Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Диссертационная работа Алиева Ш

..pdf
Скачиваний:
44
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
929.3 Кб
Скачать

пайдаланушылардың санын өсіруге жағымды ықпал етеді. Қазақстандық электрондық үкімет жобаларында тұтынушылардың осындай психологиялық ерекшеліктерін ескеруіміз қажет.

АҚШ-тық FirstGov электрондық жобасының арнайы бағыты “Географиялық электрондық үкімет жасау” – штаттар мен округтардың жергілікті мемлекеттік қарубас органдарын біртұтас географиялық ақпараттық жүйеге интеграциялау бағдарламасына айналды. Бұл түрлі штаттардағы жергілікті мемлекеттік басқару органдары мен азаматтардың өзара байланысы мен өзара әрекеттесуін кеңейтті. Бізде де осы сияқты “Қазақстан өңірлері” атты аймақтарды интеграциялайтын бірегей электрондық үкімет жобасын әзірлеп, жүзеге асырған тиімді. Бұл бір жағынан Елбасымыздың биылғы Жолдауында көрсетілген өңірлердің дамуы

– елдің дамуы атты басымдығына да сәйкес келеді. Бүгінгі таңда Қазақстанның облыстық әкімияттарының веб-сайттары Интернет желісінде өз алдына бөлек-бөлек, шашыраңқы орналасқан, ал қазақстандық электрондық үкімет негізінен министрліктерді қамтиды. Егер бірегей өңірлік электрондық үкімет порталы болса, бұл аймақтар арасындағы өзара байланыс пен әрекеттесуді дамытуға үлкен серпін берер еді.

Ізденушінің тағы бір ұсынысы – АҚШ-тағы сияқты ақпараттық технологиялар көмегімен мемлекет тарапынан қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған “Электрондық үкімет туралы” заң жобасын тезірек әзірлеп, қабылдау мәселесі. Бізде мұндай арнайы заң әлі қабылданбаған, ал АҚШ-та 2001 жылдан бастап аталған заң қолданыста.

Американдықтардың электрондық үкіметті дамытудағы ерекшелігі - Федералды бюджетте Электрондықүкіметті дамытудың арнайы қоры құрылуы. Бұл қосымша қаражат FirstGov үкіметтік порталын дамытуға жұмсалады. Электрондық үкіметті қаржыландырудың артуы АҚШ экономикасының дамуына мультипликативті әсер етіп, ақпараттық технологиялар мен инфрақұрылым саласына инвестиция ретінде құйылды. Нәтижесінде бизнес дамып, сонымен қатар, ғылымның экономикадағы үлесі артып, инженерлік-техникалық бағыттағы қызметкерлер жаңа жұмыс орындармен қамтылды. Қысқасы, АҚШ-тағы электрондық үкіметті дамытуға кеткен шығын ғылым мен өндірістің, жалпы экономика мен шағын бизнестің дамуына қосымша серпін берді. Қазақстан жағдайында электрондық үкіметті қалыптастыру мен дамыту мемлекет пен бизнестің, ғылым мен білімнің серіктестігі ұстанымына сүйенгені барша қоғам үшін тиімді болмақ. Электрондық үкіметті қалыптастыру тек қана мемлекеттің ісі деген сыңаржақ түсінікке бой ұрып кетпеуіміз қажет.

Канада тәжірибесінің Қазақстан үшін сабақтары жетерлік: электрондық үкiмет пен осы пайдаланушылардың жұмыс iстеуiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны дамытуымыз қажет; халықты электрондық үкiмет мүмкiндiктерiн пайдалануға кеңінен тарту, яғни бiлiм алу және ақпарат теңсiздiгiн еңсеруге, қоғамды қажеттi бiлiм деңгейiмен қамтамасыз етуге бағытталған iс-шараларды iске асыру; мемлекеттiк органдарды тиімді ақпараттандыру мен нәтижелі басқарудың бiрыңғай саясатын жүргізу.

Тиімді ақпараттандыру – бұрыннан келе жатқан бюрократиялық кедергілер мен қағазбастылықты көз жұмып автоматтандырудан аулақ болуды білдіреді. Электрондық үкімет сонда ғана бюрократия мен жемқорлықты ауыздықтауға мүмкіндік береді, басқарудың нәтижелілігі осыдан келіп шығады.

