Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonom.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
41.68 Кб
Скачать

Экономикалық Қауіпсіздік құрылымы:

1.Технологиялық қауіпсіздік бәсекеге қабілетті ғылыми-техникалық өнім өндіру негізінде халықаралық технологиялық нарықтарда ұдайы қатысумен анықталады.

2.Азық-түлік қауіпсіздігі сапалы тамақ өнімдерін өндіруге арналған табиғи-шикізат ресурстарын қолданумен және осы тамақ өнімдерін халықтың жаппай тұтыну мүмкіншілігімен өлшенеді.

3.Қаржы-несиелік қаржы жүйесінің тұрақтылығымен, ұлттық валюта тұрақтылығымен, алтынвалюта қорларының жеткіліктілігімен немесе тұрақты экономикалық өсуге жағдай жасаумен ескеріледі.

4.Өндірістік қауіпсіздік индустриялық потенциалдың дамуында, техникалық өнім өндірудің тұрақтылығында және тиімділігінде, мемлекеттің экономикалық тіршілік әрекетін қамтамасыз ету қызметінің керектігінде көрінеді.

5Сыртқыэкономикалық қауіпсіздік ашық экономиканың сақталуы кезіндегі халықаралық еңбек бөлінісі жағдайында ішкі нарықтың сыртқыэкономикалық әсерлерден қорғануымен сипатталады.

6.Инвестициялық қауіпсіздік оның инвестициялық тартымдылығының деңгейіне, ұлттық экономикалық мүдделерді сақтауды ескере отырып, тартылған қаражаттарды тиімді пайдалану және оны қайтару қабілеттігіне байланысты.

7.Энергетикалық қауіпсіздік ішкі өнеркәсіптік өндірісті қолдану үшін өзіндік энергия тасушыны және энергияны жеткілікті өндіруді қамтамасыз ету мүмкіншілігімен анқталады. Көлік-байланыс қауіпсіздігі әлемдік нарыққа шығатын альтернативтік негіздерді иеленуге рұқсат беретін көлік-байланыс артерияларының бар болуымен көрсетіледі.

8.Әлеуметтік (әлеуметтік-экономикалық) қауіпсіздік бұзушы әлеуметтік күштің төмен деңгейімен, қоғамның өмірге керек қажеттіліктерін қанағаттандырумен қамтамасыз етілетін қорғану жағдайын білдіреді.

Экономикалық қауіпсіздік жүйесінің күрделі ішкі құрылымының маңызды элементтері:

1. Экономикалық тәуелсіздік. Экономикалық тәуелсіздік абсолюттік сипатқа ие емес, себебі халықаралық еңбек бөлінісі ұлттық экономикаларды бір-бірінен өзара тәуелді қылдырады. Осы жағдайларда экономикалық тәуелсіздік ұлттық ресурстарды бақылау мүмкіншілігін білдіреді. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін және әлемдік саудаға, кооперациялық байланысқа, ғылыми-техникалық жетістіктердіайырбастауға тең қатысуға рұқсат беретін өндіріс, тиімділік және өнім сапасының осындай деңгейіне шығу керек.

2. Ұлттық экономиканың бірқалыптылығы мен тұрақтылығы меншікті барлық оның формаларында қорғау, кәсіпкерлік белсенділік үшін сенмді кепілдеме мен жағдай жасау, ахуалдың бірқалыптылығын бұзатын факторларды тоқтату (экономикадағы қылмыстық құрылымдарымен күресу, табыстарды бөлуде маңызды алшақтықтарды болдырмау ж.т.б.) дегенді білдіреді.

3. Өзін-өзі дамытуға және прогреске қабілет. Бұл әсіпесе қазіргі, динамикалық дамушы әлемде маңызды. Инвестициялар мен инновацияларға қолайлы климат жасау, өндірісті ұдайы жаңарту, қызметкерлердің кәсіби, білім және қоғамдық-мәдени дәрежесін жоғарлату ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен өзін-өзі қорғаудың керекті және міндетті шарты .

Экономикалық қауіпсіздік жүйелік сипатқа ие.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]