Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory / Tarikh-otvety.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.3 Mб
Скачать

37.Абылайды хан етiп сайлау, онын iшкi жэне сырткы саясаты.

1711жылы Уэлидiн баласы Абылай туган.1771ж орта жуз ханы Эбiлмэмбет дуние салды. Билер элген билеушiнiн улы Эбiлпайызды емес,Халык арасында зор беделге ие болган Абылайды ак киiзге кэтерiп хан сайлады. Кезiндегi Тэуке хан сиякты эзiнiн узак хандык курган мерзiмiнде жагдай каншама эзгерсе де бар жiгерi мен энерiн уш жуздiн басын косып, казак хандагын ныгайтып, онын дербестiгiн сактауга жумсады. Абылай да Тэуке сиякты Ресеймен катынасады, сауда экон-к катынастарды арнасына тусiрудi кэздеп отырды. 1757 ж 7 маусымында Аякэз эзенi жагасында ол алгаш рет Кытай императорынын елшiлiгiн кабылдады. 1757 ж 22 маусымда Кытай колбасшысы Жау-хумен кездескенде Абылай екi арадагы сауда байланыстарын жандандыру ушiн жэрменкелер ашуды усынган. Кытай усынысты кабылдап 1758ж 3 жэрменке ашкан. Онын бiреуiн Казакстан жерiнен Тарбагатайда, екiншiсiн iле эзенi устiнен Кулжада, ушiншiсiн Урiмжiде ашкан. Осыдан кейiн Кытайга жылда Казакстаннан елшiлiк жiберiлетiн болды. Кей жылдары 2 елшiлiктен жiбердi(1762-64). Абылай хан улгiсiмен экесiнiн Ресейге бодан болганына карамай, Кiшi жуз ханы Нуралы Кытаймен байланыс орнатпакшы болып, 1762ж эз елшiлiгiн жiбередi. Уш жуздiн эзiнiн ткымдары аркылы билей отырып, Абылай хан казак хандыгын билеуге бiркатар жана эзгерiстердi зандастырды. Кабылданган зандардагы хан билiгiне койылган шектеулердi мойындамады. (жетi жаргы). Iрi улыстарды билеуге хан эзiне жакын султандарды тагайындады. Сот iстерiн шаригат ережелерiн негiзге алып жургiзетiн билер кызметiне шек койды. Халык батырларынын колдауына суйенiп, эз жоспарларын iске асырып отырды. Карсы тургандарды катыгездiкпен басып тастап отырды. Ол казак елiнiн шаруашылык курылысына да эзгерiстер енгiзуге тырысты. Казактардын Ертiс пен Есiл бойында, онда Кэкшетау, Тарбагатай энiрлерiнде жер шаруашылыгын дамытуды кэздедi. Казак халкынын дэстурлерiн, мэдениетiн дамытуга туракты кэнiл бэлдi. Бухар жырау ханнын iшкi жэне сырткы саясатына эсер еткен дарынды адам болды. 1781 ж. Абылай элдi. Урпагы-30ул,40кыз.

38

39.XY-XYIIгг. казактардын материалдык мэдениетi.

