Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі І с / Қазақ тілі І с.docx
Скачиваний:
30
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
144.93 Кб
Скачать

Жер тұрғындары

Жер планетасы алты құрлықтан тұрады: Австралия, Антарктида, Африка, Азия мен Европа, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка. Құрлықтардың әрқайсысында түрлі елді мекендер, таулар, өзендер, көлдер, шөл далалар, шалғынды жазықтар, ормандар, қалалар сияқты ландшафттар бар.

Құрлықтарда 7 миллиардтан астам тұрғын өмір сүреді. Олардың қоныстануы әр түрлі. Мәселен, тұрғындары ең аз қоныстанған құрлық – Австралия. Ал, Европа құрлығы аумағы ең кіші құрлық болғанменен, халқы тығыз қоныстанған. Жер тұрғындары нәсіліне қарай үшке бөлінеді.

Ұлттар, ұлт өкілдері ортақ тарихы, генетикалық жақындығы, дәстүріне орай белгілі бір мемлекеттерді құрайды. Әр халықтың өз салты, тілі, діні бар. Кейбір тілдер кең таралған. Мысалы, ағылшын тілі – әлемнің барлық елінде қолданылады. Сол сияқты өлі тілдер, жасанды тілдер де бар.

Салт-дәстүрлер әр елде әр түрлі. Ол сол халықтың наным-сенімімен, тарихымен тығыз байланысты.

Әлем халықтары әртүрлі діндерге табынады. Табынушылар саны көп діндер – ислам, христиан, иудаизм, буддизм, конфуциандық, индуизм, синто және даосизм діндері. Өзге діндерге сикхизм, джайнизм, бахаизм және зороастризм, тағы басқалар жатады.

Тапсырмалар:

1. Жаңа сөздерді оқыңыз.

2. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз. Мына сызба бойынша жұмыс істеңіз:

үлкен

жаңа

таза

құрлық

3. Мәтінді түсініп оқыңыз.

4. Мәтіндегі тірек сөздерді жазыңыз. Сол бойынша жоспар құрыңыз.

5. Халықтар, олардың мәдениеті, тілі, діні, нәсілі туралы мәліметтер жинаңыз. Оны әңгімелеп беріңіз.

Қазақстанның халқы

2009 жылдың 25 ақпанында елімізде Ұлттық халық санағы өтті. Бұл акция Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері екінші рет өткізіліп отыр. Өткен санақтан бері он жыл өтті. Бұл еліміз үшін аса жауапты әрі маңызды іс-шара болып табылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ұлттық халық санағының үндеуінде «Адам ресурсы дегеніміз, ол – сіз бен біздер, Қазақстанның азаматтары. Ол – қоғамның басты байлығы, қозғаушы күші және дамуының қайнар көзі», - деп айтылған.

Халқымыздың өсіп-өркендеуі, мемлекетіміздің нығаюы – баршамыз үшін ең маңызды міндет. 1994 жылы өткен тәуелсіз Қазақстан Республикасында 16 млн. 854 мың адам болды.

Еліміздің өсіп-өркендеуі мақсатында, болашақты болжап, стратегиялық бағыттарымызды тағы да айқындай түсу үшін, халықтың әл-ауқатын одан жақсарту үшін мемлекетке ел, жер, экономика, әлеуметтік жағдай жөнінде нақты мәліметтер қажеттілігінен елімізде Ұлттық халық санағы жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігі 2009 жылғы Халық Санағында республикамызда 16 млн. 402 861 адамның тіркелгенін хабарлайды. («Заң газеті», №44, 26 наурыз, 2009 жыл). Бұл адамдардың 50,4 пайызы қалада, 49,6 пайызы ауылда тұратынын, сондай-ақ оның 47,9 пайызы ерлер, 52,1-і әйелдер екенін анықтады. Ел халқының 67 пайызы жергілікті ұлт өкілдері.

Тапсырмалар:

1. Мәтін бойынша сөздік құрыңдар.

2. Сіз Ұлттық халық санағына қатыстыңыз ба?

3. Мәтінді орыс тіліне аударыңдар.

Мәдени мұра – алтын адам

Бүкіл Еуразиялық байтақ даласын күн шуақты- алтынды «аң тәсілді» өнерімен көмкерген ата-бабаларымыз кейінгі ұрпағы мақтанарлықтай өлмес мұралар қалдырды. Соның бірі- әлемдегі өнер сүйер қауымды елең еткізген, бір тума ескерткіш. 1969-1970 жылдары Алматы қаласынан 50 шақырым жердегі Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» кейпі. Оны алғашқы ашып, әлемге танытқан ғалым- археолог Кемел Ақышев. Бұл обаға б.з.д. Ү-ІҮ ғасырда өмір сүрген 17-18 жас шамасындағы Сақ жауынгері, сол кездегі дәстүр бойынша, киімімен, тұрмыстық заттармен қоса жерленген.

Оның салтанатты биік бас киімі, бешпенті, шалбары мен етігіне дейін 200-ден астам аң, құс сипатты алтын әшекейлермен безендірілген. Қару-жарағы, сақинасы да алтын. Оның «Алтын адам» аталуы да сондықтан.

Сонымен қатар, ағаш ыдыс-аяқтар т.б. заттар қойылған. Соның бірі- 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс тостаған. Оны ғалымда «Есік жазуы» деп атайды.

«Алтын адам» киімі- сирек кездесетін ғажайып өнер туындысы.

Бұл тек құнды архелогиялық олжа ғана емес, ата-бабамыздың жоғары мәдениеті, тарихы, біздің тарихымыз, мәдениетіміздің алтын тұғыры.

Осы ескерткіштер қазақ жерін мекендеген бабаларымыздың осыдан 2500 жыл бұрын өзіндік жазу-сызуы мен өркендеген мәдениетінің болғандығын дәлелдейді.

Тапсырмалар.

1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

  • «Алтын адам»- кейпі қай қаланың маңынан табылды?

  • Алтын адамды ол жерден қай жылы қазып алған?

  • Алтын адам жанынан тағы қандай заттар табылды?

  • Бұл қандай өнер туындысы?

  • Ескерткіштер нені дәлелдейді?

3. Өзіңізді тексеріп, дұрыс жауабын мәтін бойынша тауып айтыңыз.

Үлгі: Ата-бабаларымыз кейінгі ұрпаққа аз мұра қалдырды. – Жоқ, мақтанарлықтай өлмес, үлкен мұра қалдырды.

    1. Алтын адам Жамбыл облысының Шу өзенінің маңынан табылды.

    2. Есік қорғанынан түрік жауынгері барлық заттарымен табылды.

    3. Алтын адам киімі қарапайым, күнделікті жауынгер киімінде.

    4. Қазақ халқының мәдениеті мен өнерінің дамуын сипаттамайды.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Аханова Д. Қазақ тілі. Учебный комплекс. Алматы, 1996.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3. Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. «Жер тұрғындары» тақырыбына сұхбат құрастырыңыз.

2. Әңгіме «Қазақстан халқы».

10-тақырып. Ғалам және ғасыр. ХХІ ғасырдың жетістіктері. Қазақстан және ғарыш (Т. Әубәкіров). Етістік. (дара, күрделі, негізгі, көмекші, болымсыз, тұйық етістіктер)

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау.

3. Мәтіндерден жаңа сөздерді сөздікпен аударту.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.