Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory / Ответы / Тарих-ответы.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.29 Mб
Скачать

63. Қ-дағы әлеуметтік-әкономикалвық қайта құрулардың басталуы.

Империалистік соғыс пен азамат соғысы Р-ң басқа халықтары сияқты Қ халқын да күйзелтті. 1913ж салыстырғанда, мыс рудасын өндіру тоқтап қалды. Кеңес Үкіметі еңбекшілерінің жағдайын жеңілдетуге ұмтылды. Мыс: 1921ж Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесі халыққа азық-түлікті, отынды тегін босатуды, коммуналдық қызметтерді тегін көрсету туралы декреттер қабылдады. Бірақ бұл зорлық-зомбылыққа негізделген азық-түлік саясаты сәтсіздікке ұшырады. Шаруалар шыдамы таусылды. Қостанай, Ақмола, Орал, Семей губерн-да көтерілістер п.б. Мыс:1921ж наурызда Орал губерниясында Сапожков отрядының қаруланған 10мың бүлікшілері әрекет етті.

Партияның 10 съезі (03.1921) азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру тур. , ЖЭС-қа көшу тур. шешім қабылданды. ЖЭС-ң енгізілуіне байл-ты жерді жалға беру мен алуға, ауылшаруашылық, несие ж/е тұтыну кооперациясын дамыту көтермеленді. 1921ж наурыз– сәуір Респ-да азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырылды.

ЖЭС-ң қиыншылығы мен табысы:мал өсірумен айналысатындар 6 ж/е одан да кем ірі қарасы бар қожалықтар салықтан босатылды. Күш көлік салығы мен ақшалай түтін (шаңырақ) салығының орнына бірыңғай заттай салық белгіледі. 1924-25ж ауылшаруа-қ салығы товардың 1/8-і алынса,1927-28ж 1/3 ғана алынды. Салық үдемелі салық болып, оның негізгі ауыртпалықтары кулактар мен байларға түсті. Салықтан жиналған қаражат қорғаныс ісіне, халық ағартуды дамытуға, ауыл шаруашылығына қолдауға, ірі өнеркәсіпті дамытуға жұмсалды. Ауылшаруа-н қалпына келтіру үшін а/ш-қ кредиті қоғамы құрылды. Көшпелілерге 3-5 жылға несие берілді.кедейлерді байлар мен кулактардың қол сұғуынан қорғайтын «Қосшы»(1930ж-дан «Кедей») одағы құрылды. Қоғам шаруаларға егістіктерді, а/ш-қ машиналарын, ұсақ кәсіпорындарды, диірмендерді, наубайханаларды, асханаларды, май шайқайтын, мал соятын орындарды, кірпіш зауыттарын, т.б. сатып алуға көмектесті. 1924-25ж Респ-ға 415 трактор әкелінді. Кредит, қарыз тұқым беру т.б экон реттеу құралдары өндіргіш күшді қалпына келтіруге,ауыл еңбекші-ң еңбек белсенділермен арттыруға көмектесті.ЖЭС кезеңінде жеке саудаға рұқсат етілді.Қоянды,Баянауылда,Атбасарда,Ойылда жәрмеңке саудасы жақсартылды.

64 Қазақстанның 1925-40 жж индустриялық дамуы.

