.

Сауда сыртқы, ішкі және халықаралық болып бөлінеді.

Сыртқы тауардың мәні болып, бір мемлекет екінші мемлекетпен сауда жүргізгені келеді. Негізгі көрсеткіштеріне экспорт және импорт жатады.

Ішкі сауданың екі түрі белгілі, олар: көтерме және жекелеп сататын сауда.

Халықаралық сауда негізінде мемлекет басқа мемлекеттермен сауда операцияларын жүргізеді.

Сауда инфрақұрылымы көтерме және жеке сауда желілерінен, сыртқы сауда ұйымдастыратын арнайы мекемелерден тұрады. Сауда желісі дегеніміз – жергілікті халық пен сауда мекемелеріне тауар сату мен оларды тауарлармен қамтамасыз ететін кәсіпорын жиынтығы.

Көтерме сауда желісіне көтерме базарлар, қоймалар, тоңазытқыштар, жабдықтап өткізетін базарлар жатады.

Жеке сауда желісіне ірі, орташа және кіші фирмалар, жеке кәсіпкерлер және қоғамдық тамақтану кәсіпорындары жатады. Сонымен қатар жеке саудаға тізім арқылы саудалау және жіберу саудасы жатады. Сауда инфрақұрылымы жәрмеңкелерден, тауар биржалардан, аукциондардан, дилерлерден, маркетингтік, жарнамалық мекемелерден тұрады.

Жаңа ғимараттардың салуына байланысты Алматы қаласының инфрақұрылымы, нақтылай айтсақ, сауда инфрақұрылымы жаңартылуда. Солай Оңтүстік астанада 70 астам ірі сауда орталықтары жұмыс істеуде. Қазіргі кездегі кәсіпкерлер ол сауда кешендерін ойын-сауықты етуге тырысады. Мысалы, 2006 жылы ашылған Қазақстандағы ірі, ауданы 80 000 квадрат метрлі «Mega Center Alma-Ata» сауда – ойын-сауықтыру кешені. Үлкен сауда залынан басқа, бұл жерде боулинг, скалодром, үлкен мұз айдыны және 8 кинотеатр бар. Оның құрылысын салуға 60 миллион АҚШ доллары несиеге алынған.

Орталық Азия ірі халықаралық туристік орталық айналуға байланысты туризмнің сауда инфрақұрылымын жасау қажет. Өйткені адам қозғалысы барысында пайда болатын сауда, туристерді қабылдау саласында жүрген жергілікті халықтың экономикалық қызмет бастамасы болып келеді. Жалпы Қазақстанда және Алматыда туризм сауда инфрақұрылымын жарату арқылы мемлекеттің туристік имиджін көтеретін негізгі жұмыс.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. Өндірістік инфрақұрылымның сипаттамасы және міндеті.

  2. Өндірістік инфрақұрылымның функциялары.

  3. Өндірістік инфрақұрылым элементтерінің құрамы.

  4. Әлеуметтік инфрақұрылым міндеті.

  5. Әлеуметтік инфрақұрылым.

  6. Әлеуметтік инфрақұрылым элементтерінің құрамы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

    1. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. Учебное пособие. Москва. 1996г.

    2. Гуляев В.Г. Туристские перевозки. М. финансы и статистика.1998.

    3. Оптимизация условий отдыха и обслуживания туристов в туристских гостиницах с учетом специфики маршрутов. Разработка М. Винодаровой - М.: Центр, рекл. - информ. бюро "Турист", 1989.

    4. Бекбулатова Е. Индустрия гостеприимства Казахстана: традиции и новый этап бизнеса. // Аль-Пари - № 3, 1998.

2- тақырып. Туризм дамуындағы туристік инфрақұрылымның рөлі

Лекция мақсаты: Туристік индустриядағы туристік инфрақұрылымның ролі мен орны.

Лекция сұрақтары:

1.1 Туризм инфрақұрылымның түсінігі.

1.2 Туризм инфрақұрылымның функциялары.

1.3 Қазақстандағы туризм инфрақұрылымның даму жолдары.

