- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк
- •Пәннің оқу-әдiстемелiк кешені Астана
- •Силлабус
- •5.Оқу пәнінің сипаттамасы
- •5.4.Пәнді оқу барысындағы студенттер қалыптастыруға тиіс жайлар мен дағдылар.
- •5.5. Пәнді оқытудың жоспары:
- •6) Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •6.1. Негізгі әдебиеттер:
- •6.2. Қосымша әдебиеттер:
- •7. Білімді бағалау
- •Әлеуметтану пәнінен глоссарий
- •Глоссариймен жұмыс істеу бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Дәрістердің қысқаша конспектісі Тақырып 1. Әлеуметтанудың объектісі және пәні
- •Тақырып 2 Әлеуметтану ғылымының даму тарихы
- •Тақырып 3 Қоғамның әлеуметтік құрылымы
- •Әлеуметтік іс-әрекеттер, өзара іс-қимылдар және қарым-қатынастар
- •Тақырып 4 Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік
- •Әлеуметтік топтар
- •Тақырып 5 Әлеуметтік институттар
- •Тақырып 6 Тұлға әлеуметтануы
- •Әлеуметтік мәртебелер және рөлдер
- •Тақырып 7 Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы
- •Тақырып 8 Отбасы әлеуметтануы
- •Тақырып 9 Экономикалық әлеуметтану
- •Экономикалық социологияның тарихи дамуы
- •Экономикалық социологияның негізгі категориялары
- •Тақырып 10 Әлеуметтік шиеленістер
- •Жанжалды жіктеу
- •Саяси жанжалдың өзіне тән ерекшелігі
- •Жанжалдар динамикасы және оларды реттеу әдістері
- •Тақырып 11 Мәдениет әлеуметтануы
- •Тақырып 12 Дін әлеуметтануы
- •Дін және қоғам. Діннің әлеуметтік функциялары
- •Тақырып 13 Этникалық әлеуметтану
- •Этносаралық қатынастар
- •Тақырып 14 Басқару әлеуметтануы
- •Тақырып 15 Эмпирикалық әлеуметтану
- •1 Кезең. Социологиялық сұрауға дайындалу:
- •2 Кезең. Эмпирикалық ақпарат жинау:
- •3 Кезең. Социологиялық мәліметтерді өңдеу және түсініктеме беру:
- •4 Кезең. Алынған мәліметтерді талдау:
- •Социологиялық зерттеудің бағдарламасы
- •Социологиялық зерттеудің іріктеуін құрау. Іріктеу жиынтығы
- •Сипатты есептеу
- •Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері
- •Әлеуметтану пәні бойынша негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •Семинар сабақтарының жоспары
- •Әлеуметтану пәні бойынша
- •Семинар сабағына, өздік және тәжірибелік жұмыстарды орындауға
- •Арналған
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Семинар сабағы
- •Тәжірибелік сабақ
- •Курстың жеке тақырыптары бойынша конспектілеу жұмыстарын жүргізу
- •Курстың жеке тақырыптары бойынша жұмыстардан көшірмелер жасау
- •Тезистерді құрастыру
- •Мақалаларға аңдатпа мен ой-пікір жазу
- •Курстың белгілі бір тақырыптары бойынша библиография құрастыру
- •Әдеби қайнар көздерді сипаттау үлгісі
- •Реферативтік баяндамаларды даярлау
- •Студенттердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар:
- •Әлеуметтану пәнінен бақылау сұрақтарына дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Өздік тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Әлеуметтану пәнiнен эсселер тақырыбы
- •Эссе қалай жазылады?