1920-1921 жж тек жеке кәсіпорындар ғана қалпына келтірілді, жалпы алғанда бұл процесс 1922ж 2 жартысында ғана ойдағыдай өрістетілді. 1923 жыл Республиканың халық шаруа-ғын қалпынакелтіруде бетбұрыс жыл болды. 1 кезекте ауыл шару-қ шикізаттарын өндейтін кәс.орын. қалпына келтірілді, бұған 1922 жылғы егін шаруа-ң жақсы болуы көмектесті. Қостанай, Орал, Семей губернелерінде, Павлодарда және т.б. жерлерде ірі диірмендер жұмыс істей бастады. Солт. Қаз-да май заводтары қалпына келтірілді, жаңадан 20 май заводы салынды. Тамақ өнеркәсібінің басқа салаларында да не белгілі табыстарға қол жетті, мәселен, 1923ж тасмызда Елек және Коряков тұз кәсіпшіліктері қалпына келтірілді, олар үлкен күрделі қаржыны талап етпеді. Респуб-ң оңтус-де мақта тазалау заводтарының, тері илейтін, жүн жуатын жжәне жеңіл өнеркәс-ң басқа кәс.орын-ң жұмысы шабан болса да жолға қойыла бастады. Петропавлда 1923ж қалпына келтірілген киіз байпақ, тон, тері илейтін және шойын құятын заводтар біртұтас кәс.орын-өнеркәсіп комбинатына біріктірілді. Алматыда, Шымкентте, Талғарда тері илейтін заводтар қайтадан жұмыс істей бастады. Мұнай өнеркәсібі неғұрлым жедел қалпына келтірілді: Ембі мен Доссор кәсіпшіліктері 1925ж өзінде-ақ өнімділігі 1913ж дәрежесінен артты. 1925 жылы ғана Риддердің кәс.орын-н қалпына келтіру жұмыстары қайта жүргізілді. Қарағанды және Екібастұз көмір кендері Спасск заводы, Успенск кеніші және басқа кен қазатын және кен қорытатын кәс.орын-р қарап тұрды. Тек 1925 жылы ақырында ғана Қарсақбай мыс қорыту заводын және оның тартабанды Байқоңыр-Қарсақбай-Жезқазған темір жолынқалпына келтіру жұмыстары басталды. Респуб-ң негізгі темір жол желісі Орынбор-Ташкент магистраліне жол қатынасы халық комиссариатының тарапынан едәуір мөлшерде паровоз және вагон, отын, әр түрлі материалдар бөлінді, транспорт шаруаш-ң жоғары маман темір жол басшылары жіберілді және тағы басқа жаңа жолдар, әсіресе “Астық” жолдары Жетісу темір жолының жалғасы ретінде Луговой ға, одан Пішпек станциясына дейінгі жол, Петропавл-Көкшетау темір жолы, сондай-ақ Оңт.-Сібір магистралінің Ақмола-Қарағанды-Павлодар тармағы салынды. Алғашқы екі жол Жетісу мен Солт. Қаз-нан елдің ашаршылыққа ұшыраған аудандарына астық тасу үшін, соңғы жол Коряков (Кереку) кәсіпшіліктерінен тұз тасып әкету үшін салынды. Риддер полиметалл комбинаты, Қарсақбай мыс комбинаты, Ертіс мыс қорыту заводы және басқа қайта құрылған кәсіпорындар базасында жұмыс істеді. Шымкент қорғасын заводы, Балхаш мыс қорыту және Ашысай полиметалл комбинаттары салынды. Текелі полиметалл және Жезқазған мыс қорыту комбинаттары, Өскемен қорғасын-мырыш заводы және басқалар салынып жатты. Мұның көпшілігі тек Қаз-ғы ғана емес, сол сияқты елдегі түсті металлургияның ең ірі кәс.орын—ы еді. Көмір өнеркәсібі қауырт дамыды, 1940жылы оның 90% Қарағанды бассейінінің үлесіне тиді, ол Домбасс пен Кузбасстан кейінгі елдің үшінші көмір ошағына айналды. Қаз-н мұнай шығару жөнінде үшінші орынға (Ресей мен Әзірбайжаннан кейінгі) шықты. Химия өнеркәсібі дамыды: Шымкент химфарм зауыты қайта құрылды. 1939ж Ақтөбе хим комбинаты қатарға қосылып, ол фосфор тыңайтқыштарын шығара бастады. Арал сульфат ойдағыдай жұмыс істеді, Қаратау фосфорит кенішін игеруге даярлық жасала бастады және т.б.

Соседние файлы в папке Ответы