Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ксіпорын эко-сы.doc
Скачиваний:
107
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
76.29 Кб
Скачать

Өндірістік қуатты қарқынды пайдаланудың факторлары.

Кәсіпорынның өнім шығарудағы әлуетті мүмкіндіктері олардың

өндірістік қуаттарын тұлғалайды. Кәсіпорындардың қабілеттілігі және олардың бөлімшелерінің өнімді ең көп мөлшерде дайындауды, олардың жарақтандырылуы тікелей сапасына, жетілдіру және еңбек құралдарының іс-әрекетке қабілеттілігінен тұрады. Еңбек құралдары ең алдымен актив бөлігі еңбек құралын кәсіпорынның өндірістік қуатын қалыптастырудың негізгі факторы деп есептеуге болады. Алайда, бұдан өндірістік қуатты еңбек құралдарының өндірістік-техникалық параметрлер негізінде кәсіпорынның осы уақыт аралығындағы нақтылы жағдайын есепке алмай-ақ анықтауға болады деген қорытындыға келісуге болмайды.

Сонымен, өндірістік қуат экономикалық санаты ретінде ең көп өнімді шығару мақсатында еңбек құралдарының активті түрлері – машиналар және жабдықтардың ұйымдасқан жиынтықтарын пайдаланудағы өндірістік қатынастарын қамтиды. Өндірістік қуаттың мәні толық ашылады, егер де оны еңбек құралдарының ұйымдасқан жиынтығының бернесі ретінде қаралатын болса.

Барлық жағдайлары бірдей кәсіпорындарда өндірістік қуатты пайдаланудың экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі жолдары мыналар:

  • нақты жағдайларда ең жоғары экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін машиналар, техникалар және жабдықтарды таңдап алу;

  • қажетті құрал-жабдықтардың қолайлы құрамын табу.

Қазіргі кезде қандай да болмасын жұмыстарды өнімділігі жоғары техниканың жаңа түрлерін қолданбайынша сапалы орындауға болмайды. Сондықтан белгіленген жұмыс бағдарламасын әрі сапалы, әрі өз уақытысында орындалуын қамтамасыз еткен жөн.

Кәсіпорынның өндірістік қуаттарын пайдалануды ұйымдастыру және қалыптастыру процестері күрделі және көптеген факторларға тәуелді. Өндірістің өсу ауқымы және оның тиімділігінің артуы резервтерді көбейту және қолданыстағы кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын пайдалануды жақсартуды іздестіру міндетін қояды. Сондықтан да, қолданыстағы кәсіпорынның өндірістік қуатын және оны пайдаланудың мөлшер деңгейін анықтауға негіз болатын факторлар шеңберін анықтауды қажет етеді. Бұл шарттасқан 2 фактор ықпал ететін бірыңғай объект – кәсіпорынның өндірістік қуаты (бөлімшелері). Бұлардың арасындағы айырмашылық – факторлардың бір бөлігі өндірістік қуаттың өсу резервін, ал екінші бөлігі – оны пайдалануды жақсарту резервін анықтайды.

Кәсіпорынның өндірістік қуатын пайдалануға ықпал ететін факторлар сыныптамасы.

Өндірістік қуаттың мөлшеріне ықпал ететін факторлар

Өндірістік қуатты пайдалануға ықпал ететін факторлар

  • Машиналар саны (жұмыс орны) және олардың техникалық деңгейі

  • Өндіріс алаңдарының мөлшері

  • Машиналар топтары арасындағы өткізу мүмкіндігінің үйлесімдік деңгейі

  • Үйлесімді технология

  • Механикаландыру және автоматтандыру

  • Материалдардың сапалылығы, бұйымдарды жетілдірудің конструкциясы, стандарттау және сәйкестендіру дәрежесін арттыру

  • Жұмысшылардың техникаларды игеру дәрежесі

  • Өнімді қажетсіну

  • Кәсіпорынды материалдық-техникалық жабдықтау

  • Жаңа қуаттарды кешенді түрде іске асыру

  • Энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етілуі

  • Жабдық жиынтығының құрылымы

  • Жабдықтардың жөндеуде тұрғандағы нормативтен тыс бос тұруы

  • Жабдықтардың ауысымдық жұмысының артуы

  • Өндірістік қызмет етуді ұйымдастыру

  • Өндірісті және жабдықтарды жүктемелеуді жоспарлауды жетілдіру дәрежесі

  • Еңбекті ұйымдастыру және оны ынталандыру

  • Қуаттарды пайдаланудағы кооперациялауды ұйымдастыру