Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ умк ЭТД 2013.doc
Скачиваний:
88
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.17 Mб
Скачать

2 Тапсырма

Экологиялық мониторинг, оның ұйымдасу принциптерімен таныса отырып, оның классификациясына назар аударыңыздар. Мониторинг типтеріне толық анықтама беріңіздер.

3 Тапсырма

ҚР қоршаған ортаға қатысты ең негізгі құжаты ҚР Экологиялық кодексін талдаңыздар.

4 Тапсырма

ҚР тұрғындарына экологиялық білім мен тәрбие беру ерекшеліктерін талдаңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері қандай?

2. Арал маңының әлеуметтік-экологиялық мәселесін ашыңыз.

3. Семей ядролық полигоны мәселесін түсіндіріңіз.

4. Каспий теңізінің экологиялық мәселелері қандай?

5. Балқаштың экологиялық мәселелері қандай?

6. Экологиялық мәселелерді шешу жолдарын келтіріңіз.

Әдістемелік нұсқаулар:

Студенттер республикамыздағы антропогенді геосистемалық өзгерістерді және осы факторды туғызатын себептерді жақсы білуі керек; алған білімдерін экожүйе біртұтастығын сақтауда түрлердің экологиялық факторларға тәуелді екенін түсіну керек. Практикалық жұмыс соңына қарай студенттер экологиялық шиеленісушілік деңгейлерін, оларды қалпына келтіруге арналған іс-шараларды атайды. Әңгіме барысында студенттер апаттық және дағдарыстық жағдайдағы геоэкологиялық аймақтарды қалпына келтіру және реттуге арналған нұсқаулық мысалдар келтіреді.

Студенттердің оқытушылармен өздік жұмысы №1 Сабақтың тақырыбы: Экология ғылымының қысқаша даму тарихы.

Мақсаты:экология ғылымы және «тұрақты дамудың» негізгі түсініктерінің маңызын анықтау, ғылымның қалыптасу тарихының дамуына үлес қосқан ғалымдармен танысу.

1 тапсырма: Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, талдаңыздар:

1. Экология терминінің анықтамасы.

2. Кім және қай жылы экология терминін ғылымға енгізді?

3. Экологияның басты бөлімдері:

4. Аутэкология нені зерттейді?

5. Демэкология нені зерттейді?

6. Синэкология нені зерттейді?

7. Экология ғылымының қалыптасуының үш кезеңі:

8. Тұрақты даму түсінігінің анықтамасы:

9. Экология ғылымының міндеттері:

10.Экологияның зерттеу әдістері:

2 тапсырма:Экология ғылымының қалыптасу тарихының күнтізбесін жасап, талдаңыздар:

Жылдары

Авторы

Елі

Экологиялық маңызы

Б.э.д.УІ-УІ ғ.ғ.

-

Ежелгі Үндістан

«Махабхарата» және «Рамаяна» поэмаларында 50 түрлі жануарлардың мекен ету ортасы мен тіршілік етулері сипатталған.

Әдебиеттер:

  1. Оразбаева Р.С., Дәрібай А.О. Экология. Оқулық. Астана, 2010.

  2. Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

  3. Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.

  4. Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

  5. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.

  6. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.

  7. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «Қазақ университеті», 2000.

  8. Мирзадинов Р.А. Экология и устойчивое развитие. Учебник. Алматы, 2010

  9. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

  10. Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.