Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory / Ответы / Тарих-ответы.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.29 Mб
Скачать

54. 1905-07 Жж. Орыс революциясына қазақ халқының қатысуы.

Қазақстан еңбекшілерінің 1905 –07 жж. ереуілге қатысуы орыстардың төңкерістік күресімен тығыз байланысты болды. Қазақстандықтар Питербургтегі қарусыз жұмысшыларды 1905 ж. 9 қантарда атқылауына наразылық білдерді. Ереуіл темір жол қатынастарында неғұрлым кең қанат жайды. Поездардың жүрісі талай рет тоқтатылып теміржолшылардың өз еркімең 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді. Ереуіл Перовск, Түркістан, Павлодар, Петропавлда өрістеді. Бұл көтеріліс 1905 ж. іс жүзінде басталса, оған дейін 1904 ж. Сібір-Социал Демократиялық Одағы қалаларда, ауыл мен әскерлерде шаруаларды пролетариатпен одақтастыра отырып, патша өкіметіне қарсы шығұға шақырды. Қазақ шаруалары ең алдымен жер, су үшін, теңдік, тәуелсіздік үшін күресті. 1905 ж. жазда Семей, Торғай, Орал облыстарында жер үшін толқулар болды. Қарқаралы, Ырғыз, Шымкент, Әулие – ата, Жаркент уезддерінде кең өрістеді. Патша өкіметі бұл аудандарға әскери отрядтар жіберіп отырды. Патша өкіметі халықты революциядан бөлу үшін олардын өкілдері /Ә. Бөкейханов, А. Бірімжанов, Б. Құлманов/ 1-ші Мемлекеттік Думаны шақыру туралы жариялады. 1 Думаның депутаттары патшаға қарсы шыққан. 1906 ж. 8 шілдеде таратылды. Тамызда 2-ші Мемлекеттік Думаға Қазақстаннан 14 депутат сайланды. М. Тынышбаев – Жетісу обл., Б. Қаратаев – Орал обл., т.б. Алайда олар да халық кедейлерінің мүделерін қорғады. Отаршылдыққа қарсы қазақ ұлт интеллегенциясы өкілдері басында ірі саяси қайраткер, көрнекті экономист – ғалым, “ Алаш” партиясының негізін қалаушы, кадет партиясы Орталық комитетінің мүшесі, Мемлекеттік Думадағы мұсылмандар тобының мүшесі Ә. Бөкейханов тұрды. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов бастаған халықтық азаттық қозғалысы конституциялық монархия, либералды-демократиялық реформаларды жүргізу үшін күресті. 1906 ж. Семейде қазақтардың 2-ші съезі болды. Онда өлкеде орыс шаруаларының қоныс аударуын тоқтату, Қазақстанның барлық жерін халыққа қайтару, мектеп ашу, т.б. мәселелер талқыланды. Бұл кезде демократиялық халықты жақтаушы топтар құрады. Олар М. Сералин редактор болған “ Айқап” журналының төңірегінде топтасты. 1911 –1915 жж. шығып тұрды. Олардың арасында С. Сейфуллин, Б. Майлин, т.б. болды.1905-07 жж. ұлт- азаттық қозғалыс ұйымдаспаған түрде өтті.

55. 20Ғ басындағы ө.Бөкейханов,,а.Байтұрсынов,м.Дулатовтың т.Б қазақ зиялыларының саясиқызметі.

