Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory / Ответы / Тарих-ответы.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.29 Mб
Скачать

77. 1970-1980 Жылдардагы Казахстандагы алеуметтiк-экономикалык дамудагы кайшылыктар мен киыншылыктар.

70-80 жылдары Кеңес Одағында қос қабат қайшылықты жағдай қалыптасты: оның бұрын-соңды еш уақытта дәл осындай аса қуатты қорғаныс қабілеті болып көрмегенеді, бірақ нақ осыған байланысты соғыс қатері, ядролық шабуылға ұшырау қаупі бұрынғыдан да анағұрлым ұлғая түсті.

КСРО-дағы саяси ахуалдың өзгеруі экономикалық реформалар мүмкіндігін айтарлықтай тарылтты, ал кейіннен олардың мүлдем тежелуіне әкеп тіреді.Экономиканы бір орталықтан басқару әдісі жаңалық ойлап табу мен жүзеге асыру арасындағы жолды шамадан тыс ұзартып жіберді. Республикада бұрынғысынша шикізат өндірісіне біржақты бағдар ұсталды. Қазақстан Компартиясы 9-12 съездерінің шешімдері бұрынғы құрылым мен ғылыми-техникалық саясаттың сақталғандығын көрсетті. Пайдалы қазбалар мен қуат көздерін өндірудегішикізат пен қуатты пайдалану тиімділігі төмен болды.70-80 жылдарда ауыл шаруашылығы жөнінде ауқымды шешімдер қабылданды. Ал оның нәтижесі: ауылшаруашылық өнімдерді өндіру ұдайы төмендеді: ол 9 5-жылдықта 13%, 11 5жылдықта 0,4% дейін құлады. Ауыл шаруашылығы тиімділігі төмендігінің басты себебі шаруалардың өз еңбегінің жемісін өздері көре алмайтындығынан еді.

79. 80-жылдардагы Казахстандагы саяси омiр жэне улттык катынастар 1986 жылдагы Желтоксан окигалары.

1986 жылғы желтоқсанның 16-сы күні таңертенгілікте ҚКОК-нің 5-пленумы болды. Пленумды КОКП ОК-нің хатшысы Г. П. Разумовский жүргізді. Күн тәртібінде бір ғана – ұйымдастыру мәселесі тұрды. Пленум бар болғаны 18 минутқа созылды. Республиканы ширек ғасырға жуық басқарған саяси қайраткерді ауыстыру сияқты аса маңызды мәселелердің бірі осыншалықты қысқа мерзімде шешілді. Д. А. Қонаевтің орнына Г. П. Разумовскийдің ұсынысы бойынша бұған дейін КОКП-ның Ульяновск облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып істеген, республикаға мүлдем бейтаныс адам Г. В. Колбин тағайындалды. Орталықтың мұндай волюнтаризмімен Қазақстан бірінші рет кездесіп отырған жоқ еді.

Желтоқсанның 17-сі күні таңертен Алматыда жаппай толқу басталып, кейінрек ол республиканың басқа да қалаларына тарады. Г. В. Колбин республиканың жоғары басшылығына тағайындалуы толқу үшін сылтау ғана еді. Наразылыққа жылдар бойы қорланған себептер түрткі болды. Халықты ашындырған Орталықтың дәстүрлі өктемдік әрекеттері мен қайта құру жариялаған демократиялық принциптер арасындағы қарама-қайшылықтар еді.

Шеру бейбіт және саяси сипатта болды, онда басқа халықтарға қарсы атой салушылық, мемлекеттік құрылысты жоюға деген үндеулер болған жоқ. Әміршілдікке дағдыланған республика басшылары әу баста-ақ жастармен тең құқылы келісімге бармады және олардың пікірін тыңдағысы келмеді. Саяси наразылықты өкімет билігіне төнген қатер деп бағалап, олар бұған Алматы гарнизонын жаунгерлік дайындыққа келтіріп, сан жағынан демонстраннтардан әлдеқайта көп күштемен орталық аланды қоршап алумен жауап берді. Демонстрацияны тарату кезіңде сойылдар, кіші саперлік күректер, үйретілген иттер, су шашатың машиналар пайдаланылды. Уақытша ұстау бөлмелері мен арнайы бөлімдерге, тергеу бөлімдеріне жеткізіліп, қаланың сыртына әкетілген адамдардың саны 8,5 мыңнан асты. 1987 жылғы шілдеде КОКП ОК “Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие берудегі жұмыстары жайлы” қаулы қабылдай отырып, 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларын “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деп бағалады.

Соседние файлы в папке Ответы