Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
динтану.doc
Скачиваний:
188
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
361.47 Кб
Скачать

Дәріс №6

Тақырыбы: Ежелгі шығыс халықтарының ұлттық діндері

Мақсаты: Студенттерге Үнді халықтарының діңдері: брахманизм, индуизм, сикхизм., Қытайдың ұлттық діндері: даосизм және конфуцианшылық және Жапонның ұлттық діні: синтоизм туралы түсінік беріп, олардың бір бірінен айырмашылықтарын түсіндіру.

Жоспары:

1. Үнді халықтарының діңдері: брахманизм, индуизм, сикхизм

2. Қытайдың ұлттық діндері: даосизм және конфуцианшылық

3. Жапонның ұлттық діні: синтоизм

Негізгі түсініктер: діни сана; брахманизм, индуизм, сикхизм, индуизм, конфуцианство, синто, иудаизм, Ригведа «симхат», даосизм және конфуцианшылық, діни көзқарастар, ритуалдар

Ұлттық халықтың діндері әр түрлі ру-тайпаның діндерінің араласуы мен дамуы арқасында, таптық қоғамның шығуына байланысты ұлттық мемлекет діндері шығады. Олардың негізгі айырмашылығы, «қасиеттері», қарапайым адамдардың күнделікті өмірдегі іе-әрекеттерін, әдет-ғұрыптарын, егжей-тегжейлерін тәптіштеп талдап, ритуалдап көрсетеді. Екінші бір ерекшелігі, көптеген нәрселерге тыйым салып және көптеген нәрселерін орындау керек екенін Құдай атынан ұсынады. Үшінші бір ерекшелігі, осы бір ұсынып отырған ритуалдық әдет-ғұрыптары сол бір белгілі ұлттарға ғана тән және сол ұлттың шекарасынан шығып кетпейді, немесе басқа ұлттарға тарамайды. Қазіргі кезде бар және сол бір белгілі ұлттардың арасында тараған ұлттық діндерге жататындар: индуизм, конфуцианство, синто, иудаизм, Африка және Америка халықтарының діндері.

Үнді халықтарыиың діңдері: брахманизм, индуизм, сикхизм. Үнді халқының діні басқа ұлттарға қарағанда терең де әр алуан болып тараған. Үнді халқында қандай да бір діни ағымдар болмасын олардың барлығының ортақ көзқарасы: қайта туу және әрбір жеке адам өз жолдарымен күнәларын жеңілдетуді іздейді. «Әрбір адамның тағдыры «өз қолында» деген пікір бар. Ерте дәуірден бастап әр түрлі діни көзқарастар, ритуалдар «Веда» деген салтанатты өлеңдер мен жалбарыну өлеңдері, ритуалды құрбан шалу түрлерінің киелі жинақтарында бар. Ведалар дегеніміз — діни сарындағы дұғалардың, құрандардың, құрбандық шалу негізінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы. Веда б.з.д. II мың жылдықтарда және б.д.д.1 мың жылдарында құрастырылған төрт бөлімнен тұратын жинақтар. Ең маңыздысы Ригведа «симхат», 1028 гимдерінен құрастырылған. Бұл жинақта құдайлардың іс‑әрекеттері, қызметтері, өзара бір-бірімен қатынастары туралы айтылады. Ригведада әр түрлі мифтер, образдар, сюжеттер бар. Екінші жинақ Самаведа «Бахрам ‑ Самхит», 1549 түсіндіретін өлең, әр түрлі мифологиялық әңгімелер және әр түрлі гимндердің варианттарынан тұрады. Үшінші жинақ кітабы – Яджурведа «Араньяка — Орман кітабы», 2000-дей гимннен тұра­ды, брахманға тән ритуалдардың орнына, сол құдайларды іштей сыйлап құрметтеу, олар туралы ойлап-толғану сияқты көзқарас. Ең соңғысы, төртіншісі —Атхарваведа (731 жалбарыну өлендері бар), немесе «Упанишадта» деп те атайды. Упанишадта бойынша дәстүрлі касталарды қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғары білім арқылы жоққа шығаруға болады деген идея уағыздалады.