Туризм инфрақұрылымы дегеніміз – туристік ресуртарды пайдалануды қамтамасыз ететін туризм кәсіпорындарымен байланысты телекоммуникациялық байланыстар, жол торабтары, сондай-ақ, туризм индустриясының кәсіпорындарының қалыпты жұмыс атқарылуына жағдай жасау. Бұл автокөлік және темір жолдары, вокзалдар мен терминалдар, жолдың, әуе, өзеннің және теңіздің қозғалысын реттеуші желілер, жылумен қамтамасыз ету жүйелері, электрлік және телефон жүйелері тағы басқа.

Туристік инфрақұрылым – туристердің тіршілік етуіне жағдай туғызатын өндірістік, әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымның кешені.

Туристік инфрақұрылым құрамына - туризмнің материалдық-техникалық базасы, сондай-ақ, туристік кешеннің элементтері кіреді.

Туризмде функция атқаратын еңбек ресурстарының жиынтығы оның материалдық-техникалық базасын құрайды.

Туристік кешен – туристік инфрақұрылымның бөлігіндегі табиғи және мәдени негізгі элементтерінің жүйешелері.

Туристік кешендер әр түрлі дәрежеде бола алады, мысалы, халықаралық кешен, жеке мемлекеттің кешені, жеке аймақтық (Жетісу) кешені немесе жеке аумақтық (Бурабай аумағы) кешені, олардың бәрі бірдей құрылымды иеленеді.

Тұтас туристік кешеннің құрылымдық моделі

Туристік кешеннің негізгі элементтері:

Туристік кешеннің екінші ретті элементтері:

Туристік кешеннің ұйымдастырушылық элементтері:

Туристік кешеннің сұраныс жүйешенің элементтері:

Туризм инфрақұрылымның функциялары мен құрамы

Туристік инфрақұрылымның функциялары туризмнің материалдық-техникалық базасын материалдық жағдайлармен қамтамасыз ету, сонымен қатар туристік кешен элементтерін, туризм саласындағы ақпараттық қамтылуы (қонақ үйдегі номерлердің, әуебилеттердің брондауы), туризм саласы үшін жоғары маманданған кадрларды дайындаумен қамтамасыз ету болып табылады.

Туризм инфрақұрылымның элементтері:

  • Шаруашылықтың мамандандырылған субъектілердің материалдық базасы (туроператорлар, турагенттер, туристік тұтынудағы өнімдердің өндірушілері, экскурсиялық бюро);

  • Аймақта туризмнің құқықтық базаның, бақылаудың және реттеудің болуына ат салысатын мемлекеттік органдар;

  • Аймақта туризмнің қолдауына және дамуына функция атқаратын коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың жүйесі (туристік биржалар, көрмелер, жәрмеңкелер және т.б.)

Туристік инфрақұрылымның бір бөлшегі табиғи және мәдени элементтер туристік кешеннің негізгі бөлігі болып табылады.

Қалалық туристік кешендерде залдар, соборлар, храмдар, шіркеулер, ансамблдер, тақырыптық саябақтар және т.б. орын алуда.

Осы жүйеде турфирмалар өзінің жұмыстарын жоспарлауға үлкен көңіл бөлуде.

Қазақстандағы туристік инфрақұрылымның даму жолдары

Саланың басты міндеттерінің бірі туризм инфрақұрылымның дамуы болып табылады.

Қазақстанда туризм инфрақұрылым дамыту үшін мемлекет тарапынан жағдай жасалынуы және инвестиция салынуы керек.

Ұлттық туристік ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанда туризм инфрақұрылымын дамытуда келесі деректемелерге қаражат салынуы көзделген:

  • қонақүй базасының дамуына;

  • демалыс пен сауықтыру кешендерінің дамуына;

  • қоғамдық тамақтану орындарының дамуына;

  • туристік-ресурстық орталықтарының жабдықталуы;

  • сервистік қызмет көрсету кәсіпорындарының құрылуы: сауда, сувенирлік бұйымдардың шығарылуы, ұлттық қолөнердің шеберханалары;

  • өндірістік кешендердің құрылуы, соның ішінде туристік құрал-жабдықтардың шығарылуы, жол сілтегіштер, сувенирлер;

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. Туризм инфрақұрылымның түсінігі.

