Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі І с / Қазақ тілі І с.docx
Скачиваний:
30
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
144.93 Кб
Скачать

Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан

Қазақстан Республикасы қазір әлемдегі ең жас мемлекеттердің бірі. Ол саяси картада 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Парламенті мемлекеттік тәуелсіздік туралы Конституциялық заң қабылдағаннан кейін пайда болды. Қазір біздің елімізді барлық құрлықтағы елдер біледі. Ол әлемнің барлық беделді мемлекеттерімен дипломатиялық байланыс орнатты. Қазақстан – жаңа қалыптасып келе жатқан әлемнің саяси-географиялық ауданы – Орталық Азияның көшбасшысы болып табылады. Өнеркәсіп - Қазақстан шаруашылығының басты саласы. Экономикадағы барлық алға басушылық соған байланысты. Дүние жүзіндегі отын мен металл бағасының жоғары болуы – отын-энергетикалық және металлургиялық кешендердің жарыса өсуіне себеп болып отыр. Осы салалардың өсуі қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. «2003-2015 жж. арналған индустриялы-инновациялық даму стратегиясы» Қазақстан өнеркәсібінің құрылымын жақсартуға арналған. Инновациялық даму экономиканың шикізатқа тәуелділігін азайтып, өңдеуші салалардың жоғары сапалы тауар шығаруына мүмкіндік береді. Қазір Қазақстан елді тиімді басқару жүйесін құрып, шекара мәселелерін толық шешіп, өзінің экономикалық-географиялық жағдайын жақсартуға кірісті.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Қазақстан саяси картада қашан пайда болды?

  • Қазақстан қандай мемлекеттермен байланыс орнатты?

  • Қазақстан шаруашылығының басты саласы не?

  • Инновациялық даму қандай мүмкіндік береді?

  1. Төмендегі сөздерді сөз құрамына талдаңыз: шаруашылығының, тәуелділігін, мәселелерін.

  2. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырыңыз: саяси, шикізат, сапалы, тиімді.

  3. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз: Қазір біздің елімізді барлық ... елдер біледі. Қазір Қазақстан елді тиімді ... жүйесін құрып, ... мәселелерін толық шешіп, өзінің ... жағдайын жақсартуға кірісті.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Suleimenova E., M. Lekic, K.Kadashova, D.Akanova. Kazakh langage: Module 1,1999, Module 2,3 2000, Module 4-11, 2001. [Elektronic resource]://http//www.cenasianet.ord/.

2. Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Аханова Д. Қазақ тілі. Учебный комплекс. Алматы, 1996.

3. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. «Қазақстан – 2030» стратегиясы – ел дамуының көзі» (Белгілі бір салаға қатысты тоқталу. Мысалы, білім, денсаулық саласы, т.б.). Конспект.

2. Шығарма. «Мен – елімнің ұланымын»

5-тақырып Білім – байлығымыз. Білім атасы – Ы. Алтынсарин. Кітап – білім бұлағы. Зат есім

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау.

3. Мәтіндерден жаңа сөздерді сөздікпен аударту.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

Білім – байлығымыз

«Әр халықтың дамуы үшін, ең алдымен, азаттық пен білім керек», - деген екен Ш.Уәлиханов. Ел азаматтығын алысымен тарихи-әлеуметтік болмысына сай жаңа білім жүйесін құрудың аса қажеттілігі туды. Бұл міндетті атқару бұрынғы білім проблемалары институты үшін салмағы ауыр жүк болатын.

Мемлекетіміздегі үздіксіз білімді дамыту мақсатында құрылған Академия құрамындағы үш ғылыми-зерттеу институттарының (Жоғары білім институты, Кәсіптік білім институты, Орта білім институты) құрылуы да Республиканың білім беру болашағынан үлкен үміт күтетіні сөзсіз.

Ғылым мен практика, бейнелеп айтқанда, құстың қос қанатындай, бір-бірімен тығыз байланысты. Ертеңгі ұрпақтың мектеп қабырғасынан сапалы білім, саналы тәрбие алып шығуына осы байланыстың әсері мол.

Қазақстандық экономиканың жетістігі, көбінесе, бәсекелесуге қабілетті жоғары технологиялық экономика үшін мамандардың жаңа буынын дайындауды қамтамасыз етуге арналған жоғары білім беру жүйесін қайта құру. Біздің Республикамызда еліміздің білім беру саясатында қазіргі әлеуметтік-экономикалық стратегиялық міндеттерді бейнелейтін жоғары білім берудің мемлекеттік стандартының тұжырымдамасы дайындалды.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқып аударыңыз.

  2. Мәтін бойынша он сөзді аудармасымен жазыңыз.

  3. Мәтінге сұрақ қойыңыздар.

  4. Мәтіннен зат есімдерді тауып жазып, ажыратыңыз.

  5. Мәтіннен туынды зат есімдерді табыңыздар.