Канадалық тәжірибемен салыстырсақ, Қазақстанда электрондық үкiмет қалыптастыру саясатын жүргiзуде және мемлекеттiк басқаруды ақпараттандыру бөлiгiнде өзiне тән проблемалары бар екені де байқалады. Оларға ақпараттандыру саласындағы нормативтiк құқықтық базаның жетiлмегендiгiн; ведомствоаралық ақпараттық жүйелердi қалыптастыру

жөнiндегi

функциялар мен жауапкершiлiктi

бөлудегі регламенттеудiң

жоқтығы;

көптеген мемлекеттiк органдарда ақпараттандыру қызметтерiнiң

болмауы

және

ақпараттық

технологиялар

саласында мемлекет тiк

қызметшiлердiң

бiліктiлiк

деңгейiнiң жетiспеушiлiгiн жатқызуымызға

болады.

Сонымен қатар, қазақстандық азаматтардың электрондық үкіметті кеңінен пайдалануы үшін және ақпараттық ресурстарға деген сенімін арттыру үшін канадалықтар сияқты жарнама мен үгіт-насихаттың әлеуетін әлі дұрыс қолданбай келеміз. Өкінішке орай, қазақстандық кейбір азаматтар электрондық үкіметтің не екенін әлі күнге дейін білмейді. БАҚ арқылы электрондық үкіметтің артықшылықтарын жарнамалауды, қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, насихаттауды мемлекеттік ңгейде шұғыл қолға алуымыз қажет. Барша қазақстандықтар электрондық үкiмет игiлiгiн пайдалану үшiн телекомуникация саласын дамытуымыз керек. Мұндай кешенді іс-шаралар атқарылмаса, қазақстандық электрондық үкiмет толыққанды жұмыс iстемейдi.

3 ҚПАРАТЫҚ ҚОҒАМ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

3.1 Заманауиқоғам үдерісіндегі ақпарат пен білім билігінің әлеуметтік-философиялық аспектілері

Ақпараттық қоғамдағы басқарудың ерекшеліктерін қарастыра отырып, біздің пікірімізше, басқару субъектісінің рөлі мен сипаттамасын талдау аса маңызды. Себебі, ол Д. Беллдің «Постиндустриалдық қоғам. Әлеуметтік болжам әжірибесіт» еңбегіндегі «Кім басқаратын болады?» сұрағының жалғасы болып табылады.

Д. Беллқойылған сұраққа жауап ты саяси жүйеге бақылау орнатуға және әлеуметтік процестерді тиімді басқаруды жүзеге асыруға қабілетті адамдар тобын өлуб арқылы постиндустриалдық қоғамның әлеуметтік стратификациясы мәселесінің астарынан табуға тырысты.

Д. Белл басқарушы тап туралы сұрағын М. Янгтың «Меритократияның жаңғыруы» [95] атты фантастикалық повесіне сүйене отырып қойды. Повестің мазмұнында кең ауқымда қоғамға әсер етудің тұтқасын жеке дара иемденіп, соңынан опық жеген ғалымдардың қоғамдық тобы жайлы баяндалады. Меритократия – («merit» – сіңірген еңбек, қызмет) интеллектуалдық мүмкіндіктерге және жаңа білімдерді жиынтықтау қабілетіне негізделген әлеуметтік дәрежеге ие адамдар тобы.

В.Л. Иноземцевтің пікірінше «меритократия туралы мәселені зерттеу өте маңызды және Д. Беллдің оған көңіл бөлуі толығымен түсінікті жайт. Мұндағы мәселенің негізі меритократиялық қағидалардың тұжырымы постиндустриалдық қоғам үшін табиғи нәрсе болғанымен, ол құтылуға келмейтін тұқым қуалаушылық теңсіздікті білдіреді, оның негізінде адамның білімдерді субординациялауы менөңдеуінің т уа берілетінқабілеті жатыр» [96, 78 б]. Постиндустриалдық және ақпараттық қоғам тұжырымдамасын жақтаушы ғалымдардың еңбектерін зерделейміз.

Дж. Гэлбрейт ғашал рет 1967 жылы жарық көрген «Жаңа индустриалдық қоғам» атты кітабында жаңа индустриалдық қоғамды еңбектің жаңа факторларының негізінде капитализмнің түбегейлі трансформациялануының салдары ретінде қарастырады. Оның пікірінше, өндіріс ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінен күрделене түседі және бірлескен жеке меншікті басқаруәлеуметтік ұйымдасуды талап етеді. Осыған сәйкес, басқару субъектісі капиталист меншік иесінен кәсіпорын қызметін басқаратын адамдардың тобы – техноқұрылымға ауысады. «Техноқұрылым» басқару жөніндегі мамандардан және ғылыми-техникалық мамандардан құралады [97]. Э. Тоффлер «Үшінші толқын» [98] еңбегінде жаңа қоғамды басқару кімнің қолында болатындығына жауап айтпады, алайда саяси режим, билік институттары менөшбасшык қасиеттері «екінші толқынмен» салыстырғанда анағұрлым сапалы болатынын анық айтты.