- •Әлеуметтану пәнінен білім алушылардың білімін бағалауға арналған сұрақтар
Экономикалық социологияның тарихи дамуы
Экономикалық-әлеуметтік білімнің алғашқы элементтері қайта өркендеу және жаңа заман дәуірінде пайда болған. Алайда мұндай білімнің теориялық сипаты ХVІІІ ғасырда бастау ала бастады. Бұл уақытта философтар Шарль Луи Монтескье, Клод Гельвеций, экономистер Адам Смит, Томас Роберт Мальтус, Жан Шарль Сисмондидің, философ және социалист-утопистер Уильям Годвин, Анри Сен-Симон, Шарль Фурьенің ойлары құнды болды. Осы кезеңнің өзінде тәжірибешілердің, өндірісті басқарушылардың экономикалық-социологиялық білімге жүгінген алғашқы жәйттері пайда бола бастады. Бұл тұрғыда ең жарқын мысал - Роберт Оуэн.
ХVІІІ ғасырда экономикалық социологияның дамуының “философиялық-экономикалық” кезеңі аяқталып, өзіндік “социологиялық” кезеңі басталды.
Огюст Конт (1798 - 1857) - француз социологы және философы. Ол дәстүрлі философиядағы дерексіз конструкциялар мен заңдық ойлардағы шашыраңқы эмпирикалық байытуларға қарағанда қоғамдық өмірдегі диахроникалық және синхроникалық аспектілердегі құбылыстарды ғылыми зерттеп білуді ескере отырып “социология” ұғымын енгізді.
О.Конт қазіргі заманды анықтап-тануға талпыныс жасап көрді. Ол жаңа әлеуметтік тәртіптің бірқатар ерекшеліктеріне көңіл аударды: 1) еркін кәсіпкерлік пен бәсекелестікке негізделген экономикалық жүйенің қалыптасуы; 2) жұмыс күшінің қалады шоғырлануы; 3) өндірісте ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану; 4) басшылар мен жалдамалы жұмысшылар арасында жасырын немесе ашық қарама-қарсылықтың пайда болуы; 5) әлеуметтік теңсіздіктің күшейе түсуі; 6) табыс табуға бағыт ұстану.
Конт индустриалдық қоғам мен өндірістің адамға және мәдениетке әсер ету теориясын дамытты. Оның теориясы бойынша өндіруші мен ойлап табушының түйсігі өрлеуді тудырады. Өндірістің дамуы адамның өмір сүруін жеңілдетіп қана қоймай, сонымен бірге тұлғаны жоққа шығарады және әлеуметтік тәртіпті бұзады.
Карл Маркс (1818 - 1883) - неміс социологы, философы және экономисі. Ол жасаған қазіргі заманғы капиталистік қоғамның бейнесі кең тарады. Маркс капитализмге күшті сыни және идеологиялық сипат берді.
Маркс көтерген ең танымал тақырып “жатсыну” болып табылады. Маркстың пайымдауынша, адамдар табиғатынан еркін, үйір және жасампаздыққа бейім. Алайда, адамның табиғи мүмкіндіктерінің көрінуіне кедергі болатын белгілі бір тарихи жағдайлар туатын болса, онда олар табиғи бейімділіктерінен айырылып қалады. Мұндай парасаттан жұрдай қалатын жағдайлар қоғамдағы барлық топтар тарапынан болады, атап айтқанда қазіргі капитализм көптеген адамдарды тәуелділікке айналдырып, оларды қинап, экономикалық механизмнің жатсынған бөлшегіне айналдырып жіберді. Өз еңбегін және оның өнімін бақылаудан айырылған жұмысшы жатсына бастайды, өз еңбегінен, айналасындағы адамдардан және ақырында өз-өзінен шеттеле бастайды. Маркс атап кеткендей, жұмысшы еңбек процесінде өзін орнықтыра алмайды. Керісінше, өзін жоққа шығарып, бақытты емес, бақытсыз деп санайды. Ол үшін - еңбек дене және ақыл-ой күштерінің еркін ойыны емес, қаны мен сүйегін жансыздандыру және сананы бұзу. Сонымен, жатсыну социоцентристік серпіндердің (өзімшілдік, атомизация), шығармашылықтың жоқтығының (кертартпалық, еңбектің бір сарындылығы), күшеюіне, әрекеттерді бақылаудан (енжарлық), дербестіктен (адамдарды басқарушы заттар фетешизмі), бас тартуына бара-бар. Адам табиғаты өз мәнін жоғалтып алады. Оларды қалпына келтіру жатсынудан арылған жағдайда ғана мүмкін болады, ал оны тудырушы әлеуметтік жағдайлардың төңкерісін, тапсыз коммунистік қоғамның орнауын талап етеді .
