Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі І с / Қазақ тілі І с.docx
Скачиваний:
30
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
144.93 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының әнұраны

Мемлекеттік Әнұран – тәуелсіздік пен егемендіктің музыкалық рәмізі. Мемлекеттік Әнұран әр елде бар, ол мемлекеттің рәмізі болып табылады. Әнұран – мемлекеттің бірлік белгісі ретінде қабылданған салтанатты ұран өлең. Әнұран қоғамдасуға үндейді, бірлескен іс-қимылға шақырады, жігерлендіреді, рухтандырады. Елдің намысын оятып, елдікке, бірлікке, еркіндікке шақыратын үндеу.

Қазақстан Республикасының Әнұранының сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Әнұранның музыкасын жазған: Шәмші Қалдаяқов.

Қазақстан республикасының әнұраны

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы.

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы.

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін.

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

Тапсырмалар:

  1. Жаңа сөздерді дәптерге жазып, аудармасын есте сақтаңыз.

  2. Мәтіндерді оқып, аударыңыз.

  3. Тіршілік, шаңырақ, ұлттық, өрнек, рең, байлық, береке, қыран, тұлпар, тәуелсіздік, егемендік сөздерімен сөз тіркестерін, сөйлем құрастырыңыз.

  4. Қазақ елінің Елтаңбасы мен Туын суреттеңіз.

5. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

а) Басқа қандай елдердің Елтаңбасын білесіз?

ә) Біздің Елтаңбамыздағы белгілер басқа елдердің Елтаңбаларында кездесе ме?

Менің отаным – қазақстан

Қазақстан – Еуропа мен Азияның орталығында орналасқан егеменді, ірі ел. Қазақстанның жер көлемі – 2, 7 млн шақырым. Елордасы – Астана қаласы. Жерінің ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (6467 км), оңтүстігінде Түркіменстан (380 км), Өзбекстан (2300 км) және Қырғызстан (980 км) республикаларымен шектеседі. Қазақ елі 1991 жылы 16 желтоқсанда өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялады.

Қазақ жері ұлан-байтақ. Осы ұлан-байтақ далада есепсіз байлық бар. Мұнай, көмір, темір, алтын, күміс және басқа да байлықтар жеткілікті. Мұнай қоры бойынша Қазақстан дүние жүзіндегі ірі мұнайлы державалармен тең.

Қазақстан – біріккен Ұлттар ұйымына мүше ел. Оның тәуелсіздігін дүние жүзі таныды. Ол – бейбітшілікті сүйетін ел. Қазақстан қазір дүние жүзі мемлекеттерімен экономикалық, мәдени байланыстар жасап жатыр. Қазақстан – демократиялық, құқықтық мемлекет. Ол басқа мемлекеттермен өз ақшасы арқылы сауда жүргізеді. Мемлекет басшысы – Президент. Атқарушы билігі – Республика Үкіметі. Ақша бірлігі – теңге. Халқының саны – 15301,4 мың. (2006 ж. 1 шілде). Қазақстан жаңа мыңжылдыққа тек дербес қана емес, сонымен қатар қуатты мемлекет ретінде аяқ басты. Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Қазақстан қандай ел?

  • Қазақстан қайда орналасқан?

  • Қазақстан егемендігін қашан алды?

  • Қандай табиғи байлықтары бар?

3. Мына сөздердің жазылуына көңіл аударыңыз: қауіпсіздік, дүние жүзі, құқықтық.

4. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырыңыз: мәселе, мемлекет, дауыс беру, мұнай қоры.

6. Досыңызбен осы тақырыпқа сұхбат құрастырыңыз.

7. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Suleimenova E., M. Lekic, K.Kadashova, D.Akanova. Kazakh langage: Module 1,1999, Module 2,3 2000, Module 4-11, 2001. [Elektronic resource]://http//www.cenasianet.ord/.

2. Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Аханова Д. Қазақ тілі. Учебный комплекс. Алматы, 1996.

  1. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. «ҚР рәміздері» тақырыбына сұхбат құрастырыңыз.

2. «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбына шығарма жазыңыз.

7-тақырып. Табиғат. Табиғаты ғажап Қазақстан. Диктант. Сын есім

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау.

3. Мәтіндерден жаңа сөздерді сөздікпен аударту.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.