Егер қа параттық қоғамның анықтамасын абстракциялап, оның шекараларын Интернет желісіндегі виртуалдыққоғамға дейін кеңейтетін болсақ, ақпараттық қоғамдағы басқару субъектісін табуға болады.

«Интернет» ұғымы бірнеше мағынаға ие: коммуникациядағы дәрежелердің мәнін тарату, коммуникацияға түсу кезіндегі кедергілерді жою, өзара әрекеттесу үшін физикалық арақашықтықты біркелкілеу, адамзаттың бүкіл тәжірибесін кез келген сәтте тікелей қол жетімді етіп ұстап тұру, ақпарат іздеудің жеңілдігі, кез келген әлеуметтік-этикалық эксперименттер үшін қарапайым әрі табиғи аймақтарды бөлу, адамдардың экономикалық өзара әрекеттесуінің қағидаларының өзгеруі (ақша қызметінің өзгеруі) және т.б.

Интернет-ақпараттық қоғамында шартты түрде үш басқару фокусын бөліп алуға болады:

институционалдық фокус: Интернет мемлекет тарапынан қадағаланады және басқарылад;

корпоративтік фокус: Интернет сегменттерініңбірлестік

тарапынан дамуы; жеке дара бастамалар фокусыәнеж өзін -өзі ұйымдастырушы Интернет:

Интернет сегменттері индивидтердің қауымдастығы тарапынан дамиды [99]. Сонымен, бұл бөлімде постиндустриалдық қоғамдағы басқарушы элита туралы ғалымдардың тұжырымдары талданды. Интернет жаһандық желісін тұтынушылардың әсер ету дәрежесі жеке қарастырылды. Басқару субъектісі ретінде жекеленген ұлғаларт д а, соныменқатар, тұтас институттар да бірнеше талаптарға сай келе отырып, өзін жүзеге асыра алады.

Еңбек және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік процестерді ақпараттандыру бірнеше көріністерде сипат алды.

Біріншіден, өндірісті ақпараттандыру – ақпараттандырудың ажырамас бөлігі, оның нәтижесінде адам еңбек әрекетінде еркіндікке ие болды. Ол жұмыс орнында физикалық ауыртпалықты бастан кешірмейді және психологиялық процестерге де аз қатынасатын болды. Э. Тоффлердің пайымдауынша, «жаңа еркіндік жаңа техн ологияның салдарынан пайда болады. Егер индустриализмніңалдыңғы технологиясы белгілі бір әрекеттерді жаттанды түрде қайталауға қабілетті еңбекке бейім адамдарды талап ететін болса, ертеңгі күннің технологиясы шешім қабылдауды, ішкі икемділік пенқиялды та лап ететінәрекеттерді адамның жүзеге асыруына мүмкіндік туғызатын міндеттерді ғана алға тартады. Супериндустриализм стандартты емес «бұқаралық адамдарды» талап етеді және жасап шығарады, ол адамдар бір-бірінен ерекшеленеді және олар робот емес, жеке тұлға лар болып табылады» [100, 241б].. Расында, қазіргі таңдағы адам, өзін еңбек ісәрекетінде жүзеге асыруы үшін жоғары интеллектуалдық қабілеттерге және психофизиологиялық мінездемелерге ие болуы шарт. Көптеген мамандықтар үшін физикалық күш пен денсаулық аса маңызды емес. Ақпараттық байланыстар физикалық тұрғыдағы қозғалыстарды қажет етпейді. Адам өз жұмыс орнында идеялар мен шешімдерді ойлап, тудырып, жиынтықтау керек. Ақпараттық қоғамдағы заманауи еңбек адам денесіне аса мұқтаж емес. Ақыл-ой аса маңызды, ол физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдарға кең өріс ашады. Адамның денсаулығы психикалық денсаулықтың негізі ретінде үлкен мәнге ие.

