Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
динтану.doc
Скачиваний:
188
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
361.47 Кб
Скачать

3.Солтүстік америкалықтардың діндері

Негізінде америкалық үндістерінің әлемге деген дүниетанымдық көзқарастары бір-біріне ұқсас. Осындай бірлік дүниетанымдық көзқарастың төрт формасына тоқталып өтейік. Олар: әлем туралы; әлемнің үндестігі (гармония); елестету және күш; өмір мен өлім циклы туралы.

Солтүстік Америкадағы көгалды шалғынды аймақтағы үндістердің жануарлармен бірлігін әр түрлі билерде әрбір жануарлардып қимылдарын келтіріп билеуі, жануарлардың құрметіне емес немесе тотемизм емес, әлемдік күшке бас июлері, былайша айтқанда – шоқыну. Осы жерде мынандай сұрақ туады: жануарлардың рухы немесе рух жануарды қалай түсінуге болады. Үндістер екі сұрауға бірдей жауап береді, олар үшін екі жағы да бар. Үндістер бойынша жануарлар адамдарға ұқсас және екінші жағынан олар ұқсамайды. Ұқсамаған жағы жасырын, қауіпті. Кейбір аюлар кәдімгі жануарлар, ал кейбіреулері құдіретті күштермен теңеледі. Осыдан біз үндістердің дүниетанымдылығы екіге бөлінгенін көреміз: шындық әлем және құдіретті әлем. Кейбір табиғи заттардың құдіреті күшті. Олар киелі сондықтан олар қорқынышты ‑ табу. Мысалы, гейзерлер қорқынышты қауіпті рух күші.

Үндістердің «жоғарғы күшке» сенгенімен, ол күштер рух есебінде, олардың күнделікті өмірде бірге өмір сүретіндігі, олардың Құдайы өздерінен бөлініп кетпейтіндігі. Олармен түсінде болсын, өңінде болсын байланысуға болатынына көздері жетеді. Мысалы, бірер жануарлар ‑ рух, ал бірер жануарлар рух-жануар. Сондықтан олар Құдаймен үндесті түрде өмір сүреді.

Әлемдік үндестік. Қазіргі үндістер әлемді біртұтас үндестік түрде қарастырады: адамдар, жануарлар, ағаштар, өсімдіктер, табиғат біртұтасты және құдіретті күш. Осы көрсетілген түрлердің де өздерінің рухы бар. Мысалы, барлық балықтардың қам-қарекетінен үлкен бір балыққа бағынатындығына сенеді. Адамдарды қамқор ететін жоғарғы Құдайы бар. Сондықтан қандай бір тірі нәрсе болмасын өзінің рухани екінші жағы бар. Оның өмір сүруі осы екінші жағымен гармониялық қосылыста болып, бірін-бірі толықтыра отырып өмір сүреді. Ондай біртұтстығы жартысын «муити» деп айтады. Әлемдік күш екі мутидан тұрады – жаз және қыс, екеуінің қамқоршысы майса (қамқоршы рух). Жаздың мутиы егіннің пісуіне жәрдем береді, ал қыстың — аң аулаушыларға жәрдем береді...

Елестету (аян) және күш. Солтүстік Америка үндістері оңаша жерде ұйықтағанда түсіне рухани күш аян беріп не істеу, не істемеу керегін айтады деп сенеді. Сондықтан аян беруші күшпен кездестіру жатқан ритуалдық жұмыс. Мысалы, жалғыз аңшыға Құдайдан да қамқоршы рух жақын. Солтүстік Мексикадан ондай жақын қамқоршы рухты нагуализ деп атайды. «Нагуал» - қамқоршы жануар, «меннен» кейінгі. Рух өлсе, адам да өледі. Бұндай ритуал кеңінен қолданылады. Мысалы, ертең баланың балағатқа жетуінің кезі - қамқоршы — рухпен кездесті деп, ондай кездесу жекелеген, адам жоқ жерлерде өтеді. Үндістер өзінің балаларын тауға, орманға апарып тастайды. Олар әбден әлсірегеннен соң олардың көз алдына елес «елестейді», ондай жағдайда баланың қамқоршысы - рухпен кездесті деп, ондай балалар ересек болды деп есептейді.

Өмір циклі және өлім. Үндістер уақытты сызық (линия) ретінде емес циклдық форма ретінде қабылдайды. Олар үшін уақыттың басы және соңы болмайды, ол қайталанып отыратын жағдай мен нәрсе. Олардың сөз қорында өтіп кеткен және келесі деген лексиондары жоқ. Олардың мифтік көзқарасы бойынша көп жыл болған оқиға бүгін де қайталана алады деп ойлайды. Үнділер бойынша жыл дөңгелек, әлемнің шекарасы. Дөңгелек бірден символ, жер (дөңгелек) және уақыт. Бір жылдық өзгеру — шығыс және бату уақыттың көлеңкесі, кеңістіктің бір бөлігі. Календарь - магиялық дөңгелек. Әрбір адам туғаннан өлгенге дейін циклдан өтеді (өтуі). Осы арада көптеген циклдық белестер болады, тууы, ер жетуі, қартаюы, өлуі. Өлуі - циклдың соңы емес, ол жаңа циклдың бастамасы (лсаны басқа нәрселерге көшеді). Өлінің өзі gpitp әрбір циклдан тұрады: өлік басқа әлемге кетті; өлгеннің жаны басқа адамға ауысты, өлген адамның жаны бізге келді... Сондықтан үнділіктер «өлім» дегенді біз сияқты түсінбейді, олар үшін дін - өмір, ал өлім туралы дін жоқ.

Өлім, о дүние туралы түсінік үнділіктерде күрделі, айқын емес. Ондай түсінікті түсіндірушілер шамандар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]