Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkd sotsiologiya kaz.doc
Скачиваний:
289
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.11 Mб
Скачать

Әлеуметтану пәнінен білім алушылардың білімін бағалауға арналған сұрақтар

  • Бәріне қажет ғылым (немесе: әлеуметтану не үшін қажет ?)

  • Әлемдегі әлеуметтанулық білімнің тарихы

  • Әлеуметтануды пән ретінде ЖООда оқытудың маңыздылығы

  • Әлеуметтану не үшін қажет?

  • Әлеуметтану сізге не береді ?

  • Қазіргі күнде әлеуметтанудың маңызы неге артып отыр?

  • Әлеуметтанушының кәсібилігінің сапалары. Бұл мамандық қандай тұлғаға қарама-қайшы?

  • Социологияның пайда болуының алғышарттарын білесіз бе?

  • «Социология» термині ғылыми айналымға қашан енді, оның негізін салушы деп кімді айтады және неліктен? Мүмкін бірнеше негізін салушы бар шығар?

  • Социологияның дамуының негізгі кезеңдері қандай?

  • XIXғ аяғы мен XX ғасырдың басындағы белгілі социологтарды атаңыз.олардың социологиялық ойлардың дамуына қосқан үлесі қандай?

  • Американдық социологияның ерекшеліктері қандай?

  • Отандық социологиялық ойлардың дамуы туралы не білесіз? Көрнекті өкілдерін атаңыз.

  • Қазіргі кездегі социологияның дамуының ерекшеліктері неде?

  • Қоғам туралы ғылымдардың арасында социология қандай орын алады?

  • Социологияның объектісінің оның пәнінен айырмашылығы неде?

  • Социологияны ғылым деп айтуға қандай негіз бар?

  • Қазіргі социологияның ерекшеліктері мен міндеттері қандай? Оның негізгі функцияларының мәні неде?

  • Социологияның құрылымы қандай? Теориялық социология эмпирикалық социологиядан қалай ерекшеленеді?

  • Сіздерге белгілі арнайы социологиялық теорияны атаңыз. Сіздің мамандығығыңызға қайсысы жақын?

  • Социологияның қандай категорияларын білесіз? Негізгі категориясын атай аласыз ба?

  • Социологияның заңдары туралы не білесіз?

  • Социология қандай әдісті немесе әдістерді қолданады?

  • Әлеуметтік жүйе дегеніміз не?

  • Сіздің көзқарасыңыз бойынша әлеуметтік жүйенің құрылымдық бірлігі болып не табылады?

  • «Қоғам» дегеніміз не? Адам неге қоғамнан тыс өмір сүре алмайды?

  • Адамзат қоғамының дамуының спецификасы мен тенденциясын қандай факторлар анықтайды? Қоғамды табиғаттан не бөліп тұр?

  • Қоғамның қандай тарихи типтерін білесіз?

  • Қоғамның жүйелік талдауы терминдерімен Қазақстанның қазіргі жағдайын сипаттап беріңіз. Қазіргі Қазақстан қоғамының негізгі жүйелік белгісі не?

  • Әлеуметік пргрестің критерилері қандай ?

  • Ақпарттық қоғамның мәні неде? Ол қашан айқындалады?

  • Әлеуметтік қауымдастық дегеніміз не ? Сіздерге қандай қауымдастықтар белгілі?

  • Неге социологияда «әлеуметтік қауымдастық» ұғымымен қатар «әлеуметтік топ» ұғымы бар? Әлеуметтік топтың белгілері қандай? Қоғамда әлеуметтік топтардың қандай типтері бар?

  • «Қоғамның әлеуметтік құрылымы» ұғымына не енеді? Қоғамның әлеуметтік құрылымының қандай концепцияларын білесіз?

  • Қоғамның негізгі және негізгі емес кластарға, әлеуметтік жіктерге бөлінуінің себебі неде?

  • В.И.Ленин классқа қандай анықтама берген? Қоғамның әлеуметтік құрылымын түсіндіруде әлеуметтік мүдделердің ролі қандай?

  • КСРОдағы бюрократияны тап деп сипаттауға бола ма ?

  • Қоғамның әлеуметтік құрылымына меншіктің алуан түрлі формалары мен нарықтық қатынастар қалай әсер етеді?

  • Тұлғаның өмірінде, оның әлеуметтік байланыстарында еңбек қандай роль атқарады? Еңбек адамды «жасады» ма әлде «бұзды ма» ?

  • Еңбектің құрылымының өзгеруі қоғамның әлеметтік құрылымына әсер етеді ме?

  • Стратификациялық теориялардың мәні неде: Т.Парсонс жасаған қоғамның страталарға бөліне критериі, Л.Уорнер, П.Сорокин бойынша стратификация.

  • Сіздерге қандай стратификацияның модельдері, стратификациялық жүйелердің типтері белгілі?

  • Қазақстан қоғамының қазіргі құрылымының өзгеру тенденциялары қандай? Біздің қоғамдағы қандай негізгі жіктерді атап бере аласыз? Қоғамда интеллигенцияның орны мен ролі қандай? Нағыз интеллигент деп кімді атауға болады?

  • Әлеуметтік мобильділік – қазақстандық қоғамның әлеуметтік құрылымын өзгертудің көрсеткіші

Кафедраның әдістемелік секциясы отырысында 2013 жылғы «___» __________ № ____ хаттамасымен қарастырылды.

Жауапты тұлға С.Б.Тагаева

Кафедра меңгерушісі А.Т.Забирова

ЕҰУ Ф 703-08-12 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Үшінші басылым

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]