Екіншіден, кәсіби -біліктілік жүйесінің құрылымы өзгереді. Ақыл -ой еңбегін қажет ететін мамандықтар саны ұлғайып, сәйкесінше, физикалық еңбек мамандықтары азаяды. Өндірістегі жұмысшылардың үлесі азайып, әкімшілік-басқару саласының және материалдық емес сала қызметкерлерінің үлесі артады. Э. Тоффлер айтқандай: «Бай елдерде материалдық өндіріспен шұғылданатын жұмысшылар саны аз болса, соғұрлым жаңа идеяларды ойлап шығаратын адамдар көп қажет» [101, 309б]. Сонымен қатар, жұмысшының белгілі дәрежеде білімі болуы керек. Тоффлер айтқан бай, дамыған елдерде жергілікті тұрғындар арасында жоғары білімі мен интеллектуалды даяр адамдар саны аса жоғары. Алайда, бұл елдерде қоғамдық қажетті еңбек салалары әлі күнге дейін бар, яғни жоғары біліктілік пен арнайы білімді талап етпейтін орын-жайлар мен өшелердік тазалау секілді жұмыстар. Осыған сәйкес дамыған мемлекеттерде иммигранттардан басқа аталған шынайы қажетте жұмыстарды атқаратын адам жоқ. Осылайша, әлемдік еңбек бөлінісінің аясында білім алудың қол жетімдігі дәрежесіне негізделген «интеллектуалдық құлдық» мәселесі туындауы мүмкін.

Үшіншіден, ақпараттандыру еңбек сипатының өзгеруіне септік болады. Еңбек сипаты деп еңбек субьектісінің өндіріс құралдарымен байланысының жиынтығын түсінеміз. Бұрын еңбек құралы адамның физикалық мүмкіндіктерін кеңейтетін болса, қазір ақпараттық құрылғылар адамның еңбектегі интеллектуалдық қабілеттерін күшейтеді. ңбекЕ іс -әрекетін интеллектуалдандыру адамның технологиялық процеске қатысу еркіндігі дәрежесінің жоғарылауын қамтамасыз етіп, тұлғаның шығармашылық тұрғыда жүзеге асуына мүмкіндіктер ашады. Еңбек шығармашылық ісәректеттің өзге түріне, тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының тәсіліне, адам қабілетін дамытудың қайнар көзіне айналады. «Ақпараттық қоғамдағы адамдардың жұмысы үздіксіз жұмыс істейтін құрылғыда орындалмайды және оны сол дәрежеде басқаруға да болмайды. Ақыл-ой жұмысы механистік жұмысты алмастырды. Жұмыс – жұмыс үстелінде, самолетте, отырыстарда, ас ішу кезінде адамдардың миында жүзеге асатын құбылыс. Бұл олардың клиенттермен қалай қарым -қатынас жасауы, қызметтік хаттарда жазатын, ресми отырыстарда айтатын мәселелері» [110, 249б].

Егер, бүгінгі таңдағы еңбектің көп бөлігі ақыл-ойға негізделген болса, оның өнімділігін қалайша арттыруға болады? П. Друкер ақыл-ой ңбегі жұмысшысының өнімділігін алты фактормен айқындайды:

нақты тұжырымдалған өндірістік тапсырма;

өнімділік жауапкершілігі толығымен жұмысшының өзіне жүктеледі. Ақыл-ой ңбегінің жұмысшылары өзін -өзі басқару керек. Оларға тәуелсіздік қажет;

үздіксіз инновациялық іс-әрекет ақыл-ой жұмысының ажырамас бөлігіне айналып, ақыл-ой ңбегі жұмысшысының өндірістік тапсырмасына енгізілуі керек;

ақыл-ой ең бегінің жұмысшысына бір жағынан, үнемі үйрену керек, екінші жағынан, үнемі үйрету керек;

ақыл-ой еңбегі жұмысшысының өнімділігі санмен немесе көлеммен өлшенбейді. Сапа аса жоғары маңызға ие;

ақыл-ой еңбегі жұмысшысының өнімділігін арттыру үшін

оған «шығын» ретінде емес, «кіріс» ретіндеқарап, қатынас жасау керек. Ақыл-ой еңбегі жұмысшылары сол ұйымда жұмыс жасағылары келу керек және оны үлкен мүмкіндік ретінде көрулері қажет [102, 190191б]. П. Друкердің ұсынған еңбек өнімділігінің негізінде жатқан факторлары кейбір түсіндірмелерді қажет етеді.

Ақыл-ой еңбегінде өндірістік тапсырманың мәнін нақты түйіндеп алу маңызды, ал тапсырманы қалай орындауды жұмысшы өзі шешеді. Бұл тапсырманы қалай орындау мәселесі түйінді саналатын физикалық еңбектен ақыл-ой еңбегінің басты айырмашылығы.