Казак халкынын тургын уйi- материалдык мэдениеттiн тамаша ескерткiшi. Ол аумагымен жэне тузiлiсiмен ерекшеленiп, кыстык жэне жаздык болып бэлiнедi. Жазгы уакыттар. Жазгы уакыттар алуга женiл киiз уйлерде, кыста туракты жылытатын жер уй, агаш уйлерде турады. Уй жихаздары агаш жэне терi заттардын, киiзден жасалган буйымдардан, эрме, токымалардан, кiлемдерден куралады. Аспаптар мен ыдыстар аяккаптарда, киiз кораптарда, кос калталы кiлем коржындарда сакталды. Агаш буйымдар устiне кэрпе тэсек жиналды. Тагамдар салынатын кебежелер кэркем оюланды. Казакстаннын кэптеген аудандарында агаштан, тастардан, кыштан тургызылган уйлер таралды. Казактын улттык киiмiнде этникалык, экономикалык, климаттык жагдайларына байланысты ежелгi дэстурлерi бейнеленедi. Киiм жун, жiбек, киiз, ан терiсiнен тiгiлдi. Шалбарлар шугадан, кудерiден тiгiлiп эшекейлендi. 15-17гг. женi жок женiл сулык киiмкебенек пен ак киiзден тiгiлген шапан – каттау эйгiлi болды. Байыргы киiмдер катарына туйе жунiнен токылган узын сулык киiм-кешекпен де жатады. Еркектер мен эйелдердiн сырт киiмдерiнiн негiзгi турi – жун мен жiбектен тiгiлген шапандар. Жазда ерлер iш жейде мен дамбал жэне желбегей женiл шапан, эйелдер - узын етек кэйлек женсiз камзол кидi. Еркектердiн бас киiмi-калпак, жука ак киiзден тiгiлдi. Кэктемде, кузде бэрiк, кыста, тымак, кидi. Кыздардын бас киiмi «кэмшат бэрiк», «алтын бэрiк», «калмаржан бэрiк» д.а. Кыздардын турмыска шыгардагы бас киiмi-сэукеле. Казактардын негiзгi асы - ет болды. Багалысы-жылкы етi. Кой етi негiзiнен жазда желiндi. Малшы казактардын ыдыс-аяктары мен уй аспаптары олардын кэшпелiлiк турмысына бейiмделiнiп, терiден жэне агаштан жасалды. Казактын халыктык эдет-гурыптары, уйлену жоралары – «кудалык салтта» айкын ашыла тустi. 15-17ғ қазақ-ң дамыған ұлттық мәд-ті болды..Ірі қолөнер ж/е сауда орталықтары-сығанақ,сауран,түркістан.Феодалдық соғыс-ң жиі тұтыну өндіргіш күштердің дамуына,мәд-ң дамуына кедергі жасады.Әсіресе жоңғар феодал-ң шапқыншылығы мәд-ң құлдырауына әкеп соқты. Үй,киім,тамақ:Қ-н терр-да тұратын 10ғ тұрғын үйлердің 2 түрі болды.Жазды күні тасымал жеңіл киіз үйде,қыстыңғыгүні жер үйде-шамнан,балшықтан н/е тастан салынған жылы үйде тұрды.Жазғы үйдің 2 түрі болды.1)кәдімгі киіз үй2)дөңгелек үстіне орнатылған жылжымалы үй-күйме.Киіз үй 3 бөлімнен тұрады:қабырғасы-кереге,одан жоғары құрама бөлігі-уықтар,ең жоғарғы түйін тұсы-шаңырақ.Кереге артынан тоқылған шиі салынады.Үйді жауып тұратын киіздер-туырлық, түндік.Түндік шаңыраққажабылды.Үй сыртынан жабылған киіздер ұшып кетпес үшін әрқайсысының ұшына нір тағылды да,қаттытартылып азыққа байланды.Уықтың үстінен тартылған жалпақ тоқымаларды құр д.а.Ол сәндік н/е уықты берік ұстау үшін.Ағаш есіктің оң жағына ағаш төсек,төрінде жүкаяқ,сандық,кебене.Үйдің ортасында отын жағатын орын болды.Жылжымалы үй-ң ішінде назар аударатыны- күйме.Бұл үй арба түрінде жасалып,дөңгелек үстіне орнатылды.Оған ат,түйе,өгіз жегітілді.Қазақ-ң қыста тұратын жер үйлер балшықтан,тастан салынды.Қазақтар тұрғын үй-ң сыртын 4 бұрышты дуалмен орнайтын болған.Оны саздан,шым,тас,ағаштан жасады.Шар:қазақтарбасты түрде жылқы,қой,түйе,ешкі,ірі мүйізділерді өсірді.Жайылымдар:қысқы-қыстау көктемгі-көктеу,күзгі-күзеу,жазғы-жайлау деп бөлінді.Малды сумен қамтымасыз ету үшін терең емес кең құдықтар қазылды.Алдымен жайылымға жылқы-р шығарылды,кейін түйе мен сиыр,ең соңында қойлар.15-17ғ Қ-да басты түрде суармалы егін шар-ғы өркендеді.Қалыпсыз жер суарды қ-ң өзен аңғарлары учаскелерінде пайдаланды.Құн төбе арасындағы ойпаты жерлерді аққан суды жауып қоршады жиналған су жаз бойы тұрып,қыста қатып қалған көктемді бұл учаске жыртылған.Мұндай жүйе суармалы д.а.Қазақ киімі:Жазғытұрым көбінесе көйлек сыртынан бешпет,комзаол, шапан киді.Қыста қой-ң н/е түйенің жабағасынан қалың матамен тыстап,кең тігілген күпі н/е шидем шекпен,тон,құлын терісінен тігіген жағалы жарғақ шекпен, қой терісінен шалбаркиді.Ешкі терісінен аяқ киім –мәсі. Әйел киімі матадан,жібектен тігілді.Бойжеткен қыздар көбінесе үкі тағып,бағалы аң терісінен бөрік киді.Жас келіндер сәукеле,желек жамылды.30-40 жастағы әйел-р кестелеп тігілген кимешек киді.орта жастағы әйел-р жаулық,жасы келген әйел-р күндік деген бас киім киді.Ерлердің белдіктері қайыстан жасалды.Ол кісе д.а.Әйел-р күміске алтын жалатылған білезік,алқалар н/е теңгелер тізбегіндегішашбаулар тақты.Қазақ қарулары әр түрлі болды.Болаттан имек қылыш ,семсер соғылды.Қару ретінде қанжар,жіңішке ұзын пышақ-бұйда пышақ, жебелер.Мылтықтардың білтелген атылатын ж/е күмістен әшекей салынған-білтелі.Мылтық әшекейсіз-қара,қысқа ұңғылы –самқал деген бірнеше түрі болды.

