Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі І с / Қазақ тілі І с.docx
Скачиваний:
30
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
144.93 Кб
Скачать

Қазақстанның қорықтары

Елімізде өсімдіктер мен жануарларды арнайы қорғайтын тұтас табиғи аймақтар – қорықтар ұйымдастырылған. Елімізде 9 мемлекеттік қорық бар. Көптеген жануарлар мен өсімдіктер үкімет қамқорлығында.

Бұлардан басқа өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлерін қорғау мақсатында 57 қорықша, 7 ұлттық саябақ (Баянауыл, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарқаралы, Катонқарағай, Шарын) ұйымдастырылған. Табиғат қазынасы сарқылмас қор емес. Адам игілігіне пайдалану, қайта қалпына келтіру ісі адамның қамқорлығының арқасында жүзеге асады.

Марқакөл қорығы – Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданындағы мемлекеттік қорық. 1976 жылы ұйымдастырылған. Негізгі мақсаты – бағалы хайуанаттарды, құстарды, балықтарды және сүтқоректілер мен өсімдіктерді табиғи қалпында сақтау мақсатында құрылған. Орманы аң мен құсқа бай. Онда балықтың – 4, сүтқоректілердің – 59, құстардың – 250-ден аса түрі мекендейді. Қорық жерінде алуан түрлі палеонтол, қазба байлықтар көп. Бүгінде қорық аумағындағы табиғи кешендерді ғылыми тұрғыдан тексеріп, бұрынғы қалпында сақтау жұмыстары жүргізілуде.

Қорғалжын қорығы – Ақмола облысының Қорғалжын ауданында орналасқан мемлекеттік қорық. 1958 жылы ұйымдастырылған. Оған Теңіз, Қорғалжын көлдері енеді. Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның температурасы - 41, - 42°С суық болса, шілдеде температура 38, 39°С-қа жетеді. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай. Мұнда сүтқоректілердің 37 түрі, құстардың 294, қос мекенділердің 2, балықтардың 10-нан астам түрлері тірішілік етеді. 1960 жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45-60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10-15 мыңдай ғана қалды. Қазір қорықта экологиялық туризм саласы дамып келеді. Осындай аймақтарға байланысты көп жылдан бері «Табиғат шежіресі» күнделігі жазылып келеді.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз

2. Сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Қорық деген не?

  • Еліміздегі басты қорықтарды атаңыздар. Өзіңіз қайсында болдыңыз? (болсаңыз қысқаша әңгімелеп беріңіз).

  • «Наурызым» қорығы туралы әңгімелеп беріңіз.

  • Экологиялық аймаққа қандай облыстар жатады?

  • Орталық Қазақстанның табиғаты туралы баяндаңыз.

  • Қорықтар туралы әңгімелеңіз?

  • «Қорық » сөзін қалай түсінесіз?

  • Қарқаралы табиғаты туралы әңгімелеңіз.

3. Мәтіннен септік жалғауында тұрған сөздерді теріп жазып, сөйлем құрастырыңыз.

4. Мәтіннен сын есімнің шырайларын тауып ажыратыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Suleimenova E., M. Lekic, K.Kadashova, D.Akanova. Kazakh langage: Module 1,1999, Module 2,3 2000, Module 4-11, 2001. [Elektronic resource]://http//www.cenasianet.ord/.

2. Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Аханова Д. Қазақ тілі. Учебный комплекс. Алматы, 1996.

3. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

  1. «Табиғатты аяла» тақырыбына шығарма жазыңыз.

  2. «Туған жер» тақырыбына сұхбат құрастырыңыз.

9-тақырып. Жер тұрғындары. Қазақстан халқы. Мәдени мұра – Алтын адам.

Есімдік.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау.

3. Мәтіндерден жаңа сөздерді сөздікпен аударту.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.