Сондай-ақ, ақыл-ой еңбегінің өнімділігін арттырудағы маңызды нәрсе жауапкершілік болып табылады. Ол басшыға емес, орындаушыға тиесілі. Ақыл-ой еңбегінің жұмысшылары ортақ іске қосатын үлесі үшін жауапты, олар ңбек жағдайының жақсаруы н қамтамасыз ететін инновациялық шешеімдерді жиынтықтауға қызығушылық танытулары керек. Сонымен қатар, олар өз бетінше үйренуге және білімге мұқтаж әріптестеріне үйретуге бағдарланулары тиіс.

Көптеген зерттеушілердің пікірлері бойынша қазіргі таңдағы қоғамның өте маңызды сипаты әлеуметтік процестердегі білімнің рөлін қарқынды арттыруында болып табылады. Білім негізгі ресурсәрежесінед , белгілі бір құндылыққа ие және зор қазынаға айналды. Мұндай ауысымның салдары басқаруға деген бағыттың ауысуы, жаңа басқару ережелерінің пайда болуы болып табылады. Олардықарастырмас бұрын, бір -біріне жақын «білім», «ақпарат», «мәлімет» ұғымдары арасындағы арақатынастарға тоқталайық. П. Друкер оларды нақты сипаттады: «Ақпарат – бұл өзінің маңыздылығымен және айқын мақсатымен құнды мәліметтер» [103, 168б]. Яғни, мәліметтер түпкі мағлұматтар болып табылады және арнайы білімдерді пайдаланудың көмегімен өңдеу нәтижесінде олар пайдалы ақпаратқа айналады. Мәліметтер терең мәнге ие емес, талдау және өңдеу процесінде, ақпаратқа айналған кезде мәнге ие болады. Ақпарат тұрақсыздық сипатына ие, ол пайда болады да өшіп отырады, тек оның аз ғана бөлігі жалпыланады, есте сақталады және құндылыққа ие білімге айналады.

Барлық материалдық және материалдық емес кеңістіктер ақпаратқа толы: ғимар аттардың қабырғаларында, жол бойында, дыбыс ұлғайтқыштарда, плазмалық экрандарда, қоғамдық көліктерде және т.б. Алғашқы қауымда өмір сүрген адамның қоршаған ортаны тану үшін және ол жерде тіріқалу үшін оған құлақ салып, қарайлап үйренген ізденгіш ақылы мұндай мөлшердегі ақпаратқа ие бола алмас еді. Қазіргі адамдардың өздеріне де кейдеүздіксіз мәліметтер ағынын аңғару оңай емес. Қажетті ақпаратты қажетсіз ақпараттан қалай ажыратуға болады? Қандай ақпарат құнды және оны сақтау керек, қандай ақпаратқа назар салудың қажеті жоқ?

Осыған байланысты американдық саясаткер А. Гордың ойлары аса қызықты: «Адамзат өз қолымен құрастырған дағдарысқа тап болды, ол

ақпарат теңізінің тұңғиығына батып барады. Біз жер бетіне көптеген статистикалық мәліметтерді, формулаларды, бейнелерді, құжаттар мен декларацияларды әкелдік және оларды меңгеруге қабілетіміз жетпейді. Жасалып қойған дүниені ұғынудың және меңгерудің жаңа жолдарын іздеудің орнына, біз аса жылдамдықпен жаңа ақпарат өндіруді жалғастырудамыз».

Қазіргі таңда мәліметтерді пайдалы ақпаратқа айналдырып, ақпаратты білім ретінде бекітуүшін арнайы білімдерге, дағдылар мен құралдарға ие болу керек. Бұл процестер стихиялы түрде жүзеге аса алмайды, басқаруды талап етеді.

Ақпараттық қоғамда біз білім өндірісін жүйелеп, ақыл-ой қазынасын күшейттік. Өнеркәсіп әдісін қолдана отырып, біз қазір жаппай білім өндірумен шұғылданудамыз және бұл білімдер біздің экономикамыздың қозғаушы күші.

Ақпарат пен білімдер сөзсіз құнды ресурстар болып табылады. Алайда, ақпараттық ағындардың стихиялығы сол құндылықтарды сүзіп алуға кедергі келтіреді. Білімге негізделген экономикада білімдердіұйымдастыру мен басқарудың жаңа тәсілдерін әзірлер, қолдану қажет.