Әлихан Бөкейханов (1869-1937)-қазіргі Жезқазған обл Ақтоғай ауд туған.Шыңғыс хан тұқымы,Омбыда білім алған,1894ж Петербургтегі орман шаруашылығы институтын бітірген.Тобыл губерниясының әкімшілік органдарында жұмыс істеген ж/е Омбы орман шаруашылығы институтында профессор қызметін атқарған.1897-1903ж Дала генерал –губернаторлығы әкімшілігінде ж/е Самара ауылшаруашылық банкісінің директоры болып қызмет етті.Бөкейхановтың инженер,тарихшы, экономист ж/е фольклоршы болған.1905ж кейін орыс кадеттерінің қатарына өтті.1905-06ж 1 ж/е 2 Думаларға депутат болып сайланды.Сонымен бірге «Алашорда» саяси ұйымын құрушылардың бірі.Ж/е қазақтың батыс даласындағы зиялыларының Орынбордағы съезінің төрағасы болды.Бөкейханов социал-демократиялық ж/е социал-революциялық бағыттағы бірқатар радикал газеттерге(«Ертіс», «степной голос», «айқап», «қазақстан»ж/е «қазақ») мақалалар жазып тұрды.Ә.Бөкейханов «Алаш» партиясының негізін қалаушылардың бірі,автономиялық қазақ үкіметтің басшысы.Ол сталиндік жазалаудың құрбаны болды.

Міржақып Дулатов (1885-1935) –Уфада медреседе ж/е қорғанда орыс-қазақ мектебінде оқыған.Дулатов өз қызметін мұғалімдіктен бастады.Әдеби таланты жас кезінен байқалған. «Оян қазақ»деген саяси өлеңі,қазақтың тұңғыш романы «Бақытсыз Жамал»оның ең көрнекті ж/е таңдаулы қазақ ақындары мен жазушыларының қатарына қосты.Дулатов А.Байтұрсыновпен,Ә.Бөкейхановпен тығыз ынтымақтаса отырып,ұлт-азаттық қозғалыстың,оның ішінде , «Алаш» партиясының танымал басшысы болды.Ол қазақ өнерпаз зиялыларының тұтас ұрпағына зор ықпал жасады.30ж Дулатов жазаға тартылып,1935ж Соловки лагерінде қайтыс болды.Қазіргі кезде ақталған.

Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) – ағартушы, азаттық қозғалысына қатысушы, «Алаш» партиясының негізін салушылардың бірі, «Қазақ» газетінің редакторы, аса көрнекті лингвист-ғалым, әдебиеттанушы, түрколог, талантты ақын, аудармашы. 1919ж 9 шілдеден Қазревком мүшесі, оқу министрі, БОАК, ҚазОАҚ мүшесі.

59.Қазан төңкерісі ж/е Қ-да Совет өкіметі құрылуы.

1917ж қазанда Петроградта уақытша өкімет құлатып,мемл билігін кеңестер қолына көшті.Ресейдің жұмысшы,шаруа,солдаттар бұқарасына елді соғыстан шығарып,халықтың бейбіт еңбекке оралуына,жоқшылық пен мұқтаждық зардаптарын түзетуге енді айқын жолдар ашылды деп есептеген.Ленин баст. большевик –р зауыт,фабрикалар жұмысшыларға,жер шаруаларға,бейбітшілік бүкіл халыққа берілсін дег. Ұранмен мемл тәуелді елді халықтар туралы өз бағыныштылығын белгіледі.Олар барлығы ұлттар мен ұлыстардың,халық-ң теңдігі мен бостандығы,азаттығын жариялады,олардың төңкеріс туының астынан кетпеуге шақырды.1917ж қазақ 1918ж наурызда Қ-ң көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орналасты.Перовс жұмысшылары мен солдат-ры өкімет билігі 1917ж 30 қазанда өз қолына алынды.Ташкент-1917ж қараша.Түркістан,Қазалы,Арал поселкесінде Кңес өкімет бейбіт жолменорналасты.Семей -1918ж ақпанда 16-17 түнде .1917ж желтоқсан аралығында Кеңес өкіметі Торғай обл-ң орталығы ж/е Қостанай,ақтөбе қала-да орн.Торғай обл Кеңес өкіметінің орнауына Имановтың,Қойдасов т.б қатынастар Жетісуда Кеңес өкіметі орн.төңкеріс қарсыластарының басым бөлігіне байл.1918ж көктемге дейін Кеңес өкіметі наурыз-Жаркент,Талдықорғанда,сәуірдің басында Лепсіге орн.Сөйтіп Қ-н 1918ж наурызда Кеңес өкіметі Қ-ң көп жерінде жеңіске жетті.

Соседние файлы в папке Ответы