  2. Туризм инфрақұрылымның міндеті.

  3. Туристік кешен.

  4. Туризм инфрақұрылымның функциялары.

  5. Туристік кешеннің инфрақұрылым элементтері.

  6. Қазақстандағы туризм инфрақұрылымның даму жолдары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Гуляев В.Г. Туристские перевозки. М. финансы и статистика.1998.

  2. Оптимизация условий отдыха и обслуживания туристов в туристских гостиницах с учетом специфики маршрутов. Разработка М. Винодаровой - М.: Центр, рекл. - информ. бюро "Турист", 1989.

  3. Бекбулатова Е. Индустрия гостеприимства Казахстана: традиции и новый этап бизнеса. // Аль-Пари - № 3, 1998.

  4. Браймер Р.А. Основы управления в индустрии гостеприимства. Пер. с англ. - М: Аспект Пресс. 1995.

3- тақырып. Туризмдегі материалды - техникалық базаның жалпы сипаттамасы.

Лекция мақсаты: Туризмнің материалдық-техникалық базаның маңызы.

Лекция сұрақтары:

1.1 Туризмдегі материалды-техникалық база түсінігі.

1.2 Алматы және Астана қалаларының туристік инфрақұрылымы.

1.3 Туризмнің супрақұрылымы.

Туризмде функция атқаратын еңбек ресурстарының жиынтығы оның материалдық-техникалық базасын құрайды.

Туризмнің материалдық-техникалық базасы - туристік ғимараттардың желісін, олардың техникалық жабдықталуын, көлік құралдарын және тағы басқа негізгі қорларды қамтиды.

Туризмнің материалдық-техникалық базасының құрамына туроператорлар мен агенттер, қонақүйлер, туристік базалар, тамақтану және сауда кәсіпорындары, автокөлік кәсіпорыи индары, экскурсиялық бюро, туристік құрал-жабдықтарды жалға беру қызметттері, бақылау-құтқару қызметі, туристік клубтар, станциялар және т.с.с. кіреді. Туризмнің материалдық-техникалық базасының негізгі әрі маңызды элементтерінің бірі орналастыру орындары болып табылады.

Туризмнің материалдық-техникалық базасы ұйымдастырушылық туримзнің негізі болып саналады, себебі туристерді қажетті қызметтер кешенімен қамтамасыз ету үшін барлық жағдайларды іске асырады (орналастыру, тамақтану, жол тасымалдау, экскурсиялар және тағы басқа).

Туризмнің материалдық-техникалық база нысандарын классификациялау келесі белгілерге қарап, жасауға болады: қызмет көрсету түрлері бойынша, экономикалық элементтері бойынша және материалдық-техникалық база нысандарының ерекшеліктері бойынша жіктеледі.

Туристік кешен – туристік инфрақұрылымның бөлігіндегі табиғи және мәдени негізгі элементтерінің жүйешелері.

Туристік кешендер әр түрлі дәрежеде бола алады, мысалы, халықаралық кешен, жеке мемлекеттің кешені, жеке аймақтық (Жетісу) кешені немесе жеке аумақтық (Бурабай аумағы) кешені, олардың бәрі бірдей құрылымды иеленеді.

Қалалық туристік кешендерде залдар, соборлар, храмдар, шіркеулер, ансамблдер, тақырыптық саябақтар және т.б. орын алуда.

Осы жүйеде турфирмалар өзінің жұмыстарын жоспарлауға үлкен көңіл бөлуде.

ҚР мемлекеттік бағдарламаның ІІІ бөліміндегі «Туризм инфрақұрылым ұйымдастырушылық сызбасын» қарастырайық (27.02.1998ж ҚР Президентінің жарлығымен бекітілді).