П. Друкердің пікірінше, білімнің өнімділігі – оның бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын фактор. Елдер, өнеркәсіп салалары, жеке ұйымдар арасында білімдердің өнімділігі бойынша зор айырмашылықтар бар. Орталықтандыру капитал өнімділігінің салмақты кедіргісі бола отырып, білімді де өнімсіз етеді.

Қазіргі таңдағы басқару теорияларында жаңа бағыт – интеллектуалдық капиталды басқару немесе білім менеджменті қалыптасты.

Басқарудың негізгі міндеті – білімдерді белгілі бірұйымның игілігі үшін жұмыс істету. Сол ұйымдардың жұмысының ақпараттық және интеллектуалдық жағынан қанықтықтық деңгейінің жалпы өсуі кезінде көп жағдайда білімдер компьютерлерде символдық белгілер арқылы, мұрағаттарда немесе арнаулы адамдардың санасында сақталып тұрады. Ойлау іс-әрекетінің өнімдерін тарату мен үлестірудің іріктеу тетіктері болуы тиіс [104, 68б].

Ұйымның интеллектуалдық капиталының сақталуы мен қозғалысында ақпараттық технологиялардың рөлі зор. Олардың дамуымен қатар ұйымның білімдерін толығымен сақтайтын «тірі кітапхананы» жасау мүмкіндігі туындады. Бұл идея өзінің кемшіліктеріне қарамастан, білімдерді басқарудың тиімділігін арттыруға қабілетті. Бұған дәлел ретінде көптеген ірі батыстық компаниялардың білімдерді басқару тәжірибесін келтіруге болады. Біріншіден, олардың тәжірибесі білімдерді басқару технологияларына және ақыл-ой еңбегін ұйымдастыру әдістеріне инвестиция құю айтарлықтай табыс әкелетіндігін растап отыр. Екіншіден, білімдердің компьютерлік базасы ұйым қызметкерлерінің білімдерге қол жетімділігін арттырды. Үшіншіден, ойлау энергиясының жинақталуы ұйым дамуының қажетті шарты болып табылады: адамдар жұмысқа кіреді , жұмыстан шығады, ал ұйым өз жұмысын тоқтатпайды. Жұмыстан босаған әрбір қызметкер өзімен бірге барлық

білімдерді ала кетеді әнеж әрбір жұмысқа орналасушы қызметкер өзімен бірге басқа білімдерді ала келеді.

Сонымен, еңбекпен және капиталмен қатар негізгі ресурс атанған білім тиімді басқаруды қажет етеді, ол тек компьютерлік желілер мен заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы ғана мүмкін болмақ.

Ақпараттану бүкіләлемдік компьютерлік желінің қалыптасуына алып келді. Өзіне қажетті ақпаратқа әрбір адам қол жеткізе алады. Бір жағынан бұл адамның шығармашылығының жоғарылауына алып келуі керек, бірақ та, бұл жерде адамдық қарым-қатынастың мәселелері, отбасылық мәселелер туындап, компьютермен тығыз байланысты жаңа қылмыстардың өршуіне алып келді. Теңдік күнн ен-күнге тұрақсыздануда, тұлғаның жаңа этикалық құндылықтары, сонымен қатар қоғамның кәсіби құрылымының өзгерісі коммуникация құралдары саласында қызмет етушілер есебінен болып отыр. Адамдардың біртіндеп виртуалды әлемге енуі байқалып, шынайы өмірі екінші орынға қалып бара жатыр [105].

Адам ақпаратқа үш денгейде ие болады деп айтуға болады. Бірінші - биологиялық яғни генетикалық; Екінші - әлеуметтік орта арқылы; Үшінші – техника арқылы ақпаратты қабылдап, оның өмірлік жолы мен бағыт-бағдары айқындалады. Ақпараттың тасымалдану мен таратылуының жылдамдауын ықпал ететін технологиялар, көпшілік бұқараның өміріне енуі, олардын мәдени денгейін көтеріп, сауатын ашуда. Бұл дегеніміз бұрын баяу қозғалыстағы қоғамның бөлшегінің үрдістерін жылдамдататындығы сөзсіз.

Ақпараттық дәуірде бірінші кезекте, БАҚ-тың тірегі ретінде «аудиовизуалды мәдениет» шығады. Кино, әсіресе телевдидар ықпалымен «экрандық мәдениет» деп аталатын құбылыс пайда болады. Соңғы он жылдың ішінде көптеген ғалымдар, теледидарды «өмірдің басты ұстазы» деген ойды қолдауы бекер емес.

