Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
динтану.doc
Скачиваний:
188
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
361.47 Кб
Скачать

Дәріс №1

Тақырыбы: Дін тарихының пәні, мәні және анықтамалары

Дінтану пән есебінде немесе жеке ғылым жүйесі болып XIX ғасырдың екінші жартысында дүниеге келді. Дегенмен, дінтанудың қайнар көздері сонау ортағасырлық христиан философтарының, мұсылман теологиясының құдайтанушылық ізденістерінен бастау алады. Бастапқы құдайтанушылықты дінтанудың алғашқы формасы деп айтамыз. Теология құдайтану жолында тек догма ғана емес, философиялық тұрғыда дәлелдеуге, Құдайды абсолютті идея, әлемдік ерік, әлдебір түр-түссіз парасатты негіз түрінде көрсетуге тырысатын қағидаларды пайдаланады. Қазір де теологтар философиялық ілімдермен және жаратылыстану деректерімен Құдайды тану идеяларын жаңартуда. Сондықтан Құдайтану формасының дінтану формасына өтуі рационалдық философиямен тығыз байланысты. Дінтанудың негізгі пәні дін болғандықтан, діни көзқарас тікелей философиялық көзқараспен тығыз байланысты болғандықтан, дінді «діни философиялық» пәнге де айналдырып қарастырады. Соның салдарынан «діни философия» мен «философиялық дін» дінтанудың ең негізгі теологиялық тұрғысы болып есептеледі. Дінтанулық көзқарас бойынша, қандай да бір дін болмасын тарихтан тыс құбылыс ретінде емес, керісінше оны тарихи, қоғамдық ақылмен түсіндіруге болатын құбылыс ретінде қарастырады. Екінші жағынан, дінтану XIX ғасырдың екінші жартысында ғалымдардың жетістіктерін кеңінен пайдалана отырып, әсіресе қандай да бір ғылыми жаңалықтың дүниетанымдық әдістемесіне сүйене отырып дамыды. Осының арқасында «дінтану» ғылымның бір саласы ретінде қалыптасты. Ондай бастаудың шыңында тұрған адамдар Э.Тайлор (1832-1917), Дж.Фрезер (1854-1941) болды. Э.Тайлор болса өзінің «Алғашқы мәдениет» атты фундаментальды монографиясында және Дж.Фрезердің көп томдық «Алтын бұта» атты еңбектерінде дінді ғылыми, теориялық және эмпирикалық тұрғыдан зерттей бастады. Бұлардың еңбектері ескі сенімдер мен мифтерді, алғашқы ойлау жүйесін зерттеуге ғылыми әдістемесін қолдануы еді. Бүндай бетбұрыстағы ғылыми еңбектерді М.Мюллердің 1856 жылы шыққан «Салыстырмалы мифология» атты еңбегінен де көреміз. Қазіргі дінтанудың ішіне бірнеше жекелеген бөлімдер кіреді: тарихи дінтану, дін философиясы, дін социологиясы, дін психологиясы және т.б.

Дінге деген анықтама ұғымы, өте күрделі іс және осы кезге дейін беделді де негізін салушы теологтар мен ғылым өкілдерінде бір ауыздан беретін анықтама жоқ деуге болады. Әрбір өкілдер өздерінің білімдік саласына субъективті баға беріп дінді анықтайды. Осылайша әр түрлі көзқарастарды жинақтап, екі топқа бөліп қарастыруға болады: дін адам санасының жемісі ме, жоқ, санадан тыс, адам ақылынан биік нәрсе ме? Философиялық тілмен айтқанда, дінге иррационалды (санаға сыйымсыз, логиканың заңына бағынбайтын) және рационалды (зерделі, санаға сыйымды) тұрғыдан анықтама беруге болады. Соңғы жылдары дінге деген әралуан көзқарастардың ішінен төрт бағыттағы топтар айқындала бастады: теологиялық, философиялық, ғылыми және мәдениеттің салалары.