Шекаралық-мекемелік құрылым

Бағдарламаның құрылымы екіге: халықаралық және республикалық болып бөлінеді. Халықаралық аймаққа ҰЖЖ өтетін Алматы, Тараз және Түркістан қалаларының маңындағы тарихи орталықтары кіреді, ал республикалық аймаққа Солтүстік-Батыс, Солтүстік және Шығыс жол торабтары жатады. «Жібек Жолы – Қазақстан» Ұлттық компания» негізінде Алматы, Тараз және Түркістан қалаларында аймақтық басқару орталықтарын ашу, сондай-ақ ҰЖЖ тармақтарындағы Қызылорда, Қарқалыда, Шевченко және Семей форттарында басқарудың бөлімшелерін қалыптастыру.

Инфрақұрылымның басты міндеттерінің бірі туристерді тасымалдау (жол, темір жол, теңіз және әуе көлігі, айлақтар-порттар және әуежайлар) болып табылады.

ХХ ғасырдың екінші жартысында Альпі атақты тау-шаңғы курортқа айналады. Туристік инфрақұрылым жан-жақты дамып, әр түрлі туристерге бағытталған болатын, мысалға, отбасыларға, жастарға, спортшыларға және сноубордисттерге. Осындай туризм инфрақұрылымын Қазақстанда да қолдануға болады.

Туристік өнімнің өндірісіне инфрақұрылымнан басқа супрақұрылым кіреді.

Туризмнің супрақұрылымы – экономикалық жүйенің бір бөлігі, туризм индустриясында тек туристерді қызмет көрсетумен қанағаттандырып қана қоймай, аймақта туризмнің дамуы жергілікті халыққа әсер етіп, оларға да қызмет көрсетумен айналысады.

Супрақұрылымның туристік функциялардан басқа, экономикалық және әлеуметтік функциялары да бар. Бірақ негізінен туристік өнімді шығарумен айналысқандықтан, аймақта туризм дамуының деңгейіне тікелей байланысты болады.

Туристік индустрияның супрақұрылым элементтері келесі болып табылады:

  • Шаруашылық субъектілердің материалдық-техникалық базасы (қонақүйлер, көлік компаниялары, тұрғын үй кешендері, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары және т.б.);

  • Мемлекеттік құрылымдар немесе мекемелер (байланыс, пошта, телеграф, жолдар);

  • Шетелдік мемлекеттік мекемелер (консулдық қызметтер).

Туристік өнімнің шикізат көзі болу үшін инфрақұрылым және супрақұрылым келесі сипаттамаларға ие болу қажет:

  • турөнім өндіріс факторлардың жанында болуы;

  • белгілі бір сапаның деңгейіне сәйкес болуы;

  • даму мүмкіндігінің болуы.

Инфрақұрылымның және супрақұрылымның функциялары бір-бірімен тығыз байланыста болады, осының салдарынан туризм индустриясы тұрақты дамиды. Инфрақұрылымның және супрақұрылымның өзара байланысын екі түрге бөліп қарастыруға болады.: тікелей және жанама.

Тікелей қарым-қатынас түрлеріне қаржы, клиенттік, корпоративтік және еңбек байланыстарын жатқызады.

Ал жанама қарым-қатынас фискалды саясат немесе жергілікті халық табысынан іске асырылады.

Қазіргі туризмнің даму жағдайына байланысты туристік индустрияны құрайтын инфрақұрылым және супрақұрылым келесі тенденциялармен сипатталады:

  • Аймақтағы туризм дамуының супрақұрылым өндірісіне ықпалының өсуі (көптеген қонақүйлер мен әуекомпаниялар туризм индустриясының бір бөлігі болып табылады, бірақ басында осы мақсатпенен құрылмады);

  • Туристік индустрияның супрақұрылым өндірісімен қапталуы, ол дегеніміз – туризм дамуының экономикалық эффект деңгейінің көтерілуі (мысалға, банк мекемелері, сақтандыру компаниялары, автокөлікті жалға алу орындары, фотопленканың өндірушілері);

  • Туристік инфрақұрылым элементтерінің супрақұрылым өндірістің басқа элементтерге айналуы (мысалға, туроператорлар кеме құрылысшыларға немесе әуеконструкторларға кеңес береді, мейрамханалар ауыл шаруашылық өндірушілердің тұтынушылары болып келеді.