3.2 Қоғамды бұқаралық коммуникация құралдары арқылы басқару және желілік қағида

Қоғам әртүрлі адамдар тобының бірлестігі ретінде мақсатқа бағытталған іс-әрекет үшін қойылған мақсатқа жету жолында ұйымдастырылған жұмыстарға ақпарат тасымалдаудың құрылымын айқындауы тиіс. Ақпарат тасымалдау жүйесін ұйымдастырудың аса тиімді қағидасы желі қағидасы болуы мүмкін.

Ақпараттық қоғамның түйінді сипаттарының бірі, М. Кастельс көрсеткендей, негізгі әлеуметтік қызметтер мен процестерді ұйымдастыратын «қоғамның негізгі құрылымының желілік қисыны» болып табылады [106]. Аталған процестің материалдық негізін жаңа ақпараттық технологиялар құрайды. Кастельстің пікірінше, белгілі бір желіге қатынасу, сондай-ақ, желілердің бір-бірімен өзара әрекеттесуі билік пен қоғамдық ауысымның қайнар көзі болуы мүмкін. Жиырмасыншы ғасырдың соңындағы әлеуметтік трансформациялар бүкіл әлемді қамтыды және «желілік қоғам» немесе «желілік құрылымдар қоғамы» деп аталатын әлеуметтік құрылымның жаңа түрін айқындады [91, 136б].

Желілер ашық құрылымдар болып табылады, олар коммуникацияға қабілетті жаңа тораптарды қосу жолымен шектеусіз кеңейе алады. Желілік негізге иеәлеуметтік құрылым инновацияға қолайлы. Желілер инновацияға негізделген экономика, жаһандану, икем ділік пен бейімділікке негізделген еңбек саласы және оның жұмысшылары мен фирмалары, жаңа құндылықтар мен қоғамдық көңіл -күйді жедел игеруге бағдарланған саясат, кеңістікті бағындыруға және уақытты қадағалауға талпынатын әлеуметтік ұйымдар секілді тұтастай бірнеше салалардың дамуын қамтамасыз ететін институт болып табылады [107, 495-496б]. Кастельстің пайымдауынша, жаңа экономикалық формалар капиталдың, басқару мен ақпараттың жаһандық желілік құрылымының айналасында қалыптасады, осындай желілер арқылы жүзеге асырылатын технологиялық ептіліктер мен білімдерге деген қол жетімділік қазіргі уақытта өнімділік пен бәсекеге қабілеттіліктің негізін құрайды [108, 496б]. Осылайша, желі билікқатынасының және қазіргі қоғамдағы өзгерістердің қайта құрылуының маңызды қайнар көзіне айналды.

«Желі» ұғымы көбіне ақпараттық қоғамның инфрақұрылымы – коммуникативтік процестерге, мультимедиялық технологиялардың дамуына, компьютерлерге, интернетке жақын келеді. Алайда, желілік қағида басқа да әлеуметтік салаларда көрініс табуда. Мысалы, заманауи менеджментте және маркетингте басқарудың иерархиялық құрылымы желілік құрылымға ауысуда. «Көптеген ғалымдардың пікірінше, желілік құрылымдар, әсіресе ынтымақтастыққа бағдарланған ашық әлеуметтік-экономикалық жүйелерде басым бағытқа ие. Жел ілік қағидасы бойынша тікелей жүзеге асыру саласындағы маркетингтік іс-әрекет жүзеге асырылады. Желілердің тиімділігі жанжалдардың алдын алу мен шешу, адам құқығы, азаматтық бақылау мен қатынасу жүйелерінде айқын көрінеді. Желі қағидасы бойынша қашықта білім беру саласықалыптасады» [ 107, 138б]. Жоғарыда келтірілген дәйектер желілік қағиданың әмбебаптық формаға айналып келе жатқандығының дәлелі бола алады. Қандай да бір іс-әрекет түріне қарамастан қазіргі ұйымдардың құрылымы көп жағдайда ақпарат пен ақпараттық технологиялардың құрылымына негізделіп келеді.

Желілік қағидасы тікелей ұйымдарды басқарудың тиімділігін арттыру үшін де қолданылады. Public Network деп аталатын қоғамдық желілер коммуникацияның горизонтальдық құрылымын қалыптастырады. Осы қағида бойынша құрылған ұйымдардың тиімділігі жұмыспен қамтылудың төмен деңгейімен және ұтымды шығын құрылымымен кепілдендіріледі. Желілер білікті жұмыс күші мен әртүрлі бөліктегі күштерді қайталауды болғызбайды. Сонымен бірге, түпкі өнімге немесе ұйым ішіндегі қызмет алмасуға қатысты жоғары шығындарды болдырмауға жол ашылады [109,

86б].

