Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі І с / Қазақ тілі І с.docx
Скачиваний:
30
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
144.93 Кб
Скачать
  • Әркім өз уақытын еңбегінің көлемімен өлшегені – ең дұрыс жол. В.Г. Белинский

  • Ақша – қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақытың бәрінен қымбат. А.В. Суворов

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Suleimenova E., M. Lekic, K.Kadashova, D.Akanova. Kazakh langage: Module 1,1999, Module 2. 3 2000, Module 4-11, 2001. [Elektronic resource]://http//www.cenasianet.ord/.

2. Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Аханова Д. Қазақ тілі. Учебный комплекс. Алматы, 1996.

3. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Әңгіме «Мен бос уақытымды қалай өткіземін»

2. «Уақыт» тақырыбына сұхбат құрастырыңыз

4-тақырып. Ұлы іс отаншылдықтан туады. Атамекен. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Фонетика(Үндестік заңы). Жұрнақ: сөз тудырушы, сөз түрлендіруші

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау.

3. Мәтіндерден жаңа сөздерді сөздікпен аударту.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

Ұлы іс отаншылдықтан туады

Ұлы іс Отанға деген сүйіспеншіліктен, халыққа деген құрметтен, осы екеуі үшін еткен еңбек пен ерліктен туады.

Жастарымыз отаншыл болсын. Отаншылдық – әр адамға керекті ұлы қасиет. Ал отаншылдық өз үйіңен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтаса, бірге туған бауырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл болады. Өйткені өз әке-шешесін ардақтамаған, өзгенің ата-анасын құрметтемейді. Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге ауылдың тауын қадірлемейді. Өз ұлтын жақсы көрмеген өзге ұлттарды ұнатпайды. Мұны ұлтшылдықпен шатастырмау керек. Екеуі аспан мен жердей. Намыс – азаматтың алтын туы. Әке-шешесін сыйлаған балада намыс болады. Ер жігіттің елі – ата-анасы. Отаны – өз үйі.

Елді, жерді, Отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде. Ата-анасын сыйлаған шәкірт, студент сабағын да жақсы оқиды, тәртібін де дұрыс ұстайды, шаруақор, адал, әділ болып өседі. Іс деген – осы. Патриотизм осыдан басталады.

(Бауыржан Момышұлы).

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып аударыңыз.

2. Мәтіннен таныс емес он сөзді аударыңыз..

3. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдап, жұрнақтардың түрлерін ажыратыңыз..

4. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз: Сүйіспеншіліктен, отаншылдық, бауырларымен, қадірлемейді.

Атамекен

Сөзін жазған: Қадыр Мырзалиев.

Әнін жазған: Ескенді Хасанғалиев.

1. Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Айдарымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны деп білем!

Қайырмасы:

Қайда жүрсең, атамекен

Көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі ұясына

Қимай оны батады екен!

2. Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем.

Асқар тауын аспаныммен астасқан

Қазағымның мәртебесі деп білем!

3. Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін

Қазағымның махаббаты деп білем!

Тапсырмалар:

  1. Өлеңді мәнерлеп оқыңыз.

  2. Төмендегі сөздерді сөз құрамына талдаңыз: қазағымның, аспаныммен, ойнаймын.

  3. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырыңыз: самал, атамекен, асқар тау, күннің нұры.

  4. Өлеңді жаттап алыңыз.