Герберт Спенсер (1820 - 1903) - ағылшын социологы және экономисі, өз еңбектерінде әлеуметтік даму және әлеуметтік эволюция мәселелеріне баса назар аударды. Ол “әскери” және “өндірістік” қоғамның полярлық қарама-қайшылық үлгісін жасай отырып, қазіргі қоғамға дәстүрлі қоғамды қарама-қарсы қояды. Спенсер жаңа әлеуметтік құрылыстың маңызды белгілерін ашты. Олар - дамудың, қиратудың және реттеудің шешуші фокторлары болып саналатын әлеуметтік күрес пен бәсекелестік. Міне осылар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтардың ең маңызды қайнар көзі болып табылады. Жеңіске жеткендер меншік иелерінің тобын құрады, ал жеңіліс тапқандар - жалданбалы жұмысшылар т.б. қалыптастырады; жеңілгендердің ерте ме кеш пе абырой сезімі оянады және оның салдарының бірнеше нұсқасы болады.
Фердинантд Теннис (1865 - 1936) - неміс социологы және тарихшысы. Ол жаңа әлеуметтік құрылыстың маңызды белгілерін сипаттап берді. Теннис Gesellschaft (қазіргі қоғам) пен Gemeіnschaft-ты (дәстүрлі қоғам) бір-біріне қарсы қояды. Қазіргі қоғамда адамдар өзінің жеке қасиеттерін, ұқсастығын жоғалтып, құпиялы жалданушылар, жұмысшылар, сайлаушылар, тұтынушылар мен көрермендер, т.с.с. механикалық түрде біріге отырып, сахнаға шығады. Оған - үлкен нарықтары, аудиториясы, тыңдарман қауымы, электораты, ұлттық ұйымдары бар қазіргі қоғамның көлемі кінәлі. Мұндай жағдайда тұлғааралық байланыстар бүркемеленеді. Бұл жағдай өмір сапасының нашарлануына, бюрократия мен үкіметтің жекеленуіне алып келіп, тоталитарлық режимнің пайда болу қаупін тудырады.
Э.Дюркгейм (1858 - 1917). Ол “аномия” ұғымын енгізе отырып, адамдар - олар өз мүдделері үшін күресіп таласуға дайын тұратын өзімшілдер деп санады. Олар тек мәдени ережелер, нормалар мен құндылықтар арқылы байланысқа түскен жағдайда ғана “бәрінің барлығына қарсы соғысынан” құтылып, үйлесімді әлеуметтік өмір сүруге қол жеткізе алады. Қандай да бір тарихи жағдайларда мәдени ережелер өзінің реттеуші күшін жоғалтады. Сол кезде аномия жағдайы туады, қоғамды ұйымдаспағандық пен астан-кестеңдік жайлап алады. Адамдар өздерін түп-тамырларынан үзіліп қалғандай сезініп, өзін-өзі өлтіруге қол жұмсайды. Дюркгейм, қазіргі қоғам аномиялық жағдайдың туындауына ықпал етеді деп есептеген.
Дюркгейм қандай да бір әлеуметтік фактілердің себептерін басқа бір әлеуметтік фактілерден іздеуге шақырып, психологизмнен бас тартады. Оның көрсеткен кестесінде адамның жүріс-тұрысы шын мәнінде пайдакүнемдік сипатынан айырылады. Алайда, сонымен бірге, адамның өзі индивид ретінде әлеуметтік қызметпен алмастырылады .
Көптеген социологтар секілді, ол да әлеуметтік-экономикалық прогресте шешуші рөлді жеке меншік, бәсекелестік пен еркін кәсіпкерлік емес, адамдардың ынтымақтастығы мен бірлігі, әлеуметтік қатынастар мәдениеті, еңбектің микро-макро деген деңгейдегі әлеуметтік ұйымдасқандығы атқарады деп санаған.