Брахман діні - бар әлемнің генетикалық, түп негіздік бастамасы және олардың соңы. Брахман екі түрлі болады. Бірінші түрі қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады және ақиқат. Бірінші брахман көп түрлі болса, екіншісі жеке түрлі болады. Брахман жрецтері әр түрлі дәлелдер арқасында Веданы өздерінің жағдайларына ыңғайлап, халық арасында үлкен авторитетке ие болады. Жрецтерге құрбандық жасау ритуалына ақы төленеді. Ақыны алтын мен бұқа, ат және киіммен төлеуге болады. Олардың мүліктеріне ешкім тиісе алмайды, солардың арасында - патша да. Брахман жрецтерінің айтуы бойынша адамның ұзақ жасауы тікелей құрбандық жасау ритуалына байланысты, кім көп құрбандық ри­туал жасаса, сол ұзақ өмір сүреді дейді. Тіпті, адамның өзі туғанда толық туылмайды, ол келе-келе құрбандықтың саны мен сапасына байланысты болады. Жақсылық көп жасасаң, Брахманға немесе патшаға дейін, т.с.с. жетесің. Ал, жамандық көп жасасаң, құл, жануар, құрт-құмырсқа болып өмір сүруің мүмкін. Сол себепте, барлық нәрсе адамның өзіне байланысты. Мұндай көзқарас адамды тәртіпке, жоғары ниетке шақырылғанымен, екінші жағынан адамды тағдыр алдында, езінің өмір сүріп жүрген жағдайына, құл позициясына көндіреді. Мысал ретінде, варна мен каста түсініктерін алуға болады. Брахман дінінің оппозиция түрінде Үнді мемлекетінің тағы басқа діні - Индуизм діні шықты.

Индуизм Үндістандағы белді діндердің бірі болып есептелінетін индуизм, үнді халқының ежелден бері қалыптасып келе жатқан дәстүрі мен ұлттық сеніміне негізделген дін. Үнділіктер өздерінің ұлттық діндерін «Санатана Дхарма» деп атайды, бірақ еуропалықтар «индуизм» деп атап кеткен.

Индуизм дінінің белгілі сенім жүйесі жоқ. Сондықтан бұл дінде құдай түсінігі түрлі пішімде суреттеледі, яғни әрбір адам немесе қоғам өз көзқарасына сай құдайға сипат бере алады. Осыған орай, үнділіктер қазіргі кездегі әлемдегі діндердің құдай түсініктерін теріске шығармай, құдайдың түрлі бейнеде, түсінікте көрінетінін қабылдайды. Сондықтан бүгінгі Үндістанда түрлі пішімдегі құдай мүсіндері көптеп кездеседі.

Индуизм монотеистік, политеистік, пантеистік, үштік құдай сенімін бірдей қабылдай беретін дін. Ригведада: «құдай біреу, бірақ даналар оны түрлі есіммен атайды» - дегеніндей, бұл дін монотеистік бір дін болып көрінгенімен, үштік құдай сенімі (Брахма – жаратушы құдай, Вишну – жақсылық құдайы, Шива - жамандық құдайы) де, пантеистік (әлем мен құдай бірлігі) құдай сенімі де кездеседі.

Бұл діннің сенімі бойынша құдай әрдайым адамдармен бірге болады. Сондықтан үнділер Вишну құдайдың адам кейіпінде жер бетіне келіп (аватара), әлемге әділдік орнататынына сенеді. Осы сенімге орай үнді аңыздарындағы Рама, Кришна, Гита адам кейіпінде жерге түскен Вишну құдай болып табылады.

Үнділер о дүние (ахирет) сенімін теріске шығарады. Олардың сенімі бойынша адам өлгенде жаны ешқандай өлмейді және басқа өмірге кетпейді де, жан тек бір денеден келесі денеге орын ауыстырады (реинкорнация). Осылай жан тек тән ауыстыра отырып, мәңгілікке жалғасады.

Сонымен қатар бұл діндегілер «карма» сенімі арқылы дүниенің әділдігі сақталатынына сенеді. Яғни карма сенімі бойынша адам істеген жақсы-жамандығының нәтижесін келесі дүниеге келгенде көреді. Осылай әділеттік жүзеге асады.

Индуизмнің ғибадат негіздері:

  1. өлілерге құрбандық атау;

  2. Күнді құрметтеу;

  3. Үйде от жағу;

  4. Тойларда, туылу, өлім кезінде дұға оқу немесе құлшылық жасау;

  5. Кришнаның туылған күні мен Шива кеші сияқты қасиетті күндерде құлшылық жасау;

  6. Қасиетті кітаптарды оқу.

Индуистердің қасиет тұтатын кітаптары Ведалар болып табылады. Ведалар өз ішінен Ригведа, Самаведа, Яжурведа және Атхарваведа деген бөлімдерден тұрады.

Ведаларда діни өлеңдер, өтініш-дұғалар, өмір сүру қағидалары, т.б. тақырыптар баяндалған.

