Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonom.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
41.68 Кб
Скачать

Елдің экономикалық қауіпсіздік жүйесінің құрамды бөліктері:

-экономикалық қауіпсіздік жағдайы;

-экономикалық қауіпсіздік критериилерінің сандық және сапалық критериилері;

-экономикалық қауіпсіздіктің қатерлері және осы қатерлердің пайда болуын анықтаушы факторлар;

-экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің стратегиясы мен жүйелік шаралары.

Экономикалық қауіпсіздік проблемалары өзіндік обьекті ретінде елдің экономикалық жүйесін, сонымен қатар басқа да мүмкін болатын қызмет сфераларының өзара әрекеттерінің обьектілеріне байланысты орын алады.Экономикалық қауіпсіздік проблемалары экономикалық жүйе шеңберінен шығып кетеді, сондықтан да экономикалық қауіпсіздік проблемасын экономикалық сферада сыртқы экономикалық және ішкі экономикалық проблемаларды, сондай-ақ аралық сфераларды қоса қарастырады.

Аралық сфераларға - әскери-экономикалық сфера, елдің ғылыми-техникалық және интеллектуалды потенциалын қорғау сферасы, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сферасы (көлеңкелі экономика, экономикадағы ұйымдасқан қылмыс пен коррупция, заңды тұрғыда жүзеге асырылатын экономикалық сфераларпроблемалары, т.б); экономика мен табиғаттың әрекеттесу сферасы және тағы да басқа аралық экономикадан тыс сфералар (энергетика, қорғаныс, т.б.). Осыған сәйкес, экономикалық қауіпсіздік құрылымының түрлері:

-азық-түлік қауіпсіздігі;

-энергетикалық қауіпсіздік;

-өндірістік қауіпсіздік;

-технологиялық қауіпсіздік;

-әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік;

-қаржылық қауіпсіздік;

-инвестициялық қауіпсіздік;

-транспортты-коммуникациялық қауіпсіздік;

-сыртқыэкономикалық қауіпсіздік.

Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігінің обьектіне мемлекетпен қатар оның экономикалық жүйесі және оның барлық табиғи байлықтары, сонымен қатар қоғам және оның институттары, мекемелер, фирмалар және тұлға кіреді.

Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің субьектілеріне: функционалды және салалық министрліктер мен ведомствалар, салық және кеден қызметі, банктер, биржалар, қорлар және сақтандыру кампаниялары, сонымен қатар өнім, қызмет өндірушілер мен оны сатушылар, тұтынушылар ұйымдары жатады.

Экономикалық жүйе ресурстары:

1Қаржылық-материалдық (алтын-валюта қоры, негізгі және айналым қаражаттары, табиғи шикізаттар, елдің ұлттық байлығын құрайтын және басқа ресурстар).

2Әлеуметтік ресурстар (саяси режим типі, қоғамның әлеуметтік стативтілігі, қоғамдық өзара қарым-қатынасын реттеу механизмдері және т.б).

3Адам капиталы (халық саны мен құрылымы, жұрттың білімділік және әлеуметтік-кәсіби әлеуеті, медициналық-демографиялық сипаттамасы және т.б.).

Экономикалық жүйенің орнықтылық кепілі едәуір қаржылық-материалдық ресурстар болуымен, әлеуметтік әлеует пен адам капиталын дамытуға қолайлы жағдай қалыптастырумен, сондай-ақ ресурстар алмасу варианттарын кеңейтумен қамтамасыз етіледі.Дамыған елдерде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың приориетті бағыты, сондықтан экономикалық қауіпсіздік сөзсіз кепілдеме ретінде екі денгейде түсіндіріледі:

-сыртқы саясат – мемлекет егемендігі;

-ішкі саясат – қоғамның әлеуметтік – экономикалық тұрақтылығы.

Экономикалық жүйе тұрақты болған сайын, экономика өмірге икемдірек болады, яғни қауіпсіздігін бағалау жоғарылайды.Экономикалық қауіпсіздіктің қатері ішкі немесе сыртқы факторлардың (немесе олардың жиынтығы) әсерінен қауіп тудырып, жағдайдың төменде көрсетілген сипаттамаға сәйкес дамуына ықтимал мүмкіндік береді: экономиканың негізгі буындарының, оны басқару жүйесінің құлауы, ұлттық байлыққа нұқсан келу, технологиялық қалыс қалу, қаржылық-несиелік және валюта жүйелерінің бүлінуі, ғылыми және әлеуметтік құлдырау, қоғамдық ықпалсыздық, жеке адамға конституциялық, әлеуметтік құқық пен кепілдікті қамтамасыз ете алмау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]