Макс Вебер (1864 - 1920) - неміс социологы, ХІХ - ХХ ғасырлардағы ең ықпалды тұлғалардың бірі. Ол қазіргі қоғамды саралай отырып “дәстүрлі” және “капиталистік” қоғамды бір-біріне қарсы қояды. Олардың айырмашылығы мына өлшемдер бойынша көрінеді: жеке меншік формасы, технологияның басым түрі, жұмыс күшінің нарығы, экономикалық бөліп берудің әдістері, заңдар табиғаты, кең таралған дәлелдемелер. Вебердің сөздері бойынша, капитализм дегеніміз “пайда соңынан ылғи қуалап жүру” және “бос жұмыс күштер нарығын дұрыс ұйымдастуру” .
Вебер ерекше ментальдыққа - “этосқа” ие болатын кәсіпкерлер мен жұмысшылардың ерекше табы болады деп санайды. “Этос” немесе “капитализм рухы” табыс себебін, аскеттілік, парыз сезімін қамтиды. Этостың қайнар көзі протестантизм болып табылады.
Вебер ұйым теориясы шеңберінде бюрократия құбылысына сипаттама жасап, бюрократиялық жүйені әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыта түсуде нақтылы әдістемелік ұсыныстар берген.
Вебер социологиясының негізгі принципі - бюрократия теориясының арқауын құратын рационалдылық. Капитализмнің ең маңызды белгісі, бәрі де мойындап отырған таным құралы ретіндегі ғылымның рөлі болып табылады.
Вебердің айтарлықтай жетістіктеріне әлеуметтік дауларды экономикалық тұрғыдан талдауын жатқызуға болады. Экономикалық жүріс-тұрысты ол әлеуметтік жүріс-тұрыстың ең ұтымды түрі деп қарастырады.
Ғылым өнеркәсіпте ірі-ірі эмпирикалық зерттеулер жүргізді және мұндай зерттеулердің әдістемесінің дамуына айтарлықтай үлес қосты.
Вебер, жан-жақты социолог бола тұра, социологияда ең бастысы шаруашылық өмірді талдау деп есептеді. Ол әлеуметтік-экономикалық өмірді зерттеп білгенде жүріс-тұрыс категорияларына сүйенді және жүріс-тұрыстық тұрғыдан қарауға үгіттеуші болып табылады.
Талкотт Парсонс (1902 - 1979) қоғамның төмендегідей негізгі белгілерін бөліп қарастырды: 1) экономика, өзінің жаппай өндірісімен, бюрократиялық ұйымымен, жан-жақты қамтушы нарығымен, ақшасымен қоғамда жоғары рөл атқарады; 2) төрт кіші жүйенің толық жіктелуі (бейімделушілік, мақсатты бағыттаушы, интегративті, қолдаушылық); 3) әлеуметтік үйлестірудің негізгі механизмі болып табылатын құқықтық жүйенің дамуы; 4) стратификация; 5) әлеуметтік өзара байланыстардың күрделі жүйесінің жанама түрде кеңеюі.
Ол экономикалық қатынастарды талдауға көңіл бөледі, іс-әрекет теориясы тұрғысынан адами әрекеттің субъектісі көбіне жалпы құрылымдардың элементі ретінде көрінеді. Немесе іс-әрекет жүйелері ішінде шешуші рөл нормативтік құрылымдарға беріледі.
Парсонс, қазіргі және дәстүрлі қоғамның үлгілері тарихи қоғамдарды шынайы бейнелейді деп есептемейді; керісінше, ол оларды үзіліссіз сызықша бойында орналасатын қоғамдағы талдамалық нүктелер ретінде қарастырады. Ол келесі “паттерн-өзгермелілікті” бөліп көрсетті: мәртебені негіздеу, бағалау өлшемі, эмоцияның рөлі, әлеуметтік құрылымның анықтылық деңгейі.