Желілік құрылым жылдам өзгеретін және айқын емес қоршаған ортада шешім қабылдауға ыңғайлы. Желілік құрылым әлеуметтік шындықтың құраушы бөлігі болып табылады және онымен белсенді түрде өзара әрекеттеседі. Желілік құрылымдар негізінде өзара әрекеттесудің интерактивтік қағидасы құрылады. Қазіргі таңда оны бұқаралық медиа,

бизнес-құрылым, экономикалық даму, қызмет көрсету, білім және ғылым салаларында кеңінен қолданады [134, 382б]. Желілі к қағидасы бойынша террористік топтар, есірткі саудасыұйымдасқан, қылмыс сияқты теріс әлеуметтік құрылымдар да жұмыс жасайды.

Желілік қағидасымен жұмыс жасайтын ақпараттық технологиялар Б. Гейтс үшін бизнесті тиімді жүргізудің таптырмас құралы болып табылады. Оны меңгеру аламның сараптамалық мүмкіндіктерін кеңейтеді [110, 233б], IQ деңгейін арттырады, өмірдің веб -үлгісіне ауысуды қамтамасыз етеді, бюрократиялық аппарат жүйесінің жақсы жаққа өзгеруіне жол ашады. Б. Гейтстің «ақпараттық магистралі» мәдениетті, саясатты,әлемдік нарықты және заманауи коммуникацияның барлық саласын түрлендіреді. «Ақпараттық парадигма кеңістік-уақыт пен ақпараттық координатасымен бірге адам-машина қоғамының құрылуына жол ашады. Осы қоғамның адамжелі кешені басқару объектісінің кеңістіктегі орналасуына қарамастан нақты уақыт көлемінде операциялық іс-әрекетті қамтамасыз етеді және экономиканың жаһандық бірлестігіне шынайы жағдайлар туғызады» [107, 50б].

Қазіргі таңда Интернет жаһандық компьютерлік желісі кеңінен таралуда және ол ә рбір пайдаланушының ақпаратқа қол жетімдігін қамтамасыз етеді. Келешекте интернет бай және кедей адамдарға бірдей көпұлттық «ақпараттық магистраль» болуы мүмкін. Бұл тұжырымға сын көзбен қараушылардың пікірінше, интернет қоғамның бай тап өкілдеріне ғана арналған коммуникациялық желіге айналады және жер бетіндегі тұрғындардың көп бөлігіне қол жетімсіз күйінде қалады. К. Маркаряннің есептеуінше, саяси технологияларңа жақұбылыстардың сұранысын қанағаттандыра алмайды [111, 266б]. «Желі табиғатын зерделеу тиянақтылықты талап етеді. Желілер экономика, басқару, ақпараттандыру сияқты тұтастай бірнеше салалардың дамуын қамтамасыз ететін институтқа айналуда. Соныменқатар, желі морфологиясы билік қатынастарының қайта құрылуының, демократиялық бақылау мен қатынасудың, «e-government» жүйесінің қалыптасуының қайнар көзі ретінде көрініс табуда. Саясат саласындағы желілік қағиданың жүзеге асырылуының мысалы ретінде Сингапурдағы электрондық үкіметті айтуға болады» [107, 140б].

Қоғам көптеген ұйымдардан тұрады, оның әрқайсысы белгілі бір құрылымға ие. Желілік құрылымға ие құрылымдарды қарастыру кезінде осындай құрылымның ақпараттық қоғам жағдайында қаншалықты тиімді екендігі туралы сұрақ туындайды. П. Друкер өз еңбектерінің бірінде «ұйым құрылымының жалғыз дұрыс түрін» айқындайды. Менеджментғылымының пайда болу кезінен бастапұйым қағидаларын зерттеу ұйым құрылымының әмбебап, өте жақсы түрінің болу керектігіне сүйенді. Соңғы жүз жылдың барысында ұйым құрылымының «өте жақсы» түрі эволюциялық тұрғыда иерархиялықтан желілікке ауысты. П. Друкердің пікірінше, желілік түрі де ұйымның барынша тиімді қызмет етуінің шарты болып табылмайды. «Бүгінгі таңда ұйымдық құрылымның жалғыз дұрыс түрі жоқ екендігі айқын болды.Тек құрылымның алуан түрлері бар, оның әрбірінің күшті және әлсіз