Теологиялық анықтама. Теология (грек theos - Құдай және logoc - ілім, сөз, ақыл, ес) Құдай туралы дін ілімі, белгілі діннің ілімдерін жүйелеу деген түсінік береді. Қандай бір теологиялық көзқарастың түрлері болмасын, олардың бастарын біріктіретін бір тәсіл, иррационалдық көзқарас арқылы жүріп жатады. Теологиялық анықтама бойынша, Құдай - реалды күш және адам өзінің өмір сүру процесінде онымен қатынас жасайды. Теология - барлық үлкен діннің догмаларының жүйесі. Бұл жүйелілік анықтау болса, барлық анықтаудан ерте де бірінші болып есептеледі. Осы көзқарас бойынша діннің табиғатын сол діннің «ішінен» түсінуге жетелейді және сол бір діни тәжірибеге негіздейді. Дін дегеніміз - Құдай мен адамның кездесуі деп түсіндіреді. Себебі дін дегеніміз (лат.сөз. religiaze) - «байланыстыру» сөзі арқылы анықталады дейді. Сондықтан, теология дегеніміз Құдай туралы ілім емес, ол - Құдайдың айтып кеткен өсиеттері туралы білім. Басқаша, теология «Құдайдың сөзі емес», ол «Құдайдың сөзі туралы сөз» болғандықтан, теология адамның ақылын, ой‑парасатын Құдайдың өсиеттерін түсіндіру үшін қолдану керек екенін көрсетеді. Осыдан, теологияның өзі догма емес, дамитын ғылым есебінде қарастырылады. Теология арқылы адамның ақыл жолдары, логикалық көзқарастары сол бір биік сенімге, құдіреті күшті сенімдерге қарай бой ұрғандықтан, ол адамның сенімін, ой‑өрісін жоғары дәрежеге көтерді.

Дінді философиялық тұрғыдан анықтау. Философиялық анықтау методологиясы (әдістемелігі) субстанциялық және универсализмдік жолдармен қарастырылады. Қандай да бір құбылыс немесе процесс болмасын абстрактылы-логикалық сызбадан шығады. Мысалға, дін философия жүйесіне кіреді дейтін көзқарас - Құдайды ең жоғарғы «ақыл» ретінде қабылдап, әлемдік құрылысты осы «ақылдың» нәтижесі ретінде көрсетеді. Екінші бір дін философиясының көзқарасы Пантеизм (бүған келесі тақырыпта эдейілеп тоқталамыз) түсінігі бойынша табиғаттың өзі Құдай көрінісі болып, Құдайды табиғатқа, мәдениетке сіңіріп жібереді.

И.Кант өзінің «Кіршіксіз таза парасат шеңберіндегі дін» деген еңбегінде танымның трансцендентті нәрсенің (о дүниеліктің) қарама-қайшылығын сезіммен басталуға тиіс екенін көрсете келіп, жалпы алғанда, философияның қарама-қайшылығын ашып берді, ал трансцендентті нәрселерге ол Құдай және адамның трансцендентальды (осы дүниенің) ерекшелегі туралы түсініктерді жатқызды. Діни догматика, діни ұйымдар И.Канттың айтуы бойынша, өздерін тақуалық елеспен жұбатады, демек бұл адасу болып табылады деді. Ал тікелей Құдай туралы Кант былай дейді: ... Құдай кұбылыс ретінде белгі бермегендіктен, оның бар екенін дәлелдеу де, теріске шығару да мүмкін емес. Құдай туралы мәселе - діннің ісі. Біз Құдайдың барлығын дәлелдей алмаймыз, бірақ моральдық принциптер, өнегелілік сезімдер, Кұдайдың барлығын дәлелдеуге даяр тұрады.

Дінді социологиялық тұрғыдан анықтау. Социологиялық анықтау жолында, дін әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады. Діннің шығуын, оның дамуын тікелей әлеуметтік заңдармен тығыз байланыстырады. Немістің философы және социологы М.Вебер (1864-1924), дінге біржақты анықтама беру өте күрделі екенін көрсетті. Ол ғылымдардың барлығын екіге бөліп қарастырды: табиғат ғылымы және мәдениет ғылымы. Дінді мәдениет ғылымына жатқыза отырып, әлеуметтік жағдайда діннің рөлін көрсетті. «Дін қоғам өмірінде мәдениеттің бір бөлігі бола отырып, өмірге мән береді, әлемнің ие екенін түсіндіріп, күнделікті этикалық қатынастарды реттейді» - деп түсіндірді М.Вебер. Француз социологы Э.Дюркгейм (1858-1917) дінді позитивизм тұрғысында түсіндірді. Оның дінге деген көзқарасы бойынша, дін «әлеуметтік факт» болғандықтан, оның қалай шығуын, қандай элементтерден тұратынын және орындайтын функцияларын зерттеу керек.