Туризм инфрақұрылымның дамуы – туристік ресурстардың қолдану үрдісінің жоспарлаудағы маңызды кезеңі.

Туристік нысан қаншама еліктіргіш болса да, оған турист жететіндей жол болу керек. Егер туристік ресурсқа жеткізетін жол болмаса, онда оған жету қиындыққа соғады немесе мүлдем мүмкін болмайды. Сондықтан да Венесуэладағы дүниежүзіндегі ең биік Анхель суқұламасын (1014 м) туристер көп көре бермейді, себебі оған баратын жол жоқ. Кіші авиациядан басқа, ұшақ қонатын орын жоқ. Осы тамаша табиғи туристік нысанға жету үшін, Корона деген өзенмен жүзіп бару керек.

Осындай оңай емес қолжетерлік сусарқырамасы Дағыстанда да кездеседі. Еуропадағы ең биік сарқыраманың биіктігі 400 метрден жоғары. Оны тамашалау үшін тауда 2 тәуілік бойы жүру керек, сондай-ақ жол бойында көптеген өзен аңғарлары кездеседі. Туристік кешен ретінде бұл табиғи феномен көбінесе қолданылмайды. Ол дайындалған туристердің кіші-гірім топтар үшін ғана кол жетімді болады.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. Туризмнің материалдық-техникалық базаның нысаны классификациясы.

  2. Туристік кешен.

  3. Туризм инфрақұрылымның ұйымдастырушылық сызбасы.

  4. Туризмнің супрақұрылымы.

  5. Туризм индустриясының супрақұрылым элементтері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. Учебное пособие. Москва. 1996г.

  2. Гуляев В.Г. Туристские перевозки. М. финансы и статистика.1998.

  3. Бекбулатова Е. Индустрия гостеприимства Казахстана: традиции и новый этап бизнеса. // Аль-Пари - № 3, 1998.

  4. Браймер Р.А. Основы управления в индустрии гостеприимства. Пер. с англ. - М: Аспект Пресс. 1995.

4- тақырып. Туристерді орналастыру құралдары

Лекция мақсаты: Орналастыру құралдар классификациясын талдау.

Лекция сұрақтары:

1.1 Орналастыру құралдар классификациясы.

1.2 Қонақ үйлерді классификациялау қағидалары.

Орналастыру құралдары. Туристік бизнесте негізгі шектеуші факторлардың бірі материалдық-техникалық базасының төмен деңгейі болып табылады. 2010 жылдың басында қонақүйлер, турбазалар, кемпингтер және де басқа орналастыру орындары тек қана 35% жұмыспен қамтылды. 2009 жылмен салыстырғанда қонақүйлердің саны 40% асса, төсектердің көлемі 30% көбейді.

Осы жағдайды өзгерту үшін бірнеше шаралар қолға алынды. 2000-2002 туристік саланың даму анализінің қорытындыларына қарағанда, 2011 жылы туристерді орналастыру нысандардың саны 319 жетті, соның ішінде 159 қонақүй, 34 санаторий, 29 демалу орындары, 17 турбаза, 13 емдік-сауықтыру лагерлері, 12 қонақжайлылық үйлер, 11 санаторий-профилакторий, 10 аң аулау үйлері, 8 профилакторий.

Қонақүйлердің көбі (149) Астанада, Алматыда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік облыстарында орналасқан; 66% орта және шағын бизнеске жатса, 5% ғана (8 қонақүй) үлкен мекемелер болып саналады.

Қонақүйлердің жалпы көлемінің ішіндегі 87% жеке меншікте, 9% коммуналды меншікте боды, ал 4% шетелдік қатысушылармен бірлесіп құралған болатын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]