Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ксіпорын эко-сы.doc
Скачиваний:
107
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
76.29 Кб
Скачать

Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштірі және оларды жетілдірудің жолдары.

Кәсіпорын құрылымын толық сипаттау үшін түрлі көрсеткіштер қолданылады. Олардың ішіндегі негізділері:

  • оның құрамына кіретін бөлімшелердің жалпы тізімі;

  • бөлімшелер қызметкерлерінің саны;

  • жабдықтардың қуаты;

  • өндірістік қорлардың құны;

  • өнім шығару көлемі;

  • мамандандыру және механикаландыру;

  • күрделі қаржының құрылымы.

Кәсіпорынның құрылым көрсеткіштерін дұрыс таңдау өндірістің «осал жерлерін» ашуға және осы кәсіпорынның оңтайлы құрылымын таңдауға мүмкіндік туғызады.

Келтірілген бірқатар көрсеткіштерді пайдалану цехқа қатысты кәсіпорынның үдемелі құрылымын анықтайтын кейбір өндірістік бөлімшелердің арақатынасын анықтайды. Кәсіпорын құрылымындағы негізгі цехтар, дайын өнімді шығарумен байланысты, негізгі операцияларды орындауды қамтамасыз ететін құрылымның тиімділігін көрсетеді. Сонымен, нақтылы көрсеткіштерді салыстыру арқылы басқару құрылымын сипаттайтын нормативтік немесе алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың қол жеткен табыстарын өндіріске енгізуді қажет етеді. Мұндай салыстырмалы тәсілдермен олардың одан әрі жетілдіру жолдарын анықтайды.

Салалық құрылымдарды жетілдіру көзінің бірі – бұл өндірістік бірлестіктер құру. Оның түрлі үлгілері әр түрлі құрылымдарды алдын ала анықтайды. Дегенмен, қағида бойынша, өндірістік бірлестіктерде ғылыми-зерттеу лабораториялары, жобалау-конструкторлық бюролар, жабдықтар, өткізу қызметтері, көмекші шаруашылықтар орталықтандырылады.

Өндіріспен қатар ғылыми-өндірістік бірлестіктер құрылады. Оларды құрудың басты мақсаты – машиналардың, жабдықтардың, приборлардың, материалдардың және басқа да өндірістік бұйымдардың үдемелі технологиялық процестерінің жаңа үлгілері таңдамаларының техникалық деңгейлігін арттыру. Сөйтіп, олардың негізінде саладағы ғылыми-техникалық прогресті жеделдету болып табылады.

Ғылыми-өндірістік бірлестіктер бірыңғай ғылыми-өндірістік және шаруашылық кешені болып саналады. Оның құрамына тәжірибелі үлгілер шығару, жұмыспен қамту және жаңа өнімнің бірінші тобын немесе тәжірибе-өнеркәсіп үлгілерін жаңа техникамен шығаруды қамтамасыз ететін ғылыми-зерттеу, конструкторлық, жобалау-конструкторлық және технологиялық ұйымдар, эксперименттік зауыттар (фабрикалар), іске қосуды реттеушілер және т.б. қосылады.

Ғылыми-өндірістік бірлестіктердің құрылуы ғылым мен өндірістің қосылу нысаны ретінде ең алдымен ондай кәсіпорын салаларда жүргізілетін, сөйтіп, олардың дамуы көпшілігінде халық шаруашылығында ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қарқынына байланысты болады.

Өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі принциптері.

Өндіріс процесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек процесінің үлесуін және өндірістік материалдық элементтерін белгілі бір жүйеге келтіруін қамтамасыз етуі қажет: технологияға сәйкес тиімді жабдықтарды қатыстыру, олардың үздіксіз, жоғары өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және өндірістің тапсырыс ырғағын түпкілікті қорғау. Сонымен, өндіріс процесі уақыт пен кеңістік жағдайында үйлестілігі болу керек. Өндірістік процесті былай ұйымдастыру қажет, егер де бірлестіктер, кәсіпорындар, фирмалар, өндірістік бөлімшелердің ұжымдарының бірлескен жұмыстары жоғары сапалы және шығындарды аз жұмсай отырып, өнімдерді ең көп шығаруды қамтамасыз ететін болса.

Өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастыру мыналарды қамтуы қажет:

  • өнімдерді дайындау немесе шығарудағы үздіксіздігі;

  • кейбір бөлісулердің өндіріс учаскелері қуаттылығының үйлесімділігі және олардың өзара үйлесуі;

  • өндірістің барлық бөлісу қызметінің ең жоғарғы қосарластығы;

  • өңделетін материалдар мен бұйымдар қозғалысының түзу дәлдігі, яғни өндіріс процесінің барлық сатысынан өткен ең қысқа жол;

  • өндірістің ырғақтылығы, яғни тең аралық уақытта тең өнім мөлшерін шығару немесе тең аралық уақытта тең жұмыс көлемін орындау.

Өндірісті ұйымдастырудың негізгі үлгілері: жеке дара, сериялық және жаппай өндіріс болып табылады.

Жеке дара өндіріс – шығарылатын өнімнің кең номенклатурасын, сол сияқты көмекші операцияларға уақыт шығындарының көп жұмсалуы, еңбек өнімділігінің төмен және өнімнің өзіндік құнының жоғары болуын сипаттайды.

Сериялы өндіріс – жеткілікті көп мөлшерде шығарылатын өнімдердің түпкілікті және көп емес бұйымдардың номенклатурасын айғақтайды. Өнімді шығарудың көлеміне және номенклатуралық айырымына байланысты сериялы, орта сериялы және ірі сериялы болып бөлінеді.

Жаппай өндіріс – ұзақ уақыт ішінде үздіксіз шығарылатын шектеулі номенклатуралық бұйымдар немесе материалдардың әрбір жұмыс орнында елеулі мөлшерде қатаң қайталанатын процестерді сипаттайды.

Жаппай өндірістің экономикалық артықшылығы мына төмендегілерден байқалады:

  • мамандандырылған жоғары өнімді жабдықтарды және өндірістік процестерді кешенді түрде механикаландыру және автоматтандыруды қолдану;

  • жабдықтарды қайта құру және оларды жетілдіруге байланысты уақыт ысырабының жоқтығы;

  • өндіріс процестерінің ұзақтылығын қысқарту, еңбек өнімділігін және оның сапасын арттыру;

  • өндірістік қуаттарды едәуір тиімді пайдалану және өнімнің өзіндік құнын елеулі кеміту.