Діннің био‑психологиялық анықтауы. Дінге биологиялық көзқарас адамның түйсік сезіміне әкеп тірейді. Діни сезім адамның сақтану түйсігіне, оның өмір сүрудегі күресін көрсетеді. Дін дегеніміз - ор­ганизмнің психо-физиологиялық функциясы. Сұрапыл өмірде өмір сүру түйсігіне, қиыншылықты жеңіл көтеру жолында дін керек дейді. Ал пси­хология болса дінді адамның эмоциялық сезімімен теңейді. Эмоциялық сапа әр тұрғыда көрінеді - қорқу, бағыныштылық, құрметтеу, өнегелілік сезім және т.с.с. Сол себепте таза биологиялық көзқараспен дінге анықта­ма беру жеткіліксіз, био-психологиялық анықтау толық деп есептелінеді. Американ философы, психологы У.Джемс (1842-1910) дінді жеке адам­дардың психикасынан шығарып анықтайды. Оның айтуынша, дін деп әр түрлі сөздердің жиынтығы, іс-әрекеті және жеке адамдардың тэжірибелері, сол бір киелі деген сезімді Құдай есебінде санауы.

Діни детерминизм деп діннің шығуына, өмір сүруіне және да­муына тікелей ықпалын тигізетін жүйелік факторларды атаймыз. Әлеуметтік, психологиялық және гносеологиялық тағы басқа да факторлар жатады. Табиғат күшінің алдындағы адам әлсіздігін білдірген жерде діни қиял иллюзиялық бейнені дайындап қояды. Кейіннен құрал-жабдықтардың күрделенуі қоғам дамуының қажетті шарты болғандықтан, адамның табиғат күштерінің алдында «күштерінің» өсуіне әсерін тигізеді. Мұны қоғамдық қатынастардың даму процесі деп атаймыз.

Діннің детерменизмі деп адамның табиғат күштерімен және таптық немесе адам және қоғам күштерімен күресу процесіндегі «әлсіздігінен» шығатын әлеуметтік тамырды айтамыз. Егер де дінге сенушіліктің қайнар көзі жоқшылық, әділетсіздік және т.с.с. болса, қоғамда осындай жоқшылықтан аулақ (тамағы тоқ, көңілі толық) адамдар да дінге үлкен көніл бөледі, онда бұл жағдайды қалай түсінуге болады? Қоғамда әділетсіздіктің тауқыметін татып жүрген адамдар дін жолына түспей, бұндай «әділетсіздіктен» құтылу жолын басқа, дінсіз жолдардан іздейді (күреседі). Адамдардың көңіл-күйі, қайғыруы, яғни әр түрлі сезім мүмкіндігін туғызатын жағдайларды діннің психологиялық тамыры деп те айтайды. Психологиялық негіздері екі топқа бөліп қарастырылады: қоғамдық психо­логия және жеке адамдық психология. Қоғамдық психологиялық детерменатына мынадай факторлар жатады: 1) қоғамның моральдық жағдайының дағдарысқа ұшырау кезеңі; 2) қоғам пікірінің теріс көзқарасы; 3) қоғам тобындағы адамдардың тікелей араласуындағы бұрыс көзқарас; 4) қоғамдағы көне заманнан сақталып келе жатқан әдет-ғұрып, дәстүрлер, рәсімдер. Жеке адамдардың психологиясы детермантарына жататындар: 1) жеке адамдардың қорқынышы, келешекте не боларын білмеу қорқынышы. Ежелгі Рим ақыны Стациянның «Құдайларды қорқыныш туғызады» деген сезін еске түсірсек, қорқыныш басқа психологиялық сезімдерді туғызады. 2) ұзаққа созылған күйініш, қайғыру; 3) адамдардың өзінің, сондай-ақ жақындарының өмірі үшін қорқынышы; 4) әлсіз, зор ерік күші жоқ, боркемік; 5) қайғы, жалгыз бастылық, күйзеліс жағдайда ұзақ болған адам; 6) дәлелден гөрі сенімдікке тез берушілік; 7) өлім алдында қорқу және мәңгі өмір сүруді армандау және т.б. факторлар дінді қабылдауға жағдай тудырады. Дінге жақын тұрған фе­номен сол санасыз іс-әрекеттер болады. Оларға интуиция, нұрлану, сәуегейлік, болжампаздық, көргендік т.с.с. жатады. Таным процесінде пайда болатын діни нанымдардың қалыптасуына мүмкіндік беретін алғы шарттарды діннің танымдық тамыры деп те атайды.

Сонымен, басқаша айтқанда, таным процесімен байланысты жалған сананың танымдық негізінің мәні - адам танымының, оның санасының субъективті жақтарын абсолюттендіру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]