Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonom.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
41.68 Кб
Скачать

Экономикалық қауіпсіздікке төнген қатердің әлеуметтік-экономикалық жағдайға жан-жақты әсер етуі:

-макроэкономикалық тұрақтылыққа төнетін қатерлер;

-өндірістік технологиялық қауіпсіздік;

-сыртқы экономикалық қауіпсіздік;

-азық-түлік қауіпсіздігі;

-энергетикалық қауіпсіздік;

-қаржы қауіпсіздігі;

-ақпараттық қауіпсіздік;

-Қазақстандық тауарлардың ішкі-сыртқы нарықтарындағы бәсекелестігінің төмендігі;

-сыбайлас жемқорлық пен экономиканың қылмыстануы;

-республика облыстары, қалалары мен ауылдарындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың ала-құлалығы;

-мемлекеттік мүдделерді қалыптастыру және қорғау институттарының дамымауы;

-қаржы саласының даму деңгейінің экономиканың нақты секторындағы нақты сұраныспен сәйкеспеуі.

Осының ішінде макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау үшін жасап жатқан шараларына тоқталсақ, макроэкономикалық тұрақтылықты сақтап тұру үшін Ұлттық банк пен Қазақстан Республикасының Үкіметі қажетті қаржы-несие және салық бюджет саясатын жүргізу, сыртқы экономикалық және валюта бағамын реттеу және отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету арқылы макроэкономикалық саясаттың басты мақсаттарын жүзеге асырып жатқанына қарамастан, оған төнетін қауіп елімізде әлі де орын алып отыр .

Кез-келген мемлекет өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолынан келгенін жасайды. Себебі, бұл - оның тәуелсіздігінің мызғымастығының кепілі.

Бұл ретте Қазақстан табиғи ресурстарға бай, экономикалық потенциалы мол мемлекеттердің бірі әрі тәуелсіздігін енді қалыптастырып келе жатқан ел ретінде ұлттық қауіпсіздігіне қатты мән беруі шарт. Әсіресе, экономикалық қауіпсіздігіне...

XX ғасырдың басында В.Ленин «экономикалық тәуелділік саяси тәуелділікке алып келеді» деп айтып кетті. Оның сөздерінің ақиқат екенін бүгінгі нарық дәлелдеді. Демек енді қырғын соғыстарсыз-ақ, экономикалық басқыншылықпен елді басып алуға болады. Бұған байланысты жаңа термин де пайда болды, ол - неоколониализм. Неоколониализм - мемлекеттер арасындағы тең емес экономикалық жағдай. Мәселен, көптеген Батыс Еуропа елдерінің өз колониялары болды және оларға тәуелсіздік берді ақырында, алайда аталмыш мемлекеттердің  ресурстарына инвестиция құймақ ниетте бәрін өздеріне алып қойды немесе жаңа пайда болған елдерде ғылымды дамытпай, тек дамушы сатысында ұстап отырды.

Латын Америкасында өндірілетін мұнайдың түгелі дерлік толық өндеу сатысын тек АҚШ-та өткереді, ал олар өз кезегінде дайын тауарларды жоғары бағамен Латын Америкасының халқына қайта сатады. Сонымен қатар, эмбарго арқылы әсер ету тәсілі де бар. Кезінде Иран, Ирак, Ливия секілді мемлекеттерге эмбарго жариялану арқылы олардың экономикасын құлатуға тырысты.

Жалпы, мемлекет экономикасының қауіпсіздігін төмендегі көрсеткіштер бойынша анықтайды.

1.     Өмір сүрудің сапасы мен деңгейі;

2.     Инфляция деңгейі;

3.     Жұмыссыздық деңгейі;

4.     Экономикалық өсу;

5.     Бюджет тапшылығы;

6.     Мемлекекеттің қарызының мөлшері;

7.     Алтын-валюталық резерв жағдайы;

8.     Көлеңкелі экономиканың деңгейі;

9.     Экологияның жағдайы;

10.     Азық-түлік қауіпсіздігі;

Келесі кестеде сандық және пайыздық түрде экономикалық қауіпсіздіктің шектік көрсеткіштері жазылған, егер осы көрсеткіштерден асып кетсе онда Қазақстанның экономикасына қауіп төнеді. Экономикалық қауіпсіздіктің шектік көрсеткіштері.

 №

Көрсеткіш

Шектік көрсеткіш

1

ЖІӨ-ге қатысты инвестиция көлемі %

25%

2

Қорғанысқа бөлінетін қаражат, ЖІӨ-ге қатысты

5%

3

Ғылыми зерттеулерге қаражат

2%

4

Жалпы көлемдегі өндірілетін тауарлардың ішіндегі жаңа тауарлардың көлемі

6%

5

Халықтың өмір сүру ұзақтығы

70 жас

6

Халықтың арасындағы 10% ең жоғары табысты адамдармен 10% ең төменгі табысты адамдардың қатынасы

8

7

100 мың адамға қатысты қылмыс көлемі

5 мың

8

ЖІӨ-ге қатысты білімге шығындалатын қаражат көлемі

10%

9

Жұмыссыздық көлемі

7%

10

Инфляцияның бір жылдық көлемі

20%

11

ЖІӨ-ге қатысты мемлекеттің ішкі қарызы

30%

12

Бюджетке қатысты ішкі қарыздың төлеу көлемі

25%

13

ЖІӨ-ге қатысты сыртқы қарыздың көлемі

 

60%

14

Бюджет тапшылығын жабу үшін сыртқы қарыздың қатынасы

30%

15

ЖІӨ-ге қатысты бюджет тапшылығы                        

5%

16

Шетел валютасының ұлттық валюта массасына қатысты көлемі

10%

17

Ақша массасы (М2) ЖІӨ-ге қатысты

50%

18

Ішкі тұтыну көлеміндегі импорт көлемі

Сонымен бірге азық-түлік саласындағы импорт көлемі

30%

25%

19

Өндіріс саласындағы қайта өңдеу саласының көлемі

70%

20

Өндіріс саласындағы машина жасау көлемі

20%

21

Күнкөріс шегінен төмен айлық алатын жалпы халықтың көлемі

7%

 

Ақпарат көздері: http://jaqsy.kz , http://www.group-global.org , Referatkaz.kz

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]