Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
динтану.doc
Скачиваний:
188
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
361.47 Кб
Скачать

Дәріс №2

Тақырыбы: Діннің құрылымы мен элементтері.

Қандай да бір діни ұғым болмасын оларды күрделі әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырамыз. Дін деген ұғымның әлеуметтік елеулі белгілері: діни сана; діни ғибадат, іс-әрекет, діни қатынас және діни ұйымдар.

1. Діни сана. Дінді қоғамдық сананың бір түрі есебінде қарасақ, онда оның басты негізін діни сенім деп айтамыз. Діни сенім деп құдіретке сенуді айтады. «Құдірет» діндарлар мен діни ғұламалардың пікірінше, ешқандай материалдық дүние зандылықтарына бағынбайды, ол объективті өмір сүреді. Ол объектімен байланыса алады деген сенім. Байланысқанда одан қайырымдылық алуға болады. Әр түрлі мифті ғажайыптарға сену. Діни догмаларға киелі есебінде сену және атақты діни өкілдердің күнәкарлықтары мен олардың беделділігіне сену.

Діни саналылық сенім екі деңгейден тұрады: әдеттегі діни сана, яғни діни психология мен діни идеология. Діни психология - қарапайым діндарларға тән қүдірет туралы жалпы елестету. Ол бұлыңғыр, толық емес, жүйесіз, орнықсыз болып келеді. Сондай-ақ жалпыға бірдей таралған, діннің қарапайым түрі. Діни идеология - неғұрлым толық, орнықты әрі сабақтасты болып келетін құдіретке көзқарастың жүйесі. Діни идеологияның негізі «діни психология» болып табылады. Мұндай жүйені дін ғұламалары, сондай-ақ қызметкерлері, яғни діни көзқарасты өз ісіне айналдырғандар қарастырады. Діни идеология, яғни теология, кез келген діннің теориялық негізін құрайды.

2. Діни іс-әрекет. Діни ғибадат, іс-әрекет - әр түрлі объектілерге әсер етуге бағытталған рәміздік іс-әрекеттердің жиынтығы.

Діни ғибадаттық іс-әрекеттер және ғибадаттан тыс іс-әрекеттер бо­лып бөлінеді. Ғибадаттық іс-әрекеттерге әр түрлі діни шығарма жазу, діни әдет-ғұрыптарын шығару, басқару жұмыстары жатады. Діни ғибадатқа - діни-сиқырлық бағыттағы әдет-ғұрыптар, рәсімдер, құрбандық шалу, ораза, құпиялар, дұға ету, сондай-ақ осы орайда пайдаланылатын мазарлар және т.б. діни іс-әрекеттер. Діни ғибадаттық іс-әрекеттер діннің негізі және оның өмір сүру формасы. Діншіл мен діншіл емес адамдарды ажыратып көрсететін түрі. Керек болса, сол бір діншіл адамдардың діни сана сезімінің теренділігі мен таяздығын көрсететін элемент.

3. Діни қатынас. Діни қатынас - сол бір діни іс-әрекеттер арқылы рухани жағдайда жүріп жататын үрдістер. Діни қатынастың екі объектісі бар. Біріншісі, діншіл адамдардың өзара қатынасы, ал екіншісі, діншіл адамдардың киелі деген объектімен қатынасы. Адамдардың қатынасына ұқсас, діни қатынастар да күрделі, жай көзбен қарағанда, көптеген діни қатынастардың түрлерін көруге болады. Мысалы: 1) табиғаттағы тірі немесе өлі заттармен - (төтемдік, мазар, крес, икон) - заттық қатынастар; 2) образдық қатынас - Құдай образы, аруақ, жан, періште, рух; 3) тілдік, семантикалық қатынас - әр түрлі киелі сөздер, асыл кітап сездерін қайталау, мантрилер, құран оқу; 4) жеке адам басына табыну - жеке адамдарға пайғамбарлық, киелі мағына беріп табыну.

4. Діни ұйымдар. Діни ұйымдар - діни ғұрыптардың орталықтары, белгілі бір дінді ұстаушылардың бірлестігі. Діни ұйымдардың көлемі әр түрлі болып келеді: діни кішкентай секта, қауымнан діннің миллиондаған бір діни ұйымдарына дейін құрылады. Діни қауымдар діни және дінсіз іс-әрекеттер жасайды. Дінсіз іс-әрекеттерге әр түрлі ұйымдық, басқарушылық (діни кеңес, тексеру комиссиясы, білім беру бөлімдері, жоғары оқу орындары, баспаханалық ұйымдар). Дінсіз іс-әрекеттер діни қауымдардың басын құрастырады. Діни қауымдық ұйымдардың үш түрі бар: 1) шіркеу - діни ұйымның аты, дін адамдарының кәсіби қызметі, орталыктандырылған дербес ин­ститут. Шіркеу деп ғибадат ету үшін, яғни храмды атайды; 2) секталар ұйымы - ірі діни ұйымдардан бөлініп шыққан оппозиция ретіндегі бағыт. Секталық қозғалыс қогамның белгілі бір таптары мен топтарының әлеуметтік қарсылығы іспетті; 3) деноминациялық (лат.-атын өзгерту) -секталық ұйым мен шіркеу арасындағы қауымдық ұжым. Ол ұжымның барлық мүшелері Құдайдың тандап алған адамдары және олар барлығы жұмаққа баратындығы. Олардың айырмашылығы азаматтық қоғамның оміріне белсенді қатысуы, бизнеспен айналысуы және олар шіркеудің қауымдық деңгейге өсуіне тырысуы. Діни ұйымдардың негізгі атқаратын функциясы екеу: ұйымдастырушылық (қай жерден шіркеу ашу, шіркеу басына кімді жіберу т. б.), екіншіден, діни үгіт-насихаттық, модернизаторлық рөлдері. Себебі, діни көзқарасты өзгертіп отыру, қоғамға бейімдеп отыру керек, ол болса, үлкен жұмыс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]