Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі І с / Қазақ тілі І с.docx
Скачиваний:
30
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
144.93 Кб
Скачать

Табиғат

Қазақстанның территориясы батысында Волганың төменгі ағысынан, шығысында Алтайға дейін 3000 км созылып жатыр. Ал солтүстікте Батыс Сібір жазығынан оңтүстікте Тянь-Шаньға дейін 2000 км-ге жуық қашықтыққа созылады. Қазақстанның оңтүстік-шығысында биіктігі 7000 м жететін Хан-Тәңірі тау массиві бар. Қазақстан Республикасы Евразия материгінің ортасында орналасқан.

Қазақстанның жер беті әр алуан. Онда басын мұз басқан биік таулар да, биіктігі орташа таулы қыраттар да, кең-байтақ жазықтар мен ойпаттар да бар.

Республиканың оңтүстік-батысында Маңқыстау түбегі орналасқан. Маңқыстаудың шығысында Үстірт шөлді қыраты (биіктігі 340 м-ге дейін) бар. Каспий маңы ойпатының солтүстік-шығысында Орал тауы мен Мұғалжар (биіктігі 657 м) таулары бар. Ал Мұғалжардың солтүстік-шығысында Торғай қыраты (биіктігі 200-400 м) бар, оңтүстікте Тұран ойпатына Қызылқұм (биіктігі 53-332 м) кіреді.

Арал теңізінен солтүстікке қарай Үлкен және Кіші Борсыққұм массивтері және Арал маңы Қарақұмы жатыр.

Қазақстанның орталық бөлігін Сарыарқа алып жатыр. Сарыарқада Қарқаралы (1,366 м), Ұлытау (1,133 м) т.б. тау массивтері бар. Сарыарқаның оңтүстік бөлігі бірте-бірте сусыз шөл Бетбақдалаға ұласады. Оның оңтүстігінде Мойынқұм жатыр. Бетбақдаланың шығысында үлкен аймақ бар. Ол аймақ Балқаш көліне құятын 7 өзенге байланысты Жетісу аталады.

Республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында Алтай таулары, Тарбағатай мен Жоңғар Алатауының (4,463 м) жоталары орналасқан.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқыңыздар.

  2. Жаңа сөздерді көшіріп жазып, аударыңыздар.

  3. Мәтінді аударыңыздар.

  4. Мәтіннен сын есімдердің түрлерін анықтаңыздар.

Табиғаты ғажап қазақстан

Қазақстанның жер қойнауында әлемдегі табиғи қазба байлықтарының барлық түрі кездеседі. Қазақстандағы ең биік шың – Тянь-Шань тауының Хан Тәңірі шыңы. Оның биіктігі – 6996 метр. Республиканың ең көрікті жерлерінің бірі – Қарқаралы. Қарқаралы Қарағанды облысына қарайды. Қарқаралы көрікті де әдемі жер. Орманды, тоғайлы жер. Қаланы орман, тоғай қоршап тұрады. Тоғай ішінің ауасы мен жемісі адамға шипа. Сондықтан да бірнеше демалыс орындары, санаторий салынған. Олардың іші таза, жарық, кең, биік. Бұл демалыс орындары мен санаторийге жылына жүздеген адамдар келіп дем алады, емделеді.

Қазақстан территориясының ауқымдығына қарай ауа райы да әр түрлі. Табиғаттың әсемдігін көріп, сүйе білетін адам, оны қорғаудың қажеттігін сезініп, түсінеді. Қоғамның материалдық және рухани байлықтарының қайнар көзі – табиғат. Табиғаты әсем сұлу қалалардың қатарына Алматы қаласын жатқызуға болады. Алматы – Алатаудың қасында орналасқан. Алатау – биік, әдемі тау. Алатауда Медеу спорт кешені бар. Халық әр жексенбіде Медеуге барып демалады. Оқушылар, студенттер Медеуге көп барады. Медеуге үлкен кісілер де, сырттан келген қонақтар да барады. Алатаудың басында қысы-жазы қар жатады. Қазақстандағы ең биік тау – Алатау тауы.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

  2. Орталық Қазақстанның табиғаты қандай? Суреттеп беріңіз.

  3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

  4. Мына сөздермен сөйлем құрастырыңыз: қазба байлықтары, жер қойнауы, қорық, табиғат, шың, бейнеленген, ұйымдастырылған.

  5. Мәтіннен сын есімнің түрлерін табыңыз.

  6. Берілген өлеңді мәнерлеп оқыңыз. Өлеңнен табиғат құбылыстарына қатысты сөздерді тауып аударыңыз.