Индуизм діні адамдарды «каст» деп аталатын төрт топқа бөледі. Индуизм сенімі бойынша адам өз еркімен каст системасына қосыла алмайды. Ол нәсілмен келетін жүйе. Каст:

  1. Брахмандар (дін басылары);

  2. Кшатрия (ақсүйектер мен қолбасшылар);

  3. Ваикия (Ваисия) (саудагерлер мен егіншілер);

  4. Шудра (жұмысшылар мен қолөнершілер).

Сонымен қатар осы кастаға кірмейтін «Пария» деген тағы бір топ бар.

Б.д.д. XV-XVI ғ. Үнді елінің индуизм дінінен бөлініп шыққан діни ағым - Сикхизм. Сикхизм Үндістанға ислам дінінің таралуы кезеңінде жерлігікті индуизм діні мен ислам дінінің қосылуынан, ХVІ ғасырда Нанак (1469-1539) тарапынан құрылған діни әрекет. Бүгінде сикхтар 8-9 милион шамасында.

Нанак исламдағы суфизмге қатты әсерленіп, ислам сеніміндегі Аллаһтың бірлігін мойындаған. Ол құдайдың бірлігі сенімі бойынша индуизмнің политеистік сенімі мен каст системасын теріске шығара отырып, адам рухының келесі денеге көшуі (реинкорнация) мен карма сенімін қабылдап, осыдан бүгінгі сикхизм дінінің негізін қалаған. Қасиетті кітаптары Ади-Грантх.

Парсизм. Парсизм ежелгі Иран діні зороастризмнің жалғасы болып табылады. 641 жылы мұсылман арабтар Иранды жаулап алған кезде, ислам дінін мойындамаған шағын топ Үндістанға қарай қоныс аударған.

Парсизм сенімінде құдайдың есімі Ахура Мазда, оның символы – от. Сондықтан ғибадатханаларында үнемі от жағулы тұрады және ғибадатханаға парсы ұлтынан болғандар ғана кіре алады. Парсылар күніне бес мәрте от тазалығын сақтау мақсатында тазалық рәсімін жасап отырады. Бұл рәсімде қасиетті кітабы «Авестадан» үзінділер оқылады. Сонымен қатар бұл дінде құрбандық та маңызды рәсім болып табылады.

Қытайдың ұлттық діндері: даосизм және конфуцианшылық. Қытай халқының басқа халықтарға қарағанда, өзіндік діни ерекшігі о дүниедегі рақат өмірді уағыздаудан гөрі, осы нақты өмірдің мән-мағынасын түсіне отырып, «өмір үшін өмір сүруге», даналық қағидаларына бас иген. Ертедегі қытай халқы діннен гөрі салттық этиканың ерекшие әдет-ғұрыптарына бой ұрған. Сол себептен діни құрылымдарда діншіл адамдарының рөлі онша жоғары болған жоқ. Керісінше, ғалымдарға ерекше құрмет көрсетіп, ғалымның өкілдерін жоғарғы сословиеге жатқызған.

Қытайдың ғарыштық түсінігінде адам бойындағы қасиеттердің барлығы да табиғатпен тығыз байланысты. Табиғат адамға дарын береді, дарындылық табиғаттағы шығармашылық үрдістердің заңды нәтижесі болып табылады. Демек, қоғам мен табиғат өзара үйлесімділігі негізінде Аспан әлемімен, оның табиғи іс-әрекеттерімен байланыстырыла қарастырылатын әлеуметтік-этикалық мазмұндағы идеялар. Бүл идеялар да­осизм және конфуций ілімінде одан әрі түрленіп, толықтырыла түседі.

Даосизм Қытай халық дініндегі яң мен ийн принциптері негізінде пайда болған даосизм дінінің құрушысы Лао-цзы болып табылады. Лао-цзы Конфуцзийдің замандасы, тіпті екеуі кездескен дейтін мәліметтер бар. Лао-цзының өмірі бізге нақты белгілі болмағанымен, оның өмірі халық арасында аңыз ретінде жақсы сақталды. Аңыз бойынша анасы Лао-цзыны тұрмысқа шықпай-ақ тапқан көрінеді. Туылғанда ол ақ сақалды қарт адам кейіпінде дүниеге келгеніне байланысты, анасы оған «Лао» (қарт) деп ат қойған екен.

Лаоның көзқарасы бойынша әлемдегі яң мен ийн принциптерінің басын қосатын ана принцип – дао. Ол ежелгі қытай халық дініндегі аспан құдай сенімін жоққа шығарды да, дао принципін қабылдап, пантеизмге ұқсас бір сенім системасын жетілдірді. Оның пікірі бойынша даоның әуелгісі соңы шексіз, ол барлық жерде бар, әлемді басқарушы және күллі болмыс содан жаралған, барлық жаратылыстың іргетасы тек ол ғана.