40. XYIII ғ аяғы - XIX ғ басындағы Ресей империясының Қаз-ғп енуі, жаулауы және отарлауы.

1742 жылы 20 мамырда Ресейдің сенаты қазақтарды және шекаралық өңірдегі бекіністерді қорғау жөнінде арнайы жарлық шығарды. 1742 жылдың 2-ші қыр-де Орынбор комиссиясының бастығы Неплюев Қалдан-Церенге жолдаған хатында Ресейдің қарамағындағы қазақтарға қысым жасамауды талап етті. Қазақ жерінде салынған Жоғарғы Ертіс бойындағы бес бекіністен (Семей, Өскемен, Жәміш, Коряков, Омбы) басқа қосымша 31 форпост салынды. Яғни қазақ-жоңғар тартысын пайдаланған Сібір губерниялық басқарманы Петербургтың талабын орындай отырып, кенге бай Алтай өңірін отарлауды тезірек аяқтауға тырысып бақты. Кіші жүздің ханы бірте-бірте иелігін кеңейтіп, ауыр жағдайға қарамастан, қазақ жерін өз қолына біріктіруге тырысты. Бірақ Әбілқайыр патша үкіметімен қарым-қат-с-н біржолата үзе алмады. Орыс үкіметі мен Әбілқайыр арасындағы жікті жамауға Тевкелев біраз үлесін қосты. Әбіл-р мен Ресей елшілерінің 1748 жылы Ор бекінісі маңындағы кездесу соңғы кездегі екі арадағы орын алған ахуалды біраз жұмсартқандай болды. Осы жылдың шілде айында өткен қазақ сұлтандары мен ақсүйектерінің сьезі Кіші жүз ханының беделін көтеріп тастағандай көрінсе де, Әбіл-ң жаулары да қарап жатпады. Әбіл-р 1748 жылы Барақ сұлтанның қолынан қаза болды. 1756 ж 2 қазанда қазақтарға Жайықтың оң жағасына шығуға тиым салынды. Ресей дің бұл отаршылдық қимылдары қазақтарға ұнамады. Орта жүзді және Ресейге жақын жерлерді басқару жүйесін реформалау мақсатында 1822ж Сперанский Сібір қазақтарының жарғысын жасап шығарды. Жарғыға байланысты Сібір Батыс және Шығыс болып екіге бөлінді. Батыс Сібір-орталығы Тобыл (1939ж бастап Омбы), ал Шығыс-орталығы Иркутск. Батыс Сібірдің құрамына Тобыл, Томск , Омбы, Орта жүз және Ұлы жүздің кейбір жерлері. 1824 жылы Орынбор генерал-губернаторы Эссеннің бастауымен Орынбор қазақтарының жарғысы жарияланды.

41

42 XYIII-XIX ғасырдың ортасындағы қазақ қоғамындағы әлеуметтік жіктер.

Қазақ қауымның ХҮІІІ ғ.мен ХІХ ғ.-дың орта шені аралығындағы қоғамдық топтарға бөлінуіне жеке адамдардың “ақ сүйек” және “қара сүйек” дегендерге жатқызылуы ерекше тән болды. Бірінші әлеуметтік топ қоғамдық қатынастар құрылымында өздерінің әлеуметтік оңашаланғандығы мен жоғары қоғамдық мәнділіктеріне қарай сырттан ешкім өте алмайтын жеке адамдардың артықшылықтармен пайдаланатын жабық корпорациясы тұрғысында табылды.Оларға екі ақсүйектік топ-төрелер мен қожалар жатты. Ақ сүйектен өзгешелігі “қара сүйектің” сословиелік-бірлестік топтары жеке басының сапасы мен мүліктік жағдайына қарай кезкелген жеке адамның қол жеткізуіне болатын ашық статус саналды. Оларға билер, тархандар, батырлар, ағамандар(ақсақалдар) дәрежесіндегілер жатқызылды. Көшпелі қоғамның ерекше пұрсатты іріктелген қалаулы тобын “ақ сүйектің” негізі саналатын төре (сұлтандар) аристократиялық тобы құрды. Ол Шыңғыс әулетінің аға тармағы-Жошы ұрпақтарына жататын адамдар тобын біріктірді. Көшпелілердің екінші бір іріктелген қалаулы тобын мұсылман діні қызметкерлерінің сословиесі-қожалар құрды. “Қара сүйектің” артықшылықпен пайдаланатын әлеуметтік топтары арасынан көшпелілер ұжымдарында сот билігін атқарушы билер сословиесі аса маңызды орын алды. “Би” деген сөздің астары, -деп көрсетті Я.П.Гавердовский, - сөзге шешен, бай әрі шамдағай адамдар екенін біз ұғынуымыз керек. Е.К. Мейендорфтың айқындауы бойынша қазақтар батыр деп “батыл, әділ және тапқыр адамдарды айтады, соғыс кезінде-бұлар нағыз шабандоздар”. “Батыр” атағы ешқашанда мұрагерлікке қалдырылған емес, оны әркім жеке басының ерлігімен алып отырды. Қазақ қоғамының әлеу-к жіктелуінде әр түрлі еңбектері үшін жоғарғы үкіметтен, мысалы, салық төлеуде және басқасында жеңілдік алған адамдар – тархандарға белгілі бір орын берілді. Қазақтар үстем табының неғұрлым көп санды тобын көшпелі қауымдардың барлық бауындарында әлеу-к – реттеушілік жұмыстарды жүзеге асырушы ағамандар құрады. “Бұл бастықтар немесе кінәздер, - деп көрсетті И.П. Фальк, - Аймақтың ең бай, барынша құрметтелетін абыздары және сондықтанда хан олардың билігі аз болғанымен, кейбір жерлерге ықпал ете алатындығын ескеріп, солар арқылы көп әрекеттер жасай алады”. Көшпелілер қоғамның үстемдік етуші бөлігін құрайтын әр түрлі сословиелік топтармен және ерікті қауымдастармен қатар Қаз-да тәуелді халықтар категориялары – құлдар мен төлеңгіттер өмір сүрді. Төлеңгіттер деп сұлтандар сословиесіндегі қызметтерде жүретін адамдарды атады. Бұл әлеуметтік топтың шығуы жоңғарлармен тартысқа және екі арадағы көп жылғы соғысқа байланысты болды, сол кездері жоғарғы өкімет пен оның өкілдері – сұлтандардың “Әскери міндеттерді атқаратын” адамдарға деген сұраныстары арта түсті. Тәуелді халық категориясына сондай-ақ тұтқынға алынған ресейліктер, қалмақтар, ирандықтар арасынан іріктелген құлдар да жатты. Алайда, қазақтарда құл иеленушілік кең таралмады және ол патриархалдық үй құлы шеңберінен шыға қойған жоқ. Құлдар негізінен жеке үй шаруа-да пайдаланылды, олар иелерінің малына қарады, егістіктерін өңдеді, үй іші шаруасын істеді.

Соседние файлы в папке shpory