Лао-цзы даодан басқа ешбір құдайды мойындамағанымен, Лао-цзыдан кейінгі замандарда даосизмге түрлі құдай сенімі ене бастады.

Қазіргі даосизмнің маңызды принципі өлімсіз болу. Сондықтан даосизм ұстанушылар өмірлерін ұзарту үшін, біршама дәрі-дәрмектер қолданады, тіпті сиқырмен де айналысатындары бар.

Даосизмде ахлақ мына үш абзалдықта жинақталған.

1.Ұстамды болу;

2. Қарапайым өмір сүру;

3. Кішіпейіл болу.

Бұл дінде тыныш, ұяң, қарапайым адамдар ең жақсы адамдар болып есептелінеді.

Лао-цзының: «жақсыларға жақсылық істеймін, жамандарға да жақсылық істеймін. Сондықтан барлығы жақсы болады» - деген өсиетіне сай, бұл дінде біреуге жақсылық жасау маңызды орынды иеленеді.

Тағы да сүйіспеншілік жайында Лао-цзы: «Кемел адам барлық адамдарды, тіпті дұшпандарын да сүйеді, ойлайды», - дейді.

Даосизм дінінде құлшылыққа аса мән берілмейді. Ғибадат адамның табиғат заңдылығымен байланысын бұзатын нәрсе. Сондықтан құлшылық жасау жолдан адасқан мен әурешіліктен басқа еш нәрсе емес, құлшылық адамның надандығынан туындаған.

Алайда буддизмнің қытайға таралуына байланысты даосизмге буддизмнің кейбір рәсімдері әсер етіп, олар буддистер сияқты ғибадатханалар тұрғыза бастаған, монахтар тобы қалыптасқан. Тіпті олар будда монахтары сияқты үйленуге тыйым салады деген мәліметтер де бар. Буддизмнің әсерінен даосизмде түрлі құдайларға, тіпті Лао-цзыға табыну дәстүрі қалыптасқан. Қазіргі кезде дао ғибадатханаларында Лао-цзының суреті мен мүсіні орналасқан.

Конфуций діні. Конфуцианизм әсіресе қытайдың ғалымдары, ақсүйектері, императорлары ұстайтын ұлттық діні. Бұл дін б.д.д. 140-87 аралығында билік жүргізген Ву-ти император заманынан бастап, 1912 жылға дейін қытайдың мемлекеттік ресми діні болып келген.

Бұл діннің негізін қалаушы Конфуцзий (б.д.д. 551-479) қытайдың «Цсау» деген өлкесіндегі бір қытай жанұясында дүниеге келген. Ол үш жасында әкесінен айрылып, 19 жасында үйленеді. Ал жиырма жасынан бастап шәкірт оқыта бастайды. Кейін оның шәкірттері Конфуцзий мектебін дамытып, бір дін қалыптастырады.

Конфуций ежелгі қытай сенімінен бөлек құдай туралы жаңа пікір айтпай кеткенге ұқсайды. Сондықтан Конфуцианизмдегі құдай сенімі ежелгі қытай халық сенімінен айырмашылығы жоқ. Оның негізгі мақсаты бұзылған ежелгі қытай дәстүрін қайта қалпына келтіру еді. Ол өзін ешқандай дін құрушысы есептемеген. Бірақ ол ежелгі қытайдағы үлкен құдайды «Тиен» деп атаған. Конфуцзий императорлардың құдайдың баласы болу сеніміне де қарсы шықпаған. Конфуцзийдің өлімінен кейін шәкірттері оның өсиеттеріне сүйене отырып, бес ахлақ негізін қалыптастырған:

  1. Патша мен халық арасындағы құрмет пен сүйіспеншілік;

  2. Әке-шеше мен бала арасындағы құрмет пен сүйіспеншілік;

  3. Ерлі-зайыптылар арасындағы құрмет пен сүйіспеншілік;

  4. Достар арасындағы құрмет пен сүйіспеншілік;

  5. Үлкендер мен кішілер немесе бүкіл адамдар арасындағы құрмет пен сүйіспеншілік.

Конфуцианизм ахлағында патша, ер, үлкендер әділ басқарушы, ал халық, жұмысшы, әйел мен кішілер оған бағынушы болуы керек.

Конфуцианизм дінінде туралық пен құрмет көрсету басты принцип болып табылады. Қоғамдағы ұстаз-шәкірт, әке-шеше мен бала, басшы мен қызметші, ер мен әйел, үлкен мен кішілер, тіпті бүкіл адамдар арасындағы байланыстарда жоғарыда аталған принциптер сақталуы керек.

Конфуцзийдің:«өзіңізге ұнатпаған нәрсені басқаларға істемеңіздер» - деген сөзіне сай, адамдар, әсіресе патшалар жақсылыққа бейім болуы тиіс.

Конфуцзий белгілі құлшылық рәсімін қалыптастырмаған адам. Оның пікірі бойынша әрбір адам дін адамдарын арашашы тұтпай-ақ, өзі құлшылық жасай алады. Бірақ Конфуцзийдің өлімінен кейін оның зиратының басына құрбандық шалынып, оның атынан ғибадатханалар тұрғызыла бастады. Б.д.-де бір қытай иператорының жарлығымен жылына төрт мәрте Конфуцзий ғибадатханаларына құрбандық шалу дәстүрі қалыптасқан. Тіпті құрбандыққа өгіз, қой және доңыз шалу салты да белгіленген. Алғашқы кезеңде құрбандықты императорлар мен оның орынбасарлары шалатын болса, қазіргі кезде бұл дәстүр кең көлемде етек алды. Құрбандық рәсімінен кейін діни өлеңдер оқылып, Конфуцзий ғибадатханасына түрлі тағам мен гүлдер ұсынылады.

Конфуцианизмнің қасиетті кітабы Конфуцзийдің шәкірттері жинақтаған Конфуцзийдің сөздері мен философиясы болып табылады. Бұл діннің қасиетті жазбалары “классик” және “кітаптар” атты екі бөлімнен тұрады.

Классик “өзгерістер кітабы”, “Тарих кітабы”, “өлеңдер кітабы”, “Рәсімдер кітабы”, “Көктем, күз оқиғанамалары” атты бөлімдерден тұрады.

Ал Шуң (9-шы ғасыр) тарапынан жинақталған 4 кітап “Конфуцзийдің сұхбаттары”, “Мансиустің сөздері”, “Орта жол доктринасы”, “Ұлы білім” деген бөлімдерден тұрады.

Жапонның ұлттық діні: синтоизм

Синтоизм жапон халқы тұтынатын ескі ұлттық дін. Бұл дін жалпы жапон халқының наным-сенімі мен салт-дәстүріне сүйенетін, құрушысы жоқ дінге жатады.

Дін зерттеушілері синтоизм дінінің Жапонияда өмір сүруін үш кезеңге бөледі.

1. Мифологиялық дәуірден бастап, буддизмнің Жапонияға таралуына дейінгі кезең (552 жылға дейін);

2. Жапонияға буддизм дінінің таралу кезеңі (ІХ ғасырға дейін.);

3. Буддизмнің Жапонияға орналасуымен, синтоизм мен буддизмнің қатар өмір сүруі кезеңі.

Қазіргі діндердің ішінде синтоизм ескі, ұлттық, политеист, ресми сенім жүйесі жоқ бір дін болып ерекшеленеді. Синтоизм дінінде құдайлар бір-бірімен туыс, ең ұлы тәңірлер- «көк» (әке) пен «жер» (ана). Бұл екеуінен бүкіл Жапон аралдары мен басқа табиғат құдайлары туылған. Синтоизм сенімдерінде тау, дария, жел, от, күн күркіреуі, жаңбыр, тіпті әрбір кәсіптің құдайларын қосқанда 8 000 000-ға тарта құдайлар кездеседі. Жапон императоры, күн құдайының немересі саналады. Жалпы жапондар әлемде жақсы-жаман рухтардың бар екеніне де сенеді. Жапон сенімі бойынша өлген әрбір адам «ками» болады.

Синтоизмде құлшылық бұтханада да, үйде де жасалына береді. Кейбір әдебиеттерге қарағанда, Жапонияда 100 000-нан астам құлшылық қылатын бұтханалар бар екен. Бұтханаларында негізінен қасиетті саналатын айна, қылыш, асыл тас тұрады. Синтоизмнің бір ерекшелігі, құдайларын мүсін немесе суретпен емес, символдармен белгілейді. Жапонияда ең үлкен ғибадатхана, Иседегі «Аметерасу» бұтханасы.

Жапондар құлшылықты қарапайым түрде аяқ-қолдарын бетін жуып, қасиетті орында құдайларына тізе бүгіп, жалбарынады. Олар тазалыққа маңыз беріп, лас жүрген адам күнәхар болып есептелінеді.

Синтоизм дінінің «Кожикин», «Нихонги» атты қасиетті жазбалары бар. Кожикин 712 жылы император әмірімен қағазға түсірілген. Бұл қасиетті жазбаларда дүниенің пайда болуы, адамзаттың жаратылуы мен міндеттері, жанұя жайлы